Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру




Скачать 70.36 Kb.
НазваниеСу объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру
Дата конвертации06.02.2016
Размер70.36 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://arka-ajari.kz/public/uploads/21_08_2012/5.doc
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы «3» маусымдағы

№ 607 қаулысымен

бекітілген


«Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан
әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде;

  1. көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

  2. қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы облыстардың жергілікті атқарушы органдары шешімінің және (немесе) конкурс нәтижесі туралы конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде берілген облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен конкурстың жеңімпазы арасындағы су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы қағаз түріндегі шарт.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысуға еркін нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған көшірмелер):

су объектісін пайдаланудың мәлімделген мақсаттарына сай материалдық-техникалық базаның болуы;

қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, үш және одан да көп жылдарға арналған жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау іс-шараларын жүргізуді, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін абаттандыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда);

конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам уақытқа созылған мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі), анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеуге тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған соңғы қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы (егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін);

үш айдан астам уақытқа (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден аз берешектің бар екені туралы конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бұрын бір ай ішінде берілген тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;

  1. мыналардың нотариалды расталған көшірмелері:

жарғы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтаманың түпнұсқасы;

* Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт және салық төлеушінің куәлігі;

4) инвестициялардың қысқаша негіздемесі бар конкурсқа қатысушының су объектісін пайдалануға қатысты ниеті;

5) мыналар:

жергілікті өкілді органдар белгілеген шарттарда жалпы су пайдалану құқығын сақтау;

су қорғаудың іс-шараларын жүзеге асыру;

оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумақтарында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтау жөніндегі міндеттемелерін қамтиды.

Конкурстық өтінім беттері нөмірленіп, тігілген күйінде беріледі, соңғы бетіне қол қойылады және мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырылады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



10. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не облыстың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың жергілікті атқарушы органының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар



12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.eco.gov.kz. интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған.

13 Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.eco.gov.kz. интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) орналасқан.

Похожие:

Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру icon«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру»
«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру iconСу объектілерін конкурстық негізде оқшауланған
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру iconКонкурстық негізде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының негізгі талаптары туралы жадынама
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру iconКонкурстық құжаттамаға
Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни...
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру icon«Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік...
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру iconКепілдік заты туралы шарт ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі кепілдікке пәтер қабылдағанда
Сатып алу-сату шарты, немесе жекешелендіру шарты, немесе заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік, немесе...
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру iconОрта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және...
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру icon«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»
Клиент), негізінде әрекет етуші (заңды тұлға құрмаған кәсіпкердің мәртебесін дәлелдейтін құжат көрсетіледі/лицензияның деректемелері...
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру iconҚазақстаннан қанша қолма-қол ақша алып шығуға болады?
Ш долларынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын немесе ұлттық валютаны алып кіру немесе алып шығу Қазақстан Республикасының...
Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру iconАзаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш берушiге азаматтық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница