Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница4/175
Дата конвертации06.02.2016
Размер7.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/ekonomika/avtoreferat/maulenkulova.rtf
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175

Бас диспетчер



Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне басшылық жасайды және олар үшін жауапты болады. Жабдықтауды, көлікті, байланыс пен өткізуді қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшелердің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді; ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыс жасай отырып өзінің міндеттерін орындайды. Ұйымның бірқалыпты жұмысын және өнімді біркелкі шығаруды (қызмет көрсетуді), жұмыстың өндірістің бағдарламасына, шарттық міндеттемелерге, күнтізбелік кестелерге және ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Құрал-жабдықтарды тиімді іске қосуға, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауға ықпал ете отырып, ұйымның негізгі қорын (өндірістік қуатын) барынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды. Жедел өндірістік жоспарлау және диспетчерлеуді ұйымдастырады. Өндірістің барысына және ұйымның басқа да негізгі қызмет түрлеріне тұрақты түрде жедел бақылауды жүзеге асырады, өндірістік процестер барысындағы қалыпты жұмыстың бұзылуының алдын алуға және болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды, осындай жөнсіздікті жою үшін ұйымның қосалқы және басқа да қызметтерін тартады. Ұйым бөлімшелерінің, өндірістік көлік құралдары мен қоймалардың жұмысын үйлестіреді, диспетчерлік мәжілістер өткізеді. Цехтар мен учаскелердің өңірлік бөлімшелерінің қажетті шикізаттармен, материалдармен, конструкциялармен, жиынтықтаушы бұйымдармен, жабдықтармен, сондай-ақ көлікпен және тиеу-түсіру құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылайды. Жіберу топтарының мөлшерін, беру мерзімдері мен қорлардың нормаларын айқындау бойынша нормативтік-жоспарлық есептеулер жүргізуге басшылық етеді. Цехтарда және учаскелерде белгіленген нормативтердің деңгейінде аяқталмаған істердің болуына, өндірістік ағын бойынша бұйымдарды іркіліссіз жылжытуға, дайын өнімді немесе аяқталған жұмысты (қызметті) өткізу кестесінің орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Өндіріс барысына жедел бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлық құжаттарды уақтылы алуды қамтамасыз етеді. Ұйымның өндірістік бөлімшелерінің диспетчерлік қызметтеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Өндірісті жедел басқару саласында отандық және шетелдік озық тәжірибелерді зерделейді, өндірістік жоспарлауды, диспетчерлеуді жетілдіру және өндірістің барысын жедел есепке алу мен бақылау, өндірісті жедел басқарудың техникалық құрал-жабдықтарын енгізу жөнінде іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Ұйым бөлімшелерінің өнім шығарудың (қызмет көрсетудің) өндірістік бағдарламасын орындау жөніндегі жұмыс нәтижелерін қорытындылауға және бағалауға басшылық етеді. Өндірісті мамандандыру және кооперацияландыру, оның тиімділігін арттыруды жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысады. Өнім шығарудың және орындалған жұмыстың есебін жүргізуді, белгіленген есептілікті, бөлімше қызметінің нәтижесіне талдау мен бағалау жүргізуді, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен уақтылығын бақылауды уақтылы қамтамасыз етеді. Диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, еңбек тәртібін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Диспетчерлердің жұмысына басшылық жасайды, бөлімше қызметінің ақпараттық қамтамасыз етілуін бақылайды, заманауи техниканы енгізу және ақпараттық технологияны пайдалануға ықпал етеді, олардың диспетчерлік журналдарды және басқа да техникалық құжаттамаларды жүргізуін бақылайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, өндірісті жедел басқару бойынша әдістемелік материалдар, ұйымның бейіні, мамандануы мен құрылымының ерекшелігі, оның даму перспективалары; ұйымның өнім өндіру (қызмет көрсету) технологиясының негіздері, тиісті экономикалық қызмет түріндегі және ұйымдағы өндірісті (қызмет көрсетуді) ұйымдастыру; ұйым шығаратын өнімдердің номенклатурасы, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің түрлері; ұйымның құрал-жабдықтарының өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс режимі, оны пайдалану ережелері; өндірістік жоспарлау тәртібі және әдістері, ұйым бөлімшелерінің мамандануы және аумақтық орналасуы, олардың арасындағы өндірістік байланыстар; өндіріс барысын есепке алу жүйесі мен әдістері; техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылыққа алынатын материалдар; өндірістік қоймалардың, тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; ұйым шығаратын өнімді жеткізуге қойылатын стандарттар мен техникалық талаптар; өндірісті жедел басқару саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және диспетчердің немесе өндірісті немесе қызметті жедел басқару бойынша басшылық лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница