Ұлттық Банк




НазваниеҰлттық Банк
страница1/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.61 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish874681_3416.doc
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы 2006 жылғы 27 қазан № 106


Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде 30.11.2006 жылғы

4468 тіркелген


Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру
ережесін бекіту туралы



Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.


2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.


3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жарияланады.


Ұлттық Банк


Төрағасы Ә. Сәйденов


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2006 жылғы 27 қазан

№ 106 қаулысына
қосымша


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі



1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1010 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгеріс пен толықтыруды бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 330 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1247 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2000 жылғы 25 қыркүйек – 8 қазанда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» 2000 жылғы 30 қазандағы № 401 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1315 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2000 жылғы 4-17 желтоқсанда жарияланған).

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1535 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2001 жылғы 18 маусым 1 шілдеде жарияланған).


5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 478 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1759 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпан – 10 наурызда жарияланған).

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1010 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 25 шілдеде № 255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2470 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз – 7 қыркүйекте жарияланған).

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3953 тіркелген, «Заң газеті» республикалық газетінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 11 және «Юридическая газета» республикалық газетінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 11 жарияланған).


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазан

№ 106 қаулысымен
бекітілген


Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
ережесі


Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында айырбастау пункттері (автоматтандырылғандарды қоса алғанда) арқылы шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы уәкілетті ұйымдардың қызметін құру, лицензиялау және тоқтату тәртібін белгілейді.


1-тарау. Негізгі ұғымдар


1. Осы Ереженің мақсаты үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандырылған айырбастау пункті – автоматтандырылған айырбастау пунктіне қолма-қол ақша енгізу және одан басқа валютадағы балама соманы алу арқылы айырбастау операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін электрондық механикалық құрылғы;

2) кросс курс – екі шетел валютасы арасындағы осы валюталардың Қазақстан теңгесіне немесе басқа валютаға қатысты Қазақстан теңгесіне баға белгілеу болмаған жағдайда айқындалатын бағамдық арақатынас;

3) айырбастау операциялары – айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөніндегі операциялар;

4) айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға –банк, Ұлттық почта операторы, уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар өзге заңды тұлға.




2-тарау. Уәкілетті ұйымдарды құру тәртібі


2. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталы Ереженің 15, 16-тармақтарының талаптарына сәйкес уәкілетті ұйым лицензия алу үшін өтініш жасағанға дейін толық көлемде қалыптастырылады.

3. Уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады.

Уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының аумағында және сол сияқты одан тысқары өкілдіктерін құруға, сондай-ақ құрылтайшы болуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.

4. Уәкілетті ұйым уәкілетті ұйым орналасқан облыста, астанада немесе республикалық маңызы бар қаладан тыс филиалдарын құра алады.

5. Уәкілетті ұйым филиалы әділет органдарында тіркелген, сондай-ақ филиалдың орналасқан жері өзгерген күннен бастап 7 (жеті) ішінде орналасқан жерін көрсете отырып филиалдың ашылғаны (орналасқан жерінің өзгергені) туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті органның филиалы орналасқан жердегі аумақтық филиалына жібереді.

6. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы қайтарылып алынған уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының бірі) болып табылған тұлғаларды қоспағанда Қазақстан Республикасының резиденті және резидент емес жеке және заңды тұлғалары уәкілетті ұйымның құрылтайшылары бола алады.

Осы норма шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы 3 (үш) жылдан астам уақытқа қайтарылып алынған уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының бірі) болып табылған тұлғаларға уәкілетті органды әділет органдарында тіркеуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия алу үшін құжаттар ұсынғанға дейін қолданылмайды.

7. Құрылатын уәкілетті ұйымның құрылтай құжаттарын келісу рәсімі осындай ұйымының құрылтай құжаттарын тексеруден және оған рұқсат беруден тұрады. Уәкілетті ұйымға рұқсатты Ұлттық Банктің уәкілетті ұйым орналасқан жердегі филиалы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді.

8. Құрылтай құжаттарын келісу және рұқсат алу үшін уәкілетті ұйымның құрылтайшылары Ұлттық Банктің уәкілетті ұйым орналасқан жердегі филиалына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) рұқсат алуға арналған өтініш;

2) жарғының нотариат растаған мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесінің бір данасын;

3) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар туралы мәліметтер.

9. Ұлттық Банктің филиалы барлық құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының және Ереженің талаптарына сәйкес келуін тексереді.

Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша Ұлттық Банктің филиалы рұқсат береді немесе бас тарту себептерін дәлелді түрде жазбаша баяндай отырып оны беруден бас тартады.

10. Ұлттық Банктің филиалы егер:

1) жарғының ережелері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының және Ереженің талаптарына сәйкес келмесе;

2) құрылтайшылары (құрылтайшыларының бірі) Ереженің 6-тармағында көрсетілген тұлғалар болып табылса;

3) ұсынылған құжаттар пакеті Ереженің 8-тармағының талаптарына сәйкес келмесе рұқсат беруден бас тартады.

11. Уәкілетті ұйым әділет органдарында келіскенге дейін уәкілетті ұйымның жарғысына енгізілген мынадай өзгерістер мен толықтыруларды немесе жарғының жаңа редакциясын Ұлттық Банктің филиалымен келіседі:

ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капитал мөлшерінің өзгерісін;

құрылтайшылар құрамының өзгерісін;

уәкілетті ұйым атауының өзгерісін;

уәкілетті ұйымның заңды мекен-жайының өзгерісін.

Уәкілетті ұйымның қолданылып жүрген жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды келісу Ереженің 7-тармағында көзделген рұқсатты берместен жүзеге асырылады.

12. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе жарғының жаңа редакциясын келісу үшін уәкілетті органдар Ұлттық Банктің филиалдарына мынада құжаттарды ұсынады:

1) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе жарғының жаңа редакциясын қарау туралы өтініш;

2) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың немесе жарғының жаңа редакциясының мемлекеттік және орыс тіліндегі нотариат растаған көшірмесінің бір данасын;

3) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер (егер құрылтайшылардың құрамы, ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшері – өзгерсе);

4) екінші деңгейдегі банктің жарғылық капитал мөлшерінің ақшалай жарналар есебінен өзгерісін растайтын құжат (егер, уәкілетті ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ақшалай нысанда қалыптастырылған жарғылық капиталдың мөлшеріне қатысты болса).

Келісу Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органдарда тіркегеннен кейін уәкілетті ұйым тіркелген күннен кейін бір айдан кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына осындай өзгерістер мен толықтырулардың не жарғының нотариат растаған көшірмесін ұсынады.

13. Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылған құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер өзгерген жағдайда уәкілетті орган мәліметтер өзгерген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына өзгерген мәліметтерді Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберуі тиіс.


3-тарау. Лицензиялау рәсімі


14. Уәкілетті ұйым лицензия алу үшін Ұлттық Банктің филиалына «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3) тармағында және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1), 4)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.

15. Уәкілетті ұйымдарға айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары айырбастау пункттерінің санына есепке ала отырып ақшалай нысанда жарғылық капиталды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгілеген ең төменгі мөлшерден аз болмайтын мөлшердегі ақшалай нысандағы жарғылық капиталдың болуы болып табылады.

16. Уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжат ретінде екінші деңгейдегі банктің уәкілетті ұйымның банктік шотында лицензия ал үшін өтініш жасаған күні Ереженің 15-тармағында белгіленген мөлшердегі ақшаның болуын растайтын құжаты ұсынылады.

17. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша беріледі.

Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.

18. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия бас лицензия болып табылады және басқа тұлғаларға берілмейді.

19. Орналасқан жері немесе атауы өзгерген кезде уәкілетті ұйым бір ай ішінде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны қайта ресімдеу үшін Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасайды және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;

2) жаңа редакциядағы құрылтай құжаттарының не құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың нотариат растаған көшірмелері;

3) уәкілетті ұйымның жаңа орналасқан жерін көрсете отырып мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат растаған көшірмесі;

4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.

Ұлттық Банктің филиалы құжаттардың толық пакеті түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияны берудің нақты берілген күнін көрсете отырып, бастапқы лицензияның нөміріндей нөмірмен берілетін лицензияны қайта ресімдейді.

20. Лицензияның дубликатын беру «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

21. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға ерікті түрде таратылған не айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда аталған заңды тұлға оған тиесілі айырбастау пункттерінің тіркеу куәліктерін (бұдан әрі – тіркеу куәліктері) және лицензияның түпнұсқасын қоса бере отырып (уәкілетті ұйымдар үшін) 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалын қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.

Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға тиісті шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына таратылатын филиал орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу куәліктерін қоса бере отырып өзінің филиалының ерікті түрде таратылатыны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

22. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия береді.

23. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін лицензияны беру мүмкіндігі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) алу үшін банк Ұлттық Банкке қол қоюмен және банктің мөрімен расталған айырбастау операцияларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін ішкі ереженің көшірмесін ұсынады.

Ұлттық Банк банктен аталған құжатты алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қорытынды береді.




4-тарау. Айырбастау пункттерін тіркеу рәсімі


24. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пункттерін, оның ішінде автоматтандырылған, заңды тұлғаның өзі не оның филиалы (филиалдары) орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде ғана ашады.

25. Автоматтандырылғандарын қоспағанда айырбастау пункттері Ұлттық Банктің филиалында міндетті түрде тіркеледі.

Ұлттық Банктің филиалында тіркеу айырбастау пунктінің жұмысы үшін негіз болып табылады. Тіркеу куәлігін алғанға дейін айырбастау пункттері арқылы айырбастау операциялары жүргізілмейді.

Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның өзі орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу осы заңды тұлға орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жүзеге асырылады. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның филиалы орналасқан облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың шегінде орналасқан айырбастау пункттерінің тіркеу осы заңды тұлғаның филиалы орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалында жүзеге асырылады.

26. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пункті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

айырбастау пунктінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша даярлықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде 1 (бір) жыл жұмыс стажы бар кассирінің (кассирлерінің) болуы;

алып отырған үй-жайға мүліктік құқығын растайтын құжаттың (құжаттардың) болуы;

клиенттерге қызмет көрсетуге арналған касса терезесінің (терезелерінің) болуы;

күзет, өрт сигнализациясының, қарулы күзеттің не қарулы күзет болмаған жағдайда дабыл сигнализациясы құралдарының болуы;

уәкілетті ұйымның үй-жайында не өзге үй-жайда (сауда ұйымында, қонақ үйде, әуежайда және басқа) орналасқан айырбастау пункттері қызметкерлерден (айырбастау пункттерінің қызметкерлері болып табылмайтын) және клиенттерден оқшаулануы тиіс, ал айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті банктің үй-жайында орналасқан айырбастау пункттері клиенттерден оқшау орналасуы тиіс;

бөлек орналасқан жылжымайтын ғимаратты, тұрғын үй емес үйлерге немесе пәтерге бөлек кіретін жері бар үй-жайды не оның тұрғын үйдегі бөлігін жалға алып отырған не орналасқан айырбастау пункттерінің терезелерінде металл торлары және кіретін есіктері темірден жасалған болуы тиіс;

клиенттер үшін шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау туралы мәліметтер бар ақпараттық стендтердің болуы (биіктігі 40 см және ені кемінде 40 см кем болмайтын мөлшермен);

айырбастау пунктінің үй-жайында банкноталардың түпнұсқалығын айқындаудың кемінде мынадай 2 (екі) тәсілін қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың болуы:

банкноталарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге);

банкноттарда магниттік белгілердің болуын тексеру.

27. Айырбастау пунктінің Ереженің 26-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:

екінші деңгейдегі банктің кассирде қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кәсіби даярлығының болуын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі не ұйымның (жұмыс берушінің) басшысы растаған (қол қойған) еңбек кітапшасының (бар болса), жеке еңбек шартының көшірмелері не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

жалдау шартының немесе айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пунктінің үй-жайына мүліктік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

айырбастау пунктінің күзет және өрт сигнализациясының құралдарын пайдалануға қабылдау актісінің не айырбастау пунктінің күзет және өрт сигнализациясының құралдарын техникалық жай-күйін тексеру актісінің түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесін (егер айырбастау пункті күзет және өрт сигнализациясының құралдарымен жабдықталған болса);

айырбастау пунктін күзетке қабылдау шартының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі (Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының осы қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясының көшірмесін қоса бере отырып) не өзінің қауіпсіздік қызметіне айырбастау пунктін күзетуді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі және өтініш берушінің қауіпсіздік қызметі туралы ереженің көшірмесі. Қарулы күзет болмаған жағдайда дабыл сигнализациясын пайдалануға қабылдау актісінің не дабыл сигнализациясының техникалық жай-күйін тексеру актісінің түпнұсқасын нем есе нотариат растаған көшірмесі ұсынылады (егер айырбастау пунктінің үй-жайы дабыл сигнализациясымен жабдықталған болса).

28. Ереженің 4-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігін немесе тіркеу куәлігін беруден бас тартуды Ұлттық Банктің филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) Ереженің 29-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде береді.

29. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктін тіркеу үшін айырбастау пункті орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1), 4) және 8) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынады.

Өтініш берушінің Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде Ереженің 27-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылады.

Уәкілетті ұйымның филиалы айырбастау пункті орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:

Ұлттық Банктің айырбастау операцияларын жүргізу үшін уәкілетті ұйымнан алған лицензиясының көшірмесі;

филиал туралы ереженің көшірмесі.

30. Ұлттық Банктің филиалы Ереженің 28-тармағында белгіленген мерзім шегінде айырбастау пунктінің Ереженің 26-тармағының талаптарына сәйкес келуін тексереді және талаптарға сәйкес келу актісін екі данада жасайды, оның бір данасы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында), ал екіншісі Ұлттық Банктің филиалында қалады.

Ұлттық Банктің филиалы мынада жағдайларда тіркеу куәлігін беруден бас тартады:

ұсынылған құжаттар пакеті Ереженің 29-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

айырбастау пункті Ереженің 26-тармағының талаптарына сәйкес келмеген.

Айырбастау пунктін тіркеу үшін құжаттарды қайтадан ұсынған кезде оларды Ұлттық Банкке соңғы ұсынған сәтте өзгермеген құжаттар ұсынылмайды.

31. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бастамасы бойынша айырбастау пунктінің қызметі уақытша тоқтатылған жағдайда (отыз күнтізбелік күннен астам) тиісті заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пунктінің қызметі тоқтата тұру шешім қабылданған туралы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бұл туралы Ұлттық Банктің филиалына көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса бере отырып жазбаша хабарлайды.

Осы жағдайда тіркеу куәлігі Ұлттық Банктің филиалына қайтарылмайды. Бұл ретте айырбастау пунктінің жұмыс істемеу кезеңі қатарынан 6 (алты) айдан аспауы тиіс.

32. Айырбастау пункті жабылған не оның орны орналасқан мекен-жайының өзгеруіне әкеп соғатын ауыстырылған кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) жабылған, орны ауыстырылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалына қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды және тіркеу куәліктерінің түпнұсқаларын қайтарады.

33. Ұлттық Банктің филиалы айырбастау пунктінің нақты орын ауыстыруына әкеп соқпайтын, көшелердің атауы, үйлердің нөмірлері және тіркеу куәлігінде көрсетілген басқа деректер өзгерген кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пунктін қайта тіркейді.

34. Айырбастау пунктін қайта тіркеу айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) өтініші негізінде, айырбастау пункттерін тіркеу үшін Ережеде көзделген тәртіппен және мерзімдерде айырбастау пунктін тексермей және іс қағаздарында бар құжаттарды қайтадан ұсынбай жүргізіледі.

Айырбастау пункті қайта тіркелген кезде Ұлттық Банктің филиалы жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күнін көрсете отырып тіркеу куәлігін береді.

35. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы):

1) тиісті шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің филиалын айырбастау пунктінің мекен-жайының өзгеруіне әкеп соқпайтын, айырбастау пункті Ереженің 26-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде қызметін тоқтатпастан айырбастау пунктінің орын ауыстырылғаны туралы жазбаша хабарлайды, сондай-ақ айырбастау пункті орнының ауыстырылуына байланысты осындай құжаттар өзгерген жағдайда Ереженің 27-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады;

2) Ұлттық Банктің филиалына банктің айырбастау операцияларын жүргізуге құқық беретін лицензияны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қайта тіркегені туралы лицензияның көшірмелерін ұсына отырып, қайта ресімдеу күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлайды (банктер үшін).

36. Тіркеу куәлігі жоғалған кезде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) Ұлттық Банктің филиалына тіркеу куәлігінің жоғалу себептерін және жағдайларын көрсете отырып тіркеу куәлігінің дубликатын алуға өтініш береді.

Ұлттық Банктің филиалы 5 (бес) жұмыс күні ішінде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) «Дубликат» деген сөзді және тіркеу куәлігінің дубликатын беру күнін көрсете отырып, бастапқы тіркеу куәлігінің нөмірін және күнін қалдыра отырып тіркеу куәлігінің дубликатын береді.


5-тарау. Автоматтандырылған айырбастау пунктінің
айырбастау операцияларын жүргізу және көрсету


37. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде автоматтандырылған айырбастау пункті орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктің филиалына:

автоматтандырылған айырбастау пункті жұмысының басталуы туралы;

автоматтандырылған айырбастау пункті орналасқан жер өзгергені туралы;

автоматтандырылған айырбастау пунктінің қызметін уақытша тоқтата тұру (отыз күнтізбелік күн мерзімге) туралы шешімнің қабылданғаны туралы;

автоматтандырылған айырбастау пунктінің қызметін тоқтату туралы шешімнің қабылданғаны туралы ақпарат жібереді.

Көрсетілген ақпарат тиісті оқиға басталған (шешім қабылданған) күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынылады және онда автоматтандырылған айырбастау пунктінің орналасқан жері және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) әрбір автоматтандырылған айырбастау пункті нөмірінің бірегейлігін ескере отырып беретін ішкі тіркеу нөмірі болуы тиіс

38. Ереженің 5-тарауының талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ Ереженің 37-тармағында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің филиалына хабарламай іс-әрекет жасайтын автоматтандырылған айырбастау пункттерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

39. Автоматтандырылған айырбастау пунктінің банкноталардың түпнұсқалығын айқындаудың кемінде мынадай 2 (екі) тәсілін қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдар болуы тиіс:

айырбастау пунктінің үй-жайында:

банкноталарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге);

банкноттарда магниттік белгілердің болуын тексеру.

40. Айырбастау операциясын жүргізудің растамасы айырбастау операциясын жүзеге асыру кезінде автоматтандырылған айырбастау пункті беретін, мынадай деректемелері бар чек болып табылады:

автоматтандырылған айырбастау пунктін ашқан заңды тұлғаның (оның филиалының) атауы, оның кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша коды;

автоматтандырылған айырбастау пунктінің ішкі тіркеу нөмірі;

қабылданған қолма-қол валютаның атауы;

қабылданған қолма-қол валютаның сомасы;

қабылданған қолма-қол валютаның

берілген қолма-қол валютаның атауы;

берілген қолма-қол валютаның сомасы;

операция жүргізілген күн және уақыты;

валюталарды айырбастау бағамы;

жүргізілген операциялардың түрі (сатып алу немесе сату).

41. Автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы күнтізбелік айдың әрбір күні жүзеге асырылған айырбастау операциялары Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылатын, сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімі журналында (бұдан әрі – тізілімдер журналы) Ережеде көзделген тәртіппен көрсетіледі.

Автоматтандырылған айырбастау пунктінің тізілімдер журналын автоматтандырылған айырбастау пункті тиесілі айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) әрбір автоматтандырылған айырбастау пункті бойынша бөлек қалыптастырады.

Автоматтандырылған айырбастау пункті арқылы айырбастау операцияларын автоматты түрде жүргізуді ескере отырып осындай операциялар бойынша деректерді тізілімдер журналында келесі жұмыс күні қалыптастыруға рұқсат етіледі.


6-тарау. Айырбастау пункттері жұмысының талаптары және тәртібі


42. Кассирлердің өз ақшасы, сырт киімі және басқа заттары арнайы бөлінген бөлмеде немесе кассалардан тыс орналастырылған шкафтарда сақталады.

Айырбастау пункттері кассаларының үй-жайларында бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

43. Ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауға арналған техникалық құралдар бұзылған, ол басқа себептер бойынша жұмыс істемеген немесе Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда айырбастау пункті айырбастау операцияларын жүргізуді тоқтатады.

44. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттер үшін көрінетін жерге мынадай ақпарат орналастырылады:

1) айырбастау пунктінің мемлекеттік және орыс тіліндегі тіркеу куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ осы айырбастау пунктін ашқан айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) атауы;

2) айырбастау пунктінің жұмыс режимі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензия алу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда айырбастау пункттерін ұйымдастыруға арналған мемлекеттік және орыс тіліндегі лицензиялардың көшірмелері;

4) Ұлттық Банктің осы айырбастау пунктінің қызметін бақылауды жүзеге асыратын филиалы туралы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

45. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар міндетті түрде сақталады:

1) айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының айырбастау пунктінің кассирін жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі;

2) күзет және өрт сигнализациясын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі. Егер айырбастау пунктінің үй-жайы күзет және өрт сигнализациясымен жабдықталған жағдайда – айырбастау пунктінің күзет және өрт сигнализациясы құралдарының техникалық жай-күйін тексеру актісінің көшірмесі;

3) айырбастау пунктін күзетуді тиісті қарулы күзет қызметтері жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі лицензиясының көшірмесін қоса бере отырып айырбастау пунктін күзету шартың көшірмесі.

Егер айырбастау пунктінің үй-жайы күзетуді айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда) өзінің қауіпсіздік қызметі жүзеге асырған жағдайда, айырбастау пунктінің үй-жайы күзету айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда) өзінің қауіпсіздік қызметіне жүктелетін бұйрықтың көшірмесі және көрсетілген заңды тұлғаның оның күзетіне арналған құрылымдық бөлімшесі туралы ереженің көшірмесі.

Айырбастау пунктінде қарулы күзет болмаған кезде – айырбастау пунктінің дабыл сигнализациясының құралдарын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.

Егер айырбастау пунктінің үй-жайы дабыл сигнализациясының құралдарымен жабдықталған жағдайда – айырбастау пунктінің дабыл сигнализациясы құралдарының техникалық жай-күйін тексеру актісінің көшірмесі;

4) екінші деңгейдегі банктің айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша даярлық курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 1 (бір) жыл жұмыс стажын растайтын құжаттың көшірмесі;

5) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі.

46. Уәкілетті ұйымдардың (оның филиалдарының) айырбастау пункттерінде, банктердің банктің (оның филиалдарының) үй-жайынан тыс орналасқан айырбастау пункттерінде, Ұлттық почта операторының Ұлттық почта операторының (оның филиалдарының) үй-жайынан тыс орналасқан айырбастау пункттерінде тек айырбастау операцияларын ғана жүргізуге рұқсат етіледі.

Айырбастау операцияларының есебін және өзге банк операцияларынан бөлек жүргізуге мүмкіндік беретін банктік компьютерлік жүйе болған кезде банктердің (оның филиалдарының) үй-жайында орналасқан айырбастау пункттерінің үй-жайларында, сондай-ақ Ұлттық почта операторының Ұлттық почта операторының (оның филиалдарының) үй-жайында орналасқан айырбастау пункттерінің үй-жайларында айырбастау операцияларын және банк заңнамаларына сәйкес кассаларда жүргізілетін өзге банк операцияларын бір мезгілде жүргізуге рұқсат етіледі.


7-тарау. Айырбастау пункттерінде қолма-қол шетел
валютасымен операциялар жүргізу тәртібі


47. Айырбастау пункттері қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операциялары бағамдарды белгілеу туралы жазбаша өкім негізінде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына және кросс бағамға сәйкес жүргізіледі. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бағамдары айырбастау пунктінің жұмыс уақыты ішінде өзгеруі мүмкін. Бағамның әрбір өзгерісі өзгертілген бағамдар қолданылатын уақытты көрсете отырып жазбаша өкіммен бекітіледі.

Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) әр түрлі айырбастау пункттерінде әртүрлі бағамдар белгілеуге рұқсат етіледі.

Бір жазбаша өкімде бір мезгілде жүргізілетін айырбастау операцияларының сомаларына қарай әртүрлі бағамдар белгілеуге рұқсат етіледі.

Сатып алу, сату бағамдарын және кросс бағамын белгілеу туралы жазбаша өкімді айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) басшысы немесе басшының бұйрығымен осындай өкілеттіктер берілген өзге лауазымды тұлға күн сайын шығарады. Белгіленген бағамдарды қолдану мерзімдерін (бірнеше күн және (немесе) бір күн ішіндегі уақыт кезеңі) көрсете отырып өкім шығаруға рұқсат етіледі.

Жазбаша өкім екі данамен ресімделеді, олардың бірі айырбастау пунктіне жіберіледі, екіншісі айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлғада (оның филиалында) қалады. Екі дана да 3 (үш) жыл бойы сақталады.

Айырбастау пункті айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлғаның (оның филиалының) заңды мекен-жайында орналасқан жағдайда өкімі бір данада ресімделеді.

Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлға (оның филиалы) банктік компьютер жүйесі шеңберіндегі өкімдерді айырбастау пункттеріне орталықтандырылған түрде жеткізу көзделетін банктік компьютер жүйесін пайдаланған жағдайда бағамдарды белгілеу туралы жазбаша өкім бір данамен беріледі.

48. Айырбастау пунктінде қолма-қол шетел және ұлттық валюталары болған кезде азаматтарға айырбастау операцияларын жүргізуден бас тартуға жол берілмейді. Бұл ретте айырбастау пункттерінің ақпараттық стенділерінде айырбастау пунктінде бар шетел валютасының барлық түрі бойынша сатып алу, сату және айырбастау бағамдары туралы мәліметтер болуы тиіс.

Ұлттық Банктің қандай да болмасын валютаның айналысына тікелей шектеу болған жағдайларды қоспағанда айырбастау пункттеріне шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау кезінде олардың құны және эмиссияланған жылдары бойынша қандай да бомасын шектеулер қоюға тыйым салынады.

49. Ұлттық Банк айырбастаудың ерекше тәртібін белгілеген жағдайларды қоспағанда бұрынғы жылдардың неғұрлым ерте эмиссияланған шетел валютасын айырбастағаны үшін комиссиялық сыйақы алынбайды.

50. Эмитенттің елінде заңды төлем құралы болып табылатын қолма-қол шетел валютасы Ережеде белгіленген тәртіппен комиссиялық сыйақы алмастан сатып алуға, сатуға, айырбастауға жатады.

Заңды төлем құралының негізгі белгілеріне банкнотада эмиссиялық банктің атауының, номиналдың сандармен және жазумен көрсетілген нөмірлерінің және серияларының, алдыңғы және сыртқы жақтарының негізгі суреттерінің (портреттер және тағы сондай), сондай-ақ қолдан жасаудан қорғау элементтері (сутамғы белгі, магниттік белгілері, ультракүлгін сәуле түсінгенде көрінетіндерді қоса алғанда қағазға ендірілген түрлі-түсті талшықтар, конфетти, қорғаныш жіптер, микромәтіндер, люминестейтін суреттер және сондайлар) болуы жатады.

Валютаның эмитенті ел шығарылған банкноталарға өзге не қосымша талаптар белгілейді.

Айырбастау пункті айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар бір заңды тұлға (оның филиалы) банкноталардың түпнұсқаларын және төлем жасауға қабілеттігін анықтау жөніндегі анықтамалық және ақпараттық материалдарды осы өнім түрін көбейтумен айналысатын тұлғалардан дербес сатып алады.

Сондай-ақ мынадай бүлінулері бар банкноталар айналысқа жарамды заңды төлем құралдары болып танылады:

1) қырылған және ласталған;

2) желімделген жыртық бұрыштары немесе кесегі бар (аумағы 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын) егер жыртылған бөлік осы банкнотаға тиесілі болса;

3) желімделген жыртықтары бар, егер олар банкнота енінің (ұзындығының) төрттен бірінен аспаса;

4) ұсақ майлы және басқа дақтары, жазбалар және мөртабандардың таңбасы (банкнотаның өтелгені туралы немесе түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатыны туралы растайтын мөртабандардан басқа) бар, егер олар банкноталардың түпнұсқалығын айқындауға кедергі жасамаған және осы тармақта көрсетілген айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін едәуір дәрежеде (50 пайыздан астам) жаппаса;

5) диаметрі 0,5 миллиметрден аспайтын тесіктері бар.

51. Егер банкноталар Ереженің 50-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе және (немесе) мынадай бүлінулері бар болса олар айналысқа жарамсыз болып танылады:

1) бөлшектеліп жыртылған және желімделген;

2) бастапқы түсін жоғалтқан немесе оңып кеткен;

3) күйген немесе шайналған;

4) тұтас немесе едәуір дәрежеде (айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірін 50 пайыздан астамы) бояу, сия, май төгілген;

5) химиялық реактивтердің, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсінгенде қағаздың жалтырауына әкеп соғатын реактивтердің әсеріне ұшыраған;

6) қасақана сипаттағы едәуір бүлінуі (негізгі суреттері, атап айтқанда адамдардың суреттері өзгерген, қорғаныш жібі жойылған, едәуір жазбалардың болуы, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін);

7) баспадан кеткен анық ақауы бар банкнота (сутамғы белгілердің немесе қорғаныш жіптің болмауы немесе дұрыс орналаспауы, бейнелердің басылмауы немесе майлануы);

8) геометриялық өлшемдердің азаюы жағына және сол сияқты ұлғаюы жағына қарай 3 (үш) миллиметерден көп өзгеруі.

Тиісті шет мемлекеттің эмитент банкі жариялаған күннен кейін айналыстан шығарылған банкноталары төлем жасауға қабілетсіз ретінде танылады.

Төлем жасауға болмайтын, сонда-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды сатып алуды және ауыстыруды банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүзеге асырады. Шетел валютасының эмитент банктерімен (шетел банкімен) корреспонденттік қатынасы бар банктерге және Ұлттық почта операторына аталған шетел валюталарының төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарын инкассоға қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Банктер және Ұлттық почта операторы ауыстыру тәртібімен сатып алған және қабылдаған төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарды клиенттерге сатуға болмайды және эмитент банктерге (шетел банкіне) инкассоға жіберілуі немесе оларға қызмет көрсететін банктер арқылы инкассоға тапсырылуы тиіс.

Банктердің шетел валюталарының төлем жасауға болмайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноталарын инкассоға қабылдауы Ұлттық Банк айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. Банктер және Ұлттық почта операторы клиенттерге комиссиялық сыйақының мөлшері (клиенттің барлық шығыстары кіретін) және эмитент банктердің көрсетілген банкноталарды айырбастаудан бас тарту мүмкіндігі, сондай-ақ клиенттен инкассоның талаптарына жазбаша келісім алу туралы ескертеді. Эмитент банк (шетел банкі) шетел валютасын айырбастаудан бас тартқан жағдайда банктер және Ұлттық почта операторы клиентке тиісті растайтын құжаттар ұсынады.

Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды инкассоға қабылдау, ауыстыру, сатып алу бойынша операциялар Ереженің 55-тармағының талаптарын ескере отырып Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен операциялар тізілімінің журналында есепке алынады.

Төлем жасауға болмайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталарды инкассоға қабылдау, ауыстыру, сатып алу үшін комиссиялық сыйақыны банктер, Ұлттық почта операторы дербес белгілейді, бірақ айырбастауға (сатып алуға, инкассоға қабылдауға) ұсынылатын банкноталардың номиналдық құнының 10 (он) пайызынан аспауы тиіс.

Комиссиялық сыйақыны банктер және Ұлттық почта операторы операция жасалған күні нарықтық бағам бойынша Қазақстан теңгесімен алады.

52. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау кезінде айырбастау пунктінің қызметкері валютаның түпнұсқалығын Ереженің талаптарына сәйкес келетін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауға арналған техникалық құралдардың көмегімен тексереді.

53. Айырбастау пункттерінде (оның ішінде автоматтандырылған) жүргізілетін қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар, оның ішінде төлем карточкаларын пайдаланумен, әрір операция операцияны жүргізу аяқталғаннан кейін тізілімдер журналында көрсетіледі. Бұл ретте автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар Ереженің 41-тармағы ескеріле отырып тізілімдер журналында көрсетіледі.

Айырбастау пункттерінің қызметкерлері жұмыс күнінің аяғында бір күні жүргізілген операциялар бойынша қорытындыны есептейді және ақша қалдығын шығарады. Бір күн ішінде бағам өзгерген жағдайда тізілімдер журналында шетел валютасын жаңа бағам бойынша сатып алу немесе сату операцияларын жүргізу басталғанға дейін сатып алынған және сатылған валютаның көлемі бойынша аралық қорытындыны шығарады және кассирдің қолымен растайды.

Тізілімдер журналында тазартуға және өзге түзетулерге жол берілмейді. Қате деректерді сызылып тасталады және кассирдің қолымен расталған «№ __ жазба түзетілген» деген жазба жасаулы тиіс, одан кейін дұрыс жазба жасалады.

54. Қолма-қол шетел валютасын 10 (он) мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға сатып алған немесе сатқан кезде автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы айырбастау операцияларын жүргізу жағдайларын қоспағанда, тізілімдер журналында клиенттің аты-жөні және оның жеке басын куәландыратын құжаттарының деректері жазылады.

55. Тізілімдер журналы (электрондық түрдегі тізілімдер журналын қоспағанда):

нөмірленеді, шнурланады және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) және Ұлттық Банк филиалының мөрімен бекітіледі;

кемінде отыз парақ болады, айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының, бас бухгалтерінің, Ұлттық Банктің филиалы басшысының немесе басшысы орынбасарының қолымен расталады.

Тізілімдер журналын ресімдеу үшін айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) айырбастау пункті орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктің филиалына өтініші жасайды. Ұлттық Банктің филиалы тізілімдер журналының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді және оны келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір айырбастау пункті үшін бірнеше тізілімдер журналын бір мезгілде ресімдеуге рұқсат етіледі.

Аяқталған тізілімдер журналы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) олар аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы сақталады.

56. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пункттері тізілімдер журналын Ереженің 57-тармағында белгіленген тәртіппен электрондық түрде жүргізе алады.

57. Электрондық түрдегі тізілімдер журналын бағдарламалық қамтамасыз ету мынадай талаптар ескеріле отырып қалыптастырылады:

1) банктік компьютер жүйесі (банктік компьютер жүйесінің бөлігі) болып табылады;

2) бір күн ішінде жүргізілген айырбастау операциялары туралы есептілікті тізілімдер журналының Ережеде көзделген нысанына сәйкес қалыптастыру және беру Ереженің 41-пункті ескеріле отырып күн сайын жүзеге асырылады. Электрондық түрдегі тізілімдер журналы нысанының Ереженің 5-қосымшасында белгіленген нысаннан онда көрсетілген қосымша белгіленген барлық деректемелердің болуы шартымен айырмашылығы болады.

58. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өздерінің айырбастау пункттерінде электрондық түрдегі тізілімдер журналының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданғанға дейін Ұлттық Банктің орталық аппаратына және Ұлттық Банктің тиісті филиалына хабарлайды.

Хабарламада тиісті облыстың, астананың немесе республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) қағазға басылған тізілімдер журналдарын жүргізуді тоқтататын айырбастау пункттерінің электрондық түрдегі тізілімдер журналға көшкен күн көрсетілген тізбесі көрсетіледі.

59. Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен жүргізу жүзеге асырылатын күн сайынғы тізілімдер кемінде 2 (екі) дана басылады және айырбастау пунктінің кассирі қол қояды.

Тізілімнің бірі айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) бір күнгі құжаттарына тігіледі, басқасы айырбастау пунктінде қалады. Тізілімдердің тігінділерін сақтау Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған айырбастау пунктінің күн сайынғы тізілімдері 1 (бір) дана басылады, оған кассирі қол қояды және айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғада (оның филиалында) Ережеде белгіленген тәртіппен сақталады.

60. Айырбастау пунктінде қалатын тізілімдер ағымдағы ай аяқталғаннан кейін тігінділерге қалыптастырылуы тиіс, тігіндінің барлық беттері нөмірленеді және тігіндінің соңында айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының бас бухгалтерінің немесе басшының бұйрығымен осындай өкілетті берілген өзге лауазымды тұлғаның қолымен расталады.

61. Шоғырландырылған есептілікті қалыптастыруға арналған есептілік құжаттары айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) электрондық түрдегі тізілімдер журналының бағдарламалық қамтамасыз етуінің бір бөлігі болып табылатын модемдік немесе өзге байланыс арқылы күн сайын өткізіледі.

62. Уәкілетті ұйымдар (олардың филиалдары) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі (қоса алғанда) мерзімде Ұлттық Банктің филиалына Ереженің 8-қосымшасында белгіленген нысан бойынша қаражат қозғалысы туралы мәліметтер береді.

63. Бір шетел валютасын басқасына айырбастау есептілік нысандарын жасау кезінде екі операция түрінде көрсетіледі:

айырбастау пунктінің бір шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валюта түрін сатып алуы бағамы бойынша теңгемен сатып алуы;

айырбастау пунктінің басқа шетел валютасын осы айырбастау пунктінің осы валюта түрін сатып алуы бағамы бойынша теңгемен сатуы.




8-тарау. Әсер ету шаралары және санкциялар


64. Ұлттық Банк және оның филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) Ереженің нормаларын бұзуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген әсер ету шараларын қолданады.

65. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) өзінің айырбастау пунктері арқылы айырбастау операцияларын жүргізу кезінде жіберген жөнсіздіктер жойылмаған немесе жаңалары анықталған кезде оларға әсер ету шаралары қолданылғаннан кейін 12 (он екі) тізбектелген күнтізбелік ай ішінде Ұлттық Банктің филиалы тіркеу куәлігін қолдануды алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

66. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйым берген лицензияны Ұлттық Банктің филиалы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының б), з) және к-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрады не қайтарып алады.

67. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғадан (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда) айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқық беретін лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған не қайтарып алынған жағдайда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тиісті шешімнің көшірмесін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейіннен Ұлттық Банктің филиалына хабарлама жіберу үшін Ұлттық Банкке жібереді.

68. Уәкілетті ұйымнан айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін берілген лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған не қайтарып алынған жағдайда Ұлттық Банктің филиалының тиісті шешімі уәкілетті ұйымға жіберіледі. Уәкілетті ұйым лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешімді алған күннен бастап лицензияны қолдануды тоқтатыла тұрған мерзім аяқталғанға дейін айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті тоқтата тұрады.

Тіркеу куәлігін қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда Ұлттық Банктің филиалының тиісті шешімі айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаға (оның филиалына) жіберіледі. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) осы шешімді алған күннен бастап тиісті айырбастау пунктінде айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті тіркеу куәлігін қолдану тоқтатыла тұрған мерзім аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.

69. Уәкілетті ұйым Ұлттық Банктің филиалы айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін берілген лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде олар тиесілі айырбастау пункттерінің лицензияларын және тіркеу куәліктерін Ұлттық Банктің филиалына қайтарады.

Ұлттық Банктің филиалының айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін берілген лицензияны қайтарып алу туралы шешімі облыстық газетте мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

70. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес реттеледі.


Қазақстан Республикасында
  1   2   3   4   5

Похожие:

Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банк Магистратурасы
Республикасы Ұлттық Банк Магистратурасы — Қр президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Қазақстан Қаржыгерлерінің ІІІ конгреcсінің...
Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру
Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы...
Ұлттық Банк iconҰлттық Банк
Р енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген...
Ұлттық Банк icon1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық Банк icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
...
Ұлттық Банк iconБухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру
Рылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызметтер көрсету...
Ұлттық Банк icon«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет регламенті
Рылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі ҚФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызмет көрсету...
Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011 жылға арналған операциялық жоспарын іске асыру туралы
Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі «Ұлттық жинақ ақша деңгейі» ҒБИ
Ұлттық Банк iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің регламенті
Жарлығына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы ереже), өзге де заңдарға және Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының...
Ұлттық Банк icon«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
ФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жауапты тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері, қызметтер көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница