Скачать 61.72 Kb.
|
Ф КГМУ 4/3-04/01 ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г. Қарағанды мемлекеттік медицина университетіХимия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасыДӘРІС Тақырыбы: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі. Фармацияның басқарылуы және экономикасы пәні 051103- Фармация мамандығы 4 курс 1сағат уақыт (ұзақтығы)Қарағанды 2010ж . Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген25.05. 2010ж. № __10__ ХаттамаКафедра меңгерушісі, б.ғ.к. ________________ Лосева И.В. Тақырыбы: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі. Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру. Дәрістің жоспары:
Әр дәріхананың қаржылық – шаруашылық әрекетінің айлық, маусымдық және жылдық нәтижелері сәйкес құжаттармен бекітілген барлық шаруашылық және қаржылық операциялар түрінде көрсетіледі. Бекітілген мерзімде жоғары тұрған ұйымға есеп беріледі. Берілетін есептің уақыттылы және сапалы болуына дәріхана меңгерушісі мен есепші жұмыскерлер жауапты болады. Есепке қажетті құжаттар мен анықтамалардың тізімін жоғары тұрған ұйым бекітеді. Есеп белгілі бір периодта дәріхана әрекетін сипаттайтын бір – бірімен байланысты көрсеткіштерді білдіреді, сондықтан дәріхананың барлық жақтарын нақты басқаруда оның маңызы зор. Есептілік келесі талаптарға сай болу керек:
Құрылу уақыттарына қарай жылдық және ағымдағы есеп болады. Оның әрқайсысы көрсеткіштерінің көлемі мен мөлшерімен ерекшелінеді. Дәріхананың айлық есебін екі экземплярда бекітілген қосымша құжаттарымен бірге орталықтандырылған бухгалтерияға бекітілген мерзімде жіберіп отыру қажет. Тексеріліп бекітелгеннен кейін есептің екінші экземпляры дәріханаға қайтарылады. Дәріхана есебіне № АП – 72 түріне енгізілген кестелерден басқа келесі мәліметтер кіреді:
Тауарлық есеп тауар, қосымша материалдар, ыдыс, отын, дәрілік шикізат және т.б. материалдық құндылықтардың қозғалысын көрсетеді. Дәріхананың айлық есебінде сонымен қатар ұсақ бөлшектік желілердегі айлық табыс пен тауар қозғалысы көрсетіледі. Есеппен бірге толық шаруашылық есепте тұрмайтын дәріханалар қосымша жоғары тұрған ұйымдарға көрсетілген мерзімде келесі түрдегі статистикалық есепті берулері керек:
Толық шаруашылық есептегі дәріханалар бухгалтерлік есептің аяқталған жүйесін жүргізеді, сондықтан маусымдық және жылдық баланстық есептер құрып, өз әрекеттерінің нәтижелерін шығарады. Есеп - бұл ұйымды басқару үшін сыртқы ортаның ақпаратын қайта өңдеу және жеткізуді қалыптастыру туралы динамикалық жүйе. Есептің келесі түрлері бар:
Жеделдетілген (оперативті) есеп өндіріс жұмыс орындарында іске асырылады (бөлім, жұмыс орны), сондықтан оның мағлұматы ұйым ішінде шектеледі. Оперативті есеп көрсеткіштері күнделікті ағымды жетекшілік ету және ұйымды басқару үшін қолданылады (тауарларды қабылдау және тарату есебі, материалдық қор болуы, жұмысқа келуі және т.б.). Статистикалық есеп, немесе статистика, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экономика облысында массалық сипатқа ие құбылыстарды оқытады. Статистикалық есеп оперативті және бухгалтердік есеп көрсеткіштерін қолданады. Бухгалтерлік есеп- бұл ұйымның шаруашылық қызметінің құжат негізінде жаппай, үздіксіз, бір-бірімен тығыз байланысқан сипаты. «Жаппай» сипатында шаруашылық қызметтің барлық заттарының міндетті есебі, өндірістік қордың барлық түрлері, шығын, қаражат және т.б. түсіндіріледі. Жүйедегі шаруашылық қызметті сипаттау үшін, есеп өлшемінің үш түрін қолданады:
Есептің негізгі бір ережесі: құжатсыз- жазылым жоқ! Бухгалтерлік құжат – бұл кез-келген материалдық жеткізуші (тәртіп бойынша, жазбаша куәлік), шаруашылық операцияларды дәлелдеу және оларды орындауға құқық береді. Бухгалтерлік есеп және бақылау үшін қажетті құжаттарды құрастыру міндеті жүктелген ұйым жұмысшылары олардың сапасыз безендірілуіне, бухгалтерияға жеткізілу кешіктірілсе, көрсеткіштері дәлелсіз болуына жауапты болады. Бірінші құжат мәтініне және сандық көрсеткіштеріне және бухгалтерлік есеп тіркеуде айтылмай қалған жөндеулер жіберілмейді. Кассалық және банктік құжаттарда жөндеулер рұқсат етілмейді. Біріншілік құжат есебіне қабылданған ақпарат жиналады және жиынтық жоспарында жүйеленеді- бухгалтерлік есеп регистрінде. Сыртқы түрі бойынша есеп регистрі карточка, жинақ қағазы, кітаптар болып бөлінеді; ал мазмұны бойынша- аналитикалық есеп регистрі, синтетикалық есеп регистрі, аралас регистр болып бөлінеді. Карточкалар негізгі заттарды (тізімге алу карточкалары), материалдық құнды заттарды сақтау орны бойынша (материалдар есеп карточкалары) аналитикалық есеп үшін арналған. Жинақ қағаздары- есеп регистрлерінің үлкейтілген форматы, көп мағлұмат санымен (карточкамен салыстырғанда). Олар синтетикалық және аналитикалық есепке арналған немесе аралас регистр рөлін атқарады. Оларға ордер-журналдар, ведомосттар жатады. Кітаптар өзіндік суреті мен форматы бар кітапша қағаздары. Ұйымдарда міндетті түрде кассалық және бас кітапшасы болады (синтетикалық есеп регистрі). Белгілі бір уақыт ішінде жүргізілген шаруашылық операциялар туралы ақпараттар, бухгалтерлік есеп регистрінен топтасқан түрде бухгалтерлік есеп беруге кіреді. Біріншілік есеп құжаттары тек түсініктеме алу органдары, алдын-ала іздестіру және прокуратура, сот, салық инспекциясы және салық полициясы қаулысының негізі бойынша алуға болады. Ұйым жетекшісі есеп құжаттары, бухгалтерлік есеп регистрі, бухгалтерлік есеп беру құжаттарының сақталуының ұйымдастырылуына жауапкершілікті өз мойнына алады. Иллюстрациялы материалдар: плакат. Әдебиеттер:
Бақылау сұрақтары:
|
![]() | Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану... | ![]() | Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г Тақырыбы: «Балалардағы гипер- және гипогликемия синдромы. Эндокринологияда мейірибкелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері» |
![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері» | ![]() | Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Тақырыбы: Асқазан-ішек жолының зақымдалу синдромы. Өңеш атрезиясы, туа пайда болған қысқа өңеш, пилоростеноз, ішектің мекониймен... |
![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)» | ![]() | Ф кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика |
![]() | Ф кгму 4 /3- 04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Мысалы, ағылшын-саксон тілді елдерде "Саяси ғылым", Францияда "Саяси әлеуметтану", Испанияда "Саясаттану" және т б атауларды ұнатады.... | ![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау |
![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г ... | ![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Мақсаты: Студенттерді ұтымды тамақтану негізімен, тамақтық рационның сәйкестілігі түсінігімен, тамақтанудың сандық және сапалық сипатымен... |