Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница2/12
Дата конвертации08.02.2016
Размер2.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/26/41/publish41-976116379..doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
иенті мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентіне ара қатынасы;

3) Ұйымның және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болатын Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттері мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентіне ара қатынасын анықтау бөлігінде енгізілетін өзгерістерді қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, шартқа осы өзгерістерді енгізудің кезеңділігі.

9. Ұйым уәкілетті органға меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентiн сақтау туралы шарттың көшірмесін, шарт жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.

10. Ұйымның және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болатын Қордың арасында жасалған меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентiн сақтау туралы шарт жоқ болған жағдайда, Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентiнің мәні меншікті капитал жеткіліктілігі жиынтық коэффициентінің отыз пайызын құрайды.

11. Ұйымның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтері бір Қордан көп болған жағдайда, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентiнің мәні әрбір Қорға қатысты меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін сақтау мақсаттарында осы Қорлардың зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын теңдей әрбір Қорға қатысты Ұйымның өтімді активтері мен міндеттемелерін бөлу арқылы есептеледі.

12. Ұйымның және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болатын Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтық мәні жиынтығында пайыздық көрсетілімі жүз пайызды құрайды. Ұйым және (немесе) Қор меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентін сақтамаса, Ұйым мен зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болатын Қордың меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін орындамауы белгіленеді.


  2-тарау. «Меншікті капитал жеткіліктілігі» 

1-пруденциалдық норматив


13. Ұйымның меншікті капиталы жеткіліктілігі Κ1 коэффициентімен

сипатталады.

К1 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К1 = (ӨА-М)/МЗА, мұнда:

ӨАосы Нұсқаулықтың 15 және 17-тармақтарымен белгіленген өтімді және басқа активтер;

Мбаланс бойынша міндеттеме;

МЗАтәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген, мына формула бойынша есептелетiн, зейнетақы активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болатын Қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны:

2010 жылғы 1 қаңтарға дейін:

МЗА = Кқт + ((Жпт + Епт)+ Σ Ак * Кқт + Вт)) + От, мұнда:

Ккт – осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес «өтелгенге дейін ұсталатын» санатқа жатқызылған борыштық бағалы қағаздар (айырбасталатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда), «саудаға арналған» және «сату үшін қолда бар» санаттарына жатқызылған, 1 (бір) жылдан астам инвестициялық портфельде болған борыштық бағалы қағаздар (айырбасталатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда), тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген депозиттер, тазартылған қымбат металдар, металл депозиттері, «кері репо» операциялары, туынды қаржы құралдары, айырбасталмайтын артықшылықты акциялар бойынша есептелетін кредиттік тәуекел; 

(Жпт + Епт) + ∑ Ак * Кқт + Вт – нарықтық тәуекел, мұнда:

(Жпт + Епт) – осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес есептелген, ерекше пайыздық тәуекелдің (Епт) және осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес есептелген жалпы пайыздық тәуекелдің (Жпт) қосындысын білдіретін, кредиттік тәуекелді есептеуге алынбаған борыштық бағалы қағаздар бойынша пайыздық тәуекел;

∑ Ак * Кқт – қор тәуекелі, мұнда:

Ак – акциялардың, пайлардың, депозиторлық қолхаттардың ағымдағы құны;

Кқт – осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес қор тәуекелі бойынша мөлшерленетін қаржы құралы тәуекелінің деңгейі;

Вт – валюталық тәуекел, ол ТПАв * 0,08 ретінде анықталады, мұнда:

ТПАв – шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны, сондай-ақ шығарылым талаптары осы бағалы қағаздардың, қымбат металдардың және қолма-қол шетел валютасының барлық айналыс кезеңінде ұлттық валютада белгіленген бағаммен аталған құрал бойынша ақша ағындарын белгілеуді көздейтін қаржы құралдарын қоспағанда, шетел валютасы бағамының өзгеруіне индекстелген номинал және (немесе) купондық сыйақы;

От – соңғы өткен үш жыл ішінде алынған жылдық жалпы табыстың орташа шамасына және 0,04-ке тең операциялық тәуекел коэффициентіне келтірілген коэффициенттің туындысын білдіретін операциялық тәуекел.

Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы табыстың орташа шамасы әр жыл сайын активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қор таза табыс алған соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы табысының сомасы Қордың таза табыс алған жылдарының санына қатынасы ретінде есептеледі.

Жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың К2 номиналды кіріс коэффициентін өтеу жөніндегі шартты міндеттемесі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың консервативті портфель бойынша К2.1 номиналды кіріс және (немесе) қалыпты портфель бойынша К2.2 коэффициенттерін ықтимал өтеуі бойынша резервтерді қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.

Егер, соңғы өткен үш жылда активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қор таза табыс алмаған жағдайда операциялық тәуекел есептелмейді.

Жаңадан құрылған активтері Ұйымның инвестициялық басқаруында болған Қорлар үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі де, жылдық жалпы табыстың орташа шамасы өткен жылдардың санын негізге ала отырып есептеледі.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:

МЗА = Ккт + Нт + От, мұнда:

Кктосы тармақтың тоғызыншы абзацында көрсетілген кредиттік тәуекел;

Нтинвестициялық портфельде 1 (бір) жыл және одан аз уақыт болған, «саудаға арналған» және «сату үшін қолда бар» санаттарына жатқызылған борыштық бағалы қағаздар, акциялар (кредиттік тәуекел есебіне енгізілген акцияларды қоспағанда), депозитарлық қолхаттар, пайлар мен айырбасталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша есептелетін нарықтық тәуекел.

Нарықтық тәуекел мына сомаға келтірілген коэффициенттің туындысы ретінде есептеледі:

сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;

қаржы құралының нарықтық құнының (қор тәуекелінің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;

валюталардың айырбас бағамдары мен қымбат металдардың бағамдарының (валюталық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел.

Сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел есебі ерекше пайыздық тәуекелдің және жалпы пайыздық тәуекелдің қосындысын білдіреді.

Ерекше пайыздық тәуекел осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес ерекше пайыздық тәуекел коэффициенті бойынша (айырбасталатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) мөлшерленген сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша есептеледі.

Сыйақы ставкасының (пайыздық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары бір уақытта мынадай талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары болып танылады:

бір эмитент шығарған;

тең кірістілік мөлшері бар;

нарықтық құны бір ғана валюта түрінде көрсетілген;

өтелгенге дейінгі бірдей мерзімі бар.

Егер қаржы құралдары аталған бір немесе бірнеше белгілерге сәйкес келмеген жағдайда, ерекше пайыздық тәуекел әр қаржы құралы бойынша жеке есептеледі.

Жалпы пайыздық тәуекел мына сомаларды білдіреді:

осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес уақытша аралықтар бойынша тәуекелдің барлық аймақтары бойынша мөлшерленген қаржы құралдары сомасының он пайызы;

осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес 1 аймақтың уақытша аралықтары бойынша мөлшерленген қаржы құралдары сомасының қырық пайызы;

осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес 2 аймақтың уақытша аралықтары бойынша мөлшерленген қаржы құралдары сомасының отыз пайызы;

осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес 3 аймақтың уақытша аралықтары бойынша мөлшерленген қаржы құралдары сомасының отыз пайызы.

Қаржы құралының нарықтық құнының (қор тәуекелінің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел қаржы құралы құнының нарықтық тәуекел коэффициентіне туындысы ретінде сипатталады және осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес акциялар (айырбасталмайтын артықшылықты акцияларды қоспағанда), айырбасталатын борыштық бағалы қағаздар, депозиторлық қолхаттар мен пайлар бойынша есептеледі.

Валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металл бағамдарының (валюталық тәуекелдің) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел шетел валютасында номинирленген қаржы құралдары сомасының туындысы, сондай-ақ шығарылым талаптары 0,04-ке тең валюталық тәуекел коэффициентіне осы бағалы қағаздардың барлық айналыс кезеңінде ұлттық валютада белгіленген бағаммен аталған құрал бойынша ақша ағындарын белгілеуді көздейтін қаржы құралдарын қоспағанда, шетел валюталары, қымбат металдар, шетелдік қолма-қол валюта бағамдарының өзгеруіне индекстелген номинал және (немесе) купондық сыйақы ретінде сипатталады.

От – осы тармақтың он жетінші абзацында көрсетілген операциялық тәуекел.

ҚЫРЫҚ БЕС,ҚЫРЫҚ АЛТЫ ЖӘНЕ ҚЫРЫҚ ЖЕТІНШІ АБҚАЦТАР 01.01.2012Ж. БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕДІ

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап:

М – баланс бойынша міндеттеме, сондай-ақ Қордың меншікті қаржысы бойынша міндеттемелерінде көрсетілмеген, қалыптастырылған резервтің сомасы;

МЗА – тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген, Қордың консервативті, қалыпты және агрессивті инвестициялық портфельдерi бойынша жиынтығында есептелетiн, Қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны.

14. Нұсқаулықтың 13-тармағында көрсетілген сәйкес келтіру коэффициенті 10-ды құрайды, ал 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 25-ті құрайды.

15. Осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасында көзделген көлемдерде Ұйымның мынадай активтері өтімді активтер есебінде танылады:

1) ақша, оның ішінде:

кассадағы ақша, Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын мөлшерде;

осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы теңге және «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасы түріндегі ақша;

бағалы қағаздар орталық депозитарийінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы операцияларды жүзеге асыру үшін Ұйымға банктік қызметті ұсынатын басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;

3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда:

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар;

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес бас банктің еншілес резидент банктері болып табылады;

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB-»-тен «kzB+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар;

4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа жіберілген мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда);

5) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар;

6) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;

7) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша  «kzВВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

8) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 30 маусымда № 5251 тіркелген) қаулысымен (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

9) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВ»-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

10) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, эмитенті № 77 қаулымен көзделген «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

11) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, осы тармақтың 9), 10) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, мына талаптарға сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:

қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктер бағаларының болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жылда жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін беріледі;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан көп немесе тең;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза табысы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;

қор биржасының ресми тізімінде борыштық бағалы қағаздардың болған уақытында осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

12) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, осы тармақтың 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, мына талаптарға сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:

қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктер бағаларының болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде бір жылда жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі соңғы аяқталған қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған үш қаржы жылының біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза табысының болуы;

лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылы үшін сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің деректері бойынша айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

13) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздары;

14) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

15) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

16) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша
«ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздары;

17) Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері, оның ішінде «Standard & Poor's» агенттігінің «АА»-дан кем емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері;

18) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі ретіндегі өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

19) ) шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы бойынша және зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кірісі бойынша дебиторлық берешек.

3 (үш)
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница