1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі




Название1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
страница11/17
меков З Ш
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazeu.kz/files/sport/We_are_proud_of_you,_Erden!.doc
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17


Категориялар мен терминдер


Қоғамдық жиынтық өнім, тұтыну заттары, бірінші бөлімше, екінші бөлімше, ұлттық байлық, қажетті өнім, қосымша өнім, қайталанған есеп, қосарланған құн, түпкі өнім, тұтыну қоры, қорлану қоры, тұрғындардың өмір деңгейі, жалпы ұлттық өнім, дефлятор, номиналды ЖҰӨ, нақты ЖҰӨ, баға индексі, жалпы ішкі өнім, таза ұлттық өнім, өзіндік табыс, жайластырылған өнім, таза экономикалық әл - ауқаттылық.

10 тақырып.

ЖАЛПЫ экономикалық тепе-теңдік жӘне оНЫҢ БҰЗЫЛУЫ


10.1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

10.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның ауытқуы

10.3. Жұмыссыздық және инфляция - экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. ҚР-дағы жұмыссыздық түрлері

10.4. Инфляцияның түрлері және себептері


10.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

Микро және макроэкономикаға талдау жасауда тепе-теңдік әдісі қолданылады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін зерттегенде нарықтағы барлық өзара байланысты анықтайды – тауарларды, еңбек, капитал макродеңгейдегі экономиканы зерттеуде көңіл бөлетін әрбір тауардың тепе-теңдігі емес, ұлттық нарық көлемінде тауар массасының бірігуін дана, тонна, не метр емес, жиынтық бағаның құндық өлшемі ретінде көрсетеді.

Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғаш алатын тауарлары мен қызметтерінің саны.

Сонымен жиынтық сұраныстар тауар мен қызметтің жалпы көлеміне сұраныс, қалыптасқан баға бойынша есептелінетін жиынтық ұсыныс, бұл тауар мен қызметтің жалпы көлемінің мүмкіншілігіне қарай өндірілген және ұсынылған, қалыпатасқан баға деңгейімен анықталады: олар күнделікті өзгермейтін бағада кесте моделі түрінде бейнеленеді. Бағаның тұрақты өзгеруі оны зерттегенде қиындықтар жасайды. Сондықтан көлемін және динамикасын, жиынтық көлемін және динамикасын өлшегенде индексті пайдаланады.

Тауарлы нарық тұрақты тепе-теңдікте болады, тек жиынтық сұранысқа жоспарланған сұранысты төмендетеді.

Жиынтық ұсыныс – нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны (бұл жылжымайтын ұлттық өнім).

Бағалар деңгейі мен ұлттық өзгеріс көлемі арасындағы аз тәуелсіздікті көрсететін жиынтық ұсыныс моделі кескін түрінде көрсетілген.

Қысқа мерзімде (әдетте 2-3 жыл) және ұзақмерзім кезеңінде макроэкономикада болатын басты байланыс номиналдық және нақты өзгеріс тәртібімен байланыстырылады.

Қысқа мерзімде номиналдық деңгей (баға, номиналдық жалақы, пайыз мөлшері) нарық көлемінің өзгеруіне байланысты баяу өзгереді деп есептеледі. Ұзақ мерзім кезінде номиналдық деңгей қатты өзгереді, нақты деңгей өте баяу өзгереді, талдау жасау үшін тұрақты деп саналады.

Классикалық модель ұзақ мерзімдегі экономикалық тәртіпті қарастырады. Жиынтық ұсыныстан артық болуы: AD АS. Оның келесі екі нұсқасы болуы мүмкін:

-өндірісті қысқарту;

-өндірілген өнімді өзгеріссіз қалдыру, бағаны қысқарту.

Бұндай жағдайда кәсіпкерлер өндіріс көлемін қысқартады, өндірілген өнімді өзгертпей, пайдалы бағамен сатады.

Егер жағдай өзгермесе, онда кәсіпкер бағаны төмендетеді. Бұндай жағдайдың болу себебі, жұмысшыларды жұмыстан қысқартуға, не шығаруға әкеліп соғады. Қорытындысында, ұлттық өнім төмендейді.

Тұтынатын ЖҰӨ-нің серпініне (динамика) бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлардың әсері тауарлар мен қызметкерлерге жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі арасында жүзеге асады және АД қисығының бойымен қозғалу кестесі арқылы көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтық сұраныстың АД қисығын солға немесе оңға қозғау арқылы өзгеріске келтіреді.

Тепе-теңдікті қабылдау керек, егер экономикалық жүйенің динамикалық жағдайында өзінің құрылғандығын сақтаса.

Белгілі көрсеткіштер болады, соған байланысты тепе-теңдіктің жағдайына қатысты мынадай пікір білдіруге болады:

- күнделікті жағдай, тұтынуды тосу, тұтынушылық көңіл-күй. Бұл көрсеткіштердің динамизмі, тұтыну жағдайының көрсеткіштерін бейнелеп, сұранысты көрсету;

- өндірістік цикл және оның фазалары: дағдарыс, депрессия, жандану.

Жиынтық сұраныстың екі түрі болады:

  1. Натуралды заттар және құндық.

Натуралды заттар түрі, жиынтық сұраныс, халықтың қоғамдық тұтынуы, фирманың, мемлекеттің тауарлар және қызметтің көлемі бейнелеп толық көрсетеді.

Жиынтық сұраныс екі түрде болады:

Натуралды заттай және құн түрінде.

Натуралдық заттай түрі халықтың қажеттілігін толық және өндірістік емес қажеттілікті қамтамасыз етеді.


10.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның орындалуы


Екіншіден, барлық құрал жабдықтар жиынтығы және өндірістік қызмет ғылыми технологияны зерттейді және оны жетілдіреді, өндірістік ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қоғамдық сұранысты құндық жағдайда көрсету тауар мен қызметтің соңғы шығыны экономикада жасалынғанын ол қамтып көрсетеді. Жиынтық өнімді өндірілген және экономикалық агенттердің ұсынуы: халықтың, кәсіпорынның, мемлекеттің және экономикадағы баға деңгейі жиынтық сұраныстарының құрылымын бөлуге болады:

- тұтыну С – тұтыну тааурлары мен қызметке ұсыну

- инвестиция 1 – инвестициялық тауарларға ұсыныс

- мемлекеттік сатып алу С – мемлекет тарапынан тауар мен қызметке ұсыныс.

Қазақстан үшін әлемдік экономикаға ықпалдасу – ең бір өзекті мәселелердің бірі. Оны мына екі фактімен дәлелдеуге болады. Мысалы, еліміздегі экспорт көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің мөлшерінен 40 пайызға артық. Яғни, біз жылына 25 млрд.доллар көлемінде өнім өндіретін болсақ, оның 11-12 млрд. долларын сыртқа шығарамыз. Сондықтан да бұдан былай осы өнімдерімізді дүние жүзілік нарықта лайықты қорғай білуіміз керек.

Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығында берік орнықтық, – деді Елбасы өз Жолдауында. Сонымен бірге біз република экономикасының жоғарғы қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбек бөлінісінде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын дифференциялау, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген алғашқы бес даму институттары құрылды. Аталмыш институттар болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді.

Қазақстанда инновациялық дамудың ұлттық жүйесі біртіндеп қалыптасып келеді, сондықтан осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілмек. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша түпкі өнім шығаруға қол жеткізуің бірегей тәжірибесі мен инженерлік, технологиялық трансфертті ғылыми қор құру жайында шешім қабылданды.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландырылуын тереңдетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.

Индустриялық-иновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарылуға тиісті міндеттер:

- елдегі индустриялық-инновацилық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның даму банкі мен Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады;

- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл білім, ғылым, қаржы, фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты.

Жиынтық сұраныс тең өнімнің сұраныс сомасына C+I+G+Х

Жиынтық сұраныстың бар элементі тұрақты, кейбіреуі ақырын өзгереді, мысалы тұтыну шығыны.

Басқасы тым динамикалық жағдайда, мысалы инвестиция туғызатын шығындар, оның өзгеруі экономикалық ынталық туғызуға әсер етеді.

Жиынтық сұраныстың көлбеуі АД көрсетеді. Тұтынушы тауарлар мен қызметтің мөлшерін баға деңгейіне байланысты сатып алады. Бұл жақсы комбинация жасайды, экономикадағы жалпы өнім өндіру мен жалпы тауар өндіру көлемі және экономиканың жалпы деңгейі, бұл жағдайда тауар және ақша нарығы тепе-тең болады.

АД көлбеуі бойында қозғалу, жиынтық сұраныс өзгеруі жалпы баға динамикасының өзгеруіне байланысты. Осындай байланысты, ақша операциясының сандық теңдеуінен алуға болады.


МХV = РХQ


одан Р = МV ; Q = МV ; АD = МV

Q Р Р


Бұнда: Р – экономикадағы баға деңгейі, бұл жағдайда баға индексі;


Q - өнімнің нақты көлемі, сұранысқа талап етілген;

V – ақша айналысының жылдамдығы;

АD – жағымсыз көлбеу қисығы кейбір жағдаймен түсіндіріледі, егер Б баға деңгейі Р жоғары болса, ақша қаржының нақты мөлшері аздау, М/Р (АD көлбеуі жасалынады, ақша ұсынымының М және айналыс жылдамдығына қарап V) сондықтан тауар мен қызметтің көлемінен кем жасалынған сұранысқа V. Кері тәуелділікті жиынтық сұраныс деңгейімен және баға деңгейімен түсіндіруге болады. Пайыздық мөлшер тиімділігі, байлық тиімділігі, импорттық сатып алу тиімділігі т.с.с.

Тауар нарығы кезінде тепе-теңдік жағдайда болады, егер күнделікті қолданатын баға деңгейінің мөлшеріне байланысты шығарылатын тауардың көлемі жиынтық өнімге тең болса, не жоспарланған шығынға тең болса, осы жағдайларға талдау жасау макроэкономиканың басты міндеті болып саналады.


Түйін

1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың экономикалық маңызы, оның талдау әдістерін білу

2. Тепе-теңдікті жете түсіну және оны динамикалық жүйе ретінде қабылдау, өзінің құрамында және бейімделген тәртібінде өзгеріп отыратын фактор.


Есеп

Ресурстардың шектеулі еместігі және тұтынудың шексіздігі туралы шындық. Ресурстар шынында шексіз, себебі жаңа ресурс орындарын ашу шексіз.

Тұтыну, шындығында, шектеулі, себебі оны қанағат етудің табиғи тежеуі бар. Сіз осы айтылғанның қайсысын жақтайсыз, әлде жақтамайсыз ба?


11 Тақырып.

Ауытқу - экономикалық

дамудағы заңдылық ретінде


11.1. Ауытқу - экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы

11.2. Экономикалық цикл теориясы

11.3. Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері

11.4. Мультипликатор- аксеператор өзара әрекет ету тұжырымдамасы

11.5.Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу

11.1 Ауытқу - экономиканың жалпыға

ортақ дамуының формасы

Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік құпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.

Экономикалық дамудың циклдік себептері:

1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;

2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі (разбалансированность);

3) бәсекелестік - экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;

4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).

Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.

Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.

Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалық конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі.

Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса, екінші – субъективті,ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады.Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу,нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрес-сивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.

Экономикалық циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына,сонымен қатар экономикалық динамика теориясына жатады.Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса,онда цикл теориясы уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.

Экономикалық цикл табиғаты осы уақытқа дейін ең даулы және ең аз зерттелген проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемалармен айналысатын зерттеушілерді,қоғамдық өмірдегі циклді кезеңді мойындамайтын,сол сияқты экономикалық циклда теңіз ағысы сияқты тұрақты деп мойындайтынын бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері (неоклассиктер) циклдік экономикалық жүйеге кездейсоқ әсер етудің (серпіліс немесе әлсіреу) салалары деп санайды.

Екінші бағыттың өкілдері циклді өзіндік үлгідегі әлемнің бөлінбейтін “атомы” ретінде қарастырады. Олардың түсінігінде цикл бұл - материалдық әлемнің айрықша әмбебап және абсолютті құрылымы.Циклдің құрылымын, өзара қарама - қарсы әрекет етуші және өзара байланысты екі материалдық объект құрайды.

Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

Циклдің басты қасиеті - бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

1. Тұрақты өсу;

2. Өсудің біркелкі еместігі;

3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.

Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік және т.б. циклда өмір сүреді .

Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты – 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи циклдер; маусымдық –жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық және т.б. цикл.

Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін бөліп көрсетеді:1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи,саяси және т.б.ие),сыртқы цикл –құбылыс; 2)Жалпы экономикаға тән ішкі цикл –құбылыс ;3) Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторларының жиынтық –цикл себептері.

Қазіргі уақытта зерттеушілер,сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін туғызушы,ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді сатылық (фазалық) ауытқушылыққа айналдырады (қайта құрады) деп болжайды .

Экзогенді (экономикадан тыс ) себеп циклдер ішінде ғылыми - техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблема-ларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор - акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза); көрсетілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын (5.1 кесте) ерекшелеп көрсетуге болады.


5.1 кесте

ЖҰӨ


В құлдырау

көтерілу



• А А–төмен құлдырау

нүктесі;
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Похожие:

1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon«Экономикалық теория» пәні бойынша 1- тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен рөлі
Р мемлекет менгшігінен алу және жекешелендіруге байланысты меншік қатынастарының қалыптасуы
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconКелісілді бекітемін
Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі мен қызметі
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconКітапханалық жұмысын ұйымдастыру Кітапханалық технология
Пәннің мақсаты, мағынасы Оның кәсіби кітапхана-ақпараттық мамандар даярлаудағы ролі, маңызы, басқа курстық пәндермен өзара байланысы...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconКурсы №
Тақырып: ХҮі-хүііі ғасырлардағы тəрбие гигиенасы. Бала тəрбиесінің негізгі мəселелері жəне халық медицинасы. Балалар гигиенасының...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconХалықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі
Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық,...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconТақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы
Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру әлемдік экономиканың дамуының бағыттары
1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі iconТақырып Ұлттық экономика: нәтижелері және оларды өлшеу
Тақырып Қоғамдық өндірісті экономикалық ұйымдастыру. Экономикалық жүйелер және меншік
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница