2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы




Скачать 320.29 Kb.
Название2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
страница1/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер320.29 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://a-tranzit.kz/files/teh_politika.doc
  1   2


ҚР Парламетінің

2013 ж. 14 маусымдағы

№ 10-V ҚРҮ қаулысымен

бекітілген


2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі


Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы әлемдік тауар нарықтарындағы конъюнктураны және жаһандық дағдарыс жағдайында әлемдік экономиканың даму үрдістерін ескере отырып, 2011 жылдың 1-жартыжылдығында ел экономикасының жұмыс істеу қорытындылары негізінде әзірленген.

Қазақстанның экономикасы 2012 жылы өсу қарқынының бәсеңдегенін көрсетті. 2012 жылғы алдын ала бағалау бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2011 жылмен салыстырғанда 5 %-ды құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 0,4 пайыздық тармаққа төмен. 2012 жылы қысқа экономикалық индикатор 102,5 %-ды құрады.

2012 жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуы кестеде келтірілген.

Көрсеткіштер атауы

2012 жылы



Ауытқу

Нақтыланған болжам

Бағалау*

ЖІӨ, млрд.теңге

31 456

30 072,5

- 1 383,5

ЖІӨ-нің нақты өсімі, алдыңғы жылға %-бен

105,4

105,0

- 0,4

Тауарлар экспорты, млрд.АҚШ долл.

96,2

92,4*

- 3,8

Тауарлар импорты, млрд.АҚШ долл.

48,4

47,2*

- 1,2

Мұнайға әлемдік баға (Brent маркасы), АҚШ долл. /баррель 1 жылда орта есеппен

100,0

111,97

11,97

* Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2012 ж. қаңтар-желтоқсандағы бағалауы

Өнеркәсіптің өсімі 0,5 %-ды құрады, болжанған өсімі 2,7 %. Нысаналы индикаторға қол жетпеу себебі өңдеуші өнеркәсіптегі төмен көрсеткіштермен түсіндіріледі.

Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім болжамды көрсеткіш 3,9 % болғанда 0,7 %-ды құрады. Өңдеуші өнеркәсіпте жоспарланған өсімге қол жетпеудің негізгі себебі қазақстандық экспорт өніміне, оның ішінде металлургия өніміне әлемдік сұраныстың азаюы болып табылады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлер өндіруде нақты көлемнің индексі 100,2 %-ды құрады, болжанған көрсеткіште 101,6 %. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізгі саласы мұнай өндіру болып қалуда, оның ЖІӨ-дегі үлесі 14 %-ды құрайды. Мұнай өндірудің НКИ 98,9 %-ды құрады, жоспарда 101,2 %. Осы сала экономиканың өсімін 2,3 %-дан астамға төмендетті.

Қазақстандағы, сондай-ақ бүкіл әлемдегі қолайсыз ауа райы жағдайына орай ауыл шаруашылығы үшін жыл ауыр болды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2012 жылы 2011 жылға қарағанда 17,8 %-ға азайды, болжанған азаю 12,3 % және 1 233,5 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарнының көлемі 2,9 %-ға өсті және жоспарланған деңгейге жетіп, 1 864,3 млрд.теңгені құрады. Өсім күрделі жөндеу көлемдерінің 15,4 %-ға және құрылыс-монтаждау жұмыстарнының 1,7 %-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 2012 жылы 29 113 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 25 192-сі тұрғын үй және 3 921-і тұрғын үй емес мақсатындағылар. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салынды, олар: жалпы білім беретін мектептер – 112; мектепке дейінгі мекемелер – 93; амбулаторлық-емханалық мекемелер – 105; ауруханалар – 9.

Көлік қызметтері көлемінің өсімі 7,3 %-ды құрады, болжамды көрсеткіш бойынша – 7,5 %. Байланыс қызметтерінің өсу қарқыны 9,6 % деңгейінде қалыптасты, болжамды көрсеткіш бойынша - 8,0 %.

Тұтыну сұранысының артқаны туралы сауданың өсуі куәландырады. Мәселен, 2012 жылғы сауда көлемі 2011 жылғы көрсеткішке қарағанда 14,6 %-ға өсті, болжамды көрсеткіш бойынша - 14,3 %.

Экономиканың өсуінің негізгі факторларының бірі сондай-ақ, елдегі инвестициялық белсенділіктің белгіленіп отырған жандануы болып табылады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 5 455 млрд.теңгені құрады, бұл 2011 жылдың көрсеткішінен 3,8 %-ға жоғары.

Бұдан басқа, елдегі сыртқы сауда айналымының өсуі экономиканың дамуына оңынан әсер етті. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша Ресеймен және Беларусьпен өзара сауданы ескере отырып, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 136,8 млрд. АҚШ долл. құрап, 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 9,8 %-ға өсті.

Сыртқы сауда айналымының өсуі көп дәрежеде импорттың ұлғаюына негізделген. Сыртқы нарықта қазақстанық экспортқа сұраныстың мардымсыз өскені байқалад. Кеден одағы елінің экспортының қысқаруы қазақстандық экспорттың жалпы көлемдегі едәуір үлесін құрайтын тауарлардың азаюына негізделген. Мәселен, Қазақстаннан барлық елдерге, оның ішінде Ресейге шығатын металлургия өнімінің экспорты қысқарып кетті. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында экспорттың өсу қарқыны 2011 жылғы 43,7 %-дан 4,4 %-ға дейін азайды, импорттың салыстырмалы бұрынғы деңгейі -
16,5 %-да қарқынын сақтап қалды.

Сыртқы сұраныстың азюына қарамастан, қазақстандық экспорттан алынатын тұрақты кірісті қамтамасыз ететін шикізатқа әлемдік бағаның салыстырмалы жоғары деңгейі экономиканың өсуіне ықпал ететін сыртқы факторға айналды. Мәселен, 2012 жылдың ішінде Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнайға баға бір баррель (Brent маркалы мұнай) үшін 111,97 доллар деңгейінде ұстап тұрылды, бұл болжамды бағадан
11,97 долларға жоғары.

2012 жылы елде макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық сақталды. 2012 жылдың желтоқсанында инфляция деңгейі 2011 жылға қарағанда 6 %-ды құрады, бұл 7,4 %-ды құраған 2011 жылдың көрсеткішінен 1,4 %-ға төмен. Тұтастай алғанда, бағаның өсуіне қарамастан, инфляция деңгейі жоспарланған интервалдар 6-8 % шегінде қалыптасты.

Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 0,8 %-ды құрады, бұл 9,1 %-ды құраған өткен жылдың көрсеткішінен 3,8 %-ға төмен. Азық-түлік емес тауарлары бағасының өсуі 0,3 %-ды құрады, 2011 жылдың көрсеткішінде - 5,3 %, ақылы қызметтер – 9,3 %, 2011 жылдың көрсеткішінде - 7,3 %.

Ұлттық қордың ақшасын (57,8 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 2013 жылғы 1 қаңтарда 86,0 млрд. АҚШ долларын құрады әне 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда тиісінше 17,9 % және 32,4 %-ға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерді шығаруы 0,2 %-ға өсті. Бұған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шаралар, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы ықпал етті.

Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының өсуіне банк секторының кредиттік белсенділігінің артуына және халықтың ақшалай кірісінің ұлғаюына байланысты жиынтық ішкі сұраныстың кеңеюі ықпал етті. Мысалға, екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредиттік салымдары 2013 жылғы 1 қаңтарда 9 958,0 млрд.теңгені құрай отырып, 13,4 %-ға өсті.

Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2013 жылғы 1 қаңтарда
8 994,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 7,3 %-ға көп. Халықтың депозиттері 3 371,8 млрд. теңгені құрап, 23,8 %-ға өсті.

Ел халқының әл-ауқатының жақсарғаны байқалады. Мәселен, халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірістері 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында нақты айтқанда 6,8 %-ға артып, 618,3 мың теңгені құрады.

2012 жылдың соңындағы жұмыссыздық деңгейі 5,3 %-ды құрады, болжамды көрсеткіш – 5,8 %. Жұмыссыздықты азайту жөніндегі саясатта халықтың орнықты және өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету маңызды құрал болып табылады. Мәселен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыруға, қайта оқытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ микрокредит беру және бизнес дағдыларына үйретуге негізгі көңіл бөлінген.

Республиканың негізгі демографиялық көрсеткіштері 2012 жылдың қорытындылары бойынша халықтың 1 000 адамына мынадай көрсеткіштермен ұсынылды: халықтың табиғи өсімі – 14,51 (2011 жылдың ұқсас кезеңінде – 13,95); бала туу – 23,07 (2011ж. – 22,78); өлім-жітім – 8,56 (2011ж. - 8,83). Халықтың табиғи өсу көрсеткіші Маңғыстау облысында (25,96), Оңтүстік Қазақстан (25,42), Қызылорда (21,86), Атырау (21,51), Жамбыл (19,97), Алматы (16,25), Ақтөбе (16,1) облыстарында және Астана қаласында (21,06) орташа республикалық деңгейден жоғары болып шықты.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі
69,01 орнына 69,6-ны құрады.

2012 жылы республикада ана өлімінің көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі 17,4-тің орнына 100 мың тірі туғандарға 13,5-ті құрады.

Нәресте өлімінің көрсеткіші 14,84-тің орнына 1 000 тірі туғандарға 13,5-ті құрай отырып, 9 %-ға төмендеді.

2012 жылғы халықтың туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі 86,6-тың орнына 100 мың халыққа 81,7-ні құрады.

15-49 жас арасындағы жас тобында АИТВ-инфекциясының таралуы 0,19 %-ды құрады, жоспарланғаны 0,2-0,6 %.

Елдегі бюджет-салық саясатының негізгі бағыттары

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет 2008 жылғы
4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республиксы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз», 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы негізінде

2012 жылы Қазақстанда жүргізілген бюджет саясаты мемлекеттік саясаттың әзірленген шараларын тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

2012 жылға арналған бюджет сол арқылы дағдарыстан кейінгі орнықты даму траекториясына шығу, экономиканы дамыту мен жаңғырту үшін жағдай жасау, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздікті нығайту, конъюнктуралық кірістерге тәуелділікті азайту жағдайында мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мен тапшылықты қысқарту міндеті шешілген бюджетке айналды.

Әлемдік қаржылық және тауар нарығындағы ағымдағы үрдістерді ескере отырып, экономиканы датытудың түзетілген сценарийлері негізінде бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2016 жылдарға арналған болжамы екі рет нақтыланды.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының өзгеруіне сәйкес 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау екі рет жүргізілді.

Республикалық бюджетті бірінші рет нақтылау 2012 жылдың
1-тоқсанында Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның басты даму векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарын іске асыру үшін жүргізілді.

Қосымша кірістер, кейінгі қалдыру шарттарымен басымдықты емес шығыстарды және бюджеттік инвестицияларды қысқарту есебінен шығыстарды оңтайландыру, 2010 жылдың қорытындылары бойынша бюджет қаражатының қалдықтарын тарту нақтылау үшін көздер болып табылады. 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 5 236,9 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 485,9 млрд. теңгеге өсіре отырып айқындалған, оның ішінде 180 млрд. теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансфертті ұлғайтуға байланысты.

2012 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары
6 016,2 млрд.теңге сомасында, немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 507,2 млрд.теңгеге ұлғайта отырып көзделген, оның ішінде 2011 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен 21,3 млрд.теңге, оның ішінде:

300,1 млрд.теңге Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. 10% қатысу үлесін сатып алуға бағытталды.

Қазақстан Республиксы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін 184,6 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде:

- Жұмыспен қамту бағдарламасына - 2020 – 11,8 млрд.теңге;

- «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына – 36 млрд.теңге;

- өңірлік дамуға – 66,9 млрд. теңге;

- ауыл шаруашылығына – 5 млрд.теңге;

- индустриялық-инновациялық дамуға – 15,1 млрд.теңге;

- Қазақстанда адами капиталды сапалы өсіруге – 39,1 млрд.теңге, оның ішінде «Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған жаңа бағдарламасына – 5,7 млрд. теңге;

- халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға – 5,2 млрд.теңге;

- туризм саласы мен бұқаралық спортты дамытуға – 3,6 млрд.теңге;

- сыртқы саясатты дамытуға – 2 млрд.теңге.

Бұдан басқа, 59 млрд.теңге өзге де шұғыл шығыстарға жіберілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республиксы Президентінің экономикалық өсуді және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін бюджет қаражатын қысқартуға қатысты тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республиксының Үкіметі шығыстарды 25,6 млрд. теңгеге оңтайландырды және олар бойынша құжаттама берілмеген инвестициялық жобалардан 32 млрд.теңге сомасындағы қаражат қайта бөлінді.

2012 жылға арналған республикалық бюджетті екінші рет нақтылау үшін елдегі экономикалық ахуалды талдау негізінде 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі және 2012 жылдың қорытындылары бойынша нақты түсімдерді ескере отырып, шығыстарды нақтылау негіз болды. Олардың нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдердің азаюы күтілген болатын.

Шығыстардың қысқаруы зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жалақы және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік органдарды, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды ағымдағы күтіп-ұстау, қауіпсіздік және т.б. сияқты кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін міндеттемелерді орындауды қозғаған жоқ.

Бұдан басқа, есепті кезеңнің шұғыл міндеттерін әкімшілендіру және шешу деңгейін арттыру мақсатында қаражатты қайта бөлу көзделген болатын.

Бұл ретте, 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері
4 854,1 млрд.теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда
382,8 млрд.теңгеге азайта отырып айқындалған болатын.

Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 179,5 млрд. теңгеге азайта отырып, 5 837,3 млрд. теңге сомасында көзделген.

Егер алдыңғы жылдары нақтылау кезінде күтілетін толық игерілмеу озық түрде іске асырылатын жобаларға қайта бағытталған болса, онда 2013 жылға арналған ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік беретін, 2012 жылы шұғыл шешуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, 2012 жылдың бюджетін екінші рет нақтылау кезінде бекітілген сомамен салыстырғандағы шығыстар қысқартылған болатын. Сондай-ақ, 2012 жылдың шұғыл міндеттерін шешу, бағдарламаларды әкімшілендіруді жақсарту және 2013 жылдың бюджетін жеңілдету мақсатында 72,2 млрд.теңге сомасындағы қаражат қайта бөлінді, оның ішінде:

- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету – 20,2 млрд.теңге;

- «Балапан» бағдарламасы шеңберінде балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыру – 6 млрд.теңге;

- экспортқа астық тасымалдау құнын азайтуды субсидиялау –
10,1 млрд.теңге;

- Астана қаласын дамыту – 12 млрд.теңге.

Бұл ретте, республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге 2,5 %-дан аспайтын мөлшерде сақталды, бұл үкіметтік борышты қолайлы және қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға және қажет болған жағдайда белгілі бір бұлтарыстың ықтималдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, бюджетті атқару процесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

2011 жылғы 22 шілдедегі № 479-IV, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы № 495-IV Заңдарын; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2012 жылғы 22 қаңтардағы № 226, «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 248, «Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы № 321 Жарлықтарын іске асыру үшін, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылды.

Қазақстанның салық саясаты қолайлы кәсіпкерлік орта құруға, елді дамытудың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға, одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үшін жағдай жасауға бағытталған.

Мәселен, 2012 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) әзірленді. Заңды әзірлеу Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын орындау, бұрын қабылданған заңнамалық актілерді, сондай-ақ Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдерін іске асыру қажеттілігіне негізделген.

Заң азаматтардың жекелеген санаттарын және экономиканың білім, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты салаларын қолдауға; банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге; шағын бизнес субъектілерін қолдауға; отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын оңайлату және бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту мақсатында салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі нормалардың едәуір кешені көзделген.


  1   2

Похожие:

2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы iconШу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі

2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы iconАуданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы icon2012 жылғы 16 мамырдағы №325 Қаулысы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі Құрметті кент ауылдық
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы iconОтчет акима Сандыктауского района Суюндикова К. О
Сандықтау ауданының әкімі Қ. О. Сүйіндіковтің аудандық мәслихаттың ХХ сессиясындағы ауданның 2010 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық...
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы icon«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница