4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер




Название4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
страница9/33
Дата конвертации06.02.2016
Размер4.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://art-oner.kz/storage/avtoreferaty/Kurmangolieva.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

Агро-өнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі салаларының бірі. Облыста мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.

2003-2008 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақсыз болды. Осы жылдарда мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты жағдайында, өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Егер 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 72%-ын өсімдік шаруашылығы, сәйкесінше 28 %-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған болса. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын қолдауының және облыс әкімдігі тарапынан атқырылған жұмыстардың арқасында 2008 жылдан бастап бұл қатынас теңеліп, 2012 жылы мал шаруашылығының өнімінің үлесі ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 45 %, өсімдік шаруашылығының үлесі 55,0 % құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 259,2 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 51,3 млрд.тг ұлғайды. Нақты көлем индексі 108,5 % құрап, Республикада бірінші орынға шықты.

Ал 2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өткен жылдан 37,8 млрд.тг ұлғайып 297,0 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі 104,1 % құрады. 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге немесе 159,1 млрд.тг. артты (2009 ж. 137,9 млрд.тг., 2010 ж. 163,8 млрд.тг., 2011 ж. 207,9 млрд.тг., 2012 ж. 259,2 млрд.тг., 2013 ж. 297,0 млрд.тг.).

2014 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өткен жылдан 27,6 млрд.тг ұлғайып 322,24 млрд.тг. жетті. Нақты көлем индексі 101,5% құрады. 2011 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге немесе 116,7 млрд.тг. артты.



Көрсеткіштердің атауы


2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі (млрд.тг.)


137,9

163,8

207,9

259,2

297,0

322,24

Нақты көлем индексі (%)


106,6

106

111

108,5

104,0

101,5




Облыстың ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4485,1 мың. га құрайды, оның ішінде 2003 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылып, су шаруашылығы нысандарының істен шығуына және басқа да себептерге байланысты 2009 жылы 641,0 га дейін төмендеген. 2009 жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық, облыстық бюджеттен 14,0 млрд теңге қаржы бөлініп, су шаруашылығы объектілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп 2009 – 2012 ж.ж аралығында 104,0 мың суармалы жер қосымша айналымға қосылды. Нәтежиесінде 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптары 742,2 мың га орналыстырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі орташа есеппен 20 % артты. Оның ішінде бақшадан 1100,0 мың тонна (148 %), мақтадан 380 мың тонна (113 %), картоптан 242,0 мың тонна (114 %), көкөніс 750 мың тонна 103 %), жүгері 94 мың тонна (110 %), майлы дақылдардан 73 мың тонна (101 %), жеміс-жидектен 78 мың тонна (143 %), жүзімнен 51,0 мың тонна (132 %) өнім жиналды.

Облыс бойынша гектар түсімділігі 2011 жылмен салыстырғанда жүгеріден 3,6 цн/га, көкөніс, бақшадан 14,0 цн/га, картоптан 10,4 цн/га,мақта 4,4 цн/га, жеміс-жидектен 5,4 цн/га артты.

Сонымен қатар облыста 292,0 мың га суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңімен қосымша ұлғайту бойынша облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды. Іс-шара бойынша 40,0 мың га, 2014 жылы - 62,0 мың га іске қосылды (2012 ж 21,2 мың га, 2013 ж 18,6 мың га, 2014 ж. 22,0 мың га).

2013 жылы егіс көлемі өткен жылдан 32,0 мың га артып, 774,3 мың га жетті (2012 ж 742,2 мың га). Облыста соңғы жылдары егістікті қажеттілікке қарай әртараптандыруға көңіл бөлініп, облыстың ерекшелігіне сай мал шаруашылығын дамыту мақсатында, мал азықтық дақылдардың көлемін арттыруға басымдылық берілуде. Нәтижесінде, 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 8,1 мың га артып, 782,4 мың га жетті (2012 ж. 774,3 мың га). Оның ішінде жүгері 13,0 мың га (2014 ж. – 38,0 мың га, 2013 ж. 25,0 мың га), арпа 16,0 мың га (2014 ж. – 43,2 мың га, 2013 ж. 27,1 мың га), жоңышқа 7,0 мың га жалпы барлығы 36,0 мың га артты, тиісінше мақтаның егіс көлемі 10,5 мың га (2014 ж. – 127,5 мың га, 2013 ж. 138,0 мың га), майлы дақылдар 13,0 мың га-ға (2014 ж. – 93,0 мың га, 2013 ж. 106,4 мың га) кеміді. Көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 2,3 млн.тонна өнім жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 210 мың тоннаға артты (2013 ж. 2,1 млн.тн.). 2015 жылы егіс алқаптарын 813,6 мың га жеткізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі дәнді дақылдардан 471,4 мың тонна (2012 ж. %-бен 166,8%), бақшадан 1100,0 мың тонна (100,2 %), мақтадан 396,7 мың тонна (104,5 %), картоптан 238,4 мың тонна (98,6 %), көкөніс 756,2 мың тонна (100,9 %), жүгері 99,7 мың тонна (106,1%), майлы дақылдардан 94,3 мың тонна (129,8%) өнім жиналды. Облыс бойынша гектар түсімділігі 2012 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардан 6,2 цн/га, жүгеріден – 1,3 цн/га, бақшадан – 1,4 цн/га, картоптан – 2,0 цн/га, мақтадан – 2,5 цн/га, майлы дақылдардан 2,7 цн/га артты.


Көрсеткіштердің атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тамшылатып суғару әдісін ендіру, мың га

1,0

2,1

7,2

14,8

20,8

26,8

34,0
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Егін алқаптарын суғаруда бір гектарына орташа 6000-7000 метр куб су жұмсалынады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп жатқан шаруашылықтарда, тамшылатып суғару есебінен су шығыны гектарына 3000-3500 метр кубқа қысқарған. Есептеулер көрсетіп отырғандай, қолдағы бар көлеммен, қазіргіге қарағанда, ОҚО алқаптарын 5-6 есеге артық суғаруға болады. Соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісі ендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары ұлғайуда. 2013 жылы тамшылатып суғару әдісі жалпы 26,8 мың га ендірілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 26,5 есеге артық (2008 ж. - 1,0 мың га, 2009 ж. - 2,1 мың га, 2010 ж. -7,2 мың га, 2011 ж. - 14,8 мың га, 2012 ж. - 20,8 мың га). Бұл Республикадағы көрсеткіштің 83,8 % құрады.


2014 жылы тамшылатып суғару әдісі өткен жылмен салыстырғанда 27% ұлғайып, жалпы 34,0 мың га ендірілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 33,3 есеге артық (Республикадағы көрсеткіштің 84% құрады). 2015 жылы тамшылатып суғару әдісін 40,0 мың га жеткізу жоспарлануда.

Қазір республикадағы негізгі мәселенің бірі – республика халқын көкөніс-жеміс өнімдерінің барлық сапалы түрлерімен жыл бойына қамтамасыз ету болып отыр. Ерте пісетін көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуда жылыжайлардың қосатын үлесі мол. 2013 ж. жылыжайлар көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 8 есеге артып 720 га жетті. Бұл Республикалық көрсеткіштің 85,7 % құрады (2008 ж. - 90 га, 2009 ж. - 124,1 га, 2010 ж. - 200,0 га, 2011 ж. - 371,0 га, 2012 ж. - 565,4 га). Жылыжайлар есебінен 2013 жылы 115,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. 2014 ж. жылыжайлар көлемі өткен жылдан 26% артып, жалпы көлемі 910 га жетті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 10 есеге артық (Республикадағы көрсеткіштің 87% құрады). Жылыжайлар есебінен 2014 жылы 150,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. 2015 жылы жылыжайлардың көлемін 930 га жеткізу көзделуде.


Көрсеткіштердің атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Жылыжай салу, мың га

90,0

124,1

200,0

371,0

565,4

720,0

910,0



Азық-түлік теңгеріміне сәйкес облысымыз бүгінгі таңда халыққа қажетті 14 түрлі негізгі өнімдердің 11 түрімен толық қамтамасыз етіп отыр. Осыдан үш-төрт жыл бұрын қысқы және ерте көктемгі мезгілдерде жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығынан азық-түлік қорын жинақтауда бір-шама қиындықтар кездескендігі баршамызға белгілі. Осы мәселені шешу бойынша облыс әкімінің тікелей ықпалымен қаржы институттарын тарта отырып, нақты жұмыстарды үйлестірудің арқасында, бүгінгі таңда жеміс - көкөніс сақтау қоймаларының сиымдылығы 34,0 мың тоннадан 200,0 мың тоннаға дейін немесе 6 есеге ұлғайды. Осы қоймаларда бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін сақтап, азық-түлік бағаларының көтерілуіне жол бермей, жыл бойына облысымызды сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты АӨК-ні қаржылық сауықтыру бағыты бойынша, 2013 жылы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №816 қаулысымен «Қаржылай сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау туралы» Қағида бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Қағидаға сәйкес, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2013 – 2014 ж.ж ауыл шаруашылығы техникалары жылдық 12,8% берілуде, оның 7% мемлекет субсидиялап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жылдық пайыздық мөлшерлеме 5,8 пайыздан түсуде. Нәтижесінде 2013 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қосымша 642 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алып, оның 122 бірлігі «ҚазАгроҚаржы»АҚ арқылы лизингке алынды. Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы 17,7 мың тракторлар, 1,7 мың комбайндар, 2,5 мың жүк көліктері және 43,3 мыңнан астам түрлі түрдегі агрегаттар есепте тұр. 2014 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қосымша 754 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алып, оның 168 бірлігі «ҚазАгроҚаржы»АҚ арқылы лизингке алынды. Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы 18,0 мың тракторлар, 1,7 мың комбайндар, 2,2 мың жүк көліктері және 43,3 мыңнан астам түрлі түрдегі агрегаттар есепте тұр.


Мал шаруашылығы

2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы: ірі мүйізді қара малдың саны 112,0 % артып 838,7 мың басты, қой мен ешкі 102,4 % артып 3657,7 мың басты, жылқы 131,5 % артып 199,7 мың басты, түйе 116,4 % артып 19,9 мың басты, құс 108,6 % артып 2479,3 мың басты құрады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 2009 жылмен салыстырғанда: ет сойыс салмағында 119,7 % артып 99,5 мың тонна, жұмыртқа 111,9 % артып 276,6 млн.дана, жүн 104,0 % артып 7,2 мың тонна, сүт 110,0 % артып 679,5 мың тонна, орташа бір сауынды сиырдан сауылған сүт 105,0 % артып 2192 кг сүт алынды.

2014 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 2013 жылмен салыстырғанда: ет (сойыс салмағында) 106,0% артып 105,5 мың тонна (2011 ж. салыстырғанда 115,0%), жұмыртқа (құстың барлық түрлерінен) 101,3% артып 280,2 млн.дана (105,3%), сүт (барлық түрі) 103,0% артып 700,0 мың тонна (105,7%), орташа бір сауынды сиырдан сауылған сүт 102,0% артып 2232 кг сүт алынып, облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы мал басы ірі мүйізді қара малдың саны 830,2 мың, қой мен ешкі 3738,2 мың, жылқы 214,4 мың, түйе 21,3 мың, құс 2365,8 мың басты құрады.

Мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 2013 жылы 10 541 бас аналық сатып алынып, тапсырма 123 % орындалды (2011 ж. - 4637 бас, 2012 ж. - 5289 бас). Тұқымдық түрлендіруге 20,2 мың бас аналық ІҚМ қатысуда. 2014 жылы 15 542 бас (о.і. қаржы институттары арқылы 5 475 бас) аналық сатып алынып, тапсырма 2 есе артық орындалды. (2011 ж. – 4 637 бас, 2012 ж. – 5 289 бас, 2013 ж. – 10 541 бас (о.і. қаржы институттары арқылы 4 401 бас)). Тұқымдық түрлендіруге 38,7 мың бас аналық қатысуда, үлесі 11%, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артты.


Көрсеткіштердің атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жыл 2011 жылға %-бен

«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде қаржы институттарынан алынған аналық мал басы, бас

4 637

5 289

4 401

5 475

118,1



Облыста 2012 жылы 198 бірлік қолдан ұрықтандыру бекеттері жұмыс жасаған болса, 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен қосымша 79 бекет, аудандық бюджет есебінен 31 барлығы 110 қолдан ұрықтандыру бекеттерінің құрылысы аяқталды. 2014 жылы облыстық бюджет есебінен 154 бекет құрылысын жүргізу жоспарлануда.

2014 жылы облыста қосымша 264 қолдан ұрықтандыру бекеттерін салу тапсырмасы толығымен орындалды (оның ішінде 2013 жылы - 103 бекет, 2014 жылы - 161 бекет).

2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда ұрықтандырылған ІҚМ саны 30% артып 168,4 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды (2009 ж. 38,0 мың бас, 2010 ж. 43,0 мың бас, 2011 ж. 85,6 мың бас, 2012 ж. 130,1 мың бас). Бұл жалпы аналық ІҚМ 47 % құрайды. 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда ұрықтандырылған ІҚМ саны 3,6% артып 174,5 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды. Бұл жалпы аналық ІҚМ 50,0% құрайды.


Көрсеткіштердің атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жыл 2009 жылға %-бен

Қолдан ұрықтандыру, мың бас

38,0

43,0

85,6

130,1

168,4

174,5

4,6 есе



Сонымен қатар, облыста кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығын дамытудың 2014 – 2016 ж.ж. арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Іс-шаралар жоспарының негізгі бағыты, облыстың ерекшелігіне байланысты, ұсақ шаруашылықтарды қолдап, шағын жобаларды дамыта отырып, жаңа кооперация жүйесін қалыптастыру. Қабылданған іс-шараның басымды бағыттары:

- 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдары - 8460 бірлік;

- шағын жанұялық сүт - тауарлары фермасы -1529 бірлік;

- сүт қабылдау бекеттері-91 бірлік;

- шағын құс фермалары-26 бірлік;

- аталған құрылымдарға сервистік қызмет көрсететін селолық тұтыну кооперацияларын ұйымдастыру-22 бірлік құруды көздейді.

Мал шаруашылығы іс-шарасы бойынша 2014 жылы жалпы 2166 жобаға 5,8 млрд.тг несие қаржы беріліп (о.і.: - мал бордақылау алаңдарына 2034 жобаға 5,3 млрд.тг, - 5-10 бастық жанұялық сүт фермаларына 112 жобаға 245,25 млн.тг, - сүт қабылдау бекеттеріне 11 жобаға 132,9 млн.тг, - селолық тұтыну кооперациясына 9 жобаға 220,2 млн.тг.), жалпы бағдарлама аясында қосымша: - 7,3 мың тн. ет; - 12,8 мың тн. сүт; - 5,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Жаңадан 4,5 мың адамға тұрақты жұмыс орындары ашылды.

2014 жылдың қорытындысымен мал шарашылығының НКИ 104,2% құрады, жоспары - 105%, ІҚМ 8,4 мың бас, шошқа - 1,5 мың бас, құс - 113 мың бас.

Ветеринария саласы

Қазақстан Республкасының 2002 жылы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, облыс бойынша аудан, қалаларда ветеринария бөлімдері құрылып, ауыл әкімшіліктерінде мал дәрігер мамандар алынып, облыс көлемінде 240 ветеринар мамандары жұмысқа қабылданған.

2012 жылы «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер толықтырулар енгізіліп аудан, қалаларда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар 15 кәсіпорын, ауыл округтерінде 187 ветеринариялық пункттер құрылып барлығы 1440 штат бірлігі ветеринариялық мамандармен толықтырылды.

Ветеринария саласына бөлінген қаржы соңғы жылдары 2-3 есеге артып, облыста эпизоотиялық тұрақтылықты және ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті нысандарды ұйымдастыруға, ветеринариялық ақуалды жақсартуға аудандық, қалалық бюджеттерден қаржы бөлініп ветеринариялық нысандар салуға, қажетті құрал жабдықтар, арнайы жабдықталған автокөліктер, бірдейлендіру сырғалары, дәрі дәрмектер, мал шомылдыру ванналары, өлексе тастайтын шұңқырлар, залалсыздандыру орындарына т.б. жұмсалды.

2014 жылы облыстық бюджеттен профилактикалық диагностикалық іс-шараларды атқаруға 2 016,3 млн. теңге бөлінсе, материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 480,0 млн. теңге, жануарлардың энзоотиялық аурулардың профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринарлық препараттарға 182,4 млн. теңге бөлініп, ветеринариялық іс-шаралар атқарылуда.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

Похожие:

4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Ойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconКіріспе
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 71
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconЖеке меншік мекеме
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, НӘтиже көрсеткіштері және бағдарламада қойылған мақсаттарға жету...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 74
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚазалы аудандық Мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда қалалық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда облыстық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница