Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы




НазваниеБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
страница3/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznacheistvo-almaty.kz/files/220 izm 0112 kaz.doc
1   2   3   4   5
қорытындының және төлем тапсырмасының, атқарылуы туралы белгiсi бар төлем тапсырмалары тiзiлiмiнiң бiр-бiр данасын салық қызметi органына қайтарады. Төлем тапсырмасының тiзiлiмi және атқарылуы туралы қорытынды мен төлем тапсырмаларсының бiр-бiр данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша тапсыру кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтаруды және (немесе) есептеуді жүзеге асырғаннан кейін салық органына құжаттың орындалғандығы туралы хабарлама жіберіледі. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріндегі орындалған қорытындылар мен төлем тапсырмалары «Қазынашылық-клиент» АЖ-да электронды түрде сақталады.»;

мынадай редакциядағы 157-2-тармақпен толықтырылсын:

«157-2. Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарттарда мемлекеттік мекеменің бұрын төленген авансты жұмыстардың қабылданған көлемінің әрбір сомасынан барабар ұстап қалу туралы шарттардың болуы қажет.

Ғимараттарды, құрылыстарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге


байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне оны пайдалануға беру туралы мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының бекітілген актісін бергеннен кейін жүргізіледі.»;

164, 165, 166, 167, 169, 170, 172, 173, 174, 175, 177, 179, 182, 187, 188, 189, 190, 193, 194, 195, 196, 197, 199, 202, 208-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«164. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады, ол мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрі қалыптастырылады және жіберіледі).

Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне соттың мөр бедерімен куәландырылған тиісті хатты қағаз тасығышта береді.

Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда мемлекеттік мекеме шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз тасығышта береді (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы не егер басқасы заңнамада не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін немесе бір айдан кем емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама хаттың көшірмесі көрсетілуі міндетті). Бұл ретте хабарлама хатта белгі (мөртабан не тиісті қол) не шарт бойынша басқа тараптың хабарламаны алғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растама болуы тиіс.

Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстау көзделген жағдайда мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз тасығышта екі өтінім ұсынады (бір өтінім тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісі - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.

Ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аудару көзделген жағдайда, қағаз тасығышта мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қағаз тасығышта қосымша өтінім ұсынады.

Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемеге жүктеледі.

165. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз тасығышта екі данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз тасығыштағы көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.

Қарыз (грант) туралы шарт шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты гранттар бойынша осы шартты қоса бере отырып, қағаз тасығышта ұсынады.

Науқастарды шетелде емдеуді көздейтін шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімді қағаз тасығышта аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөрі бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне міндеттеме бойынша түпкілікті төлемді берген кезде бір мезгілде шарттың түпнұсқасын ұсынады.

Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз тасығышта ұсынады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған осы тармақта санамаланған құжаттардың сканерленген түрлерін тіркей отырып, өтінімнің электрондық түрі қалыптастырылады.

166. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Ереженің 165-тармағында көзделген құжаттардан басқа, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

1) заңды тұлға:

заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;


клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;

оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы;

ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хаты (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда);

2) жеке тұлға:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;

оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы.

ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) жағдайда, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде береді.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде берілетін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жасау кезінде мемлекеттік мекеменің ақша алушысы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында осы ақша алушының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында қажетті ақша алушы болған кезде мемлекеттік мекемемен осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырылады.

Ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуі мен жасалуының шынайылығына дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.

167. Мемлекеттік мекеме қағаз тасығыштағы өтінімдерді өткізген кезде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 165 және 166-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерді жүргізу кезінде өтінімдер тізілімі ұсынылмайды.

Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркейді) қосымша ұсынады.

169. Ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі − ағымдағы қаржы жылына арналған өтінім) осы Ереженің  66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 66-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

Міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған базалық шығыстардың азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі (бұдан әрі − жоспарлы кезеңге арналған өтінім) осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 67-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

170. Өтінім мынадай түрде толтырылады:

1) «Мемлекеттік мекеменің коды» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын коды көрсетіледі, «Бюджет түрі» ашық жолағында қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:

01 − республикалық бюджет;

02 − облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджеті);

03 − аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;

«Қазынашылық-клиент» АЖ-дағы «Мемлекеттік мекеменің коды», «Мемлекеттік мекеменің атауы», «Бюджеттің түрі» ашық жолақтары «Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім» нысанын ашқан кезде автоматты түрде жасалады;

2) «Қаржыландыру көзі» ашық жолағында қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:

1 − үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;

2 − үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебінен;

3 − мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен;

3) «№ өтінім» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын кодынан, бөлшек арқылы тіркеу жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірден тұратын өтінім нөмірі көрсетіледі;

4) «Күні» ашық жолағында өтінім жасалған күн көрсетіледі;


5) «Мемлекеттік мекеменің атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;

6) «Шығыс сипаттамасы» ашық жолағында шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына сәйкес жасалған шарттың мәні көрсетіледі. Азаматтық-құқықтық мәмілені 5 000 000.00 (бес миллион) теңгеден астам сомада тіркеген жағдайда банк бенефициарының ЖСК, БСК көрсетіледі. «Қазынашылық-клиент» АЖ осы жолақта Қазақстан Республикасының резиденті еместің деректемелері көрсетіледі;

7) «Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды» ашық жолағында тоғыз мәннен тұратын ҚР БСК шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бірыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама кодтарының үш мәнін білдіретін) және үш мәннен тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды көрсетіледі; мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасалған шартты тіркеу үшін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды қосымша көрсетіледі;

8) «Ақша алушының атауы, СТН-і (ЖСН-і (БСН-і)), ЖСК-сі, ақша алушының банкінің атауы және БСК-сі» ашық жолағында ақша алушының толық атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің ЖСК-сі, атауы, БСК-сі) көрсетіледі; ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі; егер ақша алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда осы ашық жолағында резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректемелері көрсетіледі;

«Ақша алушының атауы, СТН-і (ЖСН-і (БСН-і)), ЖСК-сі, ақша алушының банкінің атауы және БСК-сі» ашық жолағындағы «Қазынашылық-клиент» АЖ Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдалады;

9) «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы» ашық жолағында теңгенің шетел валютасына нарықтық бағамы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелген күніне белгіленген бағамына оның сәйкестігі көрсетіледі;

10) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің «Сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылы мерзіміне арналған шарттың сомасы санмен көрсетіледі;

11) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «Жалпы сомасы» ашық жолағында қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасы санмен көрсетіледі;


12) «ағымдағы қаржы жылының сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының сомасы санмен көрсетіледі;

13) «базалық шығыстар сомасы» ашық жолағында жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарындағы базалық шығыстарының сомасы санмен көрсетіледі;

14) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «(Сомасы жазбаша)» ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);

15) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «(Сомасы жазбаша)» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының шарт сомасы жазбаша көрсетіледі;

«Басшылардың қолы» бөлімінде құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы; орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлар болмаған жағдайда − мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеменің бірінші және екінші қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғаларының жеке қолы және қолының таратылып жазылуы (атының бас әрпі мен тегі) көрсетіледі. Лауазымның атауының алдында «Үшін» деген көмекші сөзді, қолдан жазылған «Орынб.» деген жазу немесе қисық сызық (бөлшек) қоюға жол берілмейді. Қолдар қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады. Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ-ға ЭЦҚ қойылады;

16) «негіздеме құжат» ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;

«төлеу кестесі» бөлімі тек ағымдағы қаржы жылының деректері үшін толтырылады;

17) «аванстық (алдын ала) төлем мөлшері (%)» ашық жолағында шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;

18) «сомасы» ашық жолағында сомасы цифрлармен көрсетіледі.

Өтінімнің деректемелерін қолмен қандай да бір түзетуге және дұрыстауға жол берілмейді.

172. Шартты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бірнеше бюджеттік кіші бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшелігі бойынша жасасқан кезде өтінімдер бюджет шығыстарының әрбір бюджеттік сыныптаманың әрбір коды (бұдан әрі − шығыстардың БСК-сі) бойынша шарт сомасын көрсете отырып, әрбір бюджеттік кіші бағдарлама бойынша немесе шығыстардың әрбір БСК-сі бойынша шарт сомасы көрсетіле отырып жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптасады және жіберіледі).

173. Өтінім онда көрсетілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жарамды болады.

Өтінімдер қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады.
1   2   3   4   5

Похожие:

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мұрағат анықтамаларын беру» электронды мемелекеттік қызмет көрсету регламентің бекіту туралы
Регламентінің (ары Регламент) 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар тізімі. Осы регламентің 2 қосымшасына сәйкес тұратын мекенжайы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconБюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница