Бас металлург
Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру, қолданылатын технологияларды қалыптастыру мен реттеу бойынша басшылықты жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, бөлімше қызметінің нәтижелері үшін жауап береді. Ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыста өзінің міндеттерін орындайды. Металлургиялық өндірісті технологиялық дайындау бойынша барлық жұмыс кешенінің орындалуын басқарады. Белгіленген ассортиментте және белгілі бір техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен бәсекеге қабілетті өнім шығарудың өндірістік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ете отырып, өндірістің технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Озық отандық және шетелдік үлгілер деңгейінде шығарылатын өнімнің сапасы мен өнімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін прогрессивті, экономикалық және экологиялық негізделген технологиялық процестерді әзірлеу және өндіріске енгізуді ұйымдастырады. Өндірісті технологиялық дайындаудың перспективалы және жедел бағдарламаларын және оларға негіздер мен есептер әзірлеуге қатысады. Жаңа техниканы, өндірістік процестің кешенді механизациясы мен автоматтандыруды енгізуді, жаңа өнім түрлеріне стандарттарды, техникалық жағдайларды және технологияны әзірлеуді ұйымдастырады. Металлургиялық агрегаттардың өндірістік қуатының есебін жасау және жабдықты жүктеу бойынша, негізгі және көмекші материалдардың шығын нормаларын және металлургия өндірісі бойынша басқа да техникалық-экономикалық нормативтерді әзірлеу бойынша жұмысты басқарады. Технологиялық құжаттаманы әзірлеуді басқарады және онымен өндірісті қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Өндірістің, ішкі шаруашылық кооперацияның тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге, негізгі агрегаттар мен жабдықтарына жоспарлы алдын алу және күрделі жөндеу жүргізудің кестесін әзірлеуге, сонымен қатар оларды жөндеуден кейін қабылдауға қатысады. Өндіріс қуатын толық пайдалану мен дамытуды, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, жабдықты пайдалану ережелерін, қауіпсіздік техникасының ережелерін, сонымен қатар шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге қойылатын талаптарды ескере отырып, белгіленген технологиялар мен жұмыс кестесінің қатаң сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді. Агрегаттар мен жабдықтарды реконструкциялау мен жаңартуға техникалық тапсырма жасауды, жаңадан құрылатын және реконструкцияланатын объектілерді іске қосуға дайындықты басқарады және жобалық қуаттың уақтылы игерілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын жасауға, жаңа техниканы, озық технология мен көп еңбекті қажет ететін процесті механикаландыруды енгізуге, қолданыстағы өндірісті техникалық қайта жасақтау мен реконструкциялау бойынша ұйымдастырушылық техникалық іс-шараларына, өндірісті техникалық бақылау әдістерін жетілдіруге, өнімнің сапасын жақсартуға, еңбекті ұйымдастыруға қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қайта әзірленетін технологиялық процестерді және өндіріс режимдерін игеру бойынша зерттемелік және эксперименталды жұмыстарды жүргізуге басшылық етеді. Жабдыққа, металлургиялық өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуына қатысты ұтымды ұсыныстар мен өнер табыстарын қарастырады және оларға қорытынды береді, көрсетілген саладағы озық техникалық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу мен енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Металлургиялық өндірістің технологиялық дайындығын жүзеге асыратын ұйым бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың біліктілігін жоғарлату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, өндірісті технологиялық дайындау бойынша әдістемелік материалдар; ұйымның ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының бағыты, саласы мен ерекшеліктері, оның даму перспективасы; металлургиялық өндірістің және ұйым шығаратын өнімнің технологиясы; ұйымда және экономикалық қызмет түрінде өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру; ұйым жабдығының жұмыс режимі мен өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері; өндірісті технологиялық дайындау тәртібі мен жоспарлау әдістері; шикізатқа, материалдарға, жартылай дайын шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; техникалық есепті жүргізу әдістері; техникалық құжаттаманы әзірлеу мен рәсімдеу бойынша стандарттар, техникалық жағдайлар және басқа да басқарушы материалдар; патенттеу, стандарттау және сертификаттау негіздері; технологиялық процестерді жоспарлау кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастырудың талаптары; өндірісті жобалау мен технологиялық дайындаудың алдынғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек пен басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
|