Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат




НазваниеМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
страница1/5
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.69 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/196/Zhospardyn oryndalu barysy turaly akparat 1 zhartyzhyld
  1   2   3   4   5




Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған

Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы

жиынтық ақпарат


Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспары (бұдан әрі - Кешендi жоспар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен қабылданған. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 14 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен, көрсетілген қаулымен бекітілген Кешенді жоспарды осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазу бөлігінде өзгеріс енгізілген.

Кешенді жоспарға енгізілген өзгерістер ұзақ мерзімдік кезеңде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының халқын жұмыспен қамту мәселелерін, сондай-ақ қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың бірінші кезектегі мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған.

Қаланың монобағыттылығын және тұрғындардың шамадан тыс қоныстануын ескере отырып, қаланың жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қалыптастыруға және артық еңбек ресурстарын жаңа құрылып жатқан өндірістерге бағыттаумен, облыстың өсу нүктелеріне тарата орналастыруға басымдық жасалынған.

Осы мақсатта, бұл шараларға қол жеткізу ірі инвестициялық жобаларды - Ақтау қаласында жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын, Құрық кентінде жағалау инфрақұрылым объектілерін, «Кендірлі» курорттық аймағының объектілерін іске қосу, Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асырумен өзара байланыстыра отырып, қаланың жұмысқа қабылетті халқын даярлау және қайта даярлау есебінен жүзеге асырылатын болады.

Кешенді жоспар Жаңаөзен қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту бөлігінде абаттандыру бойынша, жаңа шағын аудандарда электрмен қамтамасыз ету объектілерінің, кәріздік-тазарту құрылысын, Жаңаөзен қаласы халқының аса мұқтаж бөлігі және бюджеттік ұйымдары қызметкерлері үшін 200 пәтерлік коммуналдық (жалдамалы) екі тұрғын үйдің құрылысын, Теңге және Қызылсай ауылдарында ауыз сумен қамту жүйесінің, Жаңаөзен қаласына іргелес жатқан елді мекендердің аяқалмаған учаскелерінің инженерлік желілерінің құрылысын, суық суды есептегіш құралдарын қондыру және орнату, көшелерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру жүйесінің құрылысы салу және қайта жаңғырту, 3000 орынға арналған орталық стадионды күрделі жөндеу секілді және тағы басқа да абаттандыру бойынша жаңа жобалармен толықтырылған.

Көзделген шараларды іске асыру Жаңаөзен қаласына көші-қон салмағын төмендетуді, қаланың көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді, және тұтастай алғанда, жалпы өңірдің дамуына оң мультипликативті әсер етуі мүмкін.

Тұтастай алғанда, Жаңаөзен қаласын дамытудың түзетілген Кешенді жоспарын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден, басқа да көздерден құны 46,0 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 31,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 6,9 млрд. теңге, басқа көздерден -7,6 млрд. теңге қаржыландыру қарастырылған, немесе алдындағы жоспарға қарағанда (38,6 млрд. теңге) 7,4 млрд. теңге өсім болды, оның ішінде 2012 жылға құны 14,8 млрд. теңге, немесе 8,2 млрд. теңге өсіммен қаражаттар қарастырылған.

Жаңартылған Жоспарға әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысын салу бойынша облыс әкімі ұсынған барлық жобалар енгізілген. Бұдан басқа, олардың барлығы 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті құрастыру кезінде толықтай ескерілді.

Қажетті қосымша қаражаттар 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде және 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында қарастырылды. 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бұрын бюджетте қаралмаған қосымша 4,2 млрд. теңге сомасындағы қаражаттар қарастырылды.

(Анықтама: 2012-2014 жылдарға арналған бекітілген республикалық бюджетте 8,6 млрд. теңге көлемінде қаражаттар қарастырылған, оның ішінде 2012 жылға – 4,4 млрд. теңге).

Жаңаөзен қаласының бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешу мақсатында, жаңартылған Кешенді жоспарда бұрынырақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша артқы мерзімге жоспарланған жобаларды іске асыру мерзімін ауыстыру қарастырылған.

2012 жылғы бірінші жартыжылдығында, мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің тапсырмаларына сәйкес, Жанаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар тарапынан Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе жаңартылған Кешенді жоспарды іске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Кешенді жоспар бойынша барлығы 110 іс-шаралар, оның ішінде 2012 жылы орындау мерзімімен – 38 іс-шаралар, 2012-2020 жылдары орындау мерзімімен – 36 іс-шаралар, оның ішінде есептік мерзімге орындау мерзімімен (а.ж. I және II тоқсан) – 15 іс-шара қарастырылған. Мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мәліметтерінің негізінде 2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Кешендi жоспардың іс-шараларының орындалуы келесідей көрініс табады:

1.1. тармақ. Жаңаөзен қаласы тұрғындары санының тұрақтылығын 2011 жылғы деңгейде сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн қабылдау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, IIМ, орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 1 шілдедегі № 04-20-807 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 1-11-64/6854 ақпараттары бойынша, Маңғыстау облысының Ішкі істер Департаменті Миграциялық полиция басқармасы тарапынан роеспубликаға, оның ішінде Жанаөзен қаласына заңсыз келіп жатқан азаматтарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңаөзен қаласына салмақ түсетін миграциялық жүктемені азайту мақсатында, облыстың барлық қалалық ІІБ-не, дәлірек айтқанда Жаңаөзен қаласының ІІБ-не шетелдіктердің, оның ішінде этникалық қазақтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Жаңаөзен қаласына келуі мен тұрақты тұруына шектеу кою туралы тапсырмалар берілді. Шетелдіктердің, оның ішінде этникалық қазақтар мен азаматтағы жоқ тұлғалардың Жаңаөзен қаласында тұрақты тұруына рұқсат беру 2010 жылдан бастап толықтай тоқтатылды. Маңғыстау облысының өзге қалалары мен аудандарына тұрақты тұруға рұқсат беріледі.

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ІІД КПБ бөлімшелері облыс аумағында, оның ішінде Жаңаөзен қаласында барлығы 7 рейдтік жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді, нәтижесінде облыс бойынша миграциялық және өзге де заңнаманы бұзудың 3994, оның ішінде Жаңаөзен қаласы бойынша 839 деректері анықталды. Сот шешімімен облыс бойынша 93, оның ішінде Жаңаөзен қаласынан 1 шетелдік Қазақстан Республикасының шегінен аластатылды.

1.2. тармақ. Кейiннен тұрғындар санын оңтайландыруды ескере отырып, Жаңаөзен қаласының Бас жоспарын әзiрлеу (орындауға жауапты – ҚТҮКШІА, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жылғы IV тоқсан)

Маңғыстау облысы әкімдігінің және Құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы істері бойынша Агентігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 01-5-09-1/8246 ақпараты бойынша, халық санын кейіннен оңтайландыруды есепке ала отырып, Жаңаөзен қаласының Бас жоспарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 30,0 млн. теңге көзделген. Қазіргі кезде Жаңаөзен қаласының Бас жоспары жөндеуге қайтарылды және халық санын оңтайландыру бөлігінде түзетілуде. Бас жоспарды бекіту 2012 жылғы ІV тоқсанға жоспарланған. А.ж. наурызда Агенттік тарапынан Жанаөзен қаласының Бас Жоспарын әзірлеу барысы мәселесі бойынша Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен кеңес өткізілді.

2.1.1. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» ӨФ «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ дербес заңды тұлға ретінде жер қойнауын пайдалану құқығымен қайта құру (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы ІІ тоқсан)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 2012 жылғы 10-шілдеегі № 110-26/4089 және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның 2012 жылғы 16-маусымдағы № 58-28/3735 ақпараттарына сәйкес, «Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамы 2012 жылғы 1-шілдеден бастап өз алдына қызмет атқарады. «Өзенмұнайгаз» АҚ Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Жаңаөзен қ. Әділет басқармасында тіркелген. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2012 жылғы 25 ақпандағы №649-1943-07-АО куәлігі бар. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның «Өзенмұнайгаз» филиалының өндірістік бөлімшесінің барлық жұмыскерлері толық құрамда «Өзенмұнайгаз» АҚ-на ауыстырылды. «Өзенмұнайгаз» АҚ-на Өзен және Қарамандыбас кең орындарының мұнайын өндіруге келісім қайта рәсімделді, «Өзенмұнайгаз» АҚ-да басқару органдары қалыптастырылды, бюджет және сатып алу жоспары бекітілді, бухгалтерлік, салықтық және басқа да тіркеу және есептік жүйелері қалыптастырылды.

2.1.2. тармақ. Жұмыс орындарын сақтау мақсатында «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның кен орындарында мұнай өндiру деңгейiн жылына 5,8 млн. тоннадан кемiтпей ұстап тұруды қамтамасыз ету (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі –2012 - 2020 жылдар)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның ақпараттары бойынша, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның 2012 жылға бекітілген бюджетінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесі бойынша мұнай өндіру 5,8 млн. тонна көлемінде қарастырылған. А.ж. 6 айында мұнай өндіру 2,826,9 мың тонна жоспарланса, іс жүзінде 2 466,9 мың тоннаны құрады (жоспардан 87,3%).

А.ж. маусым айында мұнай өндіру жоспарының орындалмауы ҰТЖ және ҰКЖ өндіргіш және айдауыш қор ұңғымаларының ұзағырақ тұрып қалуына және жер асты жабдықтарының тоқтап қалуынан және жөндеуаралық кезеңнің төмендігінен ҰТЖ мен ҰКЖ-ны күтуге байланысты болды. Сондай-ақ, жоспардың орындалуына ауа райы жағдайлврының себебінен (нөсер жауындар) электр энергиясының авариялық ажыратылуларының жиілеуі теріс әсерін тигізді, олар ұңғымалардың кеміткіш қорының ұлғаюына әкелді.

2.1.5. тармақ. Жаңаөзен қаласында мұнай кәсiпшiлiгi жабдықтарына маманданған жөндеу-механикалық өндiрiсін құру және ұйымдастыру (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 - 2013 жылдар)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ақпараты бойынша, бұл жоба іске асыру сатысында.

2.1.6. тармақ. Ақтау қаласындағы «КРІ» АҚ базасында шағын МӨЗ салу мәселесін пысықтау («КРІ» АҚ дайындаған АПМЗ өндірістік қызметінің стратегиялық дамуы мен әртараптандыруы және инвестициялардың негізделуінің ТЭН-інің нәтижелерін алынғаннан кейін) (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2012 жылғы І тоқсаны)

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ақпараты бойынша, 2011 жылғы 28 сәуірде «Омскнефтехимпроект» ААҚ-мен (бұдан әрі – ОМХЖ) «Ақтау пластикалық массалар зауытының өндірістік қызметін дамыту және әртараптандыру стратегиясы» жобасына ТЭН әзірлеуге Шарт жасасты.

ОНХП ТЭН әзірлеу барысында «KPI» АҚ базасында өндірістік қызметті дамытудың алты нұсқасы, соның ішінде шағын МӨЗ құрылысы қарастырылды.

2011 жылғы желтоқсан айынан бастап ОМХЖ тарапынан ТЭН нәтижелерін мемлекеттік органдарда келістіру рәсімдері басталды, Ақтау қаласында жобаның ҚОӘБ Өкілдігі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Мемсанэпидқадағалау ММ-нің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы алынды.

Алайда, ҚР ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Жайық-Каспий экология департаментінің Маңғыстау облыстық филиалы ТЭН және ҚОӘБ материалдарын қарай келіп, жобаланатын шағын МӨЗ-дің өнімділігін азайтуды жүзеге асыруды немесе жобаланатын МӨЗ-ді қазіргі Маңғыстау-2, Маңғыстау-3, Маңғыстау-4 тұрғын үй кешендерінен неғұрлым алыстатылған, жаңа алаңға көшіру туралы мәселе қарауды талап етумен мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысын берді. Шағын МӨЗ-дің ТЭН әзірлеудің нәтижелері негізгі нұсқалары бойынша жобанң жоғары капиталдық сыйымдылығын көрсетті, ал қаржы-экономикалық бағалаудың нәтижелері болжамдалатын инвестициялық шығындардың, соның ішінде шағын өнімді МӨЗ экономикалық тиімділігінің төмен екендігін анықтады.

Қазіргі уақытта шағын МӨЗ жобасын іске асыру мүмкіндігіне әсер ететін жоғарыда көрсетілген факторларды ескере отырып, 2012 жылғы 25 мамырдағы «KPI» АҚ Басқармасының мәжілісінде АЗПМ өндірістік қызметін әртараптандыруды және мұнай-химия мен мұнай өңдеу бағыттары бойынша АЗПМ өндірістьік қызметін қалпына келтіруді әзірлеу және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жүргізудің мақсатқа сай келмейтіндігі туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні ОМХЖ ТЭН нәтижелерін «Мемсараптама» РМК қарауына енгізуді жоспарлауда.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, «Омскнефтехимпроект» ААҚ әзірлеген жобаның ТЭН қазіргі кезде мемлекеттік органдарда келісілуде. Жобаны қарджыландыру «KPI» АҚ меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ. ҚМГ ғылыми-техникалық кеңесінде «KPI» АҚ-ның ұсынысы жобаның ТЭН-ін әзірлеу нәтижелері қаралғаннан кейін, осы өндірісті салудың орындылығы және мамандықтар бөлінісінде қажетті персонал саны айқындалмақ.

2.1.7. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы өндіруші кәсіпорындардың өнімдерін, жұмыстарын және қызметтерін сатып алудың қарастырылған басымдық құқықтарының Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» ӨФ қажеттіліктеріне арналған материалдық-техникалық ресурстарын сатып алу жөніндегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізу (орындауға жауапты – «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы ІІ -тоқсан)

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2012 жылғы 27 маусымдағы № 09-1-20-09/3308 ақпараты бойынша, а.ж. 18 мамырында «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен сатып алу Ережесі , жаңа редакцияда бекітілді. Сатып алу Ережесінің 17 тармағына сәйкес, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тиісті талаптарына Жаңаөзен қаласының кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуда басымдықты құқықтары көзделген.

Сондай-ақ, Сатып алу Ережесінің 38 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, тендерлік құжаттамаларда тендерде қатысуға Жаңаөзен қаласының кәсіпорындары ғана қатыса алатындығына жол берілетіндігі қарастырылуы мүмкін (Ереженің 17 тармағының төртінші абзацында көрсетілген жағдай туындағада, бұл талап міндетті).

Жоғарыдағылардың негізінде, «Самұрық-Қазына» АҚ-ы осы іс-шараны бақылаудан алып тастауды мақсатқа лайықты деп пайымдайды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» ақпараты бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алу Ережесі жаңа редакцияда «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді (бұдан әрі – Ереже), онда «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның Жаңаөзен қаласының кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуда басымдықты құқықтары көзделген.

Сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Самұрық-Қазына АҚ адресіне Самұрық-Қазына АҚ-ның тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алу Ережесінің жобасында өңірдің кәсіпорындарына қаламен шектелмей, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның орналасқан жері бойынша басымдықты тәртіппен сатып алуға қатысуға мүмкіндік беретін редакциясын қалдыруды ұсынып, 2012 жылғы 23 мамырда № 101-34/3029 хат жолдады.

Осы ұсыныстар Жаңаөзен қаласы кәсіпорындарының ғана емес, бүкіл өңірдің тіршілік қызметі көбінесе «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қажеттіліктеріне байланысты болғандықтан жіберілді. Атап айтқанда Шетпе, Сенек, Теңге, Қызылсай, Үштаған және басқалары сияқты елді мекендердің кәсіпорындары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тапсырыстарын орындауға бағытталған.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат iconМаңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiндегi 2009 2012 жылдарға арналған кешендi жоспарды бекiту туралы

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат icon«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат iconЖос-пар бойынша № Іс-шараның атауы
Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат iconЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы
Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат iconАқсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
Ақсу қаласын тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
Бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді....
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат iconШығыс Қазақстан облысының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат icon2012 жылғы 16 мамырдағы №325 Қаулысы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница