«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012




Скачать 305.61 Kb.
Название«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
страница1/3
Дата конвертации06.02.2016
Размер305.61 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.sibfti.sorashn.ru/fileadmin/sibfti/conferen_inform_pisma/kazaxstan_23_24_iulj.doc
  1   2   3
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен

бекітілген




«6М051300 – ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА» мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012


Бағдарлама «6М051300 – Әлемдік экономика»» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған.

Бағдарламаны құрастырушылар: э.ғ.д., проф. Елемесов Р.Е., э.ғ.к., доцент Медуханова Л.А., э.ғ.к., доцент Мырзахметова А.М.


Бағдарлама халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының мәжілісінде қарастырылған.

22.05.2012 ж. Хаттама №35

Кафедра меңгерушісі__________________ Чукубаев Е.С.


Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Протокол №9 от 24.05.2012 г.

24.05.2012 ж. №9 Хаттама

Әдістемелік бюро төрайымы __________________ Кәріпбаева Г.Ә.


Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

25.05. 2012 ж. №10 Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ Шәкіров К.Н.

Ғалым хатшы __________________ Омарова М.А.

Мазмұны

1. Мамандық бойынша оқуға түсер алдындағы емтиханның мақсаттары мен міндеттері


«6М051300 - Әлемдік экономика» мамандығы бойынша оқуға түсер алдындағы емтиханның мақсаттары мен міндеттері – магистратураға түсушілердің экономикалық теория, заманауи әлемдік экномика және халықаралық экономикалық қатынастар салаларындағы жүйелі білімдерін анықтау.

«Экономикалық теория» пәні оқушыларға сұраныс пен ұсыныстың, нарықтық экономиканың қалыптасуы мен жұмыс істеуінің заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы негізгі білім береді және микроэкономика мен макроэкономика бөлімдерінен тұрады.

«Әлемдік экономика» пәні оқушыларға әлемдік экономика туралы, әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларын біріктіретін ерекше экономикалық жүйе ретінде негізгі білім береді. Бұл білімдер әлемдегі шаруашылық үдерістерін жаһандануы жағдайында, әлем елдерінің басым көпшілігінің экономикасы әлемдік шаруашылық үдерістерге еліктіріліп, олардан тым сезімтал болғанда маңызы ерекше зор. Осыған байланысты, әлемдідік экономика саласындағы болашақ мамандар заманауи әлемдік шаруашылықты, оның негізгі субъектілерін және олардың өзара әрекеттесу механизмін, оның қандай заңдылықтармен жұмыс істейтінін және қандай бағытта дамитынын жақсы талдауы керек.

Оқуға түсер алдындағы емтиханның формасы – біріктірілген жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушылар емтихан билетінің сұрақтарына жауаптар парағанда өз жауаптарын жазады, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Аппеляцияға берген жағдайда қарастыруға негіз – жауаптар парағында жазылған жазбаша жазулар болып табылады.


2. «6М051300 - Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсуші тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратура бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білімдері: Шетел тілі, Экономикалық теория, Әлемдік (Халықаралық) экономика болуы керек. «6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

заманауи әлемдік экономиканың құрылымы, субъектілері, заңдылықтары және даму динамикасы туралы; халықаралық экономикалық қатынастардың формалары және ерекшеліктері туралы; халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдардың мақсаттары, қызметтері және негізгі міндеттері туралы; сауда, инвестициялық, валюталық-қаржылық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу туралы түсінігі болуы керек.

әлемдік экономикадағы елдердің қазіргі замандық топтастырмасын; Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен ролін; елдің және оның шаруашылық субъектілерінің халықаралық экономикалық қатынастарға байланысты шығындары мен пайдаларын; жеке елдер мен интеграциялық бірлестіктердің экономкалық саясатын; халықаралық экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін; трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) әлемдік экономикадағы ролін, ТҰК қызметінің әлеуметтік-экономикалық салдарын; кәсіпорындардың (фирмалар мен ұйымдардың) сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру қағидаттарын білуі тиіс;

әлемдік экономика, халықаралық экономикалық қатынастар, микроэкономика, макроэкономика, менеджмент, статистика, қаржылық-банктық пәндер бойынша білімдерін өздерінің тәжірибелерінде қолдана білуі тиіс; өздерінің кәсіби қызметтерінде шетел тілін және заманауи ақпараттық технологияларды белсенді түрде пайдалануы тиіс; шетелдік серіктестермен іскерлік келіссөздер жүргізе білуі тиіс;

халықаралық экономика және бизнес саласындағы ақпаратты жинау, жүйелеу және қорытындылауға; кәсіби қызмет мәселелері бойынша анықтамалар және аналитикалық шолулар дайындауға, мәтіндерді қысқаша мазмұндауға, халықаралық коммерциялық, сыртқы сауда, валюталық, көліктік-кедендік, банкілік, қаржылық және басқа да операцияларды жүзеге асыру бойынша дағдылары болуы керек.


3. Білім бағдарламасының пререквизиттері

Экономикалық теория, Шетел тілі, Әлемдік (Халықаралық) экономика.


4. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Экономикалық теория» пәні


1 Тақырып. Экономикалық теорияның мәні, әдістері және кезеңдері

«Экономика», «экономикалық теория», «саяси экономика» ұғымдарының арақатынасы.

Әртүрлі мектептердің түсінігіндегі экономикалық теория (саяси экономия) пәні. Микроэкономика, макроэкономика, мезоэкономика.

Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар. Адамдардың қажеттіліктері. Игіліктер және олардың түрлері. Шаруашылық қызметі, еңбек үдерісі, еңбек заты, еңбек құралы, еңбек әдістері.

Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. Позитивті және нормативті экономика. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Экономика ғылымының пайда болуы және оның дамуының негізгі кезеңдері. Меркантилизм. Физиократтар. Ағылшын классикалық саяси экономикасы. Марксизм. Маржинализм. Математикалық және тарихи мектептер.

Заманауи экономикалық пікірлердің негізгі бағыттары. Неоклассицизм. Монетаризм. Неолиберализм. Кейнсиандық және неокейнсиандық. Институционализм.


2 Тақырып. Қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері

Қоғамдық өндіріс және ұдайы өндіріс. Өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Өндірігіш күштер және өндірістік қатынастар.

Экономикалық ресурстар және олардың негізгі түрлері. Экономикалық ресурстардың шектеулігі және қажеттіліктердің шексіздігі. Экономикалық жүйенің негізгі мәселелері: «не өндіру», «қалай өндіру», «кім үшін өндіру». Өндірістік мүмкіндіктер қисығы. Экономикалық таңдау. Рационалды экономикалық мінез-құлық.

Қоғамның экономикалық жүйелері. Экономикалық жүйелердің топтастырмасы. Формациялық көзқарас. Өркениеттік көзқарас. Өсу сатыларының теориясы.


3 Тақырып. Экономикалық институттар және нарықтық экономикадағы меншік

Институт ұғымы. Экономикалық институттар және олардың нарықтық шаруашылық жүйесіндегі ролі. Трансакциялық шығындар концепциясы. Институттар және өндіріс тиімділігі. Коуз теоремасы.

Экономикалық және заңды меншік категориялары. Меншік – мүлікке ие болу, пайдалану және билеу құқығы ретінде. Қазіргі замандық қоғамдағы меншік құқықтарының араласуы. Меншік құқықтарын жүзеге асырудың экономикалық формалары.

Меншік формалары. Мемлекеттік меншік. Жеке меншік. Ұжымдық (топтық) меншік. Акционерлік меншік. Зияткерік меншік формасы. Аралас меншік. Меншік қатынастарының интерұлттану үдерісі.


4 Тақырып. Нарық және нарықтық экономика

Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары және олардың моделдері. Натуралды шаруашылық. Шаруашылықтың тауарлық (нарықтық) формасы және оның түрлері.

Тауарлық өндіріс – нарықтық экономиканың негізі ретінде. Нарықтың пайда болуының тарихи шарттары. Нарық және нарықтық экономика ұғымы. Нарықтың ең маңызды қызметтері. Нарықтың «көрінбейтін қолы».

Нарық құрылымы және инфрақұрылымы.

Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері: үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет және олардың ресурстар мен дайын өнім жүйесі арқылы өзара байланысының формалары. Экономикалық ресурстар, дайын өнім мен қызмет көрсетулердің, ақшалай қаражаттың ағымыдарының айналма схемасы.

Нарықтың жүйе құраушы элементтері: тауар және ақша. Игілік және тауар. Тауардың екі қасиеті. Құнды талдауға субъективистік және объективистік көзқарас. Құнның еңбек теориясы. Шекті пайдалылық теориясы.

Айырбастау процесінің дамуы және ақшаның пайда болуы. Ақшаның мәні және қызметі. Ақша формасының дамуы. Ақша айналымының заңы. Ақша жүйелері және олардың дамуы. Қазіргі ақша массасының құрылымы. Алтын демонетизациясы (ақша міндетін атқарудан қалуы).


5 Тақырып. Нарықтық механизм: мәні, элементтері, заңдары

Нарықтық механизм және оның негізгі элементтері. Нарықтық механизм жүйесіндегі бәсеке және монополия. Жетілген және жетілмеген бәсеке.

Сұраныс – экономикалық категория ретінде. Сұраныс және сұраныс көлемі. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың бағалық емес детерминанттары.

Ұсыныс – экономикалық категория ретінде. Ұсыныс және ұсыныс көлемі. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныстың бағалық емес детерминанттары.

Нарықтық тепе-теңдік. Өндірістің тепе-теңдік көлемі. Тепе-теңдік баға. Бағаның мәні және қызметі. А. Маршаллдың баға концепциясы.

Сұраныстың икемділігі түсінігі. Икемділік коэффициенті. Сұраныстың баға бойынша икемділігі және оның түрлері. Икемділік және сатушының түсімі. Сұраныстың баға бойынша икемділігінің факторлары. Сұраныстың баға бойынша тоғыспалы икемділігі, оның мәні және есептеу әдістері. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі. Қалыпты тауарларға және сапасы нашар топ тауарларына табыс бойынша икемділік. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігінің факторлары.


6 Тақырып. Тұтынушыдың мінез-құлығы теориясы

Пайдалылық. Жиынтық пайдалылық. Шекті пайдалылық. Шекті пайдалылықтың кему заңы. Баға және кіріс – тұтынудың негізгі шектеушілері ретінде.

Тұтынушыдың тиімді мінез-құлығының критерийлері. Жиынтық пайдалылықты арттыру. Тұтынушы мінез-құлығының талдауға кардиналистік және ординалистік көзқарас. Бюджеттік шектеу. Талғаусыздық қисықтары, олардың қасиеттері және түрлері. Тұтынушы оптимумы. «Баға-тұтыну» қисығы. Сұраныс функциясынан пайдалылық функциясын шығару. Қалыпты тауарлар және төменгі категориялы тауарлар. Гиффен парадоксы.

Алмасстыру әсері және кіріс әсері (Хикс бойынша және Слуцкий бойынша). «Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель қисықтары.


7 Тақырып. Кәсіпкерлік және оның ұйымдық-құқықтық формалары

Фирма (кәсіпорын) – ресурстарды тұтынушы және дайын өнімді жеткізуші ретінде. Кәсіпкерлік қызметтің мәні және шарттары. Бизнес, кәсіпкерлік қызмет және коммерция: ұқсастықтары және ерекшеліктері.

Кәсіпорынның негізгі ұйымдық-экономикалық формалары: жекеменшік, серіктестіктер (кооперативтер), акционерлік қоғамдар (корпорациялар). Кәсіпорын формаларының әр қайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Өндірістің шоғырлануы. Заманауи нарықтық экономикадағы ірі және шағын фирмалардың ролі, олардың өзара қарым-қатынастарының формасы. Венчурлық капитал.


8 Тақырып. Өндіріс және фирма тәртібі: өндіріс шығындары

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік және экономикалық сипаттамасы. Өндірістің жүктелген (алтернативті) шығындары. Өндірістің айқын және жасырын шығындары. Қалыпты табыс. Орташа табыс. «Табыс» категориясына бухгалтерлік және экономикалық көзқарас.

Өндірістің қысқамерзімдік кезеңі. Өндірістің тұрақты және ауыспалы факторлары. Ауыспалы өндіріс факторының шекті өнімі. Ауыспалы өндіріс факторының шекті өнімінің (өнімділігінің) кему заңы. Жиынтық өнімді арттыру. Шекті және орташа өнім.

Өндірістік функция және оның экономикалық интерпретациясы. Изокванталар және технологиялық алмастыру нормасы.

Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар. Тұрақты, ауспалы, жалпы. Орташа және шекті шығындар.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар. Ұзақ мерзімді шығындар қисығы. Масштабтың жағымды әсері. Масштабтың жағымсыз әсері. Масштабтың бейтарап әсері.


9 Тақырып. Нарық үлгілері: жетілген және жетілмеген бәсеке

Жетілген бәсеке моделі. Табысты арттыру гипотезасы. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңдегі ұсынысы. Өндірушінің қысқа мерзімді кезеңдегі артығы. Фирманың ұзақ мерзімді кезеңдегі ұсынысы.

Жетілген бәсеке және қоғамдық тиімділік. Аллокативті (ресурстарды орналастыру) тиімділік. Өндірістік тиімділік.

Монополия. Монополия және бәсеке. Монополияның жұмыс істеу ерекшеліктері. Бағалық дискриминация. Монополияның шекті табысы және сұраныстың икемділігі. Монополия және қоғам. Аллокативті және өндірістік тиімділіктің болмауы. Табиғи монополия. Табиғи монополияның қоғамға пайдалылығы. Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу әдістері.

Монополистік бәсеке моделі. Өнімді саралаудың және жарнаманы мәні. Фирманың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдердегі тепе-теңдігі. Монополистік бәсеке және қоғамдық тиімділік.

Олигополия. Олигополистік фирма тәртібінің ерекшеліктері. Олигополия моделдері. Сөз байласу үлгісі. Сұраныстың сынық қисық үлгісі. Дж. Робинсонның жетілмеген бәсеке теориясы. Чемберлиннің олигополия теориясы. Олигополия және қоғамдық тиімділік.


10 Тақырып. Еңбек нарығы

Еңбек нарығы және оның ерекшелігі. Еңбек – жұмысшының жұмыс күші функциясы ретінде. Жалақы – экономикалық ресурсты пайдаланғаны үшін төлем ретінде. Жеке фирма тарапынан еңбекке сұраныс және еңбекке нарықтық сұраныс.

Жеке жұмысшының еңбек ұсынысы және еңбектің нарықтық ұсынысы. Жеке жұмысшының бос уақытқа және еңбек ұсынысына сұранысы. Бос уақыт пен жұмыс арасындағы уақытты бөлу моделі.

Еңбек нарығындағы монопсония және оның жұмыспен қамтылу және еңбекақы деңгейіне әсері. Кәсіподақтар және олардың жұмыспен қамтылу, жалақы және еңбек өнімділігі деңгейіне әсері.

Баға мен табыстардың мемлекеттік саясаты. Жалақының ең төмен деңгейін белгілеу және бұл шараның нәтижелілігі. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты.


11 Тақырып. Капитал және бағалы қағаздар нарығы

Капитал және оның экономикалық сипаты. Капиталдың дәстүрлі және заманауи түсінігі. Капитал – өндіріс факторы және ерекше тауар ретінде. Капитал-меншік және капитал-функция. Капитал – қор концепциясы ретінде.

Капиталға сұраныс және капитал ұсынысы. Пайыз – тауар-капитал бағасы ретінде. Пайыздың тепе-теңдік мөлшері. Пайыз мөлшерін анықтайтын факторлар.

Негізгі және айналымды капитал. Амортизация. Капиталдың физикалық және сапалық тозуы.

Бағалы қағаздар нарығы – капитал қозғалысы механизмі ретінде. Бағалы қағаздардың мәні және олардың түрлері. Қарыздық және үлестік бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мүшелері. Қор биржасы және оның қызметі.


12 Тақырып. Жер нарығы

Жерге меншіктік монополиясы және жерге монополия – шаруашылық объектісі ретінде. Жер нарығы және жер «қызметі» нарығы. Жерді жалдау.

Жер учаскелерінің өнімділігі. Жердің жалпы шектілігі және соның ішінде ең сапалы учаскелердің шектеулігі. Жер ұсынысының икемсіздігі. Жер нарығындағы тепе-теңдік. Жер рентасы және жер бағасы.

Дифференциалды және абсолютті жер рентасы. Монополиялық рента.

  1   2   3

Похожие:

«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012

«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M021200– ТҮркітану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М021200 – Түркітану: филология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconАлматы 2012
«Философия» мамандығына түсушілерге арналған мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М011000 – физика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «050110 –Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М051100 маркетинг» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051100 Маркетинг» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар...
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М075000 метрология» мамандығы бойынша
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М060700 биология» мамандығы бойынша
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М051600 – Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051600 халықаралық журналистика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған....
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М051600 – Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051600 халықаралық журналистика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған....
«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M021000 – Шетел филологиясы: шығыс тілдері» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6M021000 – Шетел филологиясы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница