А кциялар шығарылымының проспектісі




Скачать 204.81 Kb.
НазваниеА кциялар шығарылымының проспектісі
Дата конвертации06.02.2016
Размер204.81 Kb.
ТипДокументы
источникftp://212.154.195.122/OZ/3 kurs/Inf.bolezni/Kaz/Lekcii/10.doc
Акциялар шығарылымының проспектісі


Медицина” акционерлiк қоғамы





"Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуi проспектіде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар жасауын білдірмейді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуіне ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғам мен оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды".


Атырау қ.


1. “Медицина” акционерлік қоғамын 1993 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар құрды және ол Атырау облысының статистика және талдау жөнiндегi басқармасында шаруашылық етушi субъект ретiнде мына қызметтердi жүзеге асыру үшiн тiркелдi:

  • емдеу-алдын алу қызметi;

  • медикаменттер сатып алу және сату;

  • сыртқы экономикалық қызмет;

  • Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез келген басқа да қызмет түрi.

Фармацевтикалық қызметтi атқарғанда дәрiлiк заттарды сату көтерме және бөлшек сауда желiлерi арқылы жүзеге асырылады. Медицина өнiмдерiн көтерме саудамен сату дәрiхана қоймалары мен дәрiханалар арқылы, ал көтерме саудамен сату – 10 дәрiханадан, 13 дәрiхана пункттерiнен және 2 дәрiхана дүңгiршегiнен тұратын дәрiхана желiсi арқылы жүргiзiледi.

“Медицина” акционерлiк қоғамы 1997 жылдан берi облыстың емдеу-алдын алу мекемелерi үшiн дәрiлiк заттарды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысушылардың бiрi болып табылады және 1997 жылдан берi мемлекеттiк сатып алу бойынша дәрiлiк заттарды жеткiзудi жүзеге асырады.

1995 жылдан берi Акционерлiк қоғам облыстың жұмылдырылған Азаматтық қорғаныс қорын жаңартып отыру бойынша қайырымдылық көмегiн жүзеге асырады.

Акционерлiк қоғам құрылғаннан бергi кезеңде кәсiпорынның өзiнде ғана 150-ден аса жұмыс орны құрылды. Қоғамның қызметi жұмыстар мен қызмет көрсетудi жүзеге асыратын басқа кәсiпорындарда да жұмыс орындарын құруға ықпал етедi.

“Медицина” акционерлiк қоғамы 2004 жылғы мамырдан бастап “медициналық қызметтi “Медициналық Орталық” арқылы көрсету” жобасын жүзеге асыруға кiрiстi. Бүгiнгi таңда гинекология бөлiмшесi, тiс емдеу кабинетi және 10 орындық күндiзгi стационар жұмыс iстейдi. Бұл жобаның жүзеге асырылуы ашылып жатқан 6 бөлiмше мен 5 кабинеттiң мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, күнiне 100 адамды қабылдауды көздейдi.

“Медицина” акционерлiк қоғамы өз қызметiнде заңды бизнес, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiлiк, осыған ұқсас заңды тұлғалар қызметiн реттейтiн халықаралық стандарттарға сәйкестiлiк қағидаларын, сондай-ақ әрқашан науқас адамға көмекке келiп, оның сауығуы үшiн барлық мүмкiндiктердi жасау ұстанымдарын басшылыққа алады.


2. Акционерлік қоғамның атауы.


Толық атауы:

  • мемлекеттiк тiлде – «Медицина» акционерлік қоғамы

  • орыс тiлiнде – Акционерное общество «Медицина»

  • ағылшын тiлiнде – «Medicine» Joint Stock Company


Қысқартылған атауы:

мемлекеттiк тiлде – « Медицина» АҚ

орыс тiлiнде – АО «Медицина»

ағылшын тiлiнде – «Medicine» JSC


3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет.

- жабық үлгiдегi “Медицина” акционерлiк қоғамының бастапқы тiркелуi 1993 жылғы 02 желтоқсанда Атырау қаласында жүргiзiлдi, № 725-93.

- Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi “Акционерлiк қоғамдар туралы” заңына сәйкес келтiру үшiн Қоғамды қайта тiркеу:

- Атырау облысының Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 22 желтоқсанда жүргiзiлдi, тiркеу № 1387-1915-АҚ.

- «Медицина» АҚ-ның соңғы қайта тiркелуiн Атырау облысының Әдiлет департаментi жүргiздi, 2005 жылғы 5 мамырдағы куәлiк № 1387-1915-АҚ.


4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 151000005477


5. Орналасқан жерi және мекен-жайы: 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев көш., 33б; байланыс телефондары: 8(3122) 45-00-40, 45-17-63, т/ф: 45-17-61; Е-mail: Medikatr@ mail. kz


6. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері:

АТФ Банк” АҚ-ның АФ: е/ш 005467448, БИК 191201783, Атырау қ.

Нұрбанк” АҚ-ның АФ: е/ш 000467031, БИК 191201706, Атырау қ.


7. Қызмет түрлері:


а) фармацевтикалық қызмет – өнеркәсiптiк өндiрiс және дәрiхана жағдайларында дәрiлiк заттарды даярлаумен байланысты қызмет, дәрiлiк заттарды көтерме және бөлшек саудамен сату:

- өнеркәсiптiк өндiрiс жағдайында дәрiлiк заттарды даярлау – дәрiлiк заттарды сериялық шығару жөнiндегi қызмет, оған шикiзатты, материалдар мен жартылай фабрикаттарды сатып алу, технологиялық процесс, даяр өнiмдi орау, сапасын тексеру, сертификаттау, стандарттау, тiркеу, сақтау, сату және жеткiзу, солармен iлесе жүретiн бақылаудың барлық түрлерi енедi;

- дәрiхана жағдайында дәрiлiк заттарды даярлау – дәрiгерлердiң рецептiлерi және емдеу-алдын алу ұйымдарының тапсырыстары бойынша дәрiлiк заттарды даярлау жөнiндегi қызмет, оған шикiзатты, материалдарды сатып алу, даярлау технологиясы, сапасын бақылау, сақтау және сату енедi;

- дәрiлiк заттарды көтерме саудамен сату – дәрiлiк заттарды халыққа сатуды қоспағанда, дәрiлiк заттарды сатып алумен, сақтаумен импорттап әкелумен, экспортқа шығарумен байланысты қызмет;

- дәрiлiк заттарды бөлшек саудамен сату – дәрiлiк заттарды сатып алумен, сақтаумен, халыққа және ұйымдарға жеке данамен немесе ұсақ партиялармен сатумен байланысты қызмет;

- дәрiлiк заттарды жарнамалау;

- дәрiлiк заттарды сертификаттау;

- фармацевтикалық, медициналық және анықтамалық-ақпараттық әдебиет шығару және сату;

- дәрiлiк заттарды клиникаға дейiнгi және клиникалық сынақтан өткiзудi әзiрлеу.


ә) медициналық қызмет:

- халыққа медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi;

- дәрiгерге дейiнгi және дәрiгерлiк көмек, бiлiктi дәрiгерлiк көмек, мамандандырылған дәрiгерлiк көмек қызметi;

- медициналық сақтандыру;

- медициналық сараптау;

- протездiк-ортопедиялық көмек;

- стоматологиялық көмек;

- халықтық медицина әдiстерiмен, дәстүрлi емес әдiстермен емдеу көмегiн көрсету;

- дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын, препараттарын даярлау, өңдеу және көтерме саудамен сату, сондай-ақ оларды қолданумен байланысты жұмыс түрлерi;


б) сауда-коммерциялық қызмет;

в) көлiк қызметiн көрсету;

г) сыртқы экономикалық қызмет;

д) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен тыйым салынбаған кез келген басқа да қызмет түрiн жүзеге асыру.


8. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық агенттіктер мен Қазақстан Республикасының агенттіктері берген рейтингтер.

Акционерлiк қоғамға және ол шығарған бағалы қағаздарға рейтингтер берiлмеген.


9. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілдіктерінің атауы, тіркелген күні, орналасқан жері және пошталық мекен-жайлары.

Медицина” АҚ-ның филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.


10. Аудиторлық ұйымның толық ресми атауы: “Атырауаудит” фирмасы” ЖШС.


2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)


11. Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесі 3 адамнан тұрады:


1) Төрайымы: Стамова Нина Григорьевна, 1956 жылы туылған, сонымен бiрге “Медицина” АҚ-ның бас бухгалтерi болып табылады, бас бухгалтер қызметiн 2005 жылдан берi атқарады; алдыңғы 3 жылда “Медицина” АҚ бас бухгалтерiнiң орынбасары қызметiн атқарған;


2) Мүшелерi: Дәулетжанова Зәбира Жағыпарқызы, 1949 жылы туылған, сонымен бiрге “Медицина” АҚ-ның бас директоры болып табылады, аталған қызметтi соңғы 3 жылда және осы уақытқа дейiн атқарады.

Мирзоев Искандер Рашидұлы, 1954 жылы туылған, сонымен бiрге “Медицина” АҚ бас директорының орынбасары болып табылады, аталған қызметтi соңғы 3 жылда және осы уақытқа дейiн атқарады.


3) акционерлік қоғам орналастырған акциялардың жалпы санына директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың пайыздық ара қатынасы:

Директорлар кеңесiнiң төрайымы – 0 пайыз;

Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:

Дәулетжанова Зәбира Жағыпарқызы – 50 пайыз

Мирзоев Искандер Рашидұлы – 50 пайыз



4) Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне тиесiлi акциялардың пайыздық ара қатынасы:

а) еншілес ұйымдарда – жоқ;

ә) тәуелді ұйымда “Фармация” АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы санынан – 55 пайыз.


5) Соңғы екi жылда Директорлар кеңесiнiң құрамында өзгерiстер болған жоқ.


12. Акционерлік қоғамның жеке дара атқару органы:

1) Дәулетжанова Зәбира Жағыпарқызы, 1949 жылы туылған, Акционерлiк қоғамның бас директоры қызметiнде жеке дара атқару органы функцияларын жүзеге асырады.

2) Дәулетжанова Зәбира Жағыпарқызы – бас директор, аталған қызметтi соңғы 3 жылда және осы уақытқа дейiн атқарады

3) акцияларының пайыздық ара қатынасы – Акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 50% тиесiлi.


13. Соңғы 2004 қаржы жылы Қоғамның лауазымды тұлғаларына төленген сыйақының және жалақының жалпы сомасы:

бас директор – Дәулетжанова Зәбира Жағыпарқызына;

бас директордың орынбасары – Мирзоев Искандер Рашидұлына;

бас бухгалтер – Стамова Нина Григорьевнаға төленген

жалақы 6229953 теңгенi құрады, сыйақы – жоқ.


14. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы:

  1. Құрылымды бөлiмшелерi:

дәрiхана қоймасы – 1 (бiреу)

дәрiханалар – 10 (он)

дәрiхана пункттерi – 13 (он үш)

дәрiхана дүңгiршектерi – 2 (екеу)

– “Медицина” АҚ-ның “Медициналық орталығы” – 1 (бiреу).

2) Акционерлік қоғам қызметкерлерінің жалпы саны – 154. Акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдiктерi жоқ.

3) Қоғамның акцияларын иеленетін Акционерлік қоғам қызметкерлерінің жалпы саны және олардың орналастырылған акциялардың жалпы санынан пайызбен алғандағы жиынтық үлесі:

2 (екi) қызметкердiң жиынтық үлесi 100 пайыз.

4) Акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет:

Ширшова Наталья Николаевна, 1956 жылы туылған, фармацевтикалық бөлiмнiң бастығы – Атырау қ., Ж.Молдағалиев көш., 33б;

Шахметова Римма Муфтуллақызы, 1954 жылы туылған, Атырау қ., Ж.Молдағалиев көш., 33б мекен-жайындағы дәрiхана қоймасының меңгерушiсi;

Қадырқұлова Сәуле Төлегенқызы, 1961 жылы туылған, № 1 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Привокзальный ықшамауданы 3а, 22 үй.

Мингалеев Владимир Ахметұлы, 1949 жылы туылған, МедОрталық директоры, Атырау қ., Ж.Молдағалиев көш., 33б;

Қуанышева Софья Бағытқызы, 1958 жылы туылған, № 2 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Азаттық даңғ., 90;

Бекешева Сәуле Әбiшқызы, 1965 жылы туылған, № 3 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Әуезов даңғ., 2;

Майшағырова Эльвира Мирамғалиқызы, 1969 жылы туылған, № 4 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Авангард-2 ықшамауданы, 15 үй;

Қасекенова Қазиза Бақтыгерейқызы, 1961 жылы туылған, № 1 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Азаттық даңғ., 20;

Нысанбаева Сәуле, 1952 жылы туылған, № 6 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Балықшы кентi, Құнанбаев көш., 28;

Югай Едвига Харитоновна, 1946 жылы туылған, № 7 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Махамбет көш., 128;

Өтеулиева Күләнда Нәсiпқалиқызы, 1958 жылы туылған, № 8 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Привокзальный ықшамауданы 3а, 4 үй;

Мутьева Валентина Ивановна, 1954 жылы туылған, № 9 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Сәтбаев көш., 25 үй;

Өтегенова Мәрзия Сабырқызы, 1949 жылы туылған, № 10 дәрiхана меңгерушiсi, Атырау қ., Сәтбаев көш., 22 үй;

Есқалиева Ғайни Мұхиденқызы, 1955 жылы туылған, № 2 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Төленова Мәрзия Ниязқызы, 1964 жылы туылған, № 3 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Құтымова Нұрзила, 1950 жылы туылған, № 8 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Меңдiғариева Сәуле Дарғашқызы, 1948 жылы туылған, № 5

дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Чапурина Юлия Михайловна, 1941 жылы туылған, № 6 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Ғабдуллина Дариға Төленқызы, 1967 жылы туылған, № 7 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Өтешева Фатима Мирасқызы, 1965 жылы туылған, № 12 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Жаншина Үмiт, 1955 жылы туылған, Аққыстау кентiндегi № 15 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Есенова Сандуғаш Рахымқызы, 1965 жылы туылған, Көлсары кентiндегi № 16 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Үмбетбаева Жеңiс Арыстанқызы, 1955 жылы туылған, Миялы кентiндегi № 17 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Әмiрханова Жұмахаш Замзанқызы, 1960 жылы туылған, Ганюшкино кентiндегi № 18 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Сидақова Жiбек Әжiғалиқызы, 1947 жылы туылған, Махамбет кентiндегi № 19 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Смирнова Мария Викторовна, 1955 жылы туылған, № 20 дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсi;

Бисекеева Гүлнар Нажмиденқызы, 1965 жылы туылған, “Көктем” СҮ жанындағы № 13 дәрiхана дүңгiршегiнiң меңгерушiсi;

Құлмағамбетова Қалжан, 1949 жылы туылған, “Шалқыма” ЖШС жанындағы № 11 дәрiхана дүңгiршегiнiң меңгерушiсi;

5) Филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

     

15. Құрылтайшылары немесе акционерлері:

Қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетiн акционерлер (жарғылық капиталы 2925000 теңге).


Дәулетжанова Зәбира Жағыпарқызы – 060005, Атырау қ., Азаттық даңғ., 75 үй, 68 пәтер – 50% (елу жай акция).

Мирзоев Искандер Рашидұлы – 060005, Атырау қ., Сәтбаев көш., 14 үй, 19 пәтер – 50% (елу жай акция).


16. “Медицина” акционерлiк қоғамы “Фармация” акционерлiк қоғамының орналастырылған акцияларының 55% (пайызын) иеленедi, 060009, Атырау қ., Құрманғазы көш., 30.

“Медицина” акционерлiк қоғамы Мемлекеттiк лицензияға және мына қызмет түрлерiне – дәрiлiк заттарды көтерме және бөлшек саудамен сатуға берiлген мемлекеттiк лицензияға қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметтi жүзеге асырады.

     

17. “Медицина” акционерлiк қоғамы өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтарға, холдингтерге, концерндерге, қауымдастықтарға, консорциумдарға қатыспайды.


18. Акционерлік қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлімет.

Қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы Акционерлiк қоғамның мәлiметi жоқ.


18.1. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер. 

Жасасқан шарт бойынша “Медицина” акционерлiк қоғамы “Фармация” акционерлiк қоғамына дәрiлiк заттарды жеткiзушiлердiң бiрi болып табылады.


3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты


19. “Медицина” акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi түрлерi мыналар:

Мемлекеттiк лицензияға және қызмет түрлерiне берiлген мемлекеттiк лицензияға қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызмет;

дәрiгерлiк және медициналық қызметке берiлген Мемлекеттiк лицензияға және медициналық қызмет көрсету түрлерiне берiлген мемлекеттiк лицензияға қосымшаға сәйкес, Қоғамның “Медициналық орталығы” арқылы жүзеге асырылатын медициналық қызмет.


20. Қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кірістілігіне оң әсер ететін факторлар:

а) – кредиттiк ресурстардың қолжетiмдiлiгi;

заемдарды пайдаланғаны үшiн сыйақы төлеудiң банк пайызы ставкаларының төмендеуi;

аймақтың экономикалық дамуы;

жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуi;

жалпы және әсiресе фармацевтикалық және медициналық қызметтi реттейтiн заңнамалық базалардың тұрақтануы;

Қазақстан Республикасына импортпен әкелiнген дәрiлiк заттарды тiркеу жағдайларының қолжетiмдiлiгi (тiркеу ставкаларының төмендеуi, тiркеудi жүргiзу, дәрiлiк препараттарды iс жүзiнде қолдану бойынша көп жылдық тәжiрибесi бар қызметкерлерге оларды тiркеуде ерекше жағдайлар жасау жөнiндегi рәсiмдердiң ашықтығы);

тұрғын халықтың орналасу тығыздығына байланысты дәрiханалар мен басқа да дәрiханалық мекемелердiң санын анықтайтын нормативтер мен ережелердi енгiзу;

емдеу-алдын алу мекемелерiн дәрiлiк заттарға шынайы қажеттiлiктерiне сәйкес бюджет есебiнен қаржыландыруды арттыру;

Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ жалпы дүние жүзiндегі саяси жағдайдың тұрақтылығы;

– “Медицина” акционерлiк қоғамының дәрiхана желiсiн көбейту;

дәрiлiк заттар ассортиментiн көбейту;

Атырау қаласында жоғары бiлiктi провизор, фармацевт, дәрiгер, орта медициналық қызметкер кадрларының болуы, бұл ықтимал сатып алушыларды тартуға, адамдардың медициналық қызмет алуға ұмтылуына әкеледi;


ә) терiс әсер ететiн факторлар:

аймақ дамуының экономикалық деңгейi;

Атырау облысында тұрақты тұратын халықтың жалақысының деңгейi;

Атырау облысында тұрақты тұратын жұмысқа қабiлеттi халықтың бiлiктiлiк деңгейiнiң жетiмсiздiгi;

Атырау облысында тұрақты тұратын жұмысқа қабiлеттi халықтың облыстың экономикалық қуатын дамытудағы белсендiлiк деңгейiнiң жетiмсiздiгi;

Атырау қаласында 1 шаршы километрге шаққандағы дәрiханалық мекемелердiң шамадан артық орналасуы;

Қазақстан Республикасымен шектесетiн мемлекеттердiң саяси тұрақсыздығы;

табиғи катаклизмдер;

Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру жағдайларына қатысты заңнамасына енгiзiлген өзгерiстер.


21. “Медицина” АҚ-ның соңғы екі жыл ішінде сатылған өнімдерiнің (орындалған жұмысының, қызмет көрсетуiнің) көлемі:

2003 ж. – 632316,0 мың теңгенi; 2004 ж. – 1282553,0 мың теңгенi құрады. 2004 жылы сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудің) көлемі 2003 жылы сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудің) көлемімен салыстырғанда екi есеге артты.

Осы көрсеткiштердiң талдауы арту бағытындағы өзгерiстердiң ассортименттi көбейту және дәрiлiк заттарды мемлекеттiк сатып алуға қатысу есебiнен орын алғанын көрсеттi.  

22. Өз өнімдерін (жұмыстарын, қызмет көрсетулерін) сатуды ұйымдастыру бойынша Қоғамның қызметі.

Медицина” акционерлiк қоғамына дәрiлiк заттарды негiзгi жеткiзушiлер мыналар болып табылады: “Союзздравэкспорт” ЖШҚ, Мәскеу қ., “Вариамед” МТК ЖШҚ, Мәскеу қ., “Химфарм” акционерлiк қоғамы, Шымкент қ., “Авентис-Фарма” – Ұлыбритания, “Никомед” – Австрия, “Эгис” АҚ – Венгрия, “Медсервис-Рихтер” – Алматы қ.

Медицина” акционерлiк қоғамына дәрiлiк заттарды жеткiзу көлемi бойынша төменде көрсетiлген жеткiзушiлер 2005 жылдың 01 маусымына мынаны құрайды:

Вариамед” МТК ЖШҚ, Мәскеу қ. – 45%;

Медсервис-Рихтер”, Алматы қ. – 7%.

Акционерлiк қоғамның тұтынушылары мыналар болып табылады:

а) бюджеттiк ақша бөлу есебiнен дәрiлiк заттарды мемлекеттiк сатып алу шеңберiнде Атырау облысының емдеу-алдын алу мекемелерi;

ә) бөлшек саудалы дәрiхана желiсi арқылы алатын амбулаторлық науқастар;

б) Акционерлiк қоғамның “Медициналық орталығына” қаралатын амбулаторлық науқастар.

     

23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:

1. Акционерлiк қоғамның маусымдық сипаттағы қызмет түрлерi жоқ.


2. Шикізаттағы (жұмыстағы, қызмет көрсетудегі) импорттың үлесі

2004 жыл бойынша көтерме сауда – 955609,0 мың теңге, соның iшiнде 92% – Ресейден және алыс шетелден әкелiнген импорт.

Медицина” акционерлiк қоғамы экспортқа шығару қызметiмен айналыспайды.


3. 2005 жылдың 01 маусымына дейiнгi жағдай бойынша Акционерлiк қоғам Қоғам қызметiн тоқтатуға немесе өзгертуге, сондай-ақ оған ақшалай айып салуға немесе басқа да мiндеттемелер алуына әсер етуi немесе әкелiп соғуы мүмкiн сот процестерiне қатыспады.

     

4. “Медицина” акционерлік қоғамы мен оның лауазымды тұлғалары соңғы жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. Қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына әкiмшiлiк жазалар салынбады.


5. Тәуекел факторлары.

а) Қоғам акцияларының бағасына мына факторлар әсер етуi мүмкiн:

25%-дан асатын инфляция;

девальвация;

банк пайыздары ставкасының 20%-дан артық өсуi;

түрлi-түстi төңкерiстер үлгiсi бойынша саяси жағдайдың өзгеруi;

Қазақстан Республикасының заңнамасына енгiзiлген кәсiпкерлiк қызмет жағдайларын нашарлататын өзгерiстер;

фармацевтикалық өнiмдi импортпен енгiзуге тыйым салу;

фармацевтикалық өнiмдi өндiретiн елдерге фармацевтикалық өнiмдердi экспортқа шығаруға тыйым салу;

Қоғам мүлкiнiң бүлiнуi және жойылуы.


4. Қаржылық емес ұйымдардың қаржы жағдайы


24. Инвестициялар.

Медицина” ЖАҚ жай акциялар пакетiн:

Фармация” ААҚ – 47369,0 мың теңге сомасына 27775 акцияны, “Видергебургбанк” – 10,0 мың теңге сомасына 10 акция иеленедi.

     

25. Дебиторлық берешек.

1. 2005 жылдың 01 маусымына қоғамның дебиторлық берешегi 283978,0 мың теңгенi құрады, оның iшiнде:

Жеткiзушiлер – “Вариамед” МТК ЖШҚ, Мәскеу қ. – 104496 мың теңге,

       өтеу мерзiмi – 2005 ж. 3 тоқсаны.

Сатып алушылар – “Фармация” ААҚ, Атырау қ. – 70700,0 мың теңге,

өтеу мерзiмi – 2005 ж. 3 тоқсаны.

Басқа ұйымдар бойынша активтерiнiң баланстық құнының бес және одан астам пайызы мөлшерiнде Қоғамның дебиторлық берешегi жоқ.

      

25-1. Активтер.

Қоғамның иелiгiнде мына мекен-жайлар бойынша орналасқан:

  • Атырау қ., Ж.Молдағалиев көш., 33б үй, құны 40992 мың теңге тұратын ғимарат;

  • Атырау қ., Атамбаев көш., 7 үй, құны 40834 мың теңге тұратын өндiрiстiк база ғимараты бар.

Қалған мүлкiнiң құны қоғам активтерінің баланстық құнының 5 және одан астам пайызын құрамайды.


26. Қоғамның жарғылық капиталы – 2 925 000 (екi миллион тоғыз жүз жиырма бес мың) теңге.

     

27. Заемдар.

Қоғам облигациялар шығармайды.

2004 жылғы 17 маусымда Атырау қ., Сәтбаев көш., 21 үйде орналасқан “АТФ БАНК” АҚ-мен 36 ай мерзiмге жасасқан № ZK 023-2004 шартына сәйкес 280000,0 мың теңге сомасында лимитi бар кредиттік желі ашылған. 2005 жылдың 1 маусымына кредит сомасы 256794,0 мың теңгенi құрайды. Өтеу мерзiмi: 2005 ж. үшiншi тоқсанында – 42799,0 мың теңге; 2005 ж. төртiншi тоқсанында – 42799,0 мың теңге; 2006 ж. – 171196,0 мың теңге.

     

28. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi (жеткізушілер алдындағы берешегi, алынған аванстары) мына құрайды:

2005 жылдың 01 маусымына кредиторлық берешегi – 281826,0 мың теңге, оның iшiнде:

Ақтөбе қ. Денсаулық сақтау департаментi – 90550 мың теңге, өтеу мерзiмi – 2005 ж. 3 тоқсаны. Басқа ұйымдар бойынша активтерінің баланстық құнының 5 және одан астам пайызы көлемiнде Қоғамның кредиторлық берешегi жоқ.


6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер


43. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:

1. Жалпы саны 100 (жүз) жай атаулы акция, шығарылым құжаттамасыз нысанда. Код ЦБ KZ1С 32480716

1 акцияның нақтылы құны 29250 (жиырма тоғыз мың екi жүз елу) теңге.

Шығарылымды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзген орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. Мемлекеттiк тiркелу нөмiрi А 3248. Мемлекеттiк тiркелу күнi – 2001 жылдың 1 сәуiрi, хабарлама, сериясы В № 000027, 2001 ж. 25 маусымда жiберiлген.


2. Жабық үлгiдегi “Медицина” акционерлiк қоғамының бiрiншi эмиссиясы Атырау облысының Әдiлет басқармасында басталып, 1997 жылғы 29 маусымда № 1387-1615-АҚ тiркелген, эмиссия Мемлекеттiк реестрге № А 3248 нөмiрiмен енгiзiлген.

Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк № 75, 1998 жылғы 24 сәуiрде берiлген, сериясы А 00002337.

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы “Медицина” ЖАҚ-ның бiрiншi эмиссиясын шығару және орналастыру қорытындысы туралы 2001 жылдың 01 сәуiрiне берiлген есебiн бекiттi, эмиссияның Мемлекеттiк тiркелу нөмiрi № А 3248, 1998 жылғы 22 сәуiр.


3. “Медицина” акционерлiк қоғамының Қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамау фактiлерi болған жоқ.


4. Бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу тоқтатылған, бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайлар болған жоқ.

     

5. “Медицина” акционерлiк қоғамының облигациялары жоқ.


6. 2003 жылы бiр жай акцияға дивиденд сомасы – 80,0 мың теңге, дивидендтердiң жалпы сомасы – 8000,0 мың теңге.

2004 жылы бiр жай акцияға дивиденд сомасы – 600,0 мың теңге. 2005 жылдың 1 маусымына 45 630,0 мың теңге көлемiнде дивидендтер төлендi.


7. Акционерлiк қоғам бағалы қағаздар саудасын жүргiзбедi.


7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәліметтер


44. Акциялар туралы мәліметтер:

1) саны – 1660 акция, акциялардың түрлері – жай;

2) саны – 1660 акция, акциялардың түрлері – жай, құрылтайшылар арасында орналастырылады;

3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақтылы құны – 29250 (жиырма тоғыз мың екi жүз елу) теңге;

4) Акционерлiк қоғамның артықшылықты акциялары жоқ.


45. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздар шығармайды.

     

45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер.

АТФ Банк” АҚ-ның АФ, Атырау қ., Сәтбаев даңғ., 21, тел.: 21-49-00, 21-40-14,

Нұрбанк” АҚ-ның АФ, Атырау қ., Сәтбаев даңғ., 19, тел.: 99-61-16, 21-00-56.

     

46. Акционерлік қоғамның тіркеушісі.

Цент-Дар” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (ЖШС), Алматы қ., Сәтбаев көш., 35 а.

Байланыс тел.: Атырау қ. 8(3122) 355797,

Алматы қ. 8(3272) 431311, 433341, 437533.

Мемлекеттiк лицензия № 0406200162, 6.10.2000 ж. берілген.

Лицензия берген орган: Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы. Тіркеушімен шарт № 106, 05.02.2001 ж. жасалған.


8. Қосымша ережелер


47. Акциялар шығару шығындары. 2003 және 2004 жылдарға қаржылық есептiлiк аудитiн жасағаны үшiн “Атырауаудит фирмасы” ЖШС сыйақысының мөлшерi 396000 теңгенi құрады.


48. Акционерлiк қоғам инвесторлар үшiн қоғам жарғысымен және акция шығару проспектісімен таныстыру ақпаратын таратуды қажет деп санамайды. Акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады.

     

49. Акцияларды шығару проспектісіне қол қойылу кезiне қоғамның ішкі аудит қызметі жоқ.


Бас директор З.Ж.Дәулетжанова


Бас бухгалтер Н.Г.Стамова




Похожие:

А кциялар шығарылымының проспектісі iconАкция шығарылымының проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі аќпараттыњ шынайылыѓы ‰шін жауап береді жєне онда берілген барлыќ аќпараттыњ...
А кциялар шығарылымының проспектісі icon“варваринское” АҚ акциялар шығарылымының проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың...
А кциялар шығарылымының проспектісі icon«Павлодарэнергосервис» АҚ бірінші облигациялар шығарылымының проспектісі
Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғалары осы құжатта берiлген ақпараттың сенiмдiлiгi үшiн жауапкершiлiк көтередi және онда көрсетiлген...
А кциялар шығарылымының проспектісі icon"Өрнек xxi" АҚ облигациялар шығарылымының проспектісі
Асар-аудит жшс жүргізеді, 2003 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік лицензия №266, Директор Михайленко Л. И., 1998 жылғы 21 ақпандағы...
А кциялар шығарылымының проспектісі icon«Альянс Банк» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасының шектерінде екінші облигациялар шығарылымының проспектісі
Осы облигациялар шығарылымы «Альянс Банк» акционерлік қоғамының уәкілетті орган тіркеген (12. 04. 05 жылғы № В57) облигациялық бағдарламасының...
А кциялар шығарылымының проспектісі iconҮшінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспекті
Уәкілетті органның облигация бағдарламасы шығарылымының проспектін мемлекеттік тіркеуі инвесторларға шығарылым проспектінде жазылған...
А кциялар шығарылымының проспектісі iconБАҒалы қАҒаздар эмиссиясының проспектісі
...
А кциялар шығарылымының проспектісі iconАкциялар шығарылымының проспектiсi
Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығына жауап бередi және онда ұсынылған барлық ақпараттың...
А кциялар шығарылымының проспектісі iconАкцияларды шығарудың проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді және онда берілген барлық...
А кциялар шығарылымының проспектісі icon«Greenwich cm» ҚК» АҚ акцияларды шығару проспектісі
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді және онда берілген барлық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница