2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




Название2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница1/40
Дата конвертации06.02.2016
Размер6.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.damu.kz/content/files/2012BCPApplicationInstructionKazakh.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40


Жоба





ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Қарағанды, 2010

МАЗМҰНЫ




Бөлімінің атауы

беті

1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

3

2

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

17

3

АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ КӨРІНІС

119

4

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ КӨРСЕТКІШТЕР МЕН НӘТИЖЕНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

126

5

ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР

214

6

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

215




  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ




Атауы

2011 - 2015 жылдарға арналған Қарағанды облысының даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы

Аймақтың негізгі сипаттамалары

Облыстың аумағы 428 мың.шаршы км (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 15,7%). 2010 жылдың 1 қаңтарына Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық бөлініске облыстық және аудандық маңызы бар 11 қалалар мен 9 аудан ұсынылды. 2010 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1 352 037 адамды құрады.

2009 жыл ішінде өндірілген жалпы аймақтық өнімнің ағымдағы бағасы 1515,8 млрд. теңгеге тең. Қазақстанның ІЖӨ 8,9% облыстың үлесіне тиесілі. 2009 жылы облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемі 808,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптің негізгі салалары қара және түсті металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу болып табылады.

Бағыттар

  • Өңір экономикасы

  • Әлеуметтік сала және адами әлеует

  • Инфрақұрылымдық кешен

  • Аумақтық (кеңістіктік) құрылым

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару жүйесі

Бағдарламаның мақсаты

Өңірдің экономикасын дамыту мақсатында:


  • Экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіпті құрылымдық жағынан алға бастыру және ұлттық әрі өңірлік экономикадағы бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

  • Өңірлік инновациялық жүйелерді жандандыру;

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін құру;

  • Ішкі сауданың тиімділігін арттыру;

  • Бәсекелестікті дамыту.


Әлеуметтік сала және адами әлеует:


  • Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту;

  • Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және балалардың қызығушылықтарын заңмен қорғау;

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі;

  • Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату;

  • Қарағанды облысындағы бұқаралық спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын және спорттың жоғары жетістіктерін дамыту;

  • Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;

  • Мұрағат саласын дамыту;

  • Мемлекеттілік пен ұлттың бірлігін әрі қарай нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнатуды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын-алудың жүйесін дамыту;

  • Қылмысқа қарсы, оның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрімен, нашақорлар мен есірткілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, құқық қорғау, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың заңды қызығушылықтары мен бостандықтарын, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.


Инфрақұрылымдық кешен:


  • Экономикалық кеңістікпен байланысын жақсарту;

  • Облыстың инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі механизм қолданып тиімді инвестициялық саясат жүргізу;

  • Облыстың энергетикалық кешенін тұрақты түрде дамыту;

  • Халықты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.


Аумақтық (кеңістіктік) құрылым:


  • Ауылдың жайлы өмір сүру жағдайын құру;

  • Тұрғын-үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік және халықаралық нормативтер мен стандарттар талаптарына сәйкес жоғары сапалы жетістіктерге жету үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің қызметтеріне тиімді сәулет-құрылыс бақылауын енгізу;

  • Қала құрылысы жобаларын жүзеге асырудың тиімді механизмін құру;

  • Қоршаған орта мен табиғи ортаның сапасын тұрақтандыру және ластану деңгейін төмендету;

  • Пайдаланушыларға жер ресурстары туралы ақпаратты бергенде оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • Ішкі тұрақтылықты қолдау;

  • Көші-қон үрдісін реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:


  • Облыстық мәслихат аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату;

  • Облыс әкімі аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату;

  • Жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару функциясын іске асырудың тиімділігін жоғарылату;

  • Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту;

  • Бюджетті орындау сапасын жоғарылату;

  • Облыстың және оның аймақтары экономикасының сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Міндеттері

Өңір экономикасы:

  • Өнеркәсіптің басым секторларын дамыту, оларды әртараптандыру мен бәскеге қабілеттілік деңгейін қамтамасыз ету;

  • Өңір кәсіпорындарының кеміген күшін жоюшыларды толықтыру;

  • Металлургиялық өнімдер өндірісінің жалпы көлемін арттыру;

  • Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

  • Жаңа өндірісті құру және технологиялық жаңарту;

  • Құрылыс материалдары өнімдерін өндіру түрлерін кеңейту және сапасын жоғарылатып, көлемін арттыру;

  • Жергілікті шикізатты өңдеу және жоғары құны өндірісті жаңғырту қосылған өнімдерді құру;

  • Химия өнеркәсібі өнімдерін экспорттау және өндіріс көлемін өсіру;

  • Жаңа медициналық препараттары түрлерін шығару және өндіріс көлемін өсіру;

  • Өнеркәсіптің базалық салаларын дамытудың тұжырымдамасы мен үздік жоспарларын жүзеге асыру;

  • «Металлургия-металл өңдеу - машина жасау» және «Фармация» кластерлерін дамыту;

  • Бизнес-ортаны жақсарту;

  • Жергілікті мазмұнды дамыту;

  • Отандық өндірушілер үшін «UniScienTech Технопарк» ЖШС, «Металлургия-Металл өңдеу» Индустриялық парк» ЖШС және «Қарағанды» Өңірлік корпорациясы (құқықтық мирасқор «Сарыарқа» ӘКК) қызметтерінің қол жетімділігін арттыруға жәрдемдесу;

  • Ауыл шаруашылық жерлерін күтіп-баптаудың алдыңғы қатарлы, ғылыми-негіздемелік технологияларын ендіру;

  • Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру;

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші өнеркәсібі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Туристік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету;

  • Халықаралық және ішкі нарықта облыстың туристік имиджін ілгерілету;

  • Кадрлық ресурстарды жетілдіру;

  • Сауда инфрақұрылымын дамыту;

  • Аймақ экономикасында мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту.


Әлеуметтік сала және адами әлеует:

  • Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту;

  • Негізгі әлеуметтік-маңыз бар аурулар бойынша жағдайды жақсарту;

  • Салауатты өмір сүру салтын енгізу идеологиясын қалыптастыру;

  • Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру мен басқару жүйесін жақсарту. Медициналық қызметтерді ұсынуды жетілдіру;

  • Сапалы дәрі-дәрмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету және жақсарту. Дәрі-дәрмекепен қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу;

  • Медициналық кадрларды кәсіби дайындауды үздіксіз жоғарлату;

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру және мектепке дейінгі білім берумен ұсынылатын қызметтің сапасын жақсарту**;

  • Мектепте білім берудің сапасын жақсарту***;

  • Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдайды жасау***

  • Педагогикалық кадрлардың кәсібилігі мен мұғалімдер кәсібінің мәртебесін арттыру***;

  • Дамуы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алудың қолжетімді болуын қамтамасыз ету***;

  • Қараусыз, панасыз қалған, әлеуметтік жетімдікті болдырмау және жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілеріне отбасылық жағдай жасау;

  • Бәсекеге қабілетті сапалы кадрлар дайындығының сапасын арттыру үшін жағдай жасау ***;

  • Тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • Әлеуметтік әріптестік шеңберінде облыс кәсіпорындарында ұжымдық – шарттық қатынастарды дамыту;

  • Еңбек көші-қон үдерісін реттеу;

  • Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулығын арттыру;

  • Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізу;

  • Мүгедектер мен ардагерлер үкіметтік емес ұйымдарын (бұдан әрі - ҮЕҰ) тұрақты дамытуға ықпал ету, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда олардың қатысуын кеңейту;

  • Мүгедектердің қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату;

  • Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту;

  • Мәдениет пен өнер салаларын танымал ету;

  • Бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын дамыту;

  • Облыста спорттың жоғары жетістіктерін дамыту;

  • Облыста шаңғы спортын дамыту;

  • Мемлекеттік тілдің шоғырландыру және әлеуметтік-коммуникативтік функциясын кеңейту;

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;

  • Қарағанды облысының мұрағаттар мекемелерінде сақталған, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын байытуды қамтамасыз ететін құрамды байыту;

  • Этника аралық және конфессия аралық келісімді нығайту және сақтау;

  • Елдің Стратегиясын дамытуды іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

  • Мемлекеттік ақпараттық саясатты электрондық және БАҚ басылымдары арқылы жүргізу;

  • Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында жастардың белсенділігін арттыру;

  • Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың бостандығы мен конститутциялық құқығын, денсаулығын, қауіпсіздік өмірін қажетті деңгейде қолдауды нығайту; қылмысқа қарсы әрекетті құрайтын алдын алу шараларын арттыру;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қылмыспен күрес және қылмыскерлерді іздеу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру.


Инфрақұрылымдық кешен:

  • Жол инфрақұрылымын дамыту;

  • Облыстағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметі мен көлік қызметін дамытуға ықпал жасау;

  • Облыстың экономикалық инфрақұрылымын дамыту;

  • Облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту;

  • Облыстың өмірін қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

  • Электр энергетикасын дамыту;

  • Коммуналдық жүйені жаңарту және дамыту;

  • Тұрғын-үй қорын пайдалануға берумен қамтамсыз ету;

  • Тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық қызыметінің тиімділігін арттыру.


Аумақтық (кеңістіктік) құрылғы:

  • Ауылдың өмір сүруге қолайлы жағдайын құруға ықпал ету;

  • Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету;

  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалық-іздестіру қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын (сертификацияланатын өнімдерді қоспағанда) өндіру (шығару), сараптамалық жұмыстар мен инженерлік қызметтерді лицензиялау;

  • Өндірістік және өндірістік емес бағыттағы салынып жатқан нысандардың сапасын арттыру;

  • Аймақтар мен елді мекендерден құрылысты салу және тиімді дамыту;

  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру;

  • Атмосфералық ауаны қорғау;

  • Су нысандарын және жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау;

  • Жиналған қалдықтарды қайта өңдеу;

  • Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану;

  • Орманды қайта қалпына келтіруді, орман шаруашылығын қорғау және сақтау;

  • Облыстың жер қоры мен жер участоктары туралы мәліметті жинақтауды қалыптастыру, сандық есепті жақсарту;

  • Аталған жер мониторингін пайдалану мен енгізуді жетілдіру;

  • техногендік авариялардың, катастрофалардың және табиғи апаттардан тәуекелдерді төмендету және шығындарды кішірейту жөніндегі жағдайларды құру;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген азаматтың тұрғылықты жерін еркін таңдауы, елдің еркіндігімен, қозғалыс еркіндігін іске асыруды қамтамасыз ету.


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі:

  • Облыстық мәслихаттың және олардың органдарының жұмыс жағдайын жақсарту;

  • Мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсібилігі мен қызмет жағдайын жақсарту;

  • Облыс әкімі аппаратының қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету;

  • Облыс әкімі аппаратының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;

  • Облыс әкімі аппараты қызметкерлері құрамының сапасын арттыру;

  • Электорндық форматтағы көрсетілетін әлеуметтік-маңызды қызметтердің сапасын арттыру;

  • «Электрондық үкіметтің» негізгі компоненттерімен ықпалдастыруды жүргізу;

  • Ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту;

  • Облыстың «электрондық әкімдігін» негізгі инфрақұрылымдық компоненттерін жетілдіру мен дамыту;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру;

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Жергілікті өзін-өзі бақсару органдарын құру және олардың қалыптасуына ықпал ету;

  • Жергілікті бюджет түсімдерінің атқарылу мониторингі;

  • Бөлінген бюджеттік кредиттерді игеру тиімділігін талдау, оларды уақтылы және толық өтеу;

  • Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Өңірдің дамуы үшін қауіп немесе мүмкіндік беретін облыстағы экономикалық факторлардың өзгеруіне уақытында назар аудару және анықтау;

  • Өңірдің бәсекеге қабылетті мамандануын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған өңірлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, облыстың экономикалық болашағы бар өңірлерінде экономикалық және еңбек ресурстарын шоғырландыру;

  • Нәтижеге бағытталғанған бюджеттік жоспарлауды енгізу;

  • Кепілденген мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі қызметтерді орындаулары үшін тең мүмкіндікті жергілікті атқарушы органдарға ұсыну.




Іске асыру кезеңдері

I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – бірінші кезекті іс-шаралары іске асыру.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы
Негізгі бағыттары, міндеттері, мақсатты индикаторлар 153 бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері 176
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconСемей қаласы аумағының 2011- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы семей қаласы

2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница