Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы




НазваниеБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
страница4/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznacheistvo-almaty.kz/files/220 izm 0112 kaz.doc
1   2   3   4   5


Аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне мемлекеттік мекемелерден қағаз тасығышта сағат 16.00-ден кейін келіп түскен құжаттар келесі жұмыс күніне қабылданған болып есептеледі.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде жергілікті уақыт бойынша 16.00-ден кейін түскен өтінім келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.

174. Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере отырып, осы Ережеде көзделген тәртіппен толтырылады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ-де өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған өтінімнің электрондық түріне растау құжаттарымен бірге Міндеттемелердің тіркелгені туралы хабарлама нөмірі (Шарттың нөмірі мен күні және болған кезде қосымша келесімнің нөмірі мен күні) көрсетілген мемлекеттік мекеменің хаты тіркеледі.

Шарт сомасы, шарттың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген шығыстардың БСК бойынша сомасы) немесе тараптардың деректемелері (атауын қоспағанда) өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған міндеттемелерді (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтінімді ұсынады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша жібереді).

Өткен қаржы жылында орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім өткен қаржы жылында тіркелген, іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және әзірлену және жеткізілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

Өткен қаржы жылында орындалмаған және өткен қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылындағы шығыстардың бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім олардың ағымдағы қаржы жылының басында


пайдаланылмаған қалдығының сомасына жасалады және ұсынылады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

Өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттер сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында көзделген бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген шарттың сомасын ұлғайтатын қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім ағымдағы қаржы жылының жалпы сомасына және өткен қаржы жылында тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

Тараптардың атауына өзгерістер енгізілетін қосымша келісімдерді ұсыну үшін өтінім жасалмайды.

175. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электронды түрде мыналарға:

1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;

2) ҚР ББС сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер кодының және атауының болуына және дұрыстығына;

3) шарт мәнінің Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;

4) аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;

5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;

6) қағаз тасығыштағы шартта қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылуы тиіс, елтаңбалы мөрдің бедері дәл және анық болуы тиіс. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде ЭЦҚ түпнұсқалығы тексеріледі;

7) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асуы мүмкін шарттарды қоспағанда, шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының шегінен асып кетпеуіне;

8) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;

9) қолданылу мерзімі тек осы Ережеде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;

10) осы Ереженің 155-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі шарттарды тіркеуге ұсынуға;


11) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың және жұмыстар көлемдерінің жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады;

12) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;

13) егер ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты аванс төлеу шартпен көзделген жағдайда бұрын төленген авансты тепе-тең ұстау туралы шарттың болуы;

14) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға байланысты шарттарда ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін шарттың сомасынан бес пайызды тапсырыс берушінің түпкілікті төлеуі жөніндегі шарттардың және тапсырыс берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының бекітілген актісін беруге қоятын талаптарының болуы.

177. Өтiнiм оған қоса берiлген құжаттарға не шарт осы Ереженiң 175, 176-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiм мен оған қоса берiлген құжаттарды мынадай жағдайларда:

1) қабылдау кезеңiнде сәйкессiздiк байқалса, мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге өтiнiм тiзiлiмiне қайтару туралы соғылған белгiмен хат ресiмдемей;

2) қабылдағаннан кейiн тексеру барысында сәйкессiздiк байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтiнiмнiң екiншi данасы хаттың екiншi данасымен қалады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 175, 176-тармақтарымен белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі қабылдамау себептері көрсетілген өтінімді қабылдамайды.

179. Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлімшесіне өтінім берілген күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемеге беріледі.

Шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде хабарлама осы Ереженің  69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі (бұдан әрі – 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама). Мемлекеттік мекемелер «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдаланған кезде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастырады.

182. Қағаз тасығыштағы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің бірінші басшысы (немесе ол уәкілеттік берген тұлға) қол қояды, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің


жауапты атқарушысының қолымен, мөртабан бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңдеу күні қойылады, сондай-ақ елтаңбалық мөр бедерімен куәландырылады.

Бұл ретте 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама бірнеше бетте қалыптастырылған жағдайда құжаттың әр бетіне қол қойылып, мөр бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңделген күні қойылады.

Мемлекеттік мекеме «Қазынашылық-клиент» АЖ электрондық түрде қалыптастырылған хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесі қол қоймайды.

187. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингті және мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелері бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алуды қамтамасыз ету үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің  71-қосымшасына сәйкес 4-09 «Мерзімді міндеттемелер бөлшектері» нысанындағы есебін және қажеттілігіне қарай мемлекеттік мекеменің сұратуы бойынша берілетін осы Ереженің 72-қосымшасына сәйкес 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» нысанындағы есебін және ай сайын осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 4-09 «Кезеңді міндеттемелердің бөлшектері», 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері», 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есептерін дербес қалыптастырады.

188. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелер шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке жоспардың жоспарлы тағайындаулары мен шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi. Мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендiру кодтары осы Ережеде белгiленген тәртiппен берiледi және тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi мен мемлекеттiк мекемелердiң назарына жеткiзiледi.

Жеке жоспар шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлеуге берiлетiн шотты орындамай қайтарады.

Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен айқындалған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзедi, қалған төлемдер төлеуге берiлетiн шоттардың түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi. Бұл ретте қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен ҚБАЖ-ға енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, төлеуге берiлетiн шот қайтару себебiн негiздей отырып, келесi күні орындалмастан мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.

Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң, салық органдары және (немесе) уәкiлеттi органдардың құзыретi шегiндегi салықтық емес төлемдердiң артық төленген сомаларын салық төлеушiлерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлiмшесi орындауға қабылдамайды.

БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiппен ҚБЕО төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның немесе мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе мәслихатқа енгiзiлген күннен бастап бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның немесе бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынған деректер негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар), ерекшелiктер бойынша төлемдер жүргiзудi тоқтата тұрады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлемге шоттарды Мемлекеттік мекеме қалыптастырғанға дейін осы Ереженің 118-қосымшасы бойынша 0_07 «Бюджет бойынша мемлекеттік мекеменің бос қалдықтары бойынша есеп» есебіне сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының, төлемдер бойынша жеке жоспардың тиісті коды бойынша жоспарлы жұмсалымдардың жеткіліктілігін тексеру жүзеге асырылады.

189. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Бұл ретте банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейiн қабылданады.

Аумақтық қазынашылықтың бөлімшесі бүкіл жұмыс күні ішінде электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден түсетін төлем шоттарын қабылдауды жүзеге асырады.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден 16.00 сағаттан кейін қағаз тасығышта түскен құжаттар келесі жұмыс күні түскен болып есептеледі.


Электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейін түскен төлем шот келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.

190. Мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:

1) құжаттарды қағаз және магнитті тасығышта ұсынған кезде мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;

2) төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;

3) төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;

4) ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындаудың уақтылылығы мен толықтығын;

5) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің жеткізілуін растаудың дұрыстығын;

6) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде, тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді орындау кезінде көрсетілген жұмыстар актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін беруді;

7) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейінгі төлемді жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды;

8) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде – мемлекеттік мекеменің басшысы мен бухгалтерінің ЭЦҚ қолы қойылған сканерленген бейнесін жапсыруды;

9) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген мемлекеттік мекеменің уәкілетті басшының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады.

Аванстық төлемдердің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың, тауарды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын беретін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты жатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның), ал ондайлар


болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен дәйектеледі.

Аванстық төлемнің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша бұрын мемлекеттік кәсіпорындармен жасалған, аяқталғалы тұрған ұзақ мерзімді шарттар бойынша төлемдер жүргізген кезде, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге ұсынған орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.

Осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардың әрбiр парағы мемлекеттiк мекеменiң түпнұсқалық мөрiнiң бедерiмен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды адамның), ал олар болмаған жағдайда, мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген адамның қолы қойылады.

193. Осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шот және осы Ережеге 74-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттың электрондық бейнесі аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне онда көрсетiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынуға жарамды.

«Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы төлеуге берілетін шот осы Ереженің 74-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

194. Мемлекеттiк мекеме төлемдердi жүргiзу және ақша аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн, алдын ала төлеу үшiн төлеуге берiлетiн шоттарды қоспағанда, осы Ереженiң 208 және 211-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берiлетiн шоттарды ұсынады. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмi және төлеуге берiлетiн шоттар аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.

Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiнде мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынатын төлеуге берiлетiн барлық шоттар көрсетiледi.

Төлеуге берілетін шоттарды «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өткізген кезде төлеуге берілетін шоттардың тізілімдері ұсынылмайды.

195. Аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берiлген төлеуге берiлетін шоттар және қағаз тасығыштағы құжаттармен бiрге төлеуге берiлетін шоттармен тiзiлiмiнiң екi данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 24-29-тарауларында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Төлеуге
берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берiлетін шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санына



және осы Ереженің 24-29-тарауларында белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң 2 данасына және тiзiлiмге қоса берiлген төлем шоттарына қолын, күнiн және мөртабан бедерiн қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады, төлеуге берiлген шоттарға және құжаттарға қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң екiншi данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

Мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып сатып алған жағдайда ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған кезде, мемлекеттiк мекеме Ақша алушылардың анықтамалығына ақша алушы енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ереженiң 60, 62-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген бейнесін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын:

1) заңды тұлға:

заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
клиенттi салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген


құжаттың көшiрмесiн;

      оның нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банктiң анықтамасын;
      ақшаны алушының толық деректемелерiн көрсете отырып, мемлекеттiк мекеменiң растау-хатын (ақшаны алушы резидент емес болып табылған жағдайда);
2) жеке тұлға:


жеке басын куәландыратын құжаттың немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшiрмесiн;

клиенттi салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесiн;

оның нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып ұсынады.

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде жасалған шартты тiркеу талап етiлмейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттiк мекеме нөмiрi көрсетiлген банк шотының болуы туралы  банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 63, 64-қосымшаларына сәйкес


осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмді қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде бередi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.

Ақша алушыны ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге және ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмнiң ресiмделуiнiң растығы мен дұрыстығына мемлекеттiк мекеме жауапты болады.

      196. Төлем жүргiзiлгеннен кейiн төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасы және осы Ереженiң 76-қосымшасына сәйкес 5-15 «Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерiн жүргiзу жөнiндегi күнделiктi көшiрмесi» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрi – 5-15-нысан) төлеуге берiлетiн шотта төлем жүргiзiлген күндi және 5-15 нысанда салыстыру жүзеге асырылған күндi көрсете отырып, салыстырылады, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 5-15 «Өткізілген мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді» есебін дербес қалыптастырады.

197. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-де түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.

Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен шот, мынадай:

1) төлеуге берiлетiн шот осы Ережеде белгiленген нысанға сәйкес келмейтін нысан бойынша ұсынылған;

2) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;



3) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) қосымшасыз (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;

4) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;

5) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың (ЭЦҚ) және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;

6) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;

7) жазылған сома санмен көрсетiлген сомаға сәйкес келмеген;

8) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;

9) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына сәйкес келмеген;

10) төлеуге берiлетiн шоттардың деректемелерiнiң төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрі жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес келмеген;

11) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен;

12) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженiң 156-161-тармақтарында көзделген мөлшерiнен асып кеткен;

13) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;

14) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде берiлген;

15) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;

16) ҚБЕО белгiлеген хабарламалар форматында магниттiк (электрондық) тасығышта қателер анықталған;

17) осы Ереженің 185-тармағының екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамай төлем шотына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша хабарлама бекітілген жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады (қабылданбай тасталады).

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректер қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот қайтару негіздемесі көрсетіле отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

Қабылдау кезеңінде төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамалангған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін


шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылдағаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.

199. Қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берiлетiн шот былайша ресімделеді:

1) «№ төлеуге берiлетiн шот» ашық жолағында мемлекеттiк мекеменiң жетi мәндi кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екi саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазбаның реттiк нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiрiнен тұратын төлеуге берiлетiн шоттың нөмiрi көрсетiледi;

2) «Күнi» ашық жолағында төлеуге берiлетiн шот үзiндiсiнiң күнi көрсетiледi;

3) «Мемлекеттiк мекеме» бөлiмiнде:

«ММ-нiң коды» ашық жолағында Мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң жетi белгiден тұратын коды көрсетiледi;
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi; аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;


«СТН» («БСН») ашық жолағында мемлекеттiк мекемеге салық қызметi органы берген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бизнес сәйкестендiру нөмiрi) көрсетiледi;
«АҚБ» ашық жолағында мемлекеттiк мекемеге қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органының атауы көрсетiледi;


«БСК» ашық жолағында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сәйкестендіру коды көрсетiледi;

4) «ЖСК» ашық жолағында:

мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне) түсетiн түсiмдерді есепке алу;

мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алу және олардың есебiнен есеп айырысулар жүргiзу;
мемлекеттiк мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;



мемлекеттiк мекемеге қайтарымды не белгiлi бiр жағдайлар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаны есепке алу;

ерекше шығыстарды жүргiзуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды есептеу үшiн қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды көрсетiледi;

5) «Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражатының есебiнен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн белгі көрсетiледi:

1 − үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебiнен;

2 − үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен;

3 − мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен;

4 − демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақша есебiнен;
      5 − жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаның есебiнен;


8 − ерекше шығыстардың есебiнен;

      6) «Бюджет түрi» ашық жолағында қаражатының есебiнен мемлекеттiк мекеме ұсталатын бюджет түрiн бiлдiретiн белгі көрсетiледi:

01 − республикалық бюджет;

      02 − облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;

   03 − аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi;

7) «Шығыстардың БСК» ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады; онда кезектiлiкпен үш мәндi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң, бюджеттiк бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнің кодтарын бiлдiретiн он екi мәндi код көрсетiледi;

8) «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды» мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк мекемелер өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды көрсетiледi;

9) «Ақшаны алушы» бөлiмiнде:

«Атауы» ашық жолағында мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес келетiн ақшаны алушының атауы; ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және ақша алушының атауын қысқартуға жол берiледi;


10) «СТН» ашық жолағында – ақша алушыға салық қызметi органы берген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi («БСН» - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) көрсетiледi;
      11) «Банк» ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететiн банктiң атауы көрсетiледi;


12) «БСК» ашық жолағында ақшаны алушы банктiң банктiк сәйкестендiру коды көрсетiледi;

13) «ЖСК» ашық жолағында банктен ақша алушының банктiк ағымдағы шотының нөмiрi көрсетiледi;

14) «Түсiмдер БСК» ашық жолағында – салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының коды (бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;

15) «Төлем мәртебесi» ашық жолағында «ағымдағы» не «түпкiлiктi» деп көрсетiледi;

16) «Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың, тауарларды беру туралы құжаттың атауы (шот немесе хабарлама-шот немесе шот-фактура), нөмiрi мен күнi немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) және қосымша:

тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;

жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша – шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерiн төлеу кезiнде – жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнiң мөлшерi;

төлем жүзеге асырылатын кезең (бiр жолғы сипаттағы және кезеңiнің көрсетiлуiн талап етпейтiн төлемдердi жүргiзу кезiнде көрсетiлмейдi);

осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен СТН-і (БСН-і);

17) «Сомасы» ашық жолағында төлеуге берiлетiн шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетiледi;

18) «Жазбаша сомасы» ашық жолағында - төлеуге берiлетiн шоттың теңгедегi сомасы жазбаша бас әрiппен көрсетiледi, тиын сомасы - санмен көрсетiледi;

19) «М.О.» ашық жолағында мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөрiнiң бедерi қойылады, елтаңбалы мөрдi қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескiн дәл және анық болуы тиiс;

20) «Басшының тегi, аты-жөнi, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының
1   2   3   4   5

Похожие:

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мұрағат анықтамаларын беру» электронды мемелекеттік қызмет көрсету регламентің бекіту туралы
Регламентінің (ары Регламент) 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар тізімі. Осы регламентің 2 қосымшасына сәйкес тұратын мекенжайы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconБюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница