Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница14/175
Дата конвертации06.02.2016
Размер7.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/ekonomika/avtoreferat/maulenkulova.rtf
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   175

Инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі директор



Лауазымдық міндеттері. Инвесторлармен байланыс аясында ұйымның стратегиялық саясатын қалыптастыруға, жүзеге асыруға және дамытуға басшылықты жүзеге асырады. Инвесторлармен байланыс аясында ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды. Акционерлермен, қаржы сарапшыларымен, мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым қатынастың барлық кешенін жүзеге асыруды, акционерлердің жылдық жиналысын дайындауды және өткізуді жүзеге асырады, осы жұмысты стратегиялық үйлестіруді жүргізеді. Ішкі және сыртқы ақпарат саясатының, ашықтылық (транспаренттілік) саясатының тұжырымдамасын, ақпаратты ашу жүйесін бекітеді. Кешенді бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды дайындауға, ұйым қызметінің келешектегі және ағымдағы жоспарын құрастыруға қатысады. Жылдық есепті дайындау мен келісуді ұйымдастырады. Қор нарығының кәсіпқой қатысушыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және сауда ұйымдарымен, жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасау кезінде өкілеттік қызметін атқарады; инвесторлармен байланыс бойынша ұйым қызметінің әрекеттері мен аспектілеріне түсінік береді және түсіндіреді. Қоғамдық пікірді инвесторлармен байланыс аясындағы ұйымның ішкі және сыртқы саясаты бағдарламалары мен тұжырымдамасын, әрекет ететін жоспарларды түзету мақсатында кешенді зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдайды. Инвестициялық қоғамдастықтың қоғамдық пікірін зерттеудің нәтижелері негізінде ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Инвесторлармен байланыс аясында ұйым қызметінің тиімді көрсеткіштеріне жету үшін бақылауды жүзеге асырады. Ұйымның іскерлік атағына кері әсер ететін ұйым қызметіндегі кемшіліктерді уақытылы жоюды қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған басшылықты, сонымен қатар инвесторлармен байланыс, ақпараттық-жарнама саясаты аясындағы ұйым қызметімен байланысты барлық мәселелер бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын жедел ақпараттандыруды, инвестициялық өнімді, ұйым өнімінің инновациялық түрлерін өткізу бойынша ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша, қызметтің жаңа бағытын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қамтамасыз етеді. Ұйымның қызметінде инвесторлармен байланыс жасау аясында кәсіпқойлық мінез-құлықтың халықаралық қағидалары мен заң нормаларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ұйым қызметінің ұдайы жетілдірілуін инвесторлармен байланыс аясындағы алдынғы қатарлы технологияларды енгізу негізінде қамтамасыз етеді. Инвесторлармен байланыс жасау аясында ұйымның сыртқы саясатын, бірлескен басқарудың сапасын және компанияның әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған ішкі саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына басшылық етеді және үйлестіреді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының инвесторлармен байланыс саласын, инвестиция мәселелері, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мен жарнаманы реттеу мәселелеріне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер; инвесторлармен байланыс жасау аясында кәсіптік және этикалық қағидалар кодексі; бірлесіп басқару кодексі; инвесторлармен байланыс жасау аясындағы сапаның халықаралық стандарттары; ұйымның мақсаты, даму стратегиясы және бизнес-жоспары; бағытын, саласын, өндіріс технологиясын және ұйым құрылымының ерекшеліктері; экономиканың, ұйымның және жалпы аймақтардың инвестициялық мүмкіндігінің жағдайы; қаржы нарығының құрылымы; нарықтың қаржылық институттары; нарық қатысушылары; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредит беру, инвестицияларды және заем құралдарын тарту, бағалы қағаздарды шығару мен сатып алу және өз қаражатын пайдалану тәртібі; ұйымның қызметі туралы объективті ақпарат ұсыну мақсатында қаржы есебін талдау әдістері; ұйым акциясының нарықтағы ағымдағы жағдайы, борыш жағдайы; эмитентті бағалау қаржы-экономикалық өлшемдерін анықтау жүйесі, эмитентті бағалау әдістемесінің негіздері; экономиканың инвестициялық секторында ақпараттық үдерістерді талдау, жоспарлау мен болжау әдістері; инвесторлармен байланыс жасау аясындағы қызметті ынталандыру мен тиімділігіне баға беру әдістері; ақпараттық технологиялар даму бағыты мен келешегі; инвесторлармен байланыс жасау аясындағы озық технологиялар, отандық және шетелдік тәжірибе; келіссөздер жүргізу негіздері; іскерлік қарым-қатынас жасау этикасы; саясаттану, әлеуметтану, психология, инвестициялық маркетинг, инвестициялық менеджмент негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы немесе жоғарғы кәсіптік білімге «Іскерлі әкімшілендіру магистрі» бағдарламасы бойынша қосымша білімі және басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.


1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   175

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница