Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница9/175
Дата конвертации06.02.2016
Размер7.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/ekonomika/avtoreferat/maulenkulova.rtf
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   175

Ақпаратты қорғау жөніндегі бас маман



Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру бойынша басшылық жасайды, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді; ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің өзара байланыста өз міндеттерін орындайды. Құпия мәліметтерді қорғау және құпиялық режимін қамтамасыз ету мақсатында қолда бар барлық ұйымдық және инженерік-техникалық шараларды тиімді қолдануды қамтамасыз ете отырып, экономикалық қызмет түрінде, ұйымда ақпаратты кешенді қорғау бойынша жұмыстарды орындауға басшылық жасайды. Техникалық бақылау құралдарының техникалық саясатын әзірлеуге және даму перспективаларын айқындауға қатысады, мемлекеттік және коммерциялық құпияны құрайтын қызметтік ақпаратқа кіруге жол бермейтін немесе рұқсатсыз кіруді біршама қиындататын техникалық және бағдарламалық-математикалық қорғаныш құралдарын әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады. Бұйымдардың жобаларына арналған техникалық тапсырмаларды, қорғалуға тиіс ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қарауға қатысады, оларға ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттардың талаптарын енгізуді және осы талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ақпарат жүйелерін қорғау жөніндегі ұйымдық және инженерлік-техникалық шараларды жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу үшін ұсыныстар дайындайды. Ақпаратты кешенді қорғау талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз ақпарат технологияларын құру бойынша жұмыстарға қатысады. Ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер негізінде ақпаратты бақылауға және қорғауға байланысты жұмыстардың барлық кешенін (оның ішінде ерекше күрделі) орындайды. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажетті арнайы бұйымдарды (өнімдерді) құруға және өндіруге байланысты зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде ақпарат жария болып қалатын, оның ішінде техникалық арналар бойынша ықтимал арналары туралы материалдарды жинауды және талдауды ұйымдастырады. Ақпаратты қорғау, жобаланған және жүзеге асырылатын ұйымдық-техникалық шешімдердің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде жүргізілетін ұйымдық-техникалық іс-шараларды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуді және қажетті әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Қорғалатын объектілер және қорғалатын мәліметтер туралы қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, ақпаратты қорғау жөнінде әзірленген шаралардың техникалық-экономикалық деңгейін және тиімділігін бағалау бойынша жұмысқа әдістемелік басшылық және бақылау жасауды жүзеге асырады. Ақпарат қорғаудың техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарына, бақылау аппаратурасына деген қажеттілік туралы деректерді қорытындылау, осы құралдарды дайындауға арналған өтінімдерді жасау бойынша жұмысқа басшылық жасайды, оларды алуды және қорғау объектілері арасында бөлуді ұйымдастырады. Ақпараттың тиімділігін арттыру мақсатында озық тәжірибені таратуға және ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы ұйымдық-техникалық шараларын, құралдарын және тәсілдерін ендіруге ықпал жасайды. Ақпаратты қорғауға қатысты мәселелерді шешу кезінде нормативтік-техникалық құжаттама талаптарының орындалуын, жұмыстарды орындаудың белгіленген тәртібінің, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Экономикалық қызмет саласындағы, ұйымдағы ақпаратты қорғау бойынша бөлімшелер мен мамандардың қызметін үйлестіреді. Персоналға құпия ақпаратты қорғау ережелерін оқытуды ұйымдастырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер; экономикалық қызмет түрінің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттар; ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық, және өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және басқа да материалдар; ұйымның және оның бөлімшелерінің даму перспективалары, мамандануы және қызметінің бағыттары; бөлімшелердің зерттеулер мен әзірлемелер процесіндегі өзара іс-қимыл жасау сипаты және қызметтік ақпараттың өту тәртібі; экономикалық қызмет түрінде, ұйымда қолданылып жүрген ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйесі; ақпаратты қорғаудың техникалық және бағдарламалық-математикалық құралдарын дамытудың перспективалары мен бағыттары; қорғалатын мәліметтерді бақылау әдістері мен құралдарын, ақпараттың жария болып қалу арналарын, техникалық барлау ұйымдастыру; ғылыми зерттеулер, әзірлемелер жүргізуді, ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарды орындауды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; арнайы зерттеулер мен тексерулерді, ақпаратты өткізудің, өңдеудің, көрсетудің және сақтаудың техникалық құралдарын қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу шарттарын жасау тәртібі; техникалық барлау және ақпаратты қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелер; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиiстi мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   175

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница