Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы




НазваниеБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
страница1/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznacheistvo-almaty.kz/files/220 izm 0112 kaz.doc
  1   2   3   4   5
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

26 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi және бір уақытта өздерiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын:

республикалық бюджет бойынша – «Қазынашылық-клиент» ақпарат жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қызмет көрсеткен кезде өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит тасығыштарында – осы Ереженің 2-1, 4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген жеке қаржыландыру жоспарларының сканерленген бекітілген түпнұсқаларын бередi;


жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда бередi.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда − бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы немесе ол өкiлеттiк берген тұлға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға) болмаған жағдайда, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарларының жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбiр бюджеттiк бағдарламасы  бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бекiтiлген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бiр данасын бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит тасығыштарда бередi. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде – осы Ереженің 13-1, 14-1, 15-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларының және осы Ереженің 2-1, 4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының электрондық үлгілері, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген сканерленген бекітілген жиынтық қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарлары беріледі.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.


Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбiр ҚР ББС бағдарламалары бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне
(бұдан әрi − ҚБАЖ) енгiзедi (жүктейді).


Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбiр ҚР ББС бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және ҚБАЖ-ға енгiзедi (жүктейді).

Орындауға қабылдаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушылары түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының ҚР ББС кодтарына сәйкестігін, республикалық бюджет туралы заңға және кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

Аумақтық қазынашылық бөлiмшелері белгiленген талаптар орындалмаған кезде қаржыландырудың жеке жоспарларын түзету үшiн республикалық бюджет бойынша − республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне, жергiлiктi бюджет бойынша − жергiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себептері көрсетіле отырып қайтарылады).

33. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстерді дербес енгiзедi.

Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу үшiн әкiмшi осы Ереженiң 26 және 27-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша 3 данада анықтама қалыптастырады.


«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша анықтамалар қалыптастырады.

Анықтамалардағы өзгерiстер сомасы үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетiледi.»;

34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама (бұдан әрi − қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша аумақтық қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру және осы Ереженiң 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанын беру қажеттiлiгi туралы қағаз тасығышта хатпен өтiнiш жасайды. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.»;

36, 37, 41, 50, 51, 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Осы Ережеде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiтедi.

Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы 3 данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге, екiншiсiн өзiнiң орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге жiбередi, үшiншiсiн өзiнде қалдырады.

Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы 4 данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге жiбередi, екiншiсiн өзiнде қалдырады, үшiншiсiн және төртiншiсiн осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жiбередi, мұнда осы анықтаманы орындауы туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің белгiсi соғылған төртiншi дана бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға олар бюджеттiк мониторинг жүргiзген кезде пайдалануы үшiн жiберiледi.


«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың қалыптастырылған электрондық түрлерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы сканерленген бекітілген анықтамаларды тіркейді.

Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген пiшiмдегi қағаз және магниттiк (электрондық) тасығыштарда немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде мынадай тәртiппен бередi:

қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама бекiтiлген күннен бастап 2 жұмыс күнiнен кешiктiрмей берiледi;

қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - ағымдағы айдың оныншы күнiнен кешiктiрмей берiледi.

«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде ҚБАЖ қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды жүктегеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ҚБАЖ-ға аталған анықтамаларды жүктегенін растағаны туралы хабарлама жібереді. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі келесі жұмыс күні бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің қаржыландырудың жеке жоспарларына қосымшасымен бірге өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындағаны туралы растамамен ілеспе хат жібереді.

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының ҚР ББС кодтарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

37. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiткеннен кейiнгi кезеңде мемлекеттiк мекеме мiндеттемелердi қабылдауы немесе кассалық


шығыстарды жүргiзуi және ҚР ББС сәйкессiздiгi, жоспарлық тағайындаулардың дұрыс бөлiнбеуi себептерi бойынша жоспарлы тағайындаулар жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне анықтаманы орындаусыз қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебі көрсетіле отырып қайтарылады).

41. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге арналған өтiнiмдi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi айына кемiнде бiр рет ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ өкiлдiк шығындарға қаражат бөлуге немесе атқарушы парақтарды орындау үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi - ағымдағы ай iшiнде, ал соңғы айда − ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күнi қалғанда қабылданады.

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органға бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету мен өтеудi, бағамдық айырманы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінiң мөлшерiн азайтуды бағаның өзгеруi мен заттай тұтыну көлемi есебiнен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыс беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебiнен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеудi, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың iс жүзiндегi санын азайтуды, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы ставкасын өзгертудi қоспағанда, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтiнiмдi алдағы айларға ауыстыра отырып беруге жол берiлмейдi.

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы және алдағы азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамауы тиiс.

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға арттыру жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы айдың жоспарларын ұлғайту жолымен алдыңғы айлардың міндеттемелері бойынша жоспарларды азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамауы тиiс.

Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.


Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге өтiнiмдi қағаз және магнит (электрондық) тасығыштармен бередi.

Қаржыландыру жоспарларын өзгертуге бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмiне орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал олар болмаған кезеңде − тиiстi бұйрықтармен олардың мiндеттерiн орындау жүктелген тұлғалар қол қояды және ол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөрiмен куәландырылады.

50. Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгiзу туралы анықтаманы Ереженiң осы бөлiмiнде белгiленген тәртiппен төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 29-30-қосымшаларына сәйкес
  1   2   3   4   5

Похожие:

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мұрағат анықтамаларын беру» электронды мемелекеттік қызмет көрсету регламентің бекіту туралы
Регламентінің (ары Регламент) 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар тізімі. Осы регламентің 2 қосымшасына сәйкес тұратын мекенжайы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы iconБюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы icon«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
Осы Заң мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница