2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




Название2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница7/40
Дата конвертации06.02.2016
Размер6.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.damu.kz/content/files/2012BCPApplicationInstructionKazakh.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40

2005-2009 жылдардағы ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі айғақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісінің өзгеру динамикасы




Сала кәсіпорындарының басым бөлігін пиломатериалдар, дайындамалар, терезе және есік блоктарын, жиһаздар өндіруге маманданған шағын бизнес субъектілері ұсынады.

Жиһаз шығарумен «Восток жиһаз фабрикасы» ЖШС, «№1 Эксперименттік зауыт»ЖШС, «Компания Absolute Kazakhstan Production» ЖШС және басқлары айналысады.

Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі айғақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісінің өзгеру динамикасы кестелік нысанда ұсынылды.

Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары негізінен тау-кен өндірісі және металлургиялық өнеркәсіпке арналған өнімдер шығарумен айналысады (қышқылдар, газ, жарылғыш заттар және басқалары).

Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімі облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлемінен 1,2%-ға ие.


Саланың негізгі кәсіпорындары «Теміртау электр металлургиялық комбинаты» ЖШС (карбид, ферросиликомарганец шығару), «Трек» ЖШС (пластикалық жағындарды өндіру), «Максам Қазақстан» АҚ (жарылғыш заттар өндірісі).

Қарағанды облысы аумағында «Теміртау электр металлургиялық комбинаты» ЖШС-де кальций карбидін өндіру жолға қойылған.

Кальций карбидін өндіру технологиясы іске жаратуға болатын кондициялық емес фракциялардың түзілімін болжайды.

Осыған байланысты, импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған өнімдер: винилбутил эфирі, винилин, винипол, тұрмыстық химия өнімдері, малеин ангидриді, келешекте синтетикалық каучук өнімдерін өндіруді болжайды.

Бес жыл кезеңінде химия өнеркәсібі көлемі 5820,3-дан 9921,5 млн. теңгеге дейін артты.


2005-2009 жылдардағы химия саласы бойынша өнім өндірісінің тауарлық өнім көлемінің және айғақты көлем индексінің динамикасы




2009 жылда бұл салада 9921,5 млн. теңге сомасына тауарлық өнім өндірілді, айғақты көлем индексі 105,5% құрады.

Оған қоса, 2009 жылы өндірілген тауар өнімінің көлемі 2008 жылдың деңгейінен 13,2%-ға аз.

Химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы қосымша құны 2,2 есеге артты және 7775,1 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да химия саласының жалпы қосымша құнының үлес салмағы бес жыл бойы 1% деңгейінде сақталады.



Көрсеткіш

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Химия өнеркәсібінің көлемі, млн.теңге

5820,3

5242,8

7914,2

11468,7

9921,5

Химия өнеркәсібінің ЖҚҚ, млн.теңге

3458,1

4478,1

6441,2

7102,8

7775,1

Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да химия өнеркәсібінің ЖҚҚ үлес салмағы, %

1

0,9

1,1

0,9

1

Жылына орта есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

1944

1999

1922

1848

1853

Еңбек өнімділігі, мың тг.

2994

2622,7

4117,7

6206

5354,3


Химия өнеркәсібінің еңбек нарығында қарастырылған кезеңде сала жұмысшыларын жұмыспен қамту 1944-тен 1853-ға дейін төмендеген, ол 95,3% құрайды. Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 2994-тен 5354,3 мың теңге немесе 1,8 есеге артты.

2005 -2009 жылдар аралығында химия өнеркәсібіне 31,8 млрд. теңге, инвестицияланды, рәзеңке және пластмасс бұйымдарын өндіру– 1,5 млрд. теңге.

2009 жылы бұл салаға 23,1 млрд. тенге сомасында,ал рәзеңке және пластмасс бұйымдарын өндіруге – 0,4 млрд. теңге инвестиция салынды.

Химиялық және соған қатысты өнеркәсіп салалары өнімдерінің экспорты 210,9 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2005-2009 жылдары арлығында экспорттың жалпы көлемі 0,7 пайызды құрады.

Химиялық және оған қатысты өнеркәсіп салалары өнімдері 1014,8 млн. АҚШ доллары көлемінде импортталды немесе бес жылда импорттың жалпы көлемінен 11,8%.

Өңірде бұл саланы өз бетінше дамыту үшін ресурстық базаның жеткілікті әлеуеті жоқ

Фармацевтикалық өнеркәсіп. Фармацевтикалық салада 6 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 1-уі орташа және 5-уі шағын өнеркәсіптік кәсіпорын. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде бұл саланың үлесі 0,06% -ды құрайды.

2009 жылы фармацевтикалық сала өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 242,1 млн.теңгені құрады.

Қазіргі уақытта "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС-де "Фитохимия" Халықаралық ғылыми-өндірістік холдинпен бірлесіп «2010-2012 жылдарға арналған GMP стандарты бойынша бірегей фитопрепараттар өндіруді ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Құрылыс материалдары өндірісі. Қазіргі уақытта өнім өндірумен шамамен 148 өнеркәсіп кәсіпорны айналысады. Бұл саланың жетекші кәсіпорындары мыналар: «Central Azia Cement» АҚ, «Қарцемент» АҚ, «Қарағанды асбоцемент бұйымдары зауты» ЖШС, «Қарағанды құрылысконструкция» ЖШС, «Қарағандынеруд» ЖШС, «Қазтрансметалл» ЖШС, «Тұмар-Тас» ЖШС, "Темір" ЖШС және басқалары.

Құрылыс материалдарын шығару көлемі 2005 - 2009 жылдар аралығында 8961-ден 12038 млн. теңгеге дейін өсті.

Құрылыс материалдары өндірісінің жалпы қосымша құны 2,6 есеге артты және 10671,8 млн. теңгеге жетті. Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да химия саласының жалпы қосымша құнының үлес салмағы бес жыл бойында 1,2 – 1,4% деңгейінде сақтады.


2005-2009 жылдарда құрылыс материалдарының саласында айғақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісінің өзгеру динамикасы




Қарастырылған кезеңде құрылыс индустриясының еңбек нарығында сала жұмысшыларын жұмыспен қамтудың 2662-ден 2629-ға дейін төмендегені байқалды, ол 98,8% -ды құрайды.

Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 3366,3-тен 4578,9 мың тенгеге дейін артты немесе 36 п.т.


Көрсеткіш

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж


Өзге бейметал минералды өнімдер өндірісінің көлемі, млн.теңге

8961

11483,9

19767,1

16041,4

12038

Өзге бейметал минералды өнімдер өндірісінің ЖҚҚ, млн.теңге

4097,1

5086,7

8784

10962,2

10671,8

Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да өзге бейметал минералды өнімдер өндірісінің ЖҚҚ үлес салмағы, %

1,2

1

1,5

1,4

1,4

Жылына орта есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

2662

3042

3880

3535

2629

Еңбек өнімділігі, мың тг.


3366,3

3775,1

5094,6

4537,9

4578,9


2005 - 2009 жылдар аралығында өзге бейметал минералды өнімдер өндірісіне 34,3 млрд. теңге инвестицияланды.

Құрылыс материалдары экспортының көлемі 14,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2005-2009 жылдарда экспорттың жалпы көлемінен 0,05%.

Құрылыс материалдары импорты 262,5 млн. АҚШ долларын құрады немесе қарастырылып отырған кезеңде импорттың жалпы көлемінен 3,1%.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде өндірістің қуатты күшінің тозғаны байқалады.

2013 жылға дейін «Central Azia Cement» АҚ және «Карцемент» АҚ құрғақ әдіспен цемент өндіру бойынша №5 технологиялық желіні жаңғырту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.

2007 жылға дейін құрылыс материалдарын өндірудің жыл сайынғы өсімі ішкі нарықта тұрғын үй құрылысы есебінен бір қалыпты сұраныста қамтамасыз етілді. 2008 жылдың екінші жартыжылдығында, яғниипотекалық несиеде ерекше байқалған әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде шынайы көлем 30,6 п.т. қысқарды,

Құрылыс индустриясының көлемін арттыру және жағдайды тұрақтандыру үшін сала кәсіпорындарымен 2015 жылға дейін бірқатар жобалар жоспарланған.

Электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісінің негізін: «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды Жылу» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Қарағанды жылусбыт» ЖШС, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «Алемгаз» ЖШС, «Қарағанды өңірлік энергетикалық компаниясы» ЖШС сияқты энергетика және жылу кәсіпорындары құрайды.

Соңғы бес жылда электр энергиясын өндіру небары 0,8%-ға артты, ал жылу энергиясы 5,7%-ға, табиғи су - 12,7%-ға төмендеді.


Электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісі саласында маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы



Өнімдер атауы

Өлш. брл.

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Электр энергиясы

млн.

кВт .ч

11524,4

11286,4

11699,6

11123,2

11837,2

2

Жылу энергиясы

мың Гкал.

15677,6

15003,5

15918,4

15982

15888,6

3

Табиғи су

млн.

куб.м

532,1

511,2

506,5

490,5

488,2


2009 жылы Қарағанды облысының 8 жылу электр станциясы сағатына 12 229,5 мың кВт. электр энергиясын өндірді, тұтынылғаны – сағатына 15 116 мың кВт., электр энергиясының тапшылығы – сағ.2 886 мың кВт..

Электр энергиясының тапшылығы Қазақстанның ЕЭС электр станциясынан ВЛ-220/500кВ «Север-Юг» транзиттік желісі арасындағы ағындар есебінен жабылды.

2009 жылы Қарағанды облысына 85 МВт жаңа генерациялық қуаттылық енгізілді, оның ішінде:

- «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ГРЭС-та типі К-55-90 қуаттылығы 55 МВт ст.№1 бу турбинасы енгізілді.

- Балқаш ЖЭО №1,2 турбина қуаттылығы нақтыланды (30 МВт-қа артты).


2005-2009 жылдарда электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісінде айғақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы




2005 - 2009 жылдар аралығында электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісінде жұмысшылардың жұмыспен қамтылуының тұрақсыз динамикасы байқалады.

Жалпы жұмыспен қамту өсімі 16040-тан 16465-ке дейін өсті, ол 102,6% құрайды.

Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 2115,5-тен 4921,6 мың теңгеге немесе 2,3 есеге өсті.

2005 - 2009 жылдары электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісіне жұмсалған инвестициялар 69,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

  • электр энергиясына, газ және су өндіру мен тарату өндірісіне – 46,8 млрд. тенге;

  • су жинау, тазалау және таратуға – 22,5 млрд. тенге.




Көрсеткіш

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісі көлемі, млн.теңге

33932,5

42591,6

41985

69248,8

81034,8

Электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісінің ЖҚҚ, млн.теңге

25599,8

33366,9

35244,5

48251,4

55011,9

Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өндірісінің ЖҚҚ үлес салмағы, %

7,3

6,7

6

6,3

7,2

Жылына орта есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

16040

15868

16002

15393

16465

Еңбек өнімділігі, мың тг.


2115,5

2684,1

2623,7

4498,7

4921,6



Өнеркәсіп қызметінің түрлері бойынша электр энергиясын тұтыну қарастырылып отырған кезеңде 10803,7 млн. кВт-сағ. қысқарды ( 2005ж. – 11196,5 млн.квт-сағ).


Көрсеткіш

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Өнеркәсіп бойынша электр энергиясын тұтыну, млн.квт-сағ.

11196,5

11408,4

11490,1

11093,5

10803,7


Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдары электр энергиясын дамыту жөніндегі бағдаламасында Қарағанды облысы бойынша 3 жобаны жүзеге асыру қарастырылған:

- «Шахтинск ЖЭО» ЖШС-де қуаттылықты арттыру (жоба құны – 9,9 млрд. теңге);

- «Приозерск қаласындағы жаңа жылу көзінің құрылысы» (жоба құны– 6,3 млрд. теңге);

- «Қарқаралы ауданындағы (Қарағанды обл.) жел электр станциясының құрылысы» – қуаттылығы 15 МВт, жоба құны 3,0 млрд. теңге.

«Бюджеттік бағдарламаның «48 код» республикалық трансферті есебінен жасалатын жобалар» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес – Республика бойынша барлығы 324,3 млрд. теңге салынды.

Облыстың индустриялық-инновациялық дамуы.

Жалпы алғанда, Қарағанды облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2009 жылы 6,2% -ды құрады (2004 жылы – 4,2 %).

Инновациялық өнім көлемінің нақты бағасы 14,4 млрд. теңгені құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық өнімдерінің ішінде ең көп – 99,1%-дық үлес салмағын қайта енгізілген немесе белгілі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер құрайды.

Технологиялық инновацияның жалпы шығыны 1,9 млрд. теңгені құрайды.

Бұл ретте, өндірістік процестерді, жаңа өнімдерді өңдеуге және зерттеуге - 60%, технологиялық инновациямен байланысты көлік пен құрал – жабдықтарды алуға – 28%, инновациямен байланысты қызметкерлерді оқыту мен қайта дайындауға – 11% шығындалды.

Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлес салмағы кәсіпорынның басыбайлы қаражатының – 85,6% («Азия Хайер» ЖШС, «Сарыарка ENERGY» ЖШС, «Bapy Mining» ЖШС, «Kaztherm» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «ҚазБелАЗ» БК, «Евразиан Фудс» АҚ, «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «Евромет» ЖШС, «Хром – Т» ЖШС, « К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС, «Green Technology» ЖШС, «Қарцемент» ЖШС, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС), республикалық бюджеттің - 13,8% («Индустриалды парк «Металлургия-Металл өңдеу» ЖШС, «Таза өнімдер» ЖШС), даму институттары қаражатының - 0,6% («Карағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС) құрады.

Аяқталған технологиялық инновациясы бар кәсіпорындардың басым бөлігі Қарағанды қаласының (67%) көмір өнеркісібі мен ауыл шаруашылық өңдеу кәсіпорындарында, Теміртау қаласының (14%) металлургиялық саласының кәсіпорындарында, Жезқазған және Саран қалаларында ( 6%-дан) жүзеге асырылады.

Облыста 2004 ж. құрылған «Технопарк UniScienTech» ЖШС өңірлік паркі және «Сарыарқа» ӘКК» АҚ өз қызметін іске асыруда.

Қарағанды аймақтық технопаркі қызметінің негізгі бағыты бизнес-инкубирлеудің және жобаларды басқарудың бағыттарын дамыту болып табылады.

Бизнес-инкубирлеуге 119 жобаның 37 инновациялық жобасы (23 компания): олардың арасында 3 жоба «Ғылым қоры» АҚ-нан қосымша қаржыланды, 7 жоба бойынша соңғы дайындық іс-шаралары жүргізілуде.

Қарағанды облысында Қарағанды қ. Индустриалық саябақ құру бойынша ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Саябақтың жалпы көлемі 540 га. Индустриалды саябақ инфрақұрылымы құрылысының жалпы құны 25,5 млрд. теңгені құрайды.

Бүгінгі күнде Индустриалды саябақтың төңірегінде ішкі электр жабдықтау бойынша құрылыс жұмыстары орындалды, темір жол құрылысы, сонымен қатар Қызылорда – Павлодар автомагистральды жоларнасы арқылы 87 метр жол өтпесінің құрылысы аяқталды.

Ағымдағы жылы 100 га көлемде толық инфрақұрылымдық алаң дайындалады, 15-тен аса жобалар жүзеге асырылу жоспарланып отырған, Индустриалды саябақ төңірегінде орналасатын өндіріс тізімін құру бойынша жұмыс басталды.

Үдемелі индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес шикізат пен дайын өнімді жеткізу үшін ыңғайлы коммуникациясымен жаңа АЭА құрылады.

2011 жылы осындай принциппен Қарағанды қаласында металлургия мен металл өңдеуді дамыту бойынша Қарағанды қ. Индустриалды аймағының базасында жаңа АЭА құру мәселесі қарастырылады.

Бұл мәселенің оң шешімін тапқан жағдайда Қарағанды қ. Индустриалды аймағының өндірістік алаңын Қарағанды облысы өнеркәсібінің негізгі саласын дамыту Концепциясында бар жобалармен толықтырады.

2004-2009 жылдар арасында облыстың («Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ) дамыту институттарымен бірлесіп 9 инвестициялық жоба іске асырылды:

1. «Экологиялық таза, әрі қауіпсіз гидродинамикалық жылытқыш жылу күшін беретін жабдықтарға арналған сұйық ортаның сериясын жасау ("ТММ" ЖШС). Ұлттық инновациялық қор 7,5 млн.теңге сомасында грант бөлді. Гидродинамикалық жылытқыштар зауытын Индустриялық саябақ аумағына салу жоспарланып отыр.

Бұл мүйізді ірі қара малдың жас төлдерінің теміретке қотырының асқынған түрін емдеуге арналған жоғары сапалы отандық дәрі.

2. «Еден жабындарын өндіру» («Eurasiaflor» ЖШС) Инвестициялық қор 414 млн. теңге бөлді. 2005 жылдың 14 желтоқсанында осы желі іске қосылды.

3. «Антилишай» линиментінің тиімділігі жоғары антитрихофитозды құралының отандық жаңа сынақ партиясын шығарып,ветеринарлық тәжірибеге енгізу» (Органикалық синтез және көмір химиясы институты, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ) . Сапасы жоғары отандық құралдың көмегімен ірі қара малдың қырқылған бұзаутаз созылмалы ауруын емдеуге болады.

4. Ісікке қарсы бірегей отандық «Арглабин» препаратын өндіру бойынша екінші кезектегі фармацевтикалық зауыттың құрылысы аяқталды («Ұлттық инновациялық қор» АҚ). Онда 30 жұмыс орны құрылды. Фитопрепараттардың субстанцияларын экстракттау және синтездеу цехы заманауи жабдықтармен жабдықталған, халықаралық GMP стандартқа сай өзінің алғашқы өнімін шығарды. Цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн. дейін 43 бірегей бәсекеге қабілетті фитопрепараттардың «Арглабин», «Салсоколлин», «Саусалин», «Атеролид», «Экдифит» және т.б. сияқты жеңіл дәрілік формаларын шығаруға мүмкіндік береді;

5. Панельді ағаш үй құрылысы мен құрастырмалы желімделген қырлы бөрене өндіру бойынша ағаш өңдеу зауыты іске қосылды. Өнім «Weining» герман фирмасының автоматты желісінде құрастырылады. 170 жаңа жұмыс орны ашылды («Инвестициялық қор» АҚ бірлесіп, 2009 ж. шілде). Жобаның жалпы құны 2 млрд. 730 млн. теңге. Желімделген қырлы бөрене тұрғын үй, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыста пайдаланылады. Панельді ағаш үй құрылысы шағын қабатты құрылысқа арналған. Өндіріс қуаттылығы жылына 200 үйді құрайды.

6. «AB Metals Co» ЖШС «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мен бірлесіп қыркүйек айында «Ромелт» инновациялық үрдісін қолданумен шойын өндіру зауытын іске қосты, өндірістік қуаттылығы - жылына 32 мың тоннаға дейін құйма шойын. 120 жұмыс орны ашылды. Жобаның құны – 655,2 млн. теңге. Жобаның бірегейлігі шламнан қосымша шығынсыз негізгі өнім - шойын алынатындығында. Жобаның жаңашылдығы шойын өндіру технологиясын қымбат тұратын коксты қолданбай-ақ бір сатыда қолдануға және кез-келген дайындалмаған құрамында темірі бар материалды өңдеуге мүмкіндік беретін пештің теңдессіз құрылымында, ол дайын өнімнің құнын автоматты түрде төмендетеді. Бұнымен қоса, бұл үрдісті қолдану кезінде қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы шойынды домна пешінде дәстүрлі әдіспен өндіруге қарағанда біршама төмен.

7. «Қазақстан Инвест Көмір» АҚ «Инвестициялық қор» АҚ-мен бірлесіп 2009 жылы арнайы кокс және электр мен жылу энергиясын шығару өндірісін іске қосты. Жоба құны – 1 133,6 млн. теңге. Өндірістік қуаттылығы жылына 12 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта тағы 4 пеш жөнделді. 46 жұмыс орны ашылды.

8. «Қазақстанның даму банкі» АҚ –ның «Silicium Kazakstan» ЖШС компаниясымен металлургиялық кремний өндіру зауытының құрылысы бойынша бірлескен жобасын жүзеге асыру аяқталды. Өндірістік қуаттылығы жылына 25 мың тонна. Жобаның құны – 17 600 млн. теңге.

9. «Ғылым қоры» АҚ-нан «Темір мен мыс» ЖШС-не тәжірибелі - өндірістік партияларды құру үшін 25,4 млн. теңге көлемінде грант бөлінді.

01.01.10ж. жағдай бойынша облыста халықаралық сапа менеджменті жүйесін облыстың 387 кәсіпорыны мен ұйымы енгізді.

Жылдамдатылған индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысынан Елді индустрияландыру картасына 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, жалпы сомасы 75 млрд. 645 млн. 200 мың теңгеге облыстың 17 инвестициялық жобасы енгізілді, оның ішінде 1 жоба республикалық маңызды - «Таза өнімдер» ЖШС құс фабрикасының құрылысы, 1 млрд. 619 млн. теңге сомасында – жүзеге асыруға жауапты «ҚазАгро» ҰБХ АҚ. Жылдамдатылған индустриялық даму бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. 17 жобаның 54 млрд. теңгеден артық сомасындағы 6 республикалық маңызы бар, 21 млрд. теңгеден артық сомаға 11 өңірлік маңызы бар жобалар енеді.

Сонымен қатар 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Индустриаландыру Картасын актуализациялауға қосымша ретінде келесі жобалар ұсынылды:

- «Көктасжал» кен орны негізінде тау-кен кешенін салу және пайдалану» «Алтай Полиметаллы» ЖШС;

  • «Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға өсіре отырып «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ын дамыту және жаңғырту» «АрселорМиттал Теміртау» АҚ;

  • «Сары Қазына» ЖШС-де Қоңырат кен орнына минералдық техногендік түзімінен МООК маркалы жоғары сапалы катодты мыс өндірісі;

- «Астықты тереңнен қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру» «Фирма Номад» ЖШС;

- «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС бөлінбеген сүт өнімін резервтеу және құю бойынша цехты кеңейту (жоба «ҚазАгро» ҰБХ арқылы ұсынылған).
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы
Негізгі бағыттары, міндеттері, мақсатты индикаторлар 153 бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері 176
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconСемей қаласы аумағының 2011- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы семей қаласы

2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница