Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы




Скачать 282.29 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
страница1/3
Дата конвертации08.02.2016
Размер282.29 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://econvko.gov.kz/download/rus/Reglament_upravlenie__KAZ__2011.doc
  1   2   3


«Шығыс Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2010 жылғы « » желтоқсандағы

№ бұйрығымен

«БЕКІТІЛДІ»


«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

Р Е Г Л А М Е Н Т І


1. Жалпы ережелер


1. Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма) қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелерін айқындайды.

2. Басқарма туралы ережені, оның құрылымын және штат саны лимитін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бекітеді.

3. Басқарманың құрылымдық құжаттарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

4. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Регламентті басшылыққа алады.

Басқарма басшылығын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ұйымдастыру-құқықтық бөлімге жүктеледі.


2. Жұмысты жоспарлау


5. Басқарма жұмысы ағымдағы жоспарлауға сәйкес жүзеге асырылады.

Ағымдағы жоспарлау басқарманың, сондай-ақ оның бөлімдерінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларынан тұрады.

6. Басқарма бөлімдері алдағы тоқсанға арналған жұмыс жоспарларын әзірлейді, оны алдыңғы тоқсанның соңғы айының 25-ші күнінен кешіктірмей басқарма бастығы (немесе бастықтың жетекшілік ететін орынбасары) бекітеді. Басқарма бөлімдерінің жұмыс жоспарларының көшірмелері басқарманың тиісті тоқсанға арналған жоспарын жинақтау үшін осы мерзімде ұйымдастыру-құқықтық бөліміне тапсырылады.

Бөлімдер ағымдағы жоспарлардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын басқарма бастығы атына тапсырып отырады. Бөлімдердегі жоспарлауды жүргізуді меңгерушілер мамандардың біріне жүктейді. Бөлімдердің жұмысын жоспарлау жөніндегі істердің жағдайына бөлім бастықтары жауап береді. Басқарма бастығының, оның орынбасарларының талап етуі бойынша бөлімдердің тоқсандық жоспарларды орындауы жөніндегі ақпарат өзге мерзімдерде, ауызша да, жазбаша түрде де тапсырылуы мүмкін.


3. Жиналыстар және басқа да іс-шараларды дайындау

және өткізу тәртібі


7. Басқарма бастығының, бастықтың орынбасарларының, бөлім бастықтарының ұсыныстары бойынша бір айға ұйымдастыру-құқықтық бөлімі құрастырады.

Басқарма жиналыстарында қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесі басқарма бастығымен бекітіледі. Бекітілген тізбе барлық басқамра бөлімдеріне таратылады.

8. Жиналыстарды дайындау және өткізу тәртібі басқарма регламентінде айқындалады.

9. Ресми іс-шаралар ұйымдастыруды басқарманың осы іс-шараны өткізуге жауапты бөлімі осы мәселеге жетекшілік ететін басқарма орынбасарларының, қатысуымен жүзеге асырады.

10. Кеңестер, мәжілістер және басқа да іс-шаралар ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.

11. Кеңестерді, мәжілістерді, кездесулерді және басқа да іс-шараларды басқарма бастығы не болмаса ол болмаған кезде басқарма бастығының міндетін атқарушы адам өткізеді. Жекелеген жағдайларда, салалық мәселелерді қарастырған кезде міндеттерді бөлуге сәйкес тиісті салаға жетекшілік ететін бастықтың орынбасарларының басшылығымен облыстық іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

12 Кеңестердің, іс-шаралардың ұзақтығы 45-60 минуттан аспауы тиіс. Мәселелерді одан әрі талқылау қажет болған жағдайда тікелей орындаушылар мен мүдделі адамдардың қатысуымен өткізілуі мүмкін.

13. Облыстық іс-шаралардың өткізілуіне жауапты басқарма бөлімдері жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей қатысушылардың ұсынылып отырған тізімін айқындайды, ол жетекшілік ететін басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы және оның орынбасарларымен келісуге жатады. Тізім шұғыл арада, 1 жұмыс күні ішінде қатысушы ретінде көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларына, сондай-ақ күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын басқарманың құрылымдық бөлімшелері бастықтарына жіберіледі.

14. Шақырылғандардың қатысуын басқарманың тиісті бөлімі қамтамасыз етеді.

15. Мәселелерді талқылауға қатысатын шақырылушылар материалдарды өткізілуге дейінгі бес күнтізбелік күннен кешіктірмей іс-шараны өткізуге жауапты аппарат бөліміне, не болмаса осы іс-шараны өткізуге жауапты облыс әкімі инспекторына тапсырады (электрондық және қағаз жүзінде). Іс-шаралар облыс әкімінің, әкімдіктің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілетін жағдайда материалдар іс-шара өткізілетін күні тапсырылуы мүмкін.

16. Қатысушылардың материалдарын тиісті бөлім жинайды және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей басқарма басшысына береді.

17. Материалдарды уақытында тапсырмағаны, сондай-ақ сапасыз тапсырғаны үшін бөлім бастықтары, жетекшілік ететін бастықтың орынбасарлары жауап береді.

18. Облыстық іс-шараларды өткізу бойынша жиынтық материалдар құрамына мыналар енгізілуі тиіс:

1) күн тәртібі;

2) шақырылғандар тізімі;

3) баяндамашылар тізімі;

4) қаралып отырған мәселелер бойынша анықтамалар, ақпараттық (талдау) материалдары;

5) төрағалық етуші сөзінің тезистері;

6) тиісті бөлім меңгерушісі әр парағына қол қойған хаттамалық шешімнің жобасы.

19. Хаттама жобасының, әр мәселе бойынша анықтамалардың, ақпараттық (талдау) материалдарының тақырыптары бірдей болуы және мәселелердің мәнін жан-жақты көрсетуі тиіс. Анықтамалар мен ақпараттық (талдау) материалдардың көлемі үлгі баспа мәтінінің үш бетінен аспауы тиіс.

20. Іс-шараларда сөз сөйлеу (баяндама) кезінде бейнеақпарат, слайдтық көрсетілімдер көрсету туралы мәселе жеке шешілуі және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмей басқарма басшысымен келісілуі тиіс. Мәжіліс залын техникалық дайындауды (дыбыс күшейтуді, дыбыс жазуды және микрофондарды, бейнепроекторды, экранды, сусындармен, жазба құралдарымен, тиісті жарықтандырумен және кондиционермен қамтамасыз ету, слайдтарды көрсетуге дайындық және т.б.) ұйымдастыру-құқықтық бөлімі қамтамасыз етеді.

21. Іс-шараның өткізілуіне жауапты басқарма бөлімі ұйымдастыру-құқықтық бөлімімен бірлесіп, қатысушыларды тіркеуді қамтамасыз етеді. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кем дегенде 30 минут қалғанда, ал кеңейтілген мәжілістерде - мәжіліс басталғанға дейін 1 сағат қалғанда басталады.

Мәжіліске қатысушыларды тіркеу әдетте мәжіліс басталғанға дейін 5 минут қалғанда аяқталады. Тіркеуге жауапты лауазымды адам басқарма бастығына (не болмаса іс-шарада өзге төрағалық етушіге) шақырылғандардың келуі туралы ақпарат береді.

22. Кеңестердің, мәжілістердің және облыстық іс-шаралардың хаттамаларын құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүргізеді. Хаттамада күн тәртібі, қаралатын мәселелер, күн тәртібі мәселелері бойынша баяндама жасаушылар және талқылауға қатысатын адамдар, сөзалымдардың негізгі мазмұны, ескертулер мен қабылданған шешімдер көрсетіледі.

23. Хаттама кеңес, мәжіліс немесе басқа да облыстық іс-шаралар өткізілген күннен бастап екі күн ішінде ресімделеді.

24. Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша кеңестердің, мәжілістердің және облыстық іс-шаралардың бейне және дыбыс жазбасы жүргізілуі, кейіннен толық жазылуы және басылуы мүмкін.


4. Басқармада іс-қағаздарын жүргізу, электрондық құжатайналымы


25. Басқармаға келіп түсетін хат-хабарларды құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қабылдайды және тіркейді. Құжаттарды қабылдау-беруді құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметтік хат-хабарлар секторының қызметкері 9 сағаттан 18 сағатқа дейін жүргізеді. Басқа қалалық адресаттар қолма-қол жіберген құжаттарды қабылдау бүкіл жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Басқармаға жолданатын құжаттарға (хаттар, ақпараттар және т.б.) тиісті мемлекеттік органдардың (қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар бастықтары) бірінші басшылары қол қоюлары тиіс.

Басқарма қызметкерлеріне құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

26. Конверттерді ашар алдында іс жүргізуге жауапты маман олардың жіберілуінің және ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөр болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезінде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады, бұл ретте актінің бір данасы кеңседе қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.

Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.

«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде ашуға жатады.

27. Факсимилесі, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлінген, оның ішінде тескішпен тігілген, нобайқағазға және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелеріне шығарылған құжаттар басқармаға қабылдауға жатпайды.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдауы басқарма бастығының нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

28. Кіріс хат-хабарын тіркеуді құжаттың бірінші парағының оң жақ төменгі бұрышына негізгі құжаттың тіркеу нөмірі, тіркелген күні, парақтарының саны мен қосымшалар парақтарының саны көрсетілетін тіркеу мөртаңбасын қою жолымен іс жүргізуге жауапты маман жүзеге асырады, қосымшаларға «№ __ -ге» деген мөртаңба қойылады.

Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға негізгі құжаттың тіркеу нөмірі беріледі.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне (бұдан әрі – Үлгі ереже) сәйкес ресімделуі тиіс.

29. Кіріс хат-хабарларды тіркеу электрондық нұсқада Lotus Domino Server базасындағы электрондық құжатайналым жүйесін (бұдан әрі – «Жүйе») пайдаланумен жүзеге асырылады.

30.Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде хат-хабарлар «Жүйедегі» «Кіріс» дерекқорында «Кіріс құжаттың тіркеу карточкасы» кіріс нысаны бойынша тіркеледі, бұл жерде тіркеу нөмірі құжатқа автоматты түрде беріледі.

31. Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде алдын ала белгі қойылғаннан кейін құжаттар электрондық түрде және қағаз нұсқасында облыс әкіміне беріледі. Бұдан әрі тиісті қарар бойынша электрондық түрде оның орынбасарларына, аппарат басшысына беріледі. Қаралған құжаттарды алғаннан кейін, басшылықтың қарарын орындаушы алады. Қарарда көрсетілуі тиіс:

орындаушылар (ұйымдардың атау септігіндегі атауы, лауазымды тұлғалардың барыс септігіндегі тегі мен аты-жөні);

іс-қимылдың айқын және жан-жақты мазмұны немесе құжатты орындау тәртібі мен сипаты;

орындау мерзімі (қажет болған кезде);

басшының қолы толық жазылуымен (атының бірінші әрпі мен тегі);

датасы (күні, айы, жылы);

құжаттың нөмірі;

төменгі жақта, сызықтың астында – қарардың қай құжатқа қатысы, сондай-ақ осы құжаттың датасы мен нөмірі.

32. Басқарма бастығы өз орынбасарларына, басқарма бөлімшелеріне, , барлығына бірдей, тапсырмалар береді және қарарлар жазады.

33. Егер тапсырма бірнеше орындаушыға берілсе, онда жиынтықтың және құжатты орындаудың кімде қалатыны міндетті түрде көрсетіледі. Егер мұндай белгі болмаса, жиынтық және құжатты орындау деректері бірінші болып көрсетілген орындаушыда қалады. Бүкіл тапсырманың уақытында орындалуына қарарда көрсетілген барлық қызметкерлер бірдей жауап береді.


Құжатты орындағаннан кейін бөлімнің тиісті қызметкері оны бақылаудан алу туралы белгі қою үшін аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді.

Құжатты бір бөлімшеден екіншісіне беру тек құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы қол қоюмен жүргізіледі.

Барлық қайта тапсырулар мен қарарлар бақылаудан алынбағанша «Жүйенің» тіркеу-бақылау карточкасы бақылауда тұратын болады.

34. «Жүйеде» қарардың немесе қайта тапсырудың орындау мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін уәкілетті тұлға қарардың немесе қайта тапсырудың тиісті карточкасына мынадай деректерді енгізеді:

құжатты орындаудың ұзартылған датасы;

құжатты қайта тапсыру жөніндегі барлық мәліметтер;

құжатты орындау датасын ұзартқан адамның лауазымы мен тегі.

35. Басқарма бөлімдері келіп түсетін хат-хабарлардың сипаты мен сапасын жүйелі түрде талдайды, оның әрі қарай өтуін белгілейді, өз құзыреті шегінде қойылған мәселелерді шешеді, құжатайналымын қысқарту шараларын қабылдайды.

36. Құжат дайындау кезінде мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауларын жазуда Үлгі ережелерді, осы Регламентті, сондай-ақ өзге де актілерді басшылыққа ала отырып, бірізділікті сақтаған жөн.

Шығыс хаттары, әдетте, екі данада әзірленеді және қол қойылады, екінші данасында осы құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мен басшысының визалары виза қою датасын көрсетумен болуы тиіс. Құжат мәтіні А4 және А5 форматындағы бланкіде «Times New Roman» 14-қаріппен бір жоларалық интервал арқылы басылады. (Қазақстан Республикасының Президентіне «Arial» 16-қаріппен бір жоларалық интервал арқылы басылады). Соңғы бетінде төменгі сол жағында немесе беттің артқы жағында орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі көрсетіледі. Барлық деректемелер басылуы тиіс. Түзетулер мен тазаруға жол берілмейді. Электрондық құжаттың мазмұны мен деректемелері қағаз құжатпен бірдей болуға тиіс. Жекелеген жағдайларда (кестелерді, қосымшаларды, орындаушы туралы белгілерді, ескертулер мен т.б. ресімдеу) қаріп мөлшері мен жоларалық интервал басқадай болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жолданатын ақпараттар мен өзге құжаттардың көлемі 3 беттен, ірі мәселелер бойынша 5 беттен аспауы тиіс. Құжаттардың мәтіні айқын, дәйекті, қысқаша баяндалуы тиіс.

Қызметтік құжаттар белгіленген үлгідегі бланкілерде басылуы тиіс. Аппарат ішінде хат жазысу кезінде бланкілер пайдаланылмайды.

37. Құжатты лауазымды адамға жіберген кезде адресаттың атауы атау септігінде, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септігінде жазылады.

Құжатта төрттен артық мекенжай болмауы тиіс. Құжатты төрттен артық мекенжайға жіберген кезде тарату көрсеткіші жасалады және әр көшірмеде бір ғана мекенжай көрсетіледі. Құжат жіберілетін адресат жалпылай белгіленуі мүмкін (мысалы: қалалар мен аудандар әкімдеріне).

38. Дайындалатын құжатқа қысқаша тақырып беріледі (егер мәтінде 10-нан артық жол болса). Құжат мәтінінің тақырыбы құжаттың сол жақ жиегінен бері, жартылай қалың қаріппен, сөз тасымалысыз ресімделеді және әр жолда 35 белгіден артық белгі болмау қажет. Құжат мәтіні 10 жолдан кем болған, сондай-ақ А5 форматындағы бланкіде орындалған құжатқа тақырып берілмейді.

39. Шығыс құжатты дайындаған орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі, әдетте, құжаттың төменгі сол жағына, не болмаса құжаттың соңғы парағының артқы жағына орналасады (мысалы: орын. А.А. Қалиев, тел. 26-42-42).

40. Шығыс құжатта толық немесе қысқартылған түрде (мысалы: 2008 жылғы 20 тамыз немесе 20.01.04 ж.) келтірілген датасы (күн, ай, жыл) және тіркеу нөмірі болуы тиіс. Датаны қысқартып жазу анықтамаларға, баянжазбаларға және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттарға қол қойылғаннан кейін беріледі.

41. Құжаттың шығыс нөмірі мынадай үлгімен қойылады: алдымен аппараттың оны дайындаған құрылымдық бөлімшесінің индексі көрсетіледі, одан кейін бөлшек белгісі арқылы шығыс құжаттың реттік нөмірі (мысалы: 1/2075) көрсетіледі.

42. Телеграфтық, телефакстық хат жазысу тек шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша жүргізіледі. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы хат-хабарлармен бірдей жүргізіледі.

Телефон-факс, электрондық почта арқылы жіберілетін құжаттар адресатқа қосымша почта немесе фельдъегерлік байланыспен жолданады.

43. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінен айналып өтіп құжаттарды жіберуге тыйым салынады. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде шығыс құжаттарды жіберер алдында олардың ресімделуінің дұрыстығы тексеріледі. Дұрыс ресімделмеген құжаттар түзеу үшін қайтарылады.

Жіберуге тапсырылған құжатта дұрыс көрсетілмеген мекенжай бойынша құжаттарды таратуға орындаушы жауап береді. Құжаттарды факсимильдік байланыспен жіберген кезде орындаушы адресаттың факсимильдік байланыс аппаратының дәл нөмірін көрсетуі, түпнұсқасын құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсыруы тиіс.

48. Барлық шығыс хат-хабарлар Жүйеде тіркеледі, тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі.

  1   2   3

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconШығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – бұл экономикалық саясатты...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған операциялық жоспары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconШығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Клох, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен 2012 жылғы 11 қазандағы №19-02-28/3018-квр...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconҚазақстан-венгр экономикалық ынтымақтастық
Комиссияның Қазақстан бөлігіне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі – Бақыт СҰлтанов мырза басшылық...
Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Новая система государственного планирования, ориентированного на результаты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница