1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі




Название1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
страница7/17
меков З Ш
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazeu.kz/files/sport/We_are_proud_of_you,_Erden!.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Түйін


Бұл тақырыпта жұмыс күші мәселелері қарастырылып, оның әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы берілді. Еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылу дәрежесі, әсіресе қазіргі кезеңдегі, экономика құрылымы мен салалары бойынша жұмыс күштерін қайта бөлу тетігінің әсері өте маңызды проблема болып саналады.

Еңбек нарығы теориясы мен еңбек нарығының тетігін талдауда тұжырымдамалық көзқарастар белгілі қызы-ғушылық тудырады (еңбек нарығының классикалық моделі, неоклассикалық моделі, кейнсиандық моделі, монетаристік моделі)

Жұмыссыздық нысандары, оның түрлері, Оукен заңы және жұмыссыздықты реттеу мәселелері толық көрсетілген.


Негізгі терминдер:

Еңбек ресурстары. Жұмыс күші. Жұмыспен қамтылу. Жұмыссыздық

Циклдік жұмыссыздық Жұмыссыздың деңгейі Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі Жұмыссыздықтың инфляциялық деңгейі Жұмыссыздықтан сақтандыру Жұмыссыздықты күту Оукен заңы

• Фрикциондық жұмыссыздык Құрылымдык жұмыссыздық..

• Жұмыссыз жастарға;

• 30-дан асқан және 45-тен жоғары жастағы жұмыссыздарға;

• Ғылымды көп қажетсінетін салаларға мамандар дайындау т.с.с

Бұдан басқа да, жұмыссыздарға арналған арнайы клубтар жұмыс істейді, онда кеңестер, ұсыныстар беріледі, жұмысқа қабылдау тестілерінен өтеді, бос орындар іздесуге көмектеседі, тегін кеңсе жабдықтарын және жұмыс іздеуге телефондар береді.

Дамыған елдер жұмыссыздарға материалдық жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмектер береді. Оны алу үшін негізгі жұмыста істеген мерзімі талап етіледі немесе қоғамдық жұмыс (науқастарды, кәрілерді, мүгедектерді күтіп бағу, қаланы кеңейту т.с.с) істеуі тиіс. Жәрдемақы алу үшін табысқа қарай сақтандыру жарнамасын төлеу қажет. Жәрдемақы төлеу мерзімдері қатаң шектелген. Мәселен, АҚШ-та жәрдемақы алудың ең шекті мерзімі 26-30 апта, Жапонияда - 40 апта, Германияда - 104 апта.

Кейбір дамыған елдерде жұмыссыздық жәрдем-ақысымен қатар қосымша жәрдемақылар төленеді, олар "мүқтаждықты" тексергеннен кейін ғана беріледі, яғни отбасы құрамы, еңбек қызметі, жұмыс істеген мерзімі және аясы, мемлекеттік марапаттаулары т.б.

Сонымен, жұмыссыздықтың болуы халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелерін тудырады, оған XX ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл дүние жүзі айрықша көңіл бөледі. Нарықтық жүйе жұмыс күшінің тұрақты жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Сондықтан мемлекет халықтың табыс деңгейінің, олардың жалпы көлемінің 50%-дан асуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік корғау жүйесін құрады.

Әлеуметтік қорғау алғаш рет 1883 жылы Германияда, 1911 жылы Англияда, 1935 жылы АҚШ-та пайда болды. Ол Скандинавия елдерін ерекше табысқа жеткізді.


Практикум.

а) Мысалы, Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады ма;

в) еңбек нарығының тепе-теңдігінде жұмыссыздық мүмкін бе?;

с) егер өндірістің нақты көлемі әлеуеттіге тең болса, онда экономикада жұмыссыздық бар ма, жоқ па?

е) егер инфляция деңгейі төмендесе, онда баға қандай күйде болады?

2. Сіз университетке түскен күні өзіңіздің жолдасыңызға 5000 теңге қарызға бердіңіз делік. Сіз екеуіңізде пайыздың нақты ставкасы нөл болады деп күтесіз. Берешек қайтару университетті аяқтаған соң пайыздық тіркелген номинал бойынша жүргізілуі тиіс. Егер оқу кезеңінде (4 жыл) инфляция сіз күткеннен төмен болса, онда кім ұтады, кім ұтылады?

3. Халық саны - 100 млн. адам құрайды, соның 24 млн. адамы - 16 жасқа дейінгі балалар мен ұзақ уақыт оқшаулауда болған адамдар (жүйке ауруымен ауыратындар ауруханада, түрмеде болғандар); 30 млн адам жұмыс күші құрамынан шыққандар; 4 млн. 600 мың адам жұмыссыздар; 1 млн. адам - толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтіндер, жұмыскерлер және жұмыс іздеушілер.

Есептеңіз:

а) жұмыс күші өлшемін;

б) жұмыссыздық деңгейін;

4. Мынадай ақпарат бар: жұмыспен қамтылғандар саны — 90 млн. адам, жұмыссыздар саны - 10 млн. адам:

а) жұмыссыздық деңгейін есептеңіз

б) бір айдан соң 90 млн. адамнан 1 млн. адам жұмыстан босатылды, ал тіркелген жұмыссыздардың қатарынан 1 млн. адам жұмыс іздеуді тоқтатты.

в) жұмыспен қамтылғандар санын;

г) жұмыссыздар санын және жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.

5. Бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысқан уақытша жұмыс іздеушілер саны жылына орта есеппен 20 млн. адам құрады және олардың әрқайсысы еңбек нарығында


Мұны Сіз білуге тиіссіз

1. Жалақының мәнін түсіне білу; еңбек бағасы немесе жүмыс күші күнының бағасы; олардың арасындағы айырмашылық.

2. Енбек нарығы дегеніміз не және онда тепе-теңдікке қалай жетеді? Ұлттық еңбек нарықтарының ерекшеліктері.

3. Қазіргі кезеңдегі жұмыспен толык камтылу түсінігі

4. Жүмыссыздықтың түрлері мен құрылымын айыра білу және оның қазіргі көрінісін талдау.

5. Халықты әлеуметтік корғау қажеттілігінің пайда болу себептерін түсіндіру. Халықты кімнен және неден қорғау қажет?

6. Өз республикаңның әлеуметтік қорғау жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін және тарихи тәжірибесін дәлелдей білу.


Тестілер

1. Келесі үйғарымдар дұрыс па?

а) 16 және одан жоғары жастағылар жүмыспен қамтылғандарға немесе жұмыссыздар катарына жата ма?

б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі әрдайым тұрақты ма?

Ь) Жұмыссыздықты күту өлшемінде есепке алынады;

с) енді жұмыс күші кұрамында есепке алынбайды

ё) ең төмен жалақы түрінде жәрдемақы алады


2. Аталғандардың қайсысы дұрыс емес:

а) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кысқа мерзімде; салыстырмалы тұрақты және ұзақ мерзімді уақытта өзгереді

б фрикциондық, құрылымдық және циклдік жұмыссыздықты қамтиды

с) егер жұмыссыздық деңгейі тең болса, нақты ЖҮӨ әлеуеттілігіне тең

ё) өлшемнің өзгеруі экономика құрылымындағы ығысуларды тудырады

е) ең төмен жалақының көтерілуі АІКІІ ұзақмерзімді уақытта ұлғаю факторы болып табылады.

3. Жұмыссыздық мынадай кезде пайда болады:

а) ең төмен жалақы жуық арада көбейетіні белгілі болса

б) жұмыссыздық жөнінде мол сақтандыру енгізілсе;

с) жұмысшылар уакытша ауа-райы жағдайына қарай босатылса

е) нақты жалақы тепе-теңдік деңгейінен асқанда

е) орта есеппен бір ай болды, фрикциондық жұмыссыздық көлемін есептеңіз

4. Осы жылы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - 5%, ал нақты деңгейі - 9% құрады делік. Оукен заңын пайдаланып, ЖҮӨ артта қалу өлшемін пайызбен анықтаңыз.

7 Тақырып.

КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ

АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ


    1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы

7.2. Негізгі және айналыс капиталы

7.3. Негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуы

    1. Негізгі айналмалы қорлар




    1. Кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы

Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игілктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз.

Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бip жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.

Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

I сатысы П сатысы Ш сатысы

ЖК

А-Т …Ө… Т11

ҚЖ


Мұнда:

А – ақша қаражаты;

Т – тауар;

ЖК – жұмысшы күші;

ҚЖ – құрал-жабдық;

Ө - өндіріс процесі;

Т1- дайын өнім;

А1 – сатылған өнімнен алынған ақша қаражаты


Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бip функцияны атқарады:

А-Т - біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;

Ө - екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады; кәсіпкер сатып алған тауарларын өндірісте қолданады. Ол тауар шығарушы ретінде әрекет етеді. Оның капиталы өндіріс процесін іске асырады. Нәтижесінде оның шығарған тауары үлкен құнға айналады, өндіріс элементінің құнына қарағанда нүктелер процесінен өндіріс процесінің қозғалысын анықтайды.

Т11 үшінші сатысында дайын өнім шығарылады, оны сату арқылы табыс алынды.

Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.

Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды.

Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).

Томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал деп айтады.

Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.

Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды.

Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) - негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты -шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бip бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

Материалдық тозу деп - құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:

1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,

2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.

Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.

Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістің айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналыс қорлары - өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

Олардың құны өндірілген өнімге толығымен ауысады. Айналым қорларының негізгі элементтері - еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады.

Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бip уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Похожие:

1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon«Экономикалық теория» пәні бойынша 1- тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен рөлі
Р мемлекет менгшігінен алу және жекешелендіруге байланысты меншік қатынастарының қалыптасуы
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconКелісілді бекітемін
Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі мен қызметі
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconКітапханалық жұмысын ұйымдастыру Кітапханалық технология
Пәннің мақсаты, мағынасы Оның кәсіби кітапхана-ақпараттық мамандар даярлаудағы ролі, маңызы, басқа курстық пәндермен өзара байланысы...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconКурсы №
Тақырып: ХҮі-хүііі ғасырлардағы тəрбие гигиенасы. Бала тəрбиесінің негізгі мəселелері жəне халық медицинасы. Балалар гигиенасының...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconХалықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі
Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық,...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconТақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы
Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру әлемдік экономиканың дамуының бағыттары
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconТақырып Ұлттық экономика: нәтижелері және оларды өлшеу
Тақырып Қоғамдық өндірісті экономикалық ұйымдастыру. Экономикалық жүйелер және меншік
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница