Скачать 4.63 Mb.
|
Облыс мекемелерінде менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіру Қазіргі уақытта, өнімді үлестіру нарығын жаулап алу жоғары сапалы өнім шығармай, озық технологияларды қолданбай, ИСО 9000 халықаралық стандарттарға сай келетін сапа менеджментін енгізбей мүмкін емес. Облыста «ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандартатрына сәйкес менеджмент жүйесін енгізу бойынша жоспар» бекітілген. ИСО халықаралық стандарттары қазіргі уақытта облыста кең танымал және ИСО стандарттарының рөлі жыл сайын артып отыр. Облыс мекемелерімен және кәсіпорындарымен менеджмент енгізу динамикасы, ол келесідей көрініс тапты: 2010 жыл – 129, 2011 жыл – 73, 2012 жыл – 100, 2013 жыл - 102, 2014 жыл - 155 кәсіпорын. Жалпы 2002 жылдан 2014 жылдар аралығында 670 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізген. Оның ішінде: 1. ИСО 9001 сериясындағы – СПМ енгізген 510 кәсіпорын; 2.ИСО 14001 сериясындағы–СПМ енгізген (экологиялық стандарт) – 19 кәсіпорын; 3. OHSAS 18001 сериясындағы (еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы) – 13 кәсіпорын; 4. ҚР СТ РК ИСО 22000 сериясындағы СМБПП серии (тамақ өнеркәсібіндегі стандарт) – 5 кәсіпорын. 2015 жылға халықаралық сапа менджментінің сертификатын алған мекемелер саны 520 жетеді. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2009 жылдың 3 тамызындағы «Отандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға өтуге дайындығын анықтау бойынша жұмыс топтарын құру туралы» №388-од бұйрығына сәйкес, облыста жұмыс тобы құрылды. Жергілікті бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды ынталандыру мақсатымен, жыл сайын өңір деңгейінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесі өтіп тұрады. Өңірлік байқаулар дипломанттары республикалық байқауларға қатысады. 2009 жылдың 12 қарашасында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесіне Оңтсүтік Қазақстан облысынан 8 мекеме қатысты: Республикалық Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің байқауы қорытындылары бойынша «Меланж» АҚ «Тұрғындар үшін тауар өндіретін үздік мекеме» номинациясында жеңімпаз танылды. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 14 кәсіпорын қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының жеңімпазы «Химфарм» АҚ атанды. Инвестициялар 2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 319,0 млрд. теңгені немесе 2008 жылға қарағанда 151,3% құрады, 2010 жылы - 262,6 млрд. теңге (78,6%); 2011 жылы – 273,0 млрд. тенге (97,5%); 2012 жылы – 318,2 млрд. теңге (110,2%); 2013 жылы – 415,3 млрд. теңге (124,7%), 2014 жылы – 449,4 млрд. теңге (102,8%). Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетел (сыртқы)инвестицияларының үлесі 2014 жылдың жоспары 24,5%, 2014 жылдың орындалуы 21%. Ауытқуы(-3,5)п.п. құрады. 2014 жылы облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 449 384,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде сыртқы инвестиялары 94292,3 млн.тг. 2013 жылмен салыстырғанда сыртқы инвестиялар көлемінің индексі 41,8%-ға төмендеді. Бұл облыста жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға (Азия және Бейнеу-Шымкентмагистралды газ құбырлары, Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі) тартылған сыртқы инвестициялар көлемінің төмендеуімен түсіндіріледі. Осы жобаларға 2013 жылы 149274,9 млн. теңге тартылған болса, 2014 жылы ол 97099,3 млн. теңгені құрады немесе 52175,5 млн. теңгеге азайып, өткен жылдың 65%-ын құрады. 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 2014 жылдың жоспары 47,4 бірлік 2014 жылдың орындалуы 46 бірлік. Ауытқуы (-1,4) құрады. Болжам бойынша көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 47,4 бірлікті құрауы тиіс, алайда нақты көрсеткіш 46 бірлікті құрады (-1,4 бірлік). Көрсеткіштің орындалмауы шағын және орта бизнес субъектілерінің есептеу методикасының толық жетілмегені есебінен орын алып отыр. Статистикалық көрсеткіштер нысаналы көрсеткіштер бойынша статистикалық есептерді тапсырған кәсіпкерлердің есебінен жинақталған. Уақытша тоқтап тұрған және нөлдік есептерді тапсырған кәсіпкерлер белсенді субъектілер болып саналмайды. Бүгінгі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептеу методикасы өзгертілген. 2015 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіш орындалатын болады. Қаржыландыру көздері бойынша
Технологиялық құрылымы бойынша жалпы көлемге пайызбен ![]() Пайдалану бағыттары бойынша жалпы көлемге пайызбен ![]() Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсу тенденциясы байқалады. Өнеркәсіп инвестициялар үшін басым сала бола тұрып, 2009 жылы негізгі капиталға жұмсалып отырған инвестициялардың жалпы көлемінің 23,8 %, 2010 ж. – 47,6 %, 2011 ж. – 45,5 %, 2012 ж. – 44,0 %, 2013 ж. – 32,3 % және 2014 ж. – 37% құрайды. 2009 жылы өнеркәсіптің негізгі капиталына жұмсалған 75950,4 млн.теңгеге құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 33734,2 млн.теңге инвестициялар тартылды (2008 жылға - 79,5 %), өңдеу өнеркәсібіне түскен инвестициялар – 24957,7 млн.теңгені құрады (2008 жылға – 164,5 %). Өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері кесіндісінде: бюджеттік салымдар – 13603,7млн.теңге, кәсіпорындардың өз қаражаттары - 26610,4 млн.теңге, шетелдік – 20639,1 млн.теңге және қарыз қаражаттар – 15097,2 млн.теңге. Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінде (2011-2013 жж.) өнеркәсіптің негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі келесідей қалыптасты: 2011 ж. – 124187,3 млн. теңге (ИКИ – 93,1 %), о.і. тау-кен саласында – 37015,6 млн. теңге (ИКИ – 96,4 %), өңдеуде – 23922,2 млн. теңге (ИКИ – 58,0%); 2012 ж. – 140066,5 млн. теңге (ИКИ – 106,7 %), о.і. тау-кен саласында – 32384,1 млн. теңге (ИКИ – 82,8 %), өңдеуде – 23125,0 млн. теңге (ИКИ – 91,5 %); 2013 ж. – 134121,6 млн. теңге (ИКИ – 91,5 %), о.і. тау-кен саласында – 44254,0 млн. теңге (ИКИ – 130,5 %), өңдеуде – 35486,4 млн. теңге (ИКИ – 146,6 %), 2014 ж. – 166285,6 млн. теңге (ИКИ – 117,7 %), о.і. тау-кен саласында – 38438,0 млн. теңге (ИКИ – 82,5 %), өңдеуде – 51399,0 млн. теңге (ИКИ – 137,6 %). 2012 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 318,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылға қарағанда 10,2 %-ға, 2013 жылы 355,3 млрд.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 46,6%-ға, ал 2008 жылға қарағанда 59,2 %-ға өскен. Жалпы ішкі өнімдегі негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың үлесі 2014 жылдың жоспары 22,0%, 2014 жылдың орындалуы 19,0% Ауытқуы(-3) п.п. құрады. 2014 жылы жалпы өңірлік өнім 2399860,9 млн.теңгені құрады. 2014 жылы облыс бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 449 384,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде сыртқы инвестициялары 94292,3 млн.тг. 2013 жылмен салыстырғанда оның көлемінің индексі 41,8%-ға төмендеді. Бұл облыста жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға (Азия және Бейнеу-Шымкент магистралды газ құбырлары, Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі) тартылған сыртқы инвестициялар көлемінің төмендеуімен түсіндіріледі. Осы жобаларға 2013 жылы 149274,9 млн. теңге тартылған болса, 2014 жылы 97099,3 млн. теңгені құрады немесе 52175,5 млн. теңгеге азайып, өткен жылдың 65%-ын құрады. Соның есебінен ЖІӨ негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың үлесі 22,0%-дан 19%-ға төмендеді. 2014 жылы өнеркәсіптің негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 104,1 млрд. теңгені, 2013 жылы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,1 % құрады. Облыста «Оңтүстік» АЭА қызмет етеді. 2005 жылы мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды, оның жалпы ауданы 200 га, негізгі мақсаты – тоқыма және тігін өнеркәсібінің дамуы үшін жағдай жасау және үстеме бағасы жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісне көшу үшін қолайлы жағдай жасау. «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымы толығымен жасалды. 2015 жылдың 1 қаңтарына «Оңтүстік» АЭА 21 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 8-і іске қосылды: «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС, «ПК «АГФ групп» ЖШС, «Kazbiolife» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС және «Назар Текстиль» ЖШС. 2013 жылы кәсіпорындармен 1145,0 млн. теңгеге өнім шығарылды, бұл 2012 жылмен (504,6 млн.тг) салыстырғанда 640,4 млн. теңгеге артық өндірілді. 2014 жылы 3600,0 млн. теңгеге өнім шығарылды, 2013 жылмен салыстырғанда 2455,0 млн. теңгеге артық өндірілді. «Оңтүстік»АЭА инфрақұрылымы жасалды. ҚР Үкіметінің 2007 жылы 28 желтоқсандағы №1331 қаулысымен 2010 жылы жалпы аумағы 337,0 га жер телімінде Шымкент қаласында бұрынғы фосфор зауыты аумағында индустриялық аймақ құрылды. Индустриалды аймақты ашудың мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту, облыс индустриализациясын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын өсуіне ықпал ету. Жеке кәсіпкерліктің индустриалды аймақ аумағында қолайлы жағдай жасау, инженерлік-коммуникация жартылай жаңартылған. Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 4,9 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді. «Оңтүстік» индустриалды аймағына жалпы құны 1 439,0 млн.теңгеге инфрақұрылым құрылысының 4-ші кезеңі жүргізілуде. Индустриялды аймаққа инвестицияларды тарту «Оңтүстік» индустриалды аймақ аумағында жалпы құны 76,2 млрд.теңгені құрайтын 68 инвестициялық жоба іске асырылуда, 6539 жаңа жұмыс орындарының ашылуы күтілуде. Оның ішінде 23 жоба жалпы құны 51,7 млрд.теңге Өңірлік индустриалды картасына енгізілген, онда 3985 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланған. «Оңтүстік» индустриалды аймақ аумағында - 31 жоба іске асырылды, 15 млрд.теңгені құрайтын - 2312 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2011 жылы – 8 жоба (6,8 млрд.тг, 811 ж.о.), 2012 жылы – 10 жоба (2,8 млрд.тг.,505 ж.о.), 2013 жылы – 13 жоба (5,4 млрд.тг., 996 ж.о.) 2014 жылы – 14 жоба (4,3 млрд.тг., 988 ж.о.) іске асырылды. 2014 жылы жалпы құны 3,8 млрд.теңгені құрайтын 11 жобаны жүзеге асырылып, онда 866 жұмыс орындары ашылды. Индустриалды аймақтарды барлық аудан және қалаларда құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда жалпы құны 101,2 млрд. теңгені құрайтын 68 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, 8000 астам жұмыс орындарын құру күтілуде. Арнайы экономикалық аймақта және индустриалды аймақта эскпортқа бағытталған, импортты алмастыру мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде үдемелі индустриалды-инновациялық бағытында өз септігін тигізеді. Осы мақсатта тікелей инвестицияларды тарту, отандық және шетелдік инвесторларды ынталандыру механизмдері бойынша кешенді институттық жүйе құрылды. («Шымкент» ӘКК, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Шымкент –инновация», Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Максимум» АИО, Техносаябақтар, бизнес инкубаторлар ж т.б.). 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту шеңберінде облыста сауда-экономикалық байланыстар және шетел мемлекеттерімен бәсекелестікке сай өнімдерді шығару үшін бірлескен кәсіпорындарды ашу және инвестицияларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Индустриалды аймақтарға отандық және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жалғасуда және шағын, орта кәсіпкерлік саласын дамыту, қазақстандық қамтуды ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру және салық түсімдерін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. - «Шымкент қаласының Индустриялық аумағы Дирекциясы» ГКП-МКМ-мен (мемлекеттік коммуналды мекемесімен) инвесторларға қызмет көрсету мақсатымен инвестициялық орталық құрылды. Орталық инвесторлардың барлық рұқсат беруші құжаттамаларын (экология, сәулет, СЭС, жер комитеті және басқалармен) бір терезе қағидасымен келістіріп отырады. - «Шымкент қаласының Индустриялық аймағы» Веб-сайты құрылды. Сайт атауы: www.iz-ontustik.gov.kz/ Индустрияландыру картасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Жарғысына сәйкес, облыс әкімінің 2010 жылдың 4 шілдесіндегі №27 шешімімен бекітілген өңірлік индустриялизация Картасы әзірленді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Индустрияландыру картасы шеңберінде облысымызда жалпы құны 1,2 трлн.тг. құрайтын және 33 мың жаңа жұмыс орнының ашылуымен 223 жоба жүзеге асырылуда (бүкіл Республикадағы жобалар санының 1/5). Бұл көрсеткіш бойынша облыс өңірлер арасында көш бастап тұр. Жобалардың жартысы ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда. 2010-2013 жж. жалпы құны 146,7 млрд. тг. құрайтын 103 жоба іске қосылып (олардың қатарында, 48,3 млрд.тг. ҚР ТЖМ (МЧС РК) «Селге қарсы Көксарай су реттегіші» инфрақұрылымдық жобасына тиесілі), 8873 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде: –2010 ж. – 7 жоба (33,7 млрд.тг, 1775 ж.о.); –2011 ж. – 21 жоба (57,3 млрд.тг, 1235 ж.о.);
Жалпы инвестиция көлемі 57,4 млрд. тг. құрайтын (ҚР ТЖМ инфрақұрылымдық жобасын есепке алмағанда) 2010-2012 жж. іске қосылған жобалармен 2013 жылы 28,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде, 27,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылған (өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 7,8 %). Бес жылдың ішінде жаңа жобалардың есебінен 100 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2012 ж. – 16,1 млрд.тг., 2013 ж. – 28,1 млрд.тг, 2014 ж. - 57 млрд. тг.) Индустрияландыру картаның шеңберінде 2014 жылы құны 43,3 млрд. тг. құрайтын 43 жобаны іске қосылып, соның есебінен 3229 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Индустрияландыру картасының іске қосылған кәсіпорындарымен мемлекеттік бюджетке 1,8 млрд.тг. астам салық төлемдері жасалған (2012 жылы – 1,5 млрд.тг.). 2014 жылы құны 43,3 млрд. тг. құрайтын 43 жобаны іске қосылып, соның есебінен 3229 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Индустриялық-инновациялық дамытудың екінші бесжылдық шеңберінде 2015-2019 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік индустрияландыру картасы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №77 қаулысымен бекітіліп, Индустрияландыру картасына 851,2 млрд. теңгенің 104 жоба енгізілді. Облыс өнеркәсібінің және кәсіпкерліктің дамуындағы негізгі проблемалары:
Инновациялар Инновациялық-белсенді мекемелер үлесі 2009 жылы - 2,2 % құрады, 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 5 %, 2013 жылы - 6,4 % құрады, оны 2015 жылға қарай 9,6 % жеткізу жоспарлануда. Мекемелердің инновациялық белсенділігі 2008 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 3 есеге өсіп, 4422,5 млн.теңгені құраған, инновациялық сипатта көрсетілген қызметтер – 352,9 млн.теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға арналған капиталдық және ағымды шығындар 713,0 млн.теңгені құрады (2008 жылы – 1367,9 млн.теңге). Бұл жағдайда технологиялық инновациялармен байланысты машиналарды және жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар 46,4 %, жаңа өнімдерді, өндірістік үрдістерді зерттеуге және әзірлеуге – 46,1 % бағытталды. Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлесі мекемелердің жеке қаржысына түседі – 55,1 %, республикалық бюджетке – 41,0 %, дамыту институттарының қаржысына – 3,7 %, жергілікті бюджетке – 0,2 %. 2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 367,0 млн.теңгені құрады, ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы көлемінде негіз қалаушы зерттеулер үлесі – 17,7 %, қолданбалы – 61,9 %, ғылыми-техникалық әзірлемелер – 20,4 %. 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2081 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 104 шаруашылық жүргізуші субъектілер технологиялық инновацияларға ие болды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2009 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистика-лық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 129 шаруашылық субъектілері инновацияларға ие болды (2012 жылы – 104 кәсіпорын). 2012 жылы инновациялық өнімнің көлемі 22588,7 млн. теңгені құрады, (2009 ж. - 4422,5 млн.тг) инновациялық сипаттағы қызметтер 936,7 млн. теңге көлемінде көрсетілді. 2013 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 46,9 %-ға өсіп, 33177,5 млн. теңгені құрады (2009-4422,5 млн. тг) және одан 37134,9 млн. теңгенің өнімі өткізілді. Өткізілген инновациялық өнімнің ішінен 3591,4 млн. теңгенің өнімі экспортқа шығарылды. Жүргізілген зерттеулер бойынша өнімдік және үдерістік инновациялар үлесі 2,3 есе өскен, өткен жылмен салыстырғанда 26382,3 млн.теңгені құрады (2012 ж. – 11208,2 млн. теңге). Кәсіпорынның өз қаражаты 10726,4 млн.теңге, жалпы қаражаттың 40,7 % құрайды. 2013 жылы жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындардың көпшілігі Шымкент қаласында (67,4 %), Сайрам ауданында (8,5 %) және Түркістан қаласында (7,0 %) істейді. Инновациялық қызметті белсендіру және технологияларды трансферттеу мақсатында облыс әкімдігінің жанынан «Шымкент инновация» ЖШС 2012 жылы 18 мамырда құрылды. Нәтижесінде облыста жалпы сомасы 527,5 млрд. теңгені құрайтын шетелдік қатысуы бар 46 жаңа инвестициялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. 2013 жылы «Шымкент инновация» ЖШС және ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірге мемлекетке тиесілі гранттар бойынша "Бизнес жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында үш байқау өткізілді. Инновациялық қызметтің негізгі проблемалары:
Проблемаларды шешу жолдары: - Қазіргі таңда, «Шымент инновация» ЖШС қызметін қаржыландыру бойынша, «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» 004 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде (қызмет көрсету) Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қызметін облыс бюджетінен тікелей қаржыландыруды ұсынылды. (Анықтама: Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қаржыландыру бойынша Ұлттық даму институттарының және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесіне «Шымкент инновация» ЖШС енгізу туралы ұсыныс ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтың атына жолданған (2013 жылдың 13 қыркүйекте №05/73 облыс әкімдігінің хаты)). № 1 кесте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық Карта жобаларының тізбесі
№ 2 кесте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық Карта жобаларының тізбесі
Өңіраралық ынтымақтастық Әлемдік экономикада дағдарыс кезеңінде бүгінгі күндемаңызды міндеттердің бірі, өнеркәсіптің түрлі салаларында дәстүрлі қалыптасқан өндірістік кооперация тізбелерін қалпына келтіру және жаңаларын құру арқылы өңіраралық байланыстарды дамыту болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы негізінен Республиканың барлық өңірлермен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Облыспен өңіраралық қарым-қатынастағы белсенді қатысушылары болып Алматы, Астана қалалары және Жамбыл,Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстары болып табылады. 2014 жылы жұмысшылар саны 50 адамнан асатын өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің басқа өңірлерге тасымалданған көлемі 913700,9 млн. теңгені құрады. Өңіраралық ынтымақтастық жүргізетін, облыс кәсіпорындарының тізімі 1 кесте
|
![]() | 4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші Ойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар | ![]() | 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері |
![]() | Кіріспе Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 71 | ![]() | Жеке меншік мекеме Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, НӘтиже көрсеткіштері және бағдарламада қойылған мақсаттарға жету... |
![]() | 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 74 | ![]() | 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73 |
![]() | Қазалы аудандық Мәслихатының Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне... | ![]() | Қызылорда қалалық мәслихатының Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне... |
![]() | Қызылорда облыстық мәслихатының Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне... | ![]() | Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне... |