Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі




Скачать 445.87 Kb.
НазваниеБюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі
страница2/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер445.87 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.yesevi.edu.kz/last/dis_sov_ru/ekonomika/avtoreferat/Shadieva.rtf
1   2   3   4

4. Бюджеттердiң атқарылуы туралы есептерде жоғары тұрған

бюджеттен алынған және жоғары тұрған бюджетке берілген

трансферттердiң көрсетiлу тәртiбi


28. Республикалық бюджеттiң, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала бюджетiнiң, астана, аудан бюджетiнiң (облыстық маңызы бар қаланың) атқарылуы туралы есептердi жасау кезiнде трансферттер бойынша есеп айырысулар ашық түрде ескерiледi.

29. Жоғары тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде - төмен тұрған бюджеттерге бөлiнген трансферттер «Шығындар» бөлiмiнде, ал төмен тұрған бюджеттен алынған трансферттер – «Кiрiстер» бөлiмiнде «Трансферттердiң түсiмi» бөлiмiнде ескерiледi.

30. Төмен тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте жоғары тұрған бюджеттен алынған трансферттер «Кiрiстер» бөлiмiнде «Трансферттердiң түсiмi» бөлiмiнде, ал жоғары тұрған бюджетке берiлген – «Шығындар» бөлiмiнде көрсетiледi.

31. Облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде трансферттер бойынша облыстық бюджет және аудандар (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiнiң арасындағы есеп айырысулар есепке енгiзiлмейдi.

32. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде трансферттер бойынша республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерi арасындағы есеп айырысулар оған енгiзiлмейдi.

33. Мемлекеттiк бюджеттiң, шоғырландырылған бюджеттің, облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептерден жоғарыда аталған сомаларды алып тастау оларды екi рет есепке алуды болдырмау мақсатында: кiрiстерде - жоғары тұрған бюджетте түсiм көзi бойынша және жоғары тұрған бюджетте және шығыстарда алынған трансферттер ретiнде - жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген трансферттер ретiнде және олардың есебiнен жүргiзiлген төмен тұрған бюджеттiң шығыстары ретiнде жүргiзiледi.


 5. Бюджеттердiң атқарылуы туралы есептерде жоғары тұрған бюджеттен алынған бюджет кредиттерiнiң көрсетiлу тәртiбi


34. Төмен тұрған бюджет үшiн бюджеттiк кредиттер бюджет тапшылығын қаржыландыру көзi болып табылады және төмен тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте «Бюджет тапшылығын (профициттi пайдалану) қаржыландыру» бөлiмiнде «Қарыздардың түсуi» бөлiмшесiнде, жоғары тұрған бюджеттiң есебiнде «Таза бюджеттiк кредит беру» бөлiмiнiң «Бюджеттiк кредиттер» бөлiмшесiнде көрсетiледi.

Осыған байланысты, жоғары тұрған бюджеттен алынатын бюджеттiк кредит төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджеттiң меншiктi кiрiс есебiнен бөлiнедi және жоғары тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте бiр рет кiрiстер түсiмдерiнiң көзi бойынша ескерiлген болатын, ал алынған кредиттi жұмсау төмен тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте шығыстардың бағытына байланысты функционалдық топтар бойынша ескерiледi, мемлекеттiк бюджеттiң немесе облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есепте бюджеттiк кредиттердi беру ескерiлмейдi. Осыған ұқсас жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттiң бюджет кредиттерiн өтеуi ескерiлмейдi.

35. Жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша сыйақы төмен тұрған бюджеттiң меншiктi түсiмдерi есебiнен төленедi және жоғары тұрған бюджетке салықтық емес түсiмдер болып табылады, олар қосалқы шоттан жалтару үшiн мемлекеттiң бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру кезiнде алып тасталады.

36. Қарыз қаражаты есебiнен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке кредиттердi бөлу кезiнде оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар сомасы сондай-ақ мемлекеттiң бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру кезiнде алып тастауға жатады.


6. Бюджеттердiң атқарылуы туралы есептерде бөлiнетiн

бюджеттiк бағдарламалардың көрсетiлу тәртiбi


37. Бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бекiтiледi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен немесе бюджеттiк бағдарламалардың әртүрлi әкiмшiлерi арасында жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бөлiнедi.

38. Бюджеттiң атқарылуы туралы есепте бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалардың есебiнен шығыстар олар бөлiнген сол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының құрамында ескерiледi.


7. Мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң

атқарылуы туралы есептердiң жасалу тәртiбi


39. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есеп республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердiң негiзiнде, ал облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептiң жасалуы олардың арасындағы өзара өтейтiн операцияларды есепке алмағанда облыстық бюджеттiң, аудан (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есептердiң жасалуы негiзiнде жүргiзiледi.

Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау мына:

1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) атқарылуы туралы есептің;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының Қолма-қол ақшасын бақылау шотында (бұдан әрі – ҚБШ) ақшаның қозғалысы туралы есептің негізінде жүргізіледі.

Өзара өтелетін операцияларға қосарланған есепті болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен басқасына берілетін, трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастаумен байланысты, мемлекеттік бюджетті , сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын операциялар жатады.

40. Бюджетаралық қатынастар трансферттермен және бюджеттiк кредиттермен реттеледi, мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi жасау кезiнде олар бойынша қосарлы шотты алып тастау мақсатында олар республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердi арифметикалық қосу жолымен алынған сомадан алып тастауға жатады.

 41. Мемлекеттiк, шоғырландырылған бюджеттердің, облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес мынадай түрде қалыптастырылады:

бұл рете, І «Кірістер» бөлімі:

кестенiң 4-бағанының сомалары кiрiстердiң 2 санаты бойынша сомадан (1,0 млрд. теңге) тұрады - ол төмен тұрған бюджеттерге берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) сомасы, және кiрiстердiң 4 санаты бойынша (280,0 млрд. теңге = 70,0 млрд. теңге + 210,0 млрд.теңге) - ол бюджеттiк алымдар ретiнде жоғары тұрған бюджет алған және мақсатты ағымдағы трансферттердiң және дамуға арналған (жоғары тұрған бюджеттiң резервiнен алынған трансферттердi қоса алғанда) мақсатты трансферттердiң субвенциялары нысанында жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджет алған трансферттердiң сомасы.

II «Шығындар» бөлiмi: кестенiң 4-бағанының сомалары төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджет берген трансферттердiң (130,0 млрд. теңге - субвенциялар, 80,0 млрд. теңге - дамуға арналған мақсатты ағымдағы және мақсатты трансферттер), жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен берiлген трансферттердiң (70,0 млрд. теңге - бюджеттiк алымдар) және үкiметтiк борышқа қызмет көрсету жөнiндегi шығындардың (1,0 млрд. теңге) сомаларынан тұрады.

IІІ «Таза бюджеттiк кредит беру» бөлiмi:

«Бюджеттiк кредиттер» бөлiмшесiнiң 4-бағаны бойынша сомалар төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджет бөлген кредиттердiң сомаларынан тұрады.

Қаралатын мысалда бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға (40,0 млрд.теңге) және төмен тұрған бюджеттерде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға (1,0 млрд.теңге) төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген кредиттер сомасы орын алады. Егер төмен тұрған бюджеттерде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға жоғары тұрған бюджеттiң резервi бөлiнбеген жағдайда, онда мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi есептi қалыптастыру кезiнде оның сомасы алынып тасталмайды, оны iшiнара бөлген жағдайда - бөлiнген сома ғана алынып тасталады.

Қаралатын мысалда «Кредиттердi өтеу» бөлiмшесiнiң 4-бағаны бойынша сома қолма-қол ақша тапшылығын жабуға төмен тұрған бюджет жоғары тұрған бюджеттен алған кредиттi төмен тұрған бюджет толық өтеу сомасымен берiлген. Егер осы резерв мемлекеттiк бюджеттiң және облыc бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп қалыптастыру күнiне бөлiнбесе немесе iшiнара бөлiнген жағдайда, онда алып тастау үшiн сома не болмайды, немесе резервтiң төмен тұрған бюджетке бөлiнген және оларға өтеуге жататын сол бөлiгiнен тұратын болады.

«Бюджет тапшылығын (қаржыландыру)» YI бөлiмi бойынша: «Қарыздардың түсiмi» жолы бойынша 4-бағанның сомасы жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттердiң сомасына қаралатын мысалға тең, ал «Қарыздарды өтеу» жолының сомасы төмен тұрған бюджеттiң кредиттердi өтеу сомасына тең. Қаралатын мысалда ағымдағы қаржы жылы өтеуге жататын 1,0 млрд. теңге сомасында төмен тұрған бюджет алған кредит өтеуге жатады. Ағымдағы қаржы жылы төмен тұрған бюджет алған 40,0 млрд. теңге сомасындағы кредит 2 жылдан кейiн өтеуге жатады деп болжамдасақ, осыған байланысты төмен тұрған бюджет ағымдағы қаржы жылы оны өтеу бойынша шығыстар әкелмейдi.


8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттердің атқарылуы туралы есептердi беру тәртiбi


42. Түрлі деңгейдегі есепті айға (жылға) жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді осы Ережеде белгіленген тәртіппен және осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес 1-27-нысан бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесі жасайды.

43. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға:

1) есепті айдағы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер - толық көлемде электрондық дерек қоры түрiнде және бiрiктiрiлген нысанда қағаз тасушыда есептiден кейiнгi айдың 2 күнiнен кешiктiрмей ондағы бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын жергілікті бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмi бюджет түсiмдерi сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттарын және сыныптарын ұстауы тиiс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептiң бөлiмдерi бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық тобын және кіші тобын ұстауы тиiс;

2) есепті жылғы жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер - санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 8 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы ұсынылған деректермен бірге оның билігіндегі есеп көрсеткіштерін салыстыруды жүргізеді.

Бұл ретте осы Ереженің 18-қосымшасынаа сәйкес нысан бойынша бюджет қаражаты түсімдерінің, шығыстарының және қалдықтарының сомасын салыстыру актісі жасалады.

Содан кейін алшақтық себептерін анықтау және оларды жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.

44. Төмен тұрған деңгейдегі бюджеттiң атқарылуы туралы есепті оның атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған деңгейдегі бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға қағаз тасушыда және бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары туралы электрондық дерек қоры түрiнде (бұдан әрi - электрондық дерек қоры) бередi.

45. Қағаз тасушыдағы бюджеттің атқарылуы туралы есептің деректері электрондық дерек қоры түрінде ұсынылған есепке сәйкес келуі тиіс.

46. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органдары бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мыналарды ұсынады:

1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы толық көлемдегі айлық есептiк электрондық дерек қоры түрiнде – онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімі бюджет түсімдерінің санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және сыныптама ерекшелігін, ал бюджеттің шығыстарын қамтитын есептің бөлімі функционалдық топтарды, функционалдық ішкі топтарды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды қамтуы тиіс қағаз тасушыда оны кейiннен осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес қалыптасқан есептi айдың соңына дейiн растай отырып есептiден кейiнгi айдың 12 күнiнен кешiктiрмей;

2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы толық көлемдегі жылдық есептi - онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімі бюджет түсімдерінің санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және сыныптама ерекшелігін, ал бюджеттің шығыстарын қамтитын есептің бөлімі функционалдық топтарды, функционалдық ішкі топтарды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды қамтуы тиіс толық көлемдегі электрондық деректер қоры түрiнде есептіден кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, сондай-ақ қағаз тасушыда осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес қалыптастырылған есептiден кейінгі жылдың 15 наурызға дейін.

Қағаз тасушыдағы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есепке тоқсан сайын қол жеткізілген нәтижелерді көрсете отырып, бюджет түсімдері мен шығыстары бойынша іс жүзінде қалыптасқан соманы түсіндіре отырып, түсіндірме жазба қоса беріледі.

47. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi беру мерзiмi соңынан белгiленедi.

48. Ведомство мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне мынаны ұсынады:

 1) сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын есептемегендегі есепті айдағы республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы айлық есеп деректері - сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын ескере отырып есептiден кейiнгi айдың 3 күнiнен кешiктiрмей - электрондық дерек қоры түрiнде және бiрiктiрiлген нысанда қағаз тасушыда есептiден кейiнгi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей ондағы бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмi бюджет түсiмдерi сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттарын және сыныптарын ұстауы тиiс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептiң бөлiмдерi бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық тобын және кіші тобын ұстауы тиiс;

2) есепті жылғы республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер - санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей.

49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық жобалар және инвестициялар бойынша қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне қоса берілетін бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалуптастыруға немесе арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөле отырып, Бюджеттік бағдарламаларды дамыту тізбесіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.

Республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылана арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалуысына қоса берілетін объектілер бойынша Бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.

Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.

50. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiне ақпараттық материалдарды беру кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшысы бекiткен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiне ақпараттық материалдарды беру кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi бередi, бiрақ мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен ерте емес - есептiден кейiнгi айдың 20 күнi.

Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiден кейiнгi айдың 15 күнi, сондай-ақ Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiне және бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға, мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы айлық есеп есептiден кейiнгi айдың 20 күнi - бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға берiледi.

51. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiнiң өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн он жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы жылдық есептi бередi.

52. Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттердiң атқарылуы туралы, республикалық, жергiлiктi (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік инвестициялық бағдарламалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға осы Ережеге 6, 7-қосымшаларға сәйкес (қол қоюмен бекітілмеген) нысандар бойынша қағаз тасығышта және электрондық түрде жібереді. Қағаз тасығыштағы есептер ілеспе хатпен беріледі.

Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есептің) бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері жөніндегі деректерді қамтуға тиіс.

Есептердің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар жөніндегі деректерді қамтуға тиіс.

53. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінiң атқарылуы туралы есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға біріктірілген нысанда жіберіледі, онда облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінiң бюджет түсімдерін қамтитын бөлімдері бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын қамтуға тиіс, ал бюджет шығыстарын қамтитын бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын қамтуға тиіс.

54. Мемлекеттік, республикалық, жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық есеп) бюджеттердiң, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептер электрондық нысанда, бюджеттердің түсімдері көрсетілетінде бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша және бюджеттердің шығыстары көрсетілетінде бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар мен бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшеліктері, бюджеттің осы Ережеге 10-тармаққа сәйкес құрылымы бойынша, сондай-ақ бюджет шығыстары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің экономикалық сыныптамасының санаттар, сыныптар, кіші сыныптар мен ерекшеліктері бөлігінде қалыптастырылады.

55. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді мемлекеттік бюджеттi атқару туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлімшесі осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және:

1) ведомство берген, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

2) облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған, бюджетті атқару жөніндегіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті уәкілетті органдары ұсынған жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жиынтық) бюджеттердің атқарылуы туралы есеп;

3) ведомство берген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының ҚБШ-сындағы ақша қозғалысы туралы есеп.

56. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ереженің мемлекеттік және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы туралы есептер үшін белгілеген мерзімінде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жасайды және Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдарға (біріктірілген) электрондық түрде және қағаз тасығышта, қолдармен растамай-ақ ілеспе хатпен жібереді.

1   2   3   4

Похожие:

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың шілде айында тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconМемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесіне

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі туралы
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconАзаматтық бюджетті жасау әдістемесі
Азаматтық бюджет – бұл тиісті (республикалық немесе жергілікті) деңгейдегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір сапа стандарттарына...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconПӘ 2012 жылғы жоспарының іс-шарасы және мемлекеттік органдардың 2012 жылғы қызметінің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша Сараптама комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынымдары
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің іс-шаралар жоспары
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі icon2013 жылғы 30 қазан №500 Астана қаласы Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған
Азақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын iске асыру мақсатында бұйырамын
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconІске асыру туралы есепті жасау нысаны мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары. Бб 064, 065, 068, 069, 071
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconТабиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы
«табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру...
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница