Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру




НазваниеҚаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру
страница1/24
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.49 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.shyely-mektep205.narod.ru/index.files/sabak7.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат




      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды дeп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнің       
2005 жылғы 5 ақпандағы  
N 110 қаулысымен    
бекiтiлген       

 Республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң атқарылу
ережесi

 1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi (бұдан әрi - Ереже) республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу тәртiбiн анықтайды.
      2. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу тәртiбi - олардың құзыретінде олар жүзеге асыратын және қолданыстағы заңнама актілерiне сәйкес бекiтiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бағытталған мемлекеттiк мекемелердің iс-әрекетi.

 2-бөлiм. Бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.15. N 921 қаулысымен.

 1-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлеу тәртiбi

      3. Жылдық қаржыландыру жоспары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешімін iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес әзiрленедi және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейiн бес күнтiзбелiк күн iшiнде бекітіледі.
      4. Жылдық қаржыландыру жоспары бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекiту (нақтылау, түзету) кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып, жетілдiрілген бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi құрамында ұсынылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi негiзiнде жасалады.
      5. Tиiсті қаржы жылына арналған бюджеттiк бағдарламаларды жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдар бекiтедi және оны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілеттi органға бередi, сондай-ақ оны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне алдағы жоспарланған жылдың жиырма бесiншi желтоқсанынан кешiктiрмей жiбередi.
      6. Бюджетті атқару процесiнде бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлетті орган бюджеттік бағдарламалардың паспорттары тиiсiнше өзгерген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен немесе жергілiктi атқарушы органның шешiмiмен бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар бөлiнген кезiнде, сондай-ақ экономикалық сипаттамасы бойынша бюджеттің шығыстарын түзетудi талап ететiн басқа да құқыққа сәйкес факторлар пайда болған кезде осы Ережемен белгіленген тәртiппен тиісті өзгерiстер енгiзу арқылы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық көлемiне, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзе алады.
      7. Бюджетті нақтылаған, түзеткен жағдайда, жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерiстердi бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекiтедi және оны бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бередi, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне паспорттардың тиiстi өзгерiстерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдық қаржыландыру жоспарлары ерекшелiктерiнiң мемлекеттік мекемелер өткiзетін бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарындағы iс-шараларда көрсетiлген операциялардың түрлерiне сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

 2-тарау. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық
жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың
жиынтық жоспарын жасау тәртiбi

      8. Бюджетті атқару үшін мынадай жоспарлардың түрлерi жасалады:
      мемлекеттік мекемелердi дербес қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрi - дербес қаржыландыру жоспарлары);
      мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары);
      түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспар.
      9. Дербес қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламалардың бекiтiлген паспорттарына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiшiне, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС) сәйкес және осы Ережемен белгiленген тәртiппен әзiрленедi.
      10. Дербес қаржыландыру жоспарлары Ережеге 1-15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бөлшек қалдықтары бар, үтiрiн кейiн бiр белгiсi бар санмен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспар осы бөлшек қалдығынсыз бүтiн санмен мың теңгемен қалыптастырылады.
      11. Дербес қаржыландыру жоспары мынадай: мiндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменi дербес қаржыландыру жоспары (бұдан әрі  - мiндеттемелер бойынша дербес жоспар) және төлемдер бойынша мемлекеттiк мекеменi дербес қаржыландыру жоспары (бұдан әрі - төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспары) нысанында қалыптасатын бюджетті атқару жөнiндегi мемлекеттік мекеменiң негiзгi құжаты болып табылады.
      12. Мiндеттемелер бойынша дербес жоспар қаражаттардың көлемiн анықтайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды iске асыру үшін мiндеттемелер қабылдауға құқылы.
      Мiндеттемелер бойынша дербес жоспардың жылдық сомасын ай бойынша бөлу паспортта көзделген әрбiр бюджеттік бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы iшiнде іс-шараларды iске асыру мерзiмiне сәйкес мiндеттемелердi қабылдау мерзiмiне сәйкес келуi қажет.
      13. Төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспары қаражаттардың көлемiн анықтайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдер жүргiзуге құқылы.
      Төлемдер бойынша дербес жоспардың жылдық сомасын ай бойынша бөлу паспортта көзделген әрбiр бюджеттiк бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы iшiнде іс-шараларды iске асыру мерзiмiне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдердi жүзеге асыру мерзiмiне сәйкес келуi қажет.
      14. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларын мыналардың негізінде мемлекеттiк мекемелер әзiрлейдi:
      бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекiту (нақтылау, түзету) кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып, жетілдiрiлген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік өтінiмiнде ұсынылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың есептерi (бұдан әрі - бюджеттiк өтінім);
      бюджеттік бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша іс-шаралар және оларды iске асыру мерзiмi сияқты паспорттардың көрсеткiштерi;
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу туралы заң) сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды өткізу мерзімі және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушімен немесе бюджеттік бағдарламаларды алушымен шарттар жасасу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарлама) іске асырудағы жұмыстарды өткізудің маусымдылығының есебі және өткен қаржы жылдарына бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын орындау мерзімі;
      бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нормативтік құқықтық актілер;
      басқа да нормативтік құқықтық актілер;
      ҚР ББС (шығыстардың функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамаларын ескере отырып);
      тиiстi қаржы жылында бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығы;
      шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгiнiң құрылымы.
      15. Дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларына, оларға есептерге және жоспарларды айға бөлу негіздемесiне бiрiншi басшысы немесе уәкілеттік берiлген тұлға және олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды, ал тиiсті бұйрықтармен олардың мiндеттерi жүктелген соңғы тұлға болмаған кезде оның мөртабанымен расталады және оны мемлекеттiк мекеме оларға белгiленген мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне бередi.
      16. Дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларын мемлекеттік мекемелер оларға белгіленген мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
      Мемлекеттік мекеме дербес қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығы мен олардың тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.
      17. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарлары дербес қаржыландыру жоспарларын жинақтау арқылы қалыптастырылады.
      Бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi - жылдық қаржыландыру жоспары және бюджеттік өтiнiм бөлiнiсiнде, Қазақстан Республикасы Yкiметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілікті атқарушы органның қаулысы) бекiтiлген сомаға сәйкес келуi тиiс.
      Бюджеттік бағдарламаларды әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарлары мынадай талаптарды ескере отырып жасалады:
      1) бекiтiлген паспорттың бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес келу;
      2) мiндеттемелердiң уақытылы қабылдануы мен орындалуын қамтамасыз ету;
      3) кредиторлық және дебиторлық берешектердiң пайда болуына жол бермеу;
      4) бюджетке түсетін түсiмдердiң күтілген көлемiн ескере отырып, ай бойынша бюджеттің теңгерiмділігін сақтау.
      Экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлінісiнде бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жылдық соманы ай бойынша бөлу кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамамен белгіленген конкурстық рәсімдерді өткiзудiң мерзiмi, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыруда жұмыстар жүргiзудiң маусымдылығы, сондай-ақ міндеттемелер қабылдаған мемлекеттік мекемелердiң болжамдалған ақы төлеу мерзiмi ескеріледi.
      18. Төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарларының жобалары түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін пайдаланылады, мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарларының жобалары мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
      19. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi жылдық қаржыландыру жоспарын бекiткеннен кейiн бюджетті атқару жөнiндегi уәкілетті органға жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келетiн тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобаларын, оларға есептердi және жоспарларды айға бөлу негіздемесін, сондай-ақ дербес қаржыландыру жоспарларының жобаларын бередi.
      Дамуға мақсатты ағымдағы трансферттер және мақсатты трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттiк кредиттер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарлама бойынша тұтастай болатындай төмен тұрған бюджеттер бөлiнiсiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті органға бередi.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобалары бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілеттi орган белгiлеген форматта қағаз түрiнде және магниттік тасығыштармен, дербес қаржыландыру жоспарларының жобалары - тек магниттік тасығыштармен беріледі.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерін қаржыландыру жоспарлары жобаларының растығын, ресімделу дұрыстығын және бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкілеттi органдарға уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.
      20. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті орган түсімдер жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметі және жергілікті атқарушы орган қаулы қабылдағаннан кейiн сегiз жұмыс күні iшiнде жасайды.
      21. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiн атқару жөнiндегi уәкілетті органдар 25 желтоқсаннан кешіктірмейтiн мерзiмде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органға алдын ала айға бөлiнген (ерекшеліктер деңгейіне дейін) түсiмдердiң жиынтық жоспарының жобасын ұсынады.
      22. Бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергіліктi атқарушы органның қаулысымен бекiтiлген түсiмдердiң санаттары, сыныптары, iшкi сыныптары және ерекшелiктерi бойынша түсiмдердiң сомасына сәйкес келуi қажет және кiрiстердiң түсiмi, бюджеттік кредиттердi өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерiн сатудан және қарыздар жоспарларынан тұрады.
      23. Республикалық бюджеттiң кiрiстерi түсiмдерiнiң жоспарлары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және оларға есептердi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi ішінде 9-11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар беретiн кiрiстердiң түсiмдерi жоспарларының жобаларын ескере отырып, республикалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
      24. Кiрiстердiң түсiмдерiн, бюджеттік кредиттердi өтеудi, қаржылық активтердi сатудан түскен түсiмдердi және қарыздарды айға бөлудi Қазақстан Республикасының заңнама актілерiне сәйкес бюджетке төленетін төлемдердi төлеудiң белгiленген мерзiмдерiн, өткен жылдарға бюджетке түсетiн түсiмдердiң серпiнiн, мемлекеттiк бағалы қағаздардың кiрістілiк серпiнiн және бағалы қағаздар рыногіндегi сұраныстар мен ұсыныстар деңгейiн талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келiсiмдер талаптарын ескере отырып, бюджетті атқару жөнiндегi уәкілетті орган жүргізедi.
      Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген бюджеттік кредиттер бойынша, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген бюджеттiк кредиттердi өтеу бойынша сыйақылар (мүдделер) жөніндегі жоспарлардың жобаларын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті орган жасайды және аталған түсiмдердiң коды бойынша тұтастай және де төмен тұрған бюджеттер бөлiнiсiнде ұсынылады.
      25. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспары 13-15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң (бұдан әрi - Бюджет кодексi) тиісті 12-бабындағы құрылым бойынша жасалады және ол бекiтiледi:
      Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарының (бұдан әрi - түсiмдердiң жиынтық жоспары) мынадай құрылымы болады:
      түсiмдер, жиыны
      оның ішінде:
      1) кiрiстер:
      салық түсiмдерi;
      салықтан тыс түсiмдер;
      негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
      ресми трансферттердiң түсiмдерi;
      2) бюджеттік кредиттердi өтеу;
      3) мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер;
      4) қарыздар бойынша негiзгі борыштың түсiмi.
      Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарларының (бұдан әрi - қаржыландырудың жиынтық жоспарлары) мынадай құрылымы болады:
      шығыстар, жиыны
      оның iшiнде:
      5) шығындар;
      6) бюджеттік кредиттер;
      7) қаржылық активтердi сатып алу;
      8) қарыздарды өтеу.
      26. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының Бюджет кодексiнiң 13-бабына сәйкес мынадай құрылымы болады:
      1) кiрiстер:
      салық түсiмдерi;
      салықтан тыс түсiмдер;
      негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
      ресми трансферттердiң түсiмдерi;
      2) шығындар;
      3) операциялық сальдо;
      4) таза бюджеттік кредит беру:
      бюджеттік кредиттер;
      бюджеттік кредиттердi өтеу;
      5) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо;
      қаржылық активтердi сатып алу;
      мемлекеттің қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер;
      6) бюджеттің тапшылығы (профицитi);
      7) бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану);
      қарыздардың түсiмi;
      қарыздарды өтеу;
      бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы.
      27. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жылдық қаржыландыру жоспары бекiтiлгеннен кейiн екi апта iшінде жасайды және оны бекiтедi.
      28. Түсiмдердiң жиынтық жоспары түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілеттi орган қабылдаған кiрiстер бойынша түсiмдер, бюджеттік кредиттердi өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер, қарыздар жоспарлары жобаларын жиынтықтау арқылы қалыптастырылады.
      29. Қаржыландырудың жиынтық жоспарлары мынадай шарттарды ескере отырып қалыптасады:
      қаржыландырудың жиынтық жоспарлары түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгiзу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлетті орган қабылданған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары жобаларын жиынтықтау арқылы қалыптастырылады;
      қаржыландырудың жиынтық жоспарларының бюджеттiк бағдарламаларының және кiшi бағдарламаларының жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органның қабылдаған қаулысына, ал экономикалық сипаты бойынша - жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуi тиiс;
      жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетiн ресми трансферттер мен кредиттердiң сомасы төмен тұрған бюджеттің түсiмдер мен мiндеттемелердiң жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспары ретінде сондай көлемде және сол айларда жоғары тұрған бюджеттiң қаржыландыру жиынтық жоспарында ескерiледi;
      ресми трансферттер, төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін кредиттердi қайтару сомасы және жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша төмен тұрған бюджетке сыйақылар (мүдделер) төлеу сомасы жоғары тұрған бюджеттің түсiмдер бойынша жиынтық жоспарындағыдай сол көлемде және сол айларда төмен тұрған бюджеттiң қаржыландыру жиынтық жоспарларында ескеріледi;
      қаржы жылының басынан басталған кезеңге өсу қорытындысымен бюджетке түсетiн түсiмдердiң және қаржы жылының басынан басталған кезеңге өсу қорытындысымен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық және айлық жоспарлары бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында теңгерiмделуi қажет.
      30. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiн атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде төмен тұрған бюджеттерге ресми трансферттер мен бюджеттiк кредиттердi бөлуге байланысты бюджеттiк бағдарламаларға әкiмшiлiк ететiн орталық атқарушы органға ресми трансферттер сомасы мен бюджеттік кредиттер сомасын оған тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен көзделген ай бойынша бөлудi бередi.
      31. Аудандардың (облыстық мәнi бар қалалардың) бюджеттерiн атқару жөнiндегi уәкiлетті органдар облыстық бюджеттердi бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде төмен тұрған бюджеттерге ресми трансферттер мен бюджеттiк кредиттердi бөлуге байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкiмшiлiк ететiн жергiлiктi атқарушы органға облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттерiне (облыстық мәнi бар қалалар) берілетін ресми трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын ай бойынша бөлудi бередi.
      32. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлетті органның басшысы бекiтедi, оның әзiрленуiне жауапты бөлiмшенiң басшысы қол қояды және бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілеттi органның мөртабанымен расталады.
      Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе уәкілеттік берiлген тұлға болмаған жағдайда, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн орындаушы тұлғалар бекiтедi.
      33. Жоғары тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бюджеттік алулар, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген кредиттер мен кредиттердi қайтару бойынша сыйақылар (мүдделер) сомасын ай бойынша бөлудi төмен тұрған бюджетті атқару жөнiндегi уәкілетті органға, қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтілген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын ай бойынша бөлудi - бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне жеткiзедi.
      34. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын ай бойынша бөлудi алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландырудың жоспарлары мен дербес қаржыландыру жоспарларын бекiтедi.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарлары мен дербес қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң басшылары бекiтедi.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісiнiң басшысы немесе уәкiлеттік берiлген тұлға болмаған жағдайда, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландырудың жоспарлары мен дербес қаржыландыру жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн орындаушы тұлғалар бекiтедi.
      Бекiтiлген дербес қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк мекемелерге жеткiзедi.
      35. Жергілiктi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілеттi орган жергілікті бюджет бойынша бекiтілген түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының бiр данасын бекiтiлгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық органына қағаз түрiнде және электрондық тасығыштармен бередi.
      Бюджетті атқару жөнiндегi жергілікті уәкілетті орган жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының аумақтық қазынашылық органына уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.
      36. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтілгеннен кейiн республикалық бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті орган үш жұмыс күнi iшiнде түсiмдер жоспарларын бекiтедi және қаржыландырудың жиынтық жоспарымен бекiтілген республикалық бюджетке кiрiстердiң түсiмдерi жоспарын ай бойынша бөлудi салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарға жiбередi.
      37. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтілгеннен кейiн төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкілетті органдар үш жұмыс күнi iшiнде бекiтiлген тиісті бюджеттерге түсiмдердiң жиынтық жоспарын айға бөлудi (ерекшелiктердiң деңгейiне дейiн) жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жiбередi.
      38. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi аумақтық қазынашылық органына (бюджеттiк бағдарлама әкiмшісiнiң орналасқан орны бойынша) оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген дербес қаржыландыру жоспарларын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарлары, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары бекiтілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрiнде және электрондық тасығыштармен тапсырады.
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бекiтiлген дербес қаржыландыру жоспарларының аумақтық қазынашылық органына уақтылы берiлуiн қамтамасыз етедi.
      Аумақтық қазынашылық органы бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне бекiтiлген дербес қаржыландыру жоспарлары берiлгеннен кейiн сегіз жұмыс күнi iшінде осы әкiмшiге барлық ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер бойынша мынадай:
      ҚР ББС-ның мiндеттемелерi бойынша дербес қаржыландыру жоспарларының сәйкес келуi;
      ҚР ББС-ның әрбiр бағдарламасы, кiшi бағдарламасы және ерекшелiгі бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың барлық дербес жоспарларының жоспарлы мақсаттары сомасының сәйкес келуi талаптарының орындалуына тексеру жүргiзедi.
      Белгіленген талаптар орындалмаған кезде дербес қаржыландыру жоспарлары түзету үшiн бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне қайтарылады.
      Мемлекеттiк мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспарлары бекiтiлгеннен кейiн он бiр жұмыс күнi iшінде аумақтық қазынашылық органына бекiтiлген дербес қаржыландыру жоспарларын қағаз тасығыштармен бередi.
      39. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы бюджеттердi нақтылау кезiнде мемлекеттік мекемелер дербес қаржыландыру жоспарларын, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi - бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын, бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган - қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен оларға өзгерiстер енгiзу арқылы нақтылайды.
      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi жылдық қаржыландыру жоспарын бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi ішінде қосымша және өзгертiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi органға жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiм ұсынады.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қосымша бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженiң 8-20-тармақтарына сәйкес мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын тапсырады.
      40. Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыланбаған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысына немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте iске асыру туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы бюджеттердi түзету кезiнде түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiс пен толықтыру осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен бюджетті атқару жөнiндегi уәкілетті орган қалыптастыратын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгізу туралы анықтама арқылы жүзеге асырылады.
      Бюджет қаражаттарының еркiн қалдықтарын ағымдағы қаржы жылында өткен жылғы бюджетте оның бекiтілген жылдық көлемiнен он пайыздан аспайтын сомаға бекiтiлген бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруды аяқтауға және алынған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге жiберу кезiнде түсiмдердiң жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстер енгiзу осы Ереженiң 3-тарауында белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаулысының негiзiнде қалыптастырылған Төлемдер мен мiндеттемелер бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалармен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен жоғары тұрған бюджеттiң резервiнен қаражат бөлу кезiнде төмен тұрған бюджетті түзету осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаулысының негiзiнде қалыптастырылған анықтамалармен түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгізу арқылы мәслихатта бюджеттi нақтыламастан жергілiкті атқарушы орган жүзеге асырады.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттердi атқару жөнiндегі уәкілетті органдарға мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiм беруi тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергіліктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бюджетті атқару жөнiндегі уәкілеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысын қабылдағаннан кейiн екi апта iшiнде жүзеге асырады.
      41. Бюджет кодексiнiң 79 және 80-баптарының 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық немесе жергiлiктi қаржы жоспары туралы жарлық немесе шешiм шығарған кезде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлетті орган осы Ереженiң 9-39-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды.

 3-тарау. Жылдық соманы қоса алғанда түсімдер мен
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Похожие:

Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру iconҚаржыландыру мәселелері Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының...
Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру iconРефератқа мәліметті енгізу
Мақсаты: «Менеджмент ғылымының қалыптасу тарихы. Қаржыландыру менеджменті» Менеджмент ғылым ретінде. Қаржы менеджменті. Денсаулық...
Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру iconШыңғырлау ауданы әкімдігінің
Шыңғырлау ауданындағы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,...
Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру icon«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру»

Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру iconСтуденттеріне арналған «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру»

Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру iconЕң алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау
Бүгінде өнеркәсіптік меншік күқықтарын қорғауды өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады. Әсіресе, дәстүрлі білімдер, өнертабыстар,...
Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру icon«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәнінен оқытушыға арналған оқу-әдістемелік кешені

Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру icon«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені

Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру iconКенжебекова меруерт бақытбекқызы мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік сала обьектілерін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру
Мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік сала обьектілерін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру
Қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту, сайлауларды мемлекеттiк қаржыландыру iconПәннің жұмыс бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар парағы Инвестицияларды қаржыландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница