1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері




Название1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
страница1/10
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nitec.kz/transport/images/stories/npa/130211_pravila_perevozok_passaj_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


Ақпараттандыру туралы


Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану мен қорғаудың, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың құқықтық негiздерiн белгілейді.


1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері


1-тарау. Жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандыру – адам еңбегiнің нысандарын алмастыру, үдерістердің өнiмдiлiгi мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты құру, іздеу, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, тарату, бейнелеу, пайдалану және тұтыну үшiн ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

2) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін оңтайландыру мен автоматтандырудың ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үдерiсі;

3) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, автоматтандырылған функциялар, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, электрондық қызметтер;

4) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

5) ақпараттандыру субъектілері – ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;

6) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құруға, материалдық және материалдық емес активтер түрінде заттық нәтижелер алуға бағытталған қызмет;

7) ақпараттық жүйе – ақпаратты құруға, iздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және тұтынуға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

8) ақпараттық жүйелерді интеграциялау – Қазақстан Республикасында қолданылатын стандартты деректерді жіберу хаттамалары негізінде екі және одан да көп ақпараттық жүйелердің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін желіаралық байланысты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

9) Ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі – ақпараттық жүйелерді тіркеу есебінің тізбесін және олардың сипаттамасын қамтитын ақпараттық жүйе;

10) ақпараттық жүйелердің сыныптауышы – белгілі бір көрсеткіштер мен сипаттамаларға сәйкес қалыптасқан ақпараттық жүйелердің сыныптамалық топтарының жүйелі тізбесі;

11) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасын, сервистік бағдарламалық өнімді аттестаттау – ақпараттық жүйе, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасы, сервистік бағдарламалық өнім қорғалуының нақты жай-күйін және олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар;

12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – есептеу техникасы, коммуникациялық жабдық құралдарының, деректер беру арналары мен ақпараттық жүйелердің, коммутация және ақпараттық ағындарды (объектілерді) басқару құралдарының жиынтығы;

13) ақпараттық-коммуникациялық қызмет – есептеу ресурстарын жалдау және орналастыру, бағдарламалық қамтылымды пайдалануға беру жөніндегі қызметтердің, сонымен қатар аталған қызметтердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерінің жиынтығы;

14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – ақпаратты пайдаланушылардың мүддесінде оны құруды, іздеуді, жинауды, өңдеуді, жинақтауды, сақтауды, таратуды, бейнелеуді, пайдалануды және тұтынуды қамтамасыз ететін технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, өндірістік үдерістердің және аппараттық-бағдарламалық кешендердің жиынтығы;

15) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат – электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қолданылатын ұйымдастырушылық-техникалық қағидалар мен нормалардың жинағы;

16) ақпараттық қауіпсіздік – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

17) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген құрамдастарының тиiсiнше жұмыс iстеуiне қауіп төндiретiн және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiру, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын, олардың жұмысында жеке немесе сериялы түрде туындайтын оқыс оқиға;

18) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;

19) аса маңызды ақпараттандыру объектілері – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы төтенше жағдайларға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, жекелеген шаруашылық салалары, не Қазақстан Республикасының инфрақұрылымы үшін, не тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін ұзақ уақыт кезеңіне айтарлықтай жағымсыз салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;

20) ашық деректердің интернет-порталы – мемлекеттің еркін пайдалану мен тарату үшін ашатын, машинамен оқылатын түрде берілген жалпыға қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстарды жариялауға арналған интернет-портал;

21) ашық бастапқы коды бар еркін бағдарламалық қамтылым – өзіне қатысты құқық иеленуші пайдаланушыға өтеусіз және шексіз орнату, іске қосу, пайдалану, зерделеу, тарату және дамыту құқығын беретін бағдарламалық өнімдер;

22) бағдарламалық қамтылым – бағдарламалар кешенінің, соның ішінде қолданылған лицензиялық бағдарламалық өнімдердің және осы бағдарламаларды іске асыруға қажетті техникалық құжаттаманың жиынтығы;

23) бағдарламалық өнiм – техникалық құжаттама белгілеген жүйелік талаптарға сәйкес көзделген мақсаттар үшін оның әзірлеушілерінен тәуелсіз түрде пайдалануға болатын дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтылымның бөлігі;

24) домендiк атау – Интернет желiсiнiң адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк мекенжайға сәйкес келетiн және Интернет желiсiнiң объектiсiне атаулы жолданымға арналған нышандық (әрiптiк-цифрлық) белгi;

25) жергілікті желі – басқа телекоммуникация желілеріне қосу нүктесіне дейін тұйық инфрақұрылымы бар және ақпаратты жіберуді, сақтауды және өңдеуді, ресурстарды үлестіруді және аумақтық шектелген кеңістіктегі (үй-жай, ғимарат, кәсіпорын) желілік бағдарламаларға ортақ қол жеткізуді ұйымдастыруын қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі;

26) Интернет желісі – деректерді берудің жаһандық желісі;

27) интернет-ресурс (веб-сайт) – Интернет желісінде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сонымен қатар ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;

28) интернет-портал – бірегей электрондық мекенжайы (желілік немесе домендік атауы) бар өзара байланысқан интернет-ресурстарының жиынтығы;

29) компьютерлік сауаттылық – адамның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен бағдарламаларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіби қызметінде пайдалана білуі;

30) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi мекемеаралық комиссиясы – ақпараттандыру, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және оның ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеп шығаруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган;

31) Қазақстан Республикасының депозитке беру объектілерінің тізілімі – депозитке беру объектілері туралы тізбені және мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

32) мемлекеттік органдар үшін Интернет жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – Интернет желісіне және (немесе) Интернет желісіне шыға алатын ақпараттық желілерге, байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде мемлекеттік органдардың телекоммуникация желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;

33) мемлекеттік органдардың құрылысы – мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарланған жай-күйінің толық сипаттамасын, сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін «электрондық үкіметтің» функциялары, деректері және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы арасындағы өзара тәуелділіктер мен өзара байланыстарды оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды анықтайтын мемлекеттік органның құрылысына өту жоспарын қамтитын құжаттардың жиынытығы;

34) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

35) нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектілерін әзірлеуге, құруға және пайдалануға, сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға жалпы міндеттерді, қағидаттар мен қағидаларды айқындайтын құжаттар жиынтығы;

36) пайдаланушы – қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды енгізу және алу үшiн ақпараттық жүйені пайдаланатын субъект;

37) сервистік интегратор – мемлекеттік функцияларды, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды ұйымдастыру және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету жүктелген, қатысу үлесінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімі бойынша құрылатын акционерлік қоғам;

38) телекоммуникация желілерінің мониторинг жүйесі – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, коммуникациялық жабдықтардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;

39) техникалық қолдау - бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімді әзірлеушілерге ақпараттық жүйелерде бар функционалды қолдау бойынша консультациялық және технологиялық қызметтер көрсету;

40) техникалық құжаттама - бағдарламалық қамтылымның, ақпараттық жүйенің, ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің техникалық тапсырмасын, сипаттамасын, пайдалану және өзге де құжаттамасын қамтитын құжаттамалар жиынтығы;

41) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық-сандық нысанда ұсынылған және ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат;

42) электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге, ақпараттық-коммуникациялық қызметке қолжетімділік – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық қызметті пайдалану мүмкіндігі;

43) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау – ақпаратты алу, көшiрмені түсiру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттердi қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды сақтауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiн іске асыру;

44) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенiң, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның иеленушісі – меншік иесі электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды иелену және пайдалану құқықтарын заңда немесе шартта айқындалған шекте және тәртіппен ұсынған субъект;

45) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенiң, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқықтары заңды негізде тиесілі субъект;

46) «электрондық әкiмдiк» – жергiлiктi атқарушы органдардың басқарушылық үдерістерінің барлық жиынтығын автоматтандыруға негізделген және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған жергiлiктi мемлекеттік билік органдарының, жеке және заңды тұлғалардың электрондық өзара іс-қимыл жүйесі;

47) «электрондық әкімдіктің» үлгілік құрылысы – мемлекеттік ақпараттық жүйелер қызметінің үлгілік үдерістерін, тізбесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның құрамдастарына қойылатын техникалық талаптарды, сондай-ақ осы құрамдастарды енгізу үдерістерін сипаттауға бағытталған іс-шаралардың үлгілік жоспарын қамтитын құжаттардың жиынытығы;

48) электрондық қызмет – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;

49) «электрондық үкімет» - мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға негізделген және электрондық қызметтерді көрсетуге арналған орталық мемлекеттік билік органдарының, лауазымдық тұлғалардың және олардың жеке және заңды тұлғалармен электрондық өзара іс-қимыл жүйесі;

50) «электрондық үкімет» құрылысы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыратын ақпараттық жүйелердің тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды оңтайландыру және автоматтандыру кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді іске асырудың анықтамалық үлгілерінің, стандарттардың, қағидалар мен әдістемелердің жиынтығы;

51) «электрондық үкімет» құрылысының анықтамалық үлгісі – сыныпталымдарды және оларды қолдану әдістемелерін қамтитын және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлауға, іске асыруға және оның жүзеге асыруын бақылауға бағытталған ақпараттандыру объектілерін функционалдық сипаттау, жүйелендіру және жіктеу құралы;

52) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасының жұмысын және оның өзге ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

53) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын пайдалану мен дамыту функциялары жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын заңды тұлға;

54) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасы – виртуалдандыру технологияларын және «бұлтты» есептеулерді қолдануға негізделген және мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға арналған технологиялық тұғырнама.

2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Заңның тиісті баптарында айқындалған мағыналарда пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының басқа салаларының ұғымдары, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланатындай мағынада қолданылады.


2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.


3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

1. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

2. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу:

1) заңдылық;

2) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерiн пайдалануға тең құқылығы;

4) жеке өмірге қол сұғылмаушылық;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа, мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзуді қамтамасыз ету және оларды беру міндеттілігі (ашықтық презумпциясы);

6) оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттік органдарға берудің міндетті сипаты белгіленіп, олардың уақтылы берілуі, әділдігі, толықтығы мен анықтығы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу, қалыптастыру мен беру еркiндiгi;

8) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезiнде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау;

10) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етiлуi;

11) ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен оны басқаруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрыңғай стандарттар негiзiнде ақпараттандыру жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуы;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы қағидаттарына негізделген.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconНазвание курса
Есептесу қатынастарын құқықтық реттеу. Несие қатынастарының құқықтық реттеу; Бағалы қағаздармен өткізілетен операцияларды құқықтық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconБілім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Нұрғалиева Г. К., Есжанов А. Е. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconЭкономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconЭкономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Курстың оқу пәні болып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconВалюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi,...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері iconҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін...
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды 2014-2015жж
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының мәжілісінде қаралды
1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері icon5В030100 «Юриспруденция» мамандығы Қарағанды 2014-2015жж
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының мәжілісінде қаралды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница