«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны




Название«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/4
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ayagos.vko.gov.kz/kz/files/strategy_02.doc
  1   2   3   4




Аягөз ауданы әкімдігінің

2009 жылғы «25» желтоқсан

2024 қаулысымен бекітілген


2010 – 2014 жылдарға арналған

«Аягөз аудандық қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары


Мазмұны



  1. Миссия және кіріспе




  1. Ағымды жағдайдың сараптамасы




  1. Стратегиялық бағыттар,мемлекеттік органдар қызметінің мақсаттары мен міндеттері

    1. Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі




  1. Мемлекеттік органның функционалды мүмкіншіліктері және қауып қатерлер

    1. Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін қаржылық мүмкіншіліктер

    2. Қауып қатерлер




  1. Нормативті құқықтық актілер




  1. Бюджеттік бағдарламалар



1. Миссиясы мен пайымдауы


Тікелей және түпкілікті нәтижелерге жетуге бағытталған бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және ауданының коммуналдық меншігін тиімді басқару.

Қаржы органдары, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, экономикалық қызметтер, салық органдары, жергілікті атқарушы органдарымен үйлестірілген жұмыс, бекітілген бағдарламаларды қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі қалыптасқан экономикалық жағдай негізінде түсімдер болжамдарын қалыптастыру тәсілдерінің шынайылығы. Заңды тұлғалар, олардың мүліктері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің есептілігі бойынша мәліметтерді ескере отырып, мемлекеттік коммуналдық меншік активтерін есепке алудың толық, анық ақпараттық базасын құру.


2. Ағымдағы жағдайды талдау


Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Үкімет алдына қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.

Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген орта мерзімді жоспары мен фискальды саясатына сәйкес шығыстардың тиімділігін арттыру есебінен өңірдің қаржылық мүмкіншілігін кеңейтетін, мемлекеттік басқарудың институционалды негіздерін нығайту және жаңғырту жолымен ауданның экономикалық өсуіне ықпал ету қажет.

Қазіргі уақытта қойылған міндеттерге жету үшін бюджеттің атқарылуы бойынша жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, бюджеттік қаражаттардың мақсатты және дер кезінде игеру, бюджетке түсімдердің уақытылы және толық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жиынтығын жүргізуі қажет.

Бюджетті толық және дер кезінде атқару Аягөз ауданының қаржы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті бюджеттердің түсімдерінің атқарылуына және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуына, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес бюджет қаражаттарын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің пайдалануына талдау жасайды.

Бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша бір жылға аудан әкімі немесе әкімнің орынбасарының төрағалығымен, қала аудандар әкімдерінің және ауылдық (кенттердің) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының, аудан бюджетінің атқарылуы мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Аягөз аудан бойынша Қазынашылық комитетінің және Аягөз ауданы Салық басқармасы басшыларының қатысуымен аудандық кеңейтілген мәжілістер өткізіледі. Нәтижелері бойынша бюджеттің атқарылуын толық және уақытылы қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар мен тиісті хаттамалық шешімдер қабылданады.

Бөлім мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты буын ретінде бюджеттің тиімді атқарылуына және облыстық мемлекеттік активтерді сапалы басқаруға мүмкіндік береді.

Соңғы бес жылда аудан бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің нақты барлық қызметтері бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің біршама ұлғаюымен сипатталады.Бюджет қаражаттарының толық және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік артуда, тиісінше жүргізілетін бюджеттік мониторинг сапасын күшейту талап етіледі.

Қаражаттарды игеру мынадай көрсеткіштермен сипатталады: 2005 жылы – 99,3 %, 2006 жылы – 99,4 %, 2007 жылы – 96,6 %, 2008 жылы – 95,9 %, 2009 жылы-99,3 %.

Мемлекеттік сатып алу тендерлерін қалыптастыру бөлігінде қаражаттардың уақытында игерілмеуінің бірден бір негізгі себептері ретінде: сауда-саттық жүргізудің созылмалы процесі, бірнеше рет өткізілуі, конкурстардың өтпей қалуы, әлеуетті жеткізушілердің жоқтығы сияқты мәселелер анықталды.

Бюджеттің уақтылы орындалмау проблемасын барлық талап етілген рәсімдік мәселелер қызметін нақты жүргізіп, ұйымдастыра шешу керек, көптеген мемлекеттік органдар бюджеттік және қаржылық операцияларды уақтылы орындамай, тиісті бақылау жасамай қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің бүкіл қолданылу кезеңінде барлық аудан бюджетін атқару процесі және бағдарламалар әкімшілері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз. Ай сайын мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар 39 млн. теңгеден 100,0 млн. теңгеге дейін құрайды. Дұрысында мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін арттыру және қаражаттарды игеру индикаторларын 99,8%-дан -100%-ға дейін ай сайын арттыруға ұмтылу қажет.

Бюджетті атқару және бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу кезінде Бөлім ұшырасатын, стратегиялық бағытты жүзеге асыруда кері әсерін тигізетін мынадай мәселелерді көрсетуге болады:

бюджетті атқаруда жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмейді;

түсімдер бойынша жоспарлардың орындалмай қалуы және тиісінше бақылау шотында қолма-қол ақшаның болмауына байланысты жоспарланған нәтижелердің орындалмауы;

кредиторлық және дебиторлық берешектердің өсуі;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және төмен тұрған уәкілетті органдардың бюджетті атқару, бюджетті және бухгалтерлік есепті жүргізу, қалыптастыру, сондай-ақ белгіленген есептілікті дер кезінде өткізу бөлігіндегі нашар атқарушылық қызметі, осының салдарынан аудан бойынша Бөлім жоғарыдағы органдарға қалыптастыратын және ұсынатын есептілік мәліметтер сапасының төмендеуі және мерзімінің созылуы.

Аудандық коммуналдық еншікті басқару жүйесін қалыптастыру (меншікке қатысты меншік құқығын жүзеге асыру, мемлекеттік активтерді коммуналдық меншік объектілерін ұтымсыз пайдалану тұрғысынан тексеру, мұндай объектілерді бәсекелі ортаға немесе басқа пайдаланушыларға беру, мемлекеттік мүлікті сату және тағы басқалар) стратегиялық жоспарда Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тізілімін, аудандық коммуналдық меншікті қамтитын кешен мониторингінің нәтижелері ақпараттық базаны қалыптастырумен ұсынылған.

Тізілімде ағымдағы жағдай бойынша иесіз объектілер мен заңды тұлғалардың пайдаланылмай тұрған мүліктері жөніндегі деректер толық көрсетілмеген, ол коммуналдық меншік объектілерін жалға беруден және сатудан бюджетке түсетін түсімдер көлеміне әсер етеді.

Ауданның коммуналдық меншікті басқару бойынша атқарылған жұмыстар шеңберіндегі жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып, Бөлім ұшырасатын және көрсетілмеген стратегиялық бағытты жүзеге асыру жолымен өз шешімін табатын мына проблемаларды көрсету қажет:

мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігін дер кезінде аудармауы және мемлекеттік басқарма органдары тарапынан қазыналық кәсіпорындардың нақты алынған кірістерінің жоспарланғаннан артық болуына бақылаудың жоқтығы;

мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдарының қаржылық-шаруашылық қызмет жоспарын жасау мен олардың атқарылуын талдау, Қаржы министрлігі белгілеген мерзімде оларды нақтылау жөніндегі нашар атқаруышылық тәртібі, осының салдарынан облыс бойынша Басқарма өткізген жиынтық мәліметтерді талдау сапасының төмендеуі;

мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың балансында оларды басқа коммуналдық меншік ұйымына жалға, балансқа, есептен шығару немесе бәсекелік ортаға беру ретінде қаралатын пайдаланылмайтын мүліктердің болуы;

мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың балансында тіркелмеген мүліктердің болуы;

балансұстаушылар коммуналдық мүлік, әсіресе техникалық сипаты бойынша, түсуі және шығуы туралы, мүлікті тіркеу және пайдалану туралы мәліметтерді жеткілікті дәрежеде сапалы қалыптастырмайды.

Жоғарыда аталған проблемалар меншікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, қаржылық және басқару ақпаратымен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру жолымен шешуді талап етеді.


3. Мемлекеттік органдарының қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары,

міндеттері және көрсеткіштері


Атауы

Өл-шем

бір-лігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008

жыл

(есеп)


2009 жыл

(ағым-

дағы

жылғы

жоспар)

2009 жыл2010 жыл 2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

2013 жыл

2014

жыл

1-Стратегиялық бағыт.

Аягөз аудан бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Бюджет қаражаттарын дер кезінде игеру

Нысаналы индикатор. 2009 жылы қаражаттары 100% игерілген бюджеттік бағдарламалар үлесін арттыру және кейінгі жылдары осы көрсеткіштерді ұстау

1.1.1-міндет. Жергілікті бюджеттердің атқарылу мониторингі

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің болжамын орындау

%

99

100

100

100

100

100

100

1.1.2 -мақсат. Бюджетті атқару мониторингі процесінде

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өзара тиімді іс-әрекет жасау

Бюджеттік орындалу бағдарламаларының әкішілері

%

100

100

100

100

100

100

100

Нысаналы индикатор.

Бюджеттік бағдарлама бойынша жұмсалған үлес салмағы

%

97,5

100

100

100

100

100

100

1.1.3-міндет. Кредиттік есепті қайтару ресурсы

Қайтарылған бюджеттік кредиттің көлемдері

мың. тенге

-

-

128735,0

-

-

2010 жылға сәйкес бөлінген кредит көлемімен

2011 жылға сәйкес бөлінген кредит көлемімен

Нысаналы индикатор.

Бюджеттің орындалуы жөнінде ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру

%

100

100

100

100

100

100

100

1.1.4-міндет. Бюджеттің орындалуы жөнінде есептерді жасау және ұсыну

Толық есептілікті барлық мәліметтерімен сыртқы және ішкі алушыларға тапсырылады.

%


100



100



100



100



100



100



100

Нысаналы индикатор.

Классификациялық шығындарды дұрыс пайдаланбағаны үшін үлес салмақтың азайуы

%

100



100



100



100



100



100



100

1.1.5-міндет. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды енгізу

Электронды мемлекеттік сатып алуды қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушілердің үлес салмағы

%


0



60



100

100

100

100

100

2-Стратегиялық бағыт.

Коммуналдық меншiктi басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

2.1-мақсат. Коммуналдық меншiктi басқару бөлiгiндегі

қызметтердің сапасын арттыру

Нысаналы индикатор.

Оларды мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолымен коммуналдық меншік объектілерін басқаруды оңтайландыру және бақылау деңгейін арттыру.

%

0

0

50

60

65

70

100

2.1.1-міндет. Коммуналдық меншіктің жағдайы мен оны пайдалану

нәтижелерін есепке алу жүйесін дамыту.

Басқару шешімдерін қабылдау мақсатында аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды

зерттеулермен қамту

%

0

0

50

60

65

70

100
  1   2   3   4

Похожие:

«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы
Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы...
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны iconКатон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары Мазмұны
Катон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны iconАягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Аудандық білім бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті мен нысаналы индикаторлары
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту 19 бет
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Стратегиялық бағыттамалары, мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница