Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы




НазваниеБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
страница2/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznacheistvo-almaty.kz/files/220 izm 0112 kaz.doc
1   2   3   4   5
жоғары тұрған бюджеттiң тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған жоғары тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы негiзiнде қалыптастырады.

Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар береді.

Төмен тұрған бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерге трансферттердi беруiне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы Ереженiң осы бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және жоғары тұрған бюджеттiң уәкiлеттi органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсiмдерiнiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама негiзiнде төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады.

51. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiткеннен кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда бередi, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша берген кезде – осы Ереженің
19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық түрлерін береді, сондай-ақ түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша жиынтық



қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы сканерленген бекітілген анықтамалар осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркеледі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.

64. Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсiмдердi есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөнiндегi операциялар ақша нысанында есептеледi.

Түсiмдер мен шығыстар бойынша есептердi беру нысанын, тәртiбi мен мерзiмдерiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімде түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.»;

мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

«64-1. Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит тасығыштарда беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім) жасасады.»;

91, 105, 106, 107, 129, 134, 137-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«91. Мемлекеттiк мекеменiң құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:

1) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесi;

2) мемлекеттiк мекеме ережесiнiң (жарғысының) көшiрмесi;

3) СТН көшiрмесi;

4) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;

5) мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қолдардың құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) демеушiлiк, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсаттар.

Мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:


1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім түпнұсқасы (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім),

2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда Қазынашылық пен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімге қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.

Мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгерткен кезде ол бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгертiлген нормативтiк құқықтық актiнiң көшiрмелерiн бiр уақытта бере отырып, жоғарыда санамаланғанға ұқсас жаңа құжаттар берiледi.

105. Тиiстi бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөнiндегi есептердi берудi мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:

осы Ереженiң 41-қосымшасына сәйкес магниттiк (электрондық) тасығышта 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп»;

осы Ереженiң 42-қосымшасына сәйкес электрондық тасығышта 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп»;

осы Ереженiң 43-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға берiледi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.

106. Ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттардағы ақшалай қаражат қозғалысы жөнiндегi есептердi берудi аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады және олар мемлекеттiк мекемелерге:

1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай;

осы Ереженiң 43-қосымшасына сәйкес 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» нысаны бойынша;

осы Ереженiң 44-қосымшасына сәйкес 5-33 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;

осы Ереженiң 45-қосымшасына сәйкес 8-09 «Дербес шот бойынша мәлiметтер» нысаны бойынша,

осы Ереженiң 46-қосымшасына сәйкес 8-17 «Бас кiтаптың шоттары бойынша көшiрме (шетел валютасында)» нысаны бойынша;

бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 49-қосымшасына сәйкес 5-34А «ҚБШ-дағы ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қалдықтары туралы есеп» нысаны бойынша;

2) ай сайын:

осы Ереженiң 47-қосымшасына сәйкес 5-30 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» нысаны бойынша;

бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға есептi тоқсаннан кейiнгi 3-күнге дейiн тоқсан


сайын және жыл сайын осы Ереженiң 49-қосымшасына сәйкес 5-34А «ҚБШ-дағы ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қалдықтары туралы есеп» нысаны бойынша берiледi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады, бұл ретте 8-09 «Жеке шот бойынша мәлiметтер» және 8-17 «Бас кiтаптың шоттары бойынша көшiрме (шетел валютасында)» нысандары бойынша есептер «Қазынашылық-клиент» АЖ-дан аталған есептерді қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарламаны алғаннан кейін қалыптастырылады.

107. 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiр ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанындағы есептi қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмдейдi, оған аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға берiледi. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган өз кезегiнде 5-34 «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттiң қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның басшысына және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырады және бiр данасын аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.

Қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшiн тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада осы Ереженiң 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмделедi, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.

Мемлекеттiк мекемелер есептердi алғаннан кейiнгi 2 жұмыс күнi iшiнде есептердiң деректерін өзiнiң бухгалтерлiк есебінің деректерiмен салыстырады.

Мемлекеттiк мекеме деректерiнiң 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебiнiң деректерiмен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебiн анықтау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жазбаша өтiнiм жасайды.


Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi не мемлекеттiк мекеменiң басшысы уәкiлеттiк берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады. Есептiң бiр данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қайтарылады.

Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің және (немесе) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жазбаша өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген есептерді қалыптастырады, қол қояды және салыстыруды жүзеге асыру үшін соңғысына береді.

129. Түсiмдердi тиiстi ҚБШ-да жинақтап, оларды кейiннен бөлу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ашылатын банкiшiлiк транзиттiк шот түсiмдердiң жинақ шоты болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi − ҚР Ұлттық қоры) арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке төленетiн түсiмдер сомасын қайтару, түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық салық қызметi органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.

134. ҚР ББС бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есептеу салық органдарының:

1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгiленген салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердің және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген құзырет шегiнде салықтық емес түсiмдердiң тiзбесi бойынша салық органдарының қорытындылары негiзiнде;

2) салық органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердi, трансферттердi бюджет кредиттерiн өтеу сомасын, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, салықтық емес түсiмдердi өндiрiп алғаны үшiн жауапты уәкiлеттi органның қорытындысы негiзiнде ұсынылған салық органдарының төлем тапсырмалары негiзiнде жүзеге асырылады.

Түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында, салық қызметi органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушiлерге бюджеттен қайтару (бұдан әрi − қайтару және (немесе) есептеу) үшiн салық органы аумақтық қазынашылық органына 2 данада:

1) осы Ереженiң 54-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тiзiлiмiн;


2) бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органның қорытындысын;

3) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша беру кезінде салық органдары салық органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және салық органының уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ қол қойылған салық органының немесе бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті органның қорытындысының сканерленген түрін тіркей отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.

Ақша алушылар анықтамалығында деректемелер болмаған немесе өзгерген жағдайда бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға салық органы «Қазынашылық-клиент» АЖ-да осы Ереженің 62-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған өтінімнің немесе осы Ереженің 55-қосымшасына сәйкес салық органы немесе бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган қорытындысының сканерленген түрін қоса бере отырып, осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге өтінімнің электрондық түрін қалыптастырады.

Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелерін өзгертуді енгізуге өтінімді ресімдеудің дәйектілігіне және дұрыстығына салық органы жауап береді.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге жеткізілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін салық органдарынан қағаз тасығышта төлем тапсырмаларын және қорытындыларды қабылдауды жүзеге асырады.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жұмыс күні ішінде сағат 13.00-ге дейін «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша салық органдарынан түскен төлем тапсырмалары мен қорытындыларды қабылдауды жүзеге асырады. Сағат
13.00-ден кейін түскен құжаттар орындалады не келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаусыз қайтарылады.


137. Салық органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдердi, трансферттер түсiмдерiн, бюджет кредиттерiн өтеудi, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердi, қарыздар түсiмдерiн қоспағанда, салықтық емес түсiмдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшiн қорытындыны бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган жасайды.

Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органға төлеушiлерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесi қоса берiле отырып, жазбаша өтiнiш берiледi.

Төлеушiнiң − заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсiпкердiң) қайтару және (немесе) есептеу туралы өтiнiшiнде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:


1) өтiнiш берушiнiң атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлiмшелер, филиалдар үшiн) немесе тегi, аты мен әкесiнiң аты (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және нотариустар үшiн);

2) ЖСН/БСН (резидент емес болса көрсетедi), БСК, ЖСК (олар болған кезде);

3) өтiнiш берушiнiң мекенжайы;

4) жеке куәлiктiң, паспорттың немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмiрi және кiмнiң бергенi (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және жеке нотариустар үшiн);

5) уәкiлеттi органдар әкiмшiлiк ететiн түсiмдер бойынша артық (қате) төленген сома пайда болғандардың атауы;

6) қайтаруға және (немесе) есептеуге жататын сома;

7) есептеген жағдайда - бюджеттiк сыныптама коды, артық (қате) төленген сома есептелетiн бюджет түсiмдерiнiң атауы, салық қызметi органының атауы және БСН (Ақтау қаласы және Петропавл қаласы бойынша түсімдер үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның БСН көрсетіледі);

8) бюджетке төленетiн төлем туралы төлем құжаттарының деректерi - төлем құжатының нөмiрi және күнi;

9) бюджетке iс жүзiнде енгiзiлген сома;

10) банктiк шотқа қайтарған жағдайда - банктiк шотты алушының нөмiрi және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң немесе ұйымның атауы, БСК, ЖСК.»;

мынадай мазмұндағы 138-1-тармақпен толықтырылсын:

«138-1. Осы Ережененің 136 және 139-тармақтарында көзделген Ақтау және Петропавл қалаларының қалалық бюджетіне есептелген түсімдерге арналған құжаттарды дайындауды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша облыстық Салық департаменттері жүзеге асырады. Ақтау және Петропавл қалаларының қалалық бюджетіне есептелген түсімдер бойынша бюдетке түсетін түсімдерді өндiрiп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженiң 55-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 4 данада жасайды, оның екеуiн түсiмдердi қайтаруға және (немесе) есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастыру үшiн қолын қойдырып, мынадай мерзiмдерде:

1) төлеушi есептеуге өтiнiм берген күннен бастап 4 жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

2) төлеушi қайтаруға өтiнiм берген күннен бастап сегiз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына ұсынады.

Қорытындының үшiншi данасы төлеушiге тапсырылады, төртiншiсі - уәкiлеттi органда қалады.

Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ қорытындыда



қамтылған деректердiң шынайылығын қамтамасыз етедi және олардың сақталмағаны (сәйкессiздiгi) үшін жауап бередi.

Қорытындыларды уәкiлеттi орган осы Ереженiң 56-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетiн түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге төлем құжаттарын тiркеу журналына тiркейдi.»;

139, 140-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«139. Салық органы бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан ол әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды алған кезде 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрін қалыптастырады және жібереді).

Төлем тапсырмаларын салық органы осы Ереженің 57-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге арналған төлем тапсырмаларын тіркеу журналында тіркейді.

Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытындыны салық органы осы Ереженің 58-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Салық органдары әкімшілік етпейтін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу қорытындысын тіркеу журналында тіркейді.

140. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қайтаруды және (немесе) есептеудi жүзеге асырғаннан кейiн қағаз тасығыштағы
1   2   3   4   5

Похожие:

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мұрағат анықтамаларын беру» электронды мемелекеттік қызмет көрсету регламентің бекіту туралы
Регламентінің (ары Регламент) 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар тізімі. Осы регламентің 2 қосымшасына сәйкес тұратын мекенжайы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconБюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница