Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница1/12
Дата конвертации08.02.2016
Размер2.04 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/26/41/publish41-976116379..doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




ҚРӘМ № 5793 15.09.2009ж. тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН

ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН

ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ



Алматы қаласы

2009 жылғы 5 тамыз

№ 181




Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы



өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 231 02.11.2009ж.

2.ҚҚА № 266 29.12.2009ж.


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және
49-бабының 3-тармағына, «
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі – Нұсқаулық).

2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін Нұсқаулықтың 15-тармағының 11) және 12) тармақшаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Егер осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен соң зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерінің және меншікті активтерінің есебінен қалыптасқан инвестициялық портфельдерінің құрылымы Нұсқаулықтың 42 және 44-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін жоғарыда көрсетілген инвестициялық портфельдердің құрылымын Нұсқаулықтың 42 және 44-тармақтарының талаптарына сәйкестендіреді.

3. Нұсқаулықтың 15-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.

4. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.

6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп берулерін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені пысықтауды қамтамасыз етсін.

7. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының  орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.



Төрайым

Е. Бахмутова



 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысына қосымша




Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық

актілердің тізбесі


1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы
№ 118 қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5322 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 164 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5405 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 247 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514 тіркелген).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 74 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5678 тіркелген).

 




Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен бекітілді


Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық

 

Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Заңының 57-бабына (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң) 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 49-бабының 3-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) тиісінше есептіліктің нысандарын және оны ұсыну мерзімдерін белгілейді.

 Ұйымның аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі осы Нұсқаулықта көзделген нормалар заңды тұлғаларға және көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде Ұйыммен аффилиирленген болып табылатын олардың аффилиирленген тұлғаларына қолданылмайды.


  

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) зейнетақы активтерiнің шартты бiрлiгі – Қордың зейнетақы активтерiнің, Ұйымның оларды инвестициялық басқару нәтижесiндегi өзгерiстерiн сипаттау үшін пайдаланылатын және осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелетiн үлестiк мөлшері;

2) қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициенті - осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелген Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі-Қор) меншікті капитал жеткіліктік коэффициентінің сомасы;

4) «таза» зейнетақы активтерi – Қордың, оның зейнетақы активтерiне жататын мiндеттемелердi (зейнетақы төлемдерi, басқа қорларға аударымдар жасау бойынша мiндеттемелердi және басқа да ұқсас ықтимал мiндеттемелердi) шегергендегі зейнетақы активтерi;

5) уәкілетті орган – қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

6) Ұйымның меншікті активтері – Ұйым болашақта экономикалық пайда алуды күтетін және Ұйымның балансында көрсетілетін өткен оқиғалардвң нәтижесінде Ұйыммен бақыланатын ресурстарды ұсынатын активтер.

2. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін уәкілетті орган «Standard&Poor's» агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа «Moody's Investors Service» және «Fitch» агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да мойындайды.

3. Тәуекел деңгейі бойынша зейнетақы активтерін мөлшерлеу кезінде, сондай-ақ халықаралық және ұлттық шәкіл бойынша рейтингтік бағасы бар болған жағдайда өтімді активтерді анықтау барысында осы Нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган мойындайтын рейтингтік агенттіктердің біреуінің халықаралық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингтік бағасы есепке алынады.

4. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мынадай халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:

   Халықаралық қайта құру және даму банкі;
   Еуропалық қайта құру және даму банкі;
   Америкааралық даму банкі;
   Халықаралық есеп айырысу банкі;
   Азиялық даму банкі;
   Африкалық даму банкі;
   Халықаралық қаржы корпорациясы;
   Ислам даму банкі;
   Еуропа инвестициялық банкі.

Еуразиялық даму банкі.

5. Ұйымның меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі – № 189 ереже) 3-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.

6. Пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қаржы құралдарының ағымдағы құны құнсыздануды ескере отырып, пайдаланылады.

7. Ұйымның және зейнетақы активтері осы Ұйымның  инвестициялық басқаруында болатын Қордың меншікті  капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффицентінің мәні 0,04-тен кем болмайды.

8. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағының талаптарын орындау мақсатында Ұйым мен зейнетақы активтері осы Ұйымның  инвестициялық басқаруында болатын Қордың арасында шарт жасалған жағдайда, шарт жазбаша нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер болуы тиіс:

1) Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті мәндерінің меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентіне ара қатынасы. Ұйымның меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні жиырмадан кем болмауы тиіс, бірақ меншікті капитал жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентінің қырық пайызынан көп болмауы керек;

2) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффиц
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница