Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
страница2/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.32 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/pedagogika/avtoreferat/KozibakovaG.rtf
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер

1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатын;

2) осы Заңның 11-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына;

3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға беріледі.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан беріледі.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленедi.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен беріледі.

Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған кезде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылады.

3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.

4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқық беретін лауазымынан босатылған күннен бастап төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы Заңның осы бабының 1 және 3-тармақтарының және 15-бабы 5-тармағының талаптары қолданылады.

 

5-бап. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк

1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен, алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иемдену кезiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

2. Зейнетақы жинақтарының сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:

1) міндетті зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;

3) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;

4) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;

5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтауға қойылатын талаптарды белгілеу;

8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгiлеу;

9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерiн бөлек есепке алуды жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;

10) зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде әртараптандыруға және тәуекелдердi азайтуға қойылатын талаптарды белгiлеу;

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;

12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар алдындағы тұрақты есептілігі;

14) салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;

15) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзiнiң зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру мүмкiндiгiн беру;

16) салымшының (алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;

17) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледi.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi зейнетақымен қамсыздандыру саласында:

1) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекiтедi;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiтедi;

4) судья терiс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшiн қосымша белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекiтедi;

5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiтедi;

6) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;

6-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

6-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекітеді;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;

8) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

7-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi

Орталық атқарушы орган:

1) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;

2) Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерiн жыл сайын арттыру тәртiбiн әзiрлейдi;

3) Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлейдi;

4) толық маусым iшiндегi жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлейдi;

5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн әзiрлейдi және бекітеді;

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн әзiрлейдi;

7) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлейдi;

8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың,...
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес...
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconСалымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабына...
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Заңына”Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына...
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Басқармасының «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын...
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы icon1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен реттеледі
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconҚазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconҚазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат беруді ресімдеу тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат беруді ресімдеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы iconПостановление правительства р еспублики казахстан
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница