2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама




Скачать 271.86 Kb.
Название2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама
страница2/2
Дата конвертации08.02.2016
Размер271.86 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://katon-karagay.vko.gov.kz/kz/files/economy3_01.doc
1   2


2010 жылы жалпы шығындардың 68 пайызы білім беру, мәдениет, әлеуметтік көмекке әлеуметтік бағдарламаларды қамтамасыз етуге бағытталды. Бұның айғағы, аудан бюджетін жоспарлау кезінде әлеуметтік салаға көп көңіл бөлініп отыр.

Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке - 167 985,1 мың теңге пайдаланылды, (бұл 2009 жылдың деңгейінен 113 пайызға немесе 19397,4 мың теңгеге артық), оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (орташа мөлшерде) 1271 азамат 26 396 мың теңге сомасында алды (2009 жылдан азаю 4722 мың теңге соманы, 147 алушыны құрайды) ; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлемін орта есеппен 2141 азамат 27375 мың теңге көлемінде алды. Ауданда 28,5 штаттық бірлік әлеуметтік жұмысшылар жұмыс істейді, олармен 82 бала және 82 үйдегі қарт адамдарға көмек көрсетілуде.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 1218 адамға 29 086 мың теңге мөлшерінде көмек көрсетілді.

Тұрғын үй көмегін 539 отбасы , 5184 мың теңге сомасында алды . Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет мекемелерінің 1580 маманына отын сатып алуға - 4345 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

«Үйде оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша, 30 мүгедек-балаларға 3315 мың теңге бағытталды (бұл 2009 жылмен салыстырғанда 216 мың теңгеге артық).

«Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша» - жоспардағы 23049,0 мың теңгенің орнына 21508,7 мың теңге пайдаланылды, немесе 100 пайызға орындалды, 253 адамға қоғамдық жұмыстарға төлеуге 11894 мың теңге бағытталды, 40 жұмыссызды кәсіптік даярлауға және қайта оқытуға –1298,7 мың теңге, тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға жұмысқа 23 адамға 1716,0 мың теңге бағытталды. РБ-тен (Жол картасы) бөлінген мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжрибесі бағдарламасын кеңейтуге 72 адам тартылды, есептік кезеңге 6600 мың теңге соманың қаржысы бөлінді.

Ауданда жалпы білім беретін мектептер - 54, оның 96,3 пайызы немесе 52-і шағын комплекті. Оқушылар санын - 5578 оқушыны құрайды. 2009 жылмен салыстырғанда 154 оқушыға азайды, ал жиынтық-класстардың саны 521-ді құрайды (21 класс-жиынтыққа азайды). Сонымен қатар, аудан мектептерінің бюджеті тек қысқартылып қана қоймай, жыл сайын өсуде. 2010 жылы ол –1 367 170,15 мың теңгені құрады немесе 2009 жылмен салыстырғанда 195 231,6 мың теңгеге артты.

Бұл аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға әсер етті, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуа –11 112,1 мың теңге бөлінді, 2165 мың теңге - Чернова ОМ-ке шағын автобус сатып алуға, 2450 мың теңге - Көктерек ауылындағы ОМ-ке физика кабинетін сатып алуға, 2153,1 мың теңге- Ново-Хайрузовка ауылындағы ОМ-ке биология кабинетін сатып алуға, 2105 мың теңге – Аршаты ОМ-не шағын автобус сатып алуға, 2020 мың теңге – Белқарағай ОМ-не УАЗ автокөлігін сатып алуға, 113 мың теңге - Аршаты ОМ-не қазандық сатып алуға, 106 мың теңге – 1 компьютер жиынтығын сатып алуға бағытталды.

Мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына –20772 мың теңге бағытталды: оның ішінде: 120 мың теңге – Еңбек ОМ-не күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ сатып алу үшін; 1131 мың теңге үйге жөндеу жұмыстарына ЖСҚ сатып алуға; 19521 мың теңге – үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге.

«Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау» стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде (Жол картасы) білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоспардағы 57552 мың теңгенің орнына , 57547,8 мың теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен Солоновка ОМ- 21237 мың теңге, Ақсу ОМ –не 15280,3 мың теңге, Үлкен Нарын ауылдық лицейінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 1854 мың теңге; жергілікті бюджеттің қаржы есебінен – 19176,5 мың теңге бөлінді ( Солоновка ОМ – 2391,3 мың теңге, Көк-Терек ОМ- 11672,9 мың теңге, Бесүй орталау орта мектебіне- 4588,1 мың теңге, Үлкен Нарын ауылдық лицейінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 525 мың теңге).

Бюджеттен ауданның білім беру мемлекеттік мекемелері үшін оқу-әдістемелік кешеніне оқулықтар сатып алуға және оларды жеткізуге –14064 мың теңге пайдаланылды. «Мектеп» баспасынан, «Атамұра» Корпарациясы ЖШС, «Арман ПВ» ЖШС, «Аруна» ЖШС, «Технокон» ЖШС-нен оқулықтар сатып алынды.

Ауданда 15 топтан құралған құрамында 302 баланы ұстайтын 6 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істейді, сонымен қатар 28 мектеп жанынан құрамында 612 баладан құралған мектепке дейінгі тәрбие беру шағын-орталықтары ұйымдастырылған. Балабақшаларды ұстап тұруға 2010 жылы – 54691 мың теңге қарастырылған, пайдаланылғаны – 100 пайыз немесе 54691 мың теңге толығымен игерілді, оның ішінде күрделі жөндеу шығындарына – 940 мың теңге бөлінді: Малонарым ауылындағы балабақшаға құрал-жабдықтар сатып алуға – 340,0 мың теңге; Ново- Березовка ауылындағы балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ сатып алуға – 600 мың теңге.

Ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қаржыландыруға аса көңіл бөлінеді. 2010 жылы 203 844,7 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. 2010 жылы сумен қамту жүйелерін дамытуға 130710 мың теңге көзделген, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 130710 мың теңге, оның ішінде Ново-Березовка ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен – 50000 мың теңге, Малонарым ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуға - 715000 мың теңге; Малонарым ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуға ЖСҚ-на – 4605 мың теңге. Өрел ауылында жоба-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет қаржы есебінен – 2000 мың теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет есебінен мына жұмыстар өткізілді: 3546,9 мың теңге - елді мекендерде санитарлық жағдайды қамтамасыз ету бойынша; ауыл көшелерін жарықтандыруға және көше бойындағы шамды жөндеу мен орнатуға- 8850,0 мың теңге; елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға – 7006,8 мың теңге пайдаланылды; жерлейтін орынды ұстауға және туысы жоқтарды жерлеуге- 30,0 мың теңге; елді мекендерді сумен қамтуды ұйымдастыруға – 250 мың теңге.

Сумен қамту және су бұру жүйелерін қаржыландыруға - жоспар бойынша 23861 мың теңге, 23861,0 мың теңге бағытталды; Үлкен Нарын ауылында су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарына - 17361 мың теңге бағытталды, ауыл ішіндегі су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына және ұстап тұруға – 5000 мың теңге, канализация жүйесін және септиктерді тазалауға - 1500 мың теңге. Елді мекендерді абаттандыруға және көркейтуге және саябақты орналастыруға 9490 мың теңге бағытталды.

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды және елді мекендерді абаттандыруға 18100 мың теңге бөлінді, жоспар бойынша 18100 мың теңге, қаржы КТП-ны жөндеу жұмыстарына пайдаланылды, оның ішінде: трансферттер есебінен – 12073 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 6027 мың теңге игерілді.

Есептік кезеңде «Көлік және коммуникация» бойынша шығындар 122046,0 теңгені құрады, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының қызметін қамтамасыз етуге – 67449,0 мың теңге пайдаланылды, ауыл ішілік (қала ішілік) аудан ішілік қоғамдық жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 1200 мың теңге пайдаланылды.

«Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау» стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде (Жол картасы) елді мекендердегі аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына және ұстап тұруға есептік кезеңге – 53397 мың теңге қарастырылған, игерілгені – 100 пайыз немесе 53397 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен – 35616 мың теңге, жергілікті бюджеттің қаржы есебінен – 17781 мың теңге.

2011 жылдың 1-ші қаңтарындағы мақсатты ағымдағы трансферттер төмендегіні құрайды:

- түзетілген бюджет – 429947,2 мың теңге;

-жоғары тұрған бюджеттен бөлінген – 429947,2 мың теңге;

-кассалық орындалуы – 429927,9 мың теңге; (бөлінген қалдық және игерілмеген қаржы – 19,3 мың теңге).

21.12.2009 жылғы №17/222- ІV облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген, оның ішінде:

1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика, химия, биология кабинеттерін оқу құрал-жабдықтарымен жарақтандыруға - 2010 жылға түзетілген жоспар- 20485 мың теңге, кассалық оындалуы – 20483,5 мың теңге, немесе 100 пайыз, қаражат қалдығы – 1,5 мың теңге- дөңгелектеу есебінен үнемдеу..

2) мемлекеттік білім беру мекемелері үшін лингафондық және мультимедий кабинеттерін құруға - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 22156 мың теңге, кассалық орындалуы – 22156 мың теңге, немесе 100 пайыз.

3) «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілікті арттыру институттарын оқу материалдарымен қамтамасыз етуге арналған облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер– 2010 жылға түзетілген жоспар – 3464 мың теңге, кассалық орындалуы – 3464 мың теңге немесе 100 пайызға.

4) күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмек төлемдері – 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 7300 мың теңге, кассалық орындалуы 100 пайыз немесе 7300 мың теңге.

5) күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы – 2010 жылға арналған түзетілген жоспар - 4200 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 4200 мың теңге.

6) елді мекендердегі әлеуметтік саланың мамандарын әлеуметтік қолдау іс-шараларын жүзеге асыру үшін білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдауға – 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 2946,7 мың теңге, кассалық орындалуы – 2944,6 мың теңге немесе 99,9 пайыз, бөліген және пайдаланылмаған қаржы қалдығы – 2,1 мың теңге, дөңгелектеу есебінен үнемдеу.

7 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау» страгегиясын жүзеге асыру шеңберінде» (Жол картасы) мәдениет нысандарын жөндеу үшін және елді мекендерді абаттандыру үшін басымдық әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға – 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 62055 мың теңге, игерілгені – 62055 мың теңге, немесе 100 пайыз.

8) әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжрибесі бағдарламасын кеңейтуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 6600 мың теңге, кассалық орындалуы 100 пайыз немесе 6600,0 мың теңге.

9) білім беру нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына (Жол картасы) «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау» стратегиясын жүзеге асыруды қаржыландыруға - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 38372 мың теңге, кассалық орындалуы 100 пайыз немесе 38371,3 мың теңге, игерілмегені – 0,7 мың теңге- дөңгелектеу есебінен үнемдеу.

10) эпизоотяға қарсы іс-шараларды өткізуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 25079 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 25079 мың теңге.

11) Арнаулы ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстап тұруға - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 13417 мың теңге, кассалық орындалуы – 99,9 пайыз немесе 13402,3 мың теңге, бөліген және пайдаланылмаған қаржы қалдығы – 14,7 мың теңге, оның ішінде, 12,1 мың теңге – мемлекеттік сатып алуларды жүргізуден үнемдеу, 2,6 мың теңге – дөңгелектеу есебінен үнемдеу.

12) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері , Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына Мәскеу, Астана қалаларында мерекелік іс-шараларға қатысуы үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз етуге - 2010 жылға түзетілген жоспар – 64 мың теңге, жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінгені – 64 мың теңге, кассалық орындалуы – 63,6 мың теңге, пайдаланылмаған қаржы қалдығы – 0,4 мың теңге- дөңгелектеу есебінен үнемдеу.

13) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар 16929 мың теңге, игерілгені – 16929 мың теңгені немесе 100 пайызды құрайды.

14) «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау» стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде (Жол картасы) тұрғын үй-коммуникация инфрақұрылымы және елді мекендерде абаттандыру жұмыстарын жүргізуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 12073 мың теңге, игерілгені – 12073 мың теңгені немесе 100 пайызды құрайды.

15) «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау» стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде (Жол картасы) елді мекендердегі аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына және ұстап тұруға - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 35616 мың теңге, игерілгені – 35616 мың теңгені немесе 100 пайызды құрайды.

16) Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпы білім беру тапсырыстарын жүзеге асыруға 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 17049 мың теңге, игерілгені – 17049 мың теңге немесе 100 пайыз

17) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ҚР Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 76320,5 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 76320,5 мың теңге.

18) Азаматтардың жекелеген топтарына (ҰОС қатысушылары, ҰОС мүгедектері, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері) 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 5197 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 5197 мың теңге.

19) Аз қамтылған отбасыларынан шыққан жалпы білім беру ммектептерінің түлектеріне , ата-ананың қамқорынсыз қалған жетім балаларға ЖОО оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмекке - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар- 13098 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 13098 мың теңге.

20) "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр-ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 5950 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 5950 мың теңге.

21) Төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсетуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 2960 мың теңге, кассалық орындалуы – 2960 мың теңге немесе 100 пайыз.

22) Облыс алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға материалдық көмек көрсетуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 168 мың теңге, кассалық орындалуы 168 мың теңге немесе 100 пайыз.

23) Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға - материалдық көмек көрсетуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 40 мың теңге, кассалық орындалуы – 40 мың теңге немесе 100 пайыз.

24) Ауғаныстанда интерноционалдық міндетін өтеу кезінде қаза болған жауынгерлердің отбасына жәрдемақы төлеуге мамериалдық көмек көрсетуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 120 мың теңге, кассалық орындалуы – 120 мың теңге немесе 100 пайыз.

25) Үлкен-Нарын ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге - 2010 жылға арналған түзетілген жоспар – 23422 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 23422 мың теңге.

26) «Ақмарал ауылына кіре беріске және «Нұрбұлақ» демалыс базасына кіре беріске орташа жөндеу жұмыстарына – 2010 жылға түзетілген жоспар – 8000 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 8000 мың теңге.

27) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың есебінен іс-шаралар өткізуге – қардың қалың түсуіне байланысты, автокөлік жолдарын тазалауға - 2010 жылға түзетілген жоспар -3500 мың теңге, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 3500 мың теңге.

28) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың есебінен іс-шаралар өткізуге - 2010 жылға түзетілген жоспар -3366 мың теңге, кассалық орындалуы 100 пайыз немесе 3366 мың теңге.

2010 жылға арналған мақсатты трансферттерді дамытуға – 130710 мың теңге қарастырылған, кассалық орындалуы – 100 пайыз немесе 13710 мың теңге, оның ішінде, Ново-Березовка ауылында сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуға – 50000 мың теңге, Малонарым ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуға – 71500 мың теңге, Малонарым ауылындағы сумен қамту жүйесін жаңартуға ЖСҚ – 4605 мың теңге, Ново-Березовка ауылындағы сумен қамту жүйесін жаңартуға ЖСҚ- 4605 мың теңге.

Бюджеттік несиелеу бойынша трансферттер бірінші рет 2010 жылы 12464 мың теңге көлемінде қарастырылған, орындалуы – 12342,3 мың теңгені құрады, игерілмегені – 31,7 мың теңге - тұрғын үйді бағалау есебінен үнемдеу. Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саланың 14 маманына бюджеттік кредиттер бөлінді, оның ішінде: білім беру саласы бойынша - 9 маман, денсаулық сақтау бойынша – 4 маман, мәдениет саласы бойынша – 1 маман.

Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңаруға» атты жолдауын жүзеге асыру шеңберінде – Катонқарағай ауданында «Жол картасы» бойынша 2010 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаржы есебінен төмендегідей қаржы қарастырылған:

Приморск, Усть-Язевая (Коробиха), Аршаты, Берел, Өрел, Жамбыл, Катонқарағай ауылдарындағы коммуналдық меншікке берілген «иесіз» электрмен жабдықтау жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы атқарылған жұмыстарға барлығы 18 100 мың теңге бөлінді және толығымен игерілді. 20 жұмыс орындары құрылды, орташа еңбекақы төлемі – 26,5 мың теңгені құрады.

Білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы – 57 552 мың теңге бөлінді, игерілгені – 57 546 мың теңгені құрады. 5 мектептердегі жұмыс жоспарына сәйкес ( Солоновка, Ақсу, Көктерек, Бесүй, ауылдық лицей) 74 жұмыс орны құрылды, орташа айлық еңбекақы төлемдері – 29,3 мың теңгені құрады.

Жол жөндеу жұмыстарына барлығы – 53 397 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Үлкен Нарын ауылындағы Мир және Абылайхан көшелеріне және Катонқарағай ауылында С. Торайғыров көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 124 жұмыс орны құрылды, жұмысшылардың орташа айлық еңбекақы төлемдері – 30,0 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік жобаға барлығы – 95 585 мың теңге бөлінді және толығымен игерілді. Мало-Нарым, Печи, Белқарағай, Аққайнар ауылдарындағы клубтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 124 жұмыс орындары құрылды, жұмысшылардың орташа айлық еңбекақы төлемі –30,0 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен 40 әлеуметтік жұмыс орындарын құруға- 4 800 мың теңге, 15 адамға жастар тәжрибесінен өтуге – 1 800 мың теңге бөлінді. Есептік кезеңде 46 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, жастар тәжрибесінен өтуге – 26 адам жіберілді.


Аудан бюджетіне барлық түскен қаражат келесі мақсаттарға бағытталды:






Ерекшелік

Төлем бойынша кезеңнің жиынтық жоспары

Кассалық орындалу

Орындалуы %




1

Еңбек ақы төлеуге

111

1 077 220,0

1 077 219,7

100,0




2

Компенсациялық төлемге

113

82 937,0

82 927,7

100,0




3

Әлеуметтік салық

121

59 158,0

59 158,0

100,0




4

Әлеуметтік қамсыздандыру Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар

122

47 010,0

47 006,5

100,0




5

Автокөлік құралдарын сақтандыру үшін жарна

125

609,0

597,2

98,1




6

Азық-түлік сатып алу үшін

131

4 668,0

4 667,4

100,0




7

Дәрі-дәрмекті сатып алу үшін

132

384,0

382,5

99,6

Білім беру

8

Басқа да заттарды сатып алу үшін

139

71 931,0

71.926,7

100,0

Жанар жағар май кеңсе тауарлары

9

Комммуналдық қызмет үшін төлем (суық су)

141

89 991,0

89 988,6

100,0




10

Байланыс қызметін төлеу үшін

142

17 571,0

17 570,6,

100,0




11

Көлік қызметі үшін төлеу

143

2 838,0

2 837,2

100,0




12

Жалға алу үшін төлеу

147

3 390,0

3 390,0

100,0




13

Басқа да қызметтер

149

569 257,5

569 245,2

100,0

Қаржылық қызметі, штаттан тыс жұмысшылардың жалақысы,клубтар мен балабақшалардың шығындары

14

Мемлекет ішіндегі іс сапар

151

12 722,0

12 721,3

100,0




15

Мемлекеттен тысқары қызметтік іс сапарлар

152

130,0

130,0

100,0

Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға киім-кешек, аяқ-киім сатып алу, лагерде демалуға төлеу

16

Орта білім беру жалпы қорына міндеттемелік шығын

153

12 687,0

12 686,8

100,0




17

Ағымдағы басқа шығындар

159

9 429,0

9 428,4

100,0




18

Жеке тұлғаларға трансферттер

332

118 373,7

118 372,5

100,0




19

Басқа да мемлекеттік басқару деңгейінің трансферттері

349

68 482,0

65 482,0

100,0




20

Негізгі жабдықты сатып алу үшін

411

57 897,0

57 882,2

100,0




21

Ғимарат, құрылыстар және жай сатып алу үшін

412

600,0

600,0

100,0

ЖСҚ

22

Ғимараттарды және құрылымдарды іргелі жөндеу үшін

421

130 710,0

130 710,0

100,0

ЖСҚ, күрделі жөндеу

23

Ғимараттарға, құрылыстарға және жайға күрделі жөндеу

431

132 265,0

132 259,9

100,0




24

Материалдық емес активтерді сатып алуға

452

1 875,0

1 825,5

97,4




25

Заңды тұлғалардың трансферрттері

461

29 717,0

29 717,0

100,0




26

Жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер

514

12 464,0

12 432,3

99,7




27

Жоғарғы бюджеттің алдында негізгі қарызды өтеу

711

317,0

317,0

100,0







БАРЛЫҒЫ




2 611 633,2

2 611 482,4

100,0






Секвестірленбейтін шығындар




















Орта, негізгі, бастауыш мектептер

111-431

1355962,0

1355947,1

100






Құрметті депутаттар!

2010 жылы бюджеттік қаржының негізгі бөлігі еңбекақы төлемдеріне, жұмыс берушіге жарна, тауар, жұмыс және қызметті сатып алуға – 2 026 917,3 мың теңге, немесе жалпы шығындардың 77,6 пайызы жұмсалды:

- еңбекақыны төлеуге және жұмыс берушіге жарнаға – 1 266909,1 мың теңге, бұл жалпы бюджеттің 48,5 пайызын құрайды.

- тауар, жұмыс және қызметті сатып алуға – 760 008,2 мың теңге, бұл жалпы бюджеттің 29,1 пайызын құрайды.

2010 жылы аудан бюджеті – 2 464 514,6 мың теңге сомасында ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға бағытталды, немесе бюджеттің жалпы шығындарының 94,4 пайызы (2009 жылмен салыстырғанда 129 пайызға өсті немесе 546 935,4 мың теңге). Бюджеттік бағдарламаларды дамытуға 146 967,8 мың теңге – 5,6 пайызы бағытталды (2010 жылы өсу 10 еседен артық немесе 134 068,8 мың теңгені құрады ).

2009 жылы бюджет шығындары ағымдағы шығындарға бағытталды- 1 917 579,2 мың теңге, бұл жалпы шығындардың 99,3 пайызын құрайды, күрделі шығындарға – 12899 мың теңге, бұл жалпы шығынның 0,7 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш бюдеттік сала мекемелерінің дамуын көрсетеді.


Катонқарағай ауданы

қаржы бөлімінің бастығы Сарсенбаева Ж.Қ.










1   2

Похожие:

2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама iconШемонаиха ауданы бюджетінің 2011 жылғы қаңтар-мамырға бюджеттің орындалуы бойынша ақпарат
Аудан бюджеті үстіміздегі жылғы қаңтар-мамырда 113,2 орындалды, жоспарланғаы 543964 мың теңге, нақты түскені 615668,0 мың теңге (+71704,0...
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама icon2010 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 110,9 млн теңге немесе 110,1 пайызға орындалды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 104,1
Ауданның 2010 жылғы 1 жарты жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама icon2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,4%-ға орындалды. Аягөз ауданынан басқа, барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама icon2010 жылғы 1 тамыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
...
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама icon2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 100,5%-ға орындалды. Аягөз ауданы мен облыстық бюджеттен басқа, барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама iconШемонаиха ауданы бюджетінің 2011 жылғы қаңтар-маусымда орындалуы бойынша ақпарат
«Ертіс Танур плюс» жшс 2009-2010 жылдардағы қосымша декларауия берді, салық төлемінен 1176,5 мың теңге сомада. «Ирзк» жшс төленген...
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама iconАуыл аруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмысы туралы анықтама
«Тарбағатай ауданының жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау туралы 2008-2012 жылдарға арналған...
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы бекітілген №2318 қаулысының «Жеке қосалқы шаруашылықтың...
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама icon2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,5%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама icon04-34 2009 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 110,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница