Қаулысы постановление правительства республики к азахстан




Скачать 59.39 Kb.
НазваниеҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
Дата конвертации06.02.2016
Размер59.39 Kb.
ТипДокументы
источникftp://217.113.0.204/ftp/Aram flash/DETECTIVES/Rybakov/rybakov_anatolii_deti_arbata.rtf









ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ


ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ

К


АЗАХСТАН




201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 201 года







данасы экз. №







Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 532-құжат.):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:

4-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;

7-тармақ алынып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Сертификат алуға сертификаттаудың жалпы мерзімі сертификаттау жүргізуге өтінім ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Сертификат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген сертификаттаудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімде бас тарту себебі көрсетіле отырып дәлелді жауап беріледі.»;

көрсетілген Қағидада 2-қосымшада:

1-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

3-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.»;

2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінім берілген күнінен бастап және көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау жүзеге асырылады.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі тексеру бөлімшесінің штат санына байланысты:

1) 251 адамнан және одан жоғары – алымды төлеу күні қолданылатын 235 айлық есептік көрсеткішті;

2) 201 адамнан 250 адамға дейін – алымды төлеу күні қолданылатын 224 айлық есептік көрсеткішті;

3) 151 адамнан 200 адамға дейін – алымды төлеу күні қолданылатын 213 айлық есептік көрсеткішті;

4) 101 адамнан 150 адамға дейін – алымды төлеу күні қолданылатын 202 айлық есептік көрсеткішті;

5) 51 адамнан 100 адамға дейін – алымды төлеу күні қолданылатын 191 айлық есептік көрсеткішті;

6) 50 адамға дейін – алымды төлеу күні қолданылатын 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;

11-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға арналған өтінімді ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.»;

үшінші бөлік алынып тасталсын;

21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.».

2. Осы қаулының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын және 1-тармағының 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов

Похожие:

Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және Қытай Халық Республикасы...
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconҚаулысы постановление правительства республики казахстан
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года №986 «Об Антикоррупционной стратегии Республики...
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года №1114 Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики об охране качества вод трансграничных рек
Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года №1114
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2002 года n 1099 о внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнение
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconN 666 о внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года n 1037
Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года n 1037 "О лицензировании экспорта и импорта товаров...
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня
Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2002 года N
Признать утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан согласно приложению
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconПрограмма развития
Республике Казахстан»; Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года №302 «План мероприятий Правительства...
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconПостановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 февраля 2002 года n 815 "О реорганизации государственного учреждения...
Қаулысы постановление правительства республики к азахстан iconЦена за единицу измерения (в руб.)
Постановление Правительства №1013 от 13. 08. 1997 г.) или декларации о соответствии (Постановление Правительства РФ №766 от 07. 07....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница