Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы




НазваниеБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
страница5/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznacheistvo-almaty.kz/files/220 izm 0112 kaz.doc
1   2   3   4   5
басқы әрiптерi) көрсетiледi;

21) «Бас бухгалтердiң тегi, аты-жөнi, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетiледi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қолы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының бас бухгалтерінің ЭЦҚ, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылады.

Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

«Код», «КБе», «ТМК» ашық жолақтарын толтыру Қазақстан Республикасының Банктiк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

202. Төлеуге берiлетiн шотта «ағымдағы» не «түпкiлiктi» төлемiнiң мәртебесi көрсетiледi.

«Ағымдағы» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шот - тiркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) аралық төлемдi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берiлетiн шот.

«Түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шот - растайтын құжаттар қоса берiле отырып (тіркеліп), тiркелген шарттың талаптарына сәйкес берiлген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) түпкiлiктi төлемдi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме ұсынатын («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берiлетiн шот.


Шарт жасау талап етiлмейтiн және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеу талап етiлмейтiн шығыстар бойынша экономикалық сыныптама шығыстарының түрлерi бойынша төлеуге берiлетiн шотта «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.

Төлеуге берiлетiн шотта төлемнiң «ағымдағы» мәртебесi көрсетiлетін жалақы бойынша аванстық төлемдердi жүргiзу айырықша жағдай болып табылады, ал орындалған кезең үшiн жалақы бойынша төлемдердi жүргiзген кезде – «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.

Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша төлемдер бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен жүргізілген кезде қаржы жылының ішінде төлеуге берілетін шотта «ағымдағы» мәртебесі, ал ағымдағы қаржы жылының түпкілікті сомасына төлеуге берілетін шотты өткізу кезінде «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүргізген кезде «түпкілікті» мәртебесі көрсетіледі.

208. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендияларды, төлемақыларды олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ҚБЕО белгiлеген пiшiмде магниттiк (электрондық) тасығышта ұсынады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрге төлем шоттарын беру кезінде ҚБЕО белгiлеген пiшiмде магниттiк (электрондық) тасығышта ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және оған бухгалтердің ЭЦҚ-мен қол қойылады.»;

мынадай мазмұндағы 210-1-тармақпен толықтырылсын:

«210-1. Жалақы бойынша төлемдерді қайтару сомасы осы Ереженің 80-1-қосымшасына сәйкес 5-56 «Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Ереженің 80-2-қосымшасына сәйкес 5-57 «Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есепте көрсетіледі.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер көрсетілген есептерді дербес жасайды.»;

234, 277, 278, 280, 284, 285, 287, 289, 292, 293, 302, 304, 342, 351-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«234. Ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдердi қайтару кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесі:

1) орындалмаған мiндеттемелер сомасын арттыру және шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту арқылы мемлекеттiк мекеменiң кассалық шығыстарын қалпына келтiрудi жүзеге асырады;


2) мемлекеттiк мекемеге осы 2-38 «Төлем тапсырмасы» нысанындағы есептi Ереженiң 90-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрi – 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы) және 5-17 «Қалпына келтiру және ауыстырулар тiзiлiмi» нысанындағы есептi осы Ереженiң 91-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бередi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 2-38 «Төлем тапсырмасы», 5-17 «Қалпына келтiру және ауыстырулар тiзiлiмi», 5-56 «Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп», 5-57 «Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп» нысанындағы есептерді дербес қалыптастырады.

277. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме осы Ереженiң 94-қосымшасына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 10-00-ге дейiн ұсынады (жібереді).

Шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме қағаз тасығышта 2 данада жасайды және бередi.

278. Төлеуге берілетін шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған қағаз тасығыштағы өтінімде қандай да бір қажетті деректемелер болмаған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдардың және (немесе) мөр бедерлері бар құжатқа сәйкес келмеген, шот сомасы шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім сомасына сәйкес келмеген кезде орындалмастан мемлекеттiк мекемеге қайтару себептерi көрсетiле отырып, қайтарылады.

Электрондық түрдегі төлеуге берiлетiн шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер бар болған, оларда қандай да бiр қажеттi деректемелер болмаған, ЭЦҚ қате болған, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, төлеуге берiлетiн шоттан және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмді қабылдамау себептерi көрсетiле отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да орындалмастан қайтарылады.

280. Мемлекеттік мекеме сол күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бағамдық айырма сомасына қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде: мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм және төлеуге берiлетiн шот бередi.

284. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шетел валютаын түрлері бойынша мемлекеттік мекеменің шетелдік валютадағы тиісті шоттарына есептеген күні аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндiлердi қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті мемлекеттік мекеменің одан әрі ұсынуы үшін қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты


орындаушысының белгiсi соғылған және шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 8-09, 8-17 есептерін қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарландыруды алғаннан кейін шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді дербес жасайды.

285. Мемлекеттiк мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшiн аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті осы Ереженiң 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 16.00-ге дейін ұсынады (жібереді). Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш 2 данада ұсынылады.

287. Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiште түзетулер болған, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және (немесе) мөр басқан құжатқа қойылатын қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерiне, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған жағдайда шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiш қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да бас тартылады.

289. Мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндiнi қалыптастырғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы оларды мемлекеттiк мекемеге бередi және жауапты орындаушының белгiсi соғылып шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күнi көрсетiлген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң бiр данасын қайтарады. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 8-09, 8-17 есептерін қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарландыруды алғаннан кейін шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді дербес жасайды.

292. Шетел валютасын қайта айырбастау осы Ереженiң 95-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынған (жіберген) қайта айырбастауға арналған өтiнiмі негiзiнде жүзеге асырылады.


293. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 10-00-ге дейiн ұсынады. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.

302. Қағаз тасығышта шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмде қате болған немесе түзету болған, қандай да бiр талап етiлетiн деректемелер болмаған, шетел валютасындағы шотта қажет сома (валюта түрлерi бойынша), қайта айырбастау күнiне бағам жеткiлiксiз не жоқ болған, қолдар және (немесе) мөр бедерi қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес келмеген жағдайда, шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан, мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.

Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да орындаусыз қайтарылады.

304. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған күнi шетел валютасындағы шоттары жөнiндегi үзiндiнi мемлекеттiк мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ жауапты орындаушының белгiсi соғылған шетел валютасындағы шоттардан ақшаны есептен шығару күнiн көрсете отырып, қағаз тасығышта ұсынылған мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 8-09, 8-17 есептерін қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарландыруды алғаннан кейін шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді дербес жасайды.

342. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелер бойынша жоспарды келiскеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi әрбiр мемлекеттiк мекеме бойынша жиынтық жоспарды 3 данада бекiтедi, оның бiрi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнде қалады, екеуi - мемлекеттiк мекемеге берiледi.

Мемлекеттік мекеме бекітілген жоспардың бір данасын өзінде қалдырады, екіншісін - аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме осы Ереженің 96-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспардың қалыптастырылған электрондық түрін, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қолы қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге сканерленіп бекітілген жоспарды тіркейді.

351. Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы
3 данада бекітеді.


Бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарлама әкімшісінде қалады, екі данасы мемлекеттік мекемеге беріледі.

Мемлекеттік мекеме жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтаманың бір данасын өзіне қалдырады, екіншісін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме осы Ереженің 98-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманың электронды түрін, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қолы қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімнің жоспарына өзгерістер енгізу туралы сканерленіп бекітілген анықтаманы тіркейді.»;

74-1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

93-қосымшада:

«4.1 Әкім:» деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4.1. Әкiм:

осы Келiсiмде келтiрiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзудi толық көлемде және кепiлдендiрiлген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;

10-тармақта көрсетiлген мерзiмде және нысанда ЖТБНӘ-ге тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы есептi ақпарат берiп отыруға;

қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;

мемлекеттiк орган қызметiнiң жоспарланған көрсеткiштерiне барынша табысты қол жеткiзу үшiн заңнамаға сәйкес барлық қажеттi шараларды, оның iшiнде қосымша iс-шаралар жүргiзудi қолдануға;

тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу үшiн жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi уақтылы, тиiмдi және мақсатқа сай пайдалануға;

жоғары тұрған бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын әрбір жаңа жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге;

республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебiнен орындалатын iс-шаралармен байланысты шығыстарды, объектiлердiң


техникалық параметрлерi, өндiрiстiк қуаттары өзгерген жағдайларда жергiлiктi бюджеттен бiрлесе қаржыландыруға;

өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жоғары тұрған бюджеттiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы трансферттердiң сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн қайтаруға;

өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы трансферттердiң сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердi қайтару» түсiмдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттiң кiрiсiне қайтаруға;

өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрi пайдалану (жете пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган шешiм қабылдамаса, жыл басына арналған бюджеттiк қаражат қалдықтары есебiнен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;

мемлекеттiк қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн бiр ай iшiнде осы трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға мiндеттенедi.»;

осы қаулының 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларына сәйкес 2-1, 4-1, 13-1, 14-1, 15-1, 17-1, 19-1, 26-1, 27-1, 29-1, 30-1, 55-1, 66-1, 67-1, 80-1, 80-2, 96-1, 98-1, 118-қосымшалармен толықтырылсын.


2. Осы қаулының 1-тармағының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін сексен үшінші, тоқсан жетінші, бір жүз он бірінші, бір жүз жиырма үшінші, бір жүз жиырма төртінші, бір жүз жиырма бесінші, екі жүз оныншы, екі жүз он бірінші, үш жүз тоқсан екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов
1   2   3   4   5

Похожие:

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мұрағат анықтамаларын беру» электронды мемелекеттік қызмет көрсету регламентің бекіту туралы
Регламентінің (ары Регламент) 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар тізімі. Осы регламентің 2 қосымшасына сәйкес тұратын мекенжайы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconБюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница