М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары




НазваниеМ. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары
страница1/7
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.06 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/574_artikhbaev_j.o._sabdanbekova_a.a._elemesov_a.kh.
  1   2   3   4   5   6   7



ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №1 (71). 2009


Раздел 2 - ФИНАНСОВЫЙ РЫНОК


М.Ж. Арзаева


Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары


Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы дәрежелі өркениетті нарықта экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыруды бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру арқылы жүргізуге болады. Сондықтан салықтық жоспарлауды теориялық тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.

Жалпы алғанда салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру.

Салықтық жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.

Салықтық жоспарлауға негіз болып мемлекеттің салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының негізгі даму бағыттарын ескеру; кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша белгіленген барлық салық жеңілдіктерін толық және дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық және инвестициялық жеңілдіктерді алу мүмкіндігін бағалау, т.б. тәрізді факторлар танылады.

Салықтық жоспарлау жедел (оперативті), бақылау, жоспарлау тәрізді функцияларды атқарады.Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық және стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады (1-сызба).

Қарастыратын мәселесінің маңыздылығына және шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы қызметінің соңғы нәтижесіне салықтардың тигізетін әсеріне байланысты салықтық жоспарлау стратегиялық және жедел (оперативті) кезеңдерді қамтиды.

Салықтық жоспарлаудың негізгі элементтері:

  • кәсіпорынды тиімді басқару стратегиясын жасау және іске асыру;

  • есеп саясаты;

  • есеп беру мен бухгалтерлік есептің дұрыс жасалуы;

  • салықтық жоспарлау сызбасы;

  • салықтық күнтізбе;

  • міндеттемелердің нақты орындалуы.

Әр деңгейдегі салық түсімдерінің бюджетке түсу сомасын жоспарлау және болжау барысында 3 маңызды белгі жіктеледі:

  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы өзара позитивті тұстарда бөлшектеп жіктеу;

  • салық жүйесінің қаржы-шаруашылық қызметке әсер ету деңгейін білу мақсатында бюджет-салық қатынастары жүйесінде факторлық талдау жүргізу;

  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы экономикалық,қаржылық, салықтық қатынастардың пайда болу ықтималдығын алдын-ала бағалау.

Статистикалық зерттеу жүргізген кезде келесідей әдістер қолданылады:

  • Регрессивті және корреляциялық әдістер салық қызметінің жұмысын көрсететін өзгермелі шама тобының өзара байланыс орнату үшін қажет;

  • Имитациялық әдіс маркетингтік ситуацияға әсер ететін өзгермелі шамалар жай аналитикалық шешімге келмеген кезде қолданылады.

  • Көпжақты әдістер, бірінші кезекте факторлы және кластерлі анализ. Олар өзара көп, өзара байланысты өзгермелі шамалар негізіндегі шешімдерін шешу үшін пайдаланады.


1-сызба

Салықтық жоспарлаудың құрылымы





  • Шешім қабылдаудағы статистиканың теориясымен пайда болған әдістер оларға ойын теория әдісі, жалпы қызмет көрсету теориясы, стохастикалық бағдарламалау әдісі жатады.

  • Детерминирленген әдістер: сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау. Бұл әдістер статистик, анализдердің бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезеңде салықтық ғылым бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемін жоспарлауға немесе болжауға арналған арнайы әдістер мен тәсілдерді жасаған жоқ, сондықтан да нақты тәжірибеде барлық ТМД елдерінде жалпы экономикаға тән белгілі тәсілдер қолданады. Олар мысалы баланстық әдіс, эксперттік бағалау әдісі, регрессивтік және корреляциялық әдістер, трендтік әдістер, имитациялық әдістер, эконометрикалық әдістер және т.б.

- Баланстық немесе нормативтік әдіс- бұл әдісте жоспарлау негізгі болып ұлттық шоттарға негізделген, мемлекет жағынан қатаң белгілер мен нормативтер белгіленеді. Ол нормативтер облыстық салықтық потенция негізінде есептеледі. Әдетте тәжірибеде мемлекет яғни салық органдары төменгі нормативтерді белгілеуге ұмтылады. Оның себебі осы нормативтер негізінде жасалған жоспар артығымен орындалуын көздеуінде.

- Трендтік әдіс графикаға негізделеді. Яғни салық органдарының графикалық мүмкіндіктері жақсы компьютерлік техникалық базасының болуын талап етеді. Қазіргі кезеңде ҚР–ның салық комитеттерінің компьютерлік техникалық жабдықталуы толық көлемде емес, сондықтан да трендтік және одан да күрделі әдістер ірі мегаполистерде және экономикалық мүмкіндігі жоғары облыстық салық комитеттерінде ғана қолданылады. Трендтік әдіс белгілі бір салық бойынша оның түсімдерінің тарихи динамикасына байланысты жасалады.

- Трендтік әдістің жалпы формуласы.


Y(t)=f(х)+e

У- болжанушы салық

t- уақыт көлемі

f- функция

х- болжанушы көрсеткішті анықтаушы база

е- ауытқу

- Эконометрикалық тәсіл-бұл тәсілді салықтық тәжірибеде құрылымдық экономикалық модельдер деп атайды.

Құрылымдық экономикалық модельдер жалпы түрде былай жазылады:


Уt=βо+β1xt1+β2xt2+xt+Ut


Уt- модельденуші немесе болжанушы

Βо, β1,Β2- модель параметрі

xt1,xt2- анықтаушы айнымалылар

Құрылымдық экономикалық моделдер трендтік әдістерге қарағанда дәлірек болжаулар береді. Себебі мұнда бір ғана анықтаушы емес, бірнеше айнымалалар қолданылады. Салықтарды болжауда бұл әдістің нәтижелілігі салыққа әсер етуші факторлардың мүмкіндігінше көп түрін таңдап алу арқылы көрінеді.

R2- параметрлердің дұрыс анықталғанын көрсететін көрсеткіш. tR2<1(→1)

DW- Дарвин Уотсон көрсеткіші моделдің дәлдігін, корреляция дұрыстығын дәлелдейтін көрсеткіш. Бұл көрсеткіштің мөлшері неғұрлым 2 санына жақын болған сайын модель дұрыстығы дәлелденеді.

- сараптамалық бағалау әдісі - бұл әдіске сай салықтың болжамды бірнеше арнайы бөлімдері бар. Мамандар шешімі негізгі алынады. Мұнда компьютерлік терминде емес арнайы білімі бар мамандардың қабылдаған шешімдері негізгі алынады. Оң жақтарына келетін болсақ ең алдымен бұл 1-ден әр салық түрінің спийификасының ескерілуі, 2-ден сәйкес салықтық потенциал мүмкіндігінің және базасының ескерілуі. Шешім қабылдаушы мамандарының білімдерінің болуы. Ал теріс жақтарына келетін болсақ, 1-ден көп шығынды қажет етеді, 2-ден көп жұмысты қажет етеді, 3-ден көп уақытты қажет етеді. Қаланатын көрсеткішті объективті көрсеткішке теңестіру мүмкіндігінің жоғары болуы.

Уақытша тренд – анализделетін көрсеткіш динамикасында өспелі, кемімелі тенденция болып табылады. Трендтік модел көмегімен экономикалық процесс көрсеткіштерін болжау оның өзгеретін құрылымы есебінсіз болжау болып табылады. Құрылым өзгерімінің есебі агрегаттанған t ауыспалы арқылы көрсетіледі. Экономикалық процесс көрсеткіштерін болжаудың бұл әдісі функция арқылы аналитикалық көрінісін іздеуден тұрады. Экономикалық процес көрсеткіштерін шешу келесі этаптардан тұрады:

  • модельденетін ауыспалы уақыттық қатарлар анализі

  • тренд функциясын көрсету үшін қажетті әдістерді таңдау және математикалық алғышартты қолыптастыру.

  • трендтерді болжау

Уақытша трендті моделдеу үшін екі факторлы регрессия қолданылады;

Уақытша трендтің сызықтық моделі келесідей түрде болады:


Y=α+β+t+ε


t – уақыттың ауыспалы шамасы.

α – теңдеудің бос мүшесі

β – уақыт өсіне түзу сызықтық бұрышының тангенсі

ε – моделдің кездейсоқ мүшесі.

Қажетті түзу сызықты таңдау ең аз квадраттар әдісі арқылы жүзеге асады. Ең аз квадрат әдісі көмегімен α , β шамаларын анықтауға болады.

Микродеңгейде салық салуды оңтайландыру, нақты бір қызмет түріне қатысты немесе белгілі бір ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатысты салықтарды азайтудың жекелеген схемаларын әзірлеу салық төлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Салықты жоспарлаудан үнемделген қаражатты сіз өз бизнесіңізді дамытуға қоса аласыз. Ол үшін кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанын нақтылауға, оның тіркеу орнын таңдап, ұйымдастыру құрылымын әзірлеуге алдын-ала ақыл тоқтата отырып кіріскен тиімді болады. Демек салықтық жоспарлау бизнесті ұйымдастыру сатысында тиімдірек болып келеді.


Әдебиеттер




  1. Сергеев А.Ф.,Галкин А.Ф. и др. Налоговое планирование.Москва 2007.

  2. Сидорова Е.Ю. Налоговое планирование.Курс лекций.Москва,2006


В данной статье рассматриваются теоретические основы и классификация налогового планирования и их взаимосвязь.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconТақырып. Болжау мен жоспарлаудың ғылыми негіздері
Болжау мен жоспарлаудың мемлекеттік функциясы мен шаруашылық субъектілері ретінде
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары icon1 АҚша ағымдарын жоспарлаудың теориялық негіздері
Кіріспе
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconСалықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері және түрлері
Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары icon1. Нарық жағдайында еңбек ақыны төлеудің теориялық негіздері
Жшс “ПолимерМеталл-Т” кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconТапсырмаларға арналған уақыт бюджеті пәннің СӨЖ берілген уақыт бюджетіне сәйкес әзірлеген. Дәрістік, тәжірибелік және семинарлық сабақтарға дайындалу үшін теориялық материалды өздік түрде зерттеу үшін тапсырмалар
Пәнді оқыту барысында студенттердің өздік жұмысының мақсаты салықтық есептің, есептіліктің негіздері, ұйымның салықтық есептік саясатын...
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconСписок книг, поступивших в библиотеку Казну им аль-Фараби
Ермекбаева, Б. Ж. Салықтық жоспарлау және бақылау: оқу құралы / Баян Жүндібайқызы Ермекбаева, Майя Жеткергенқызы Арзаева; әл-Фараби...
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconБюджетаралық Қатынастардағы салықТЫҚ реттеудің ролі мен маңызы
Барлық деңгейдегі бюджеттердің кіріс базасын қалыптастырудағы салықтардың рөлі басым болады. Сондықтан аумақтар бойынша және әр түрлі...
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconМухитдинов рашид сражович
Диуан луғат әт-турк және араб лексикографиясы: тарихи негіздері мен теориялық принциптері
М. Ж. Арзаева Салықтық жоспарлаудың теориялық негіздері мен нысандары iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Химиялық термодинамика мен биоэнергетиканың теориялық негіздері, термодинамиканың заңдары туралы түсінікті қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница