4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер




Название4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
страница5/33
Дата конвертации06.02.2016
Размер4.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://art-oner.kz/storage/avtoreferaty/Kurmangolieva.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Машина жасау

Қазіргі әлемде дамыған көп салалы машина құрылысының кешендері экономикалық түгелдей дерлік салаларын қайта қаруландырудың техникалық базасы болып табылады.

Машина құрылысының саласында 2009 жылы 11965,1 млн. теңгеге өнім шығарған, оның нақты көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 78,8 %, көрсеткіштің төмендеуі электжабдықтарын, электронды және оптикалық жабдықтардың өндірісін азайту есебінен 29,4 % құрайды. 2010 жылы өндіріс көлемі 16376,6 млн.теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 129,7 % құрады.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы бойынша сала өнеркәсіптері: 2011 жылы- 22401,7 млн.теңге (НКИ-131,9 %), 2012 жылы – 25546,1млн.теңге (НКИ- 108,6 %), 2013 жылы – 32322,5 млн.теңге (НКИ- 141,3 %) өнім өндірілген. Нақты көлем индексі 2010 жылы 202,4 % (2008ж.- 206,9 %) құрады. 2014 жылы өнім көлемі 36244,9 млн. теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 100,5% құрады. Машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 8,9% алады.

Облыстың машина құрылысын бірнеше ірі мекемеме: «Кентау трансформатор зауыты», «Қоңыр ат» ЖШС, «Ақ Берген» ЖШС, «Шымкентремсервис» ЖШС; технологиялық және электротехникалық жабдықтардың жеке түрлерін, сыйымдылықтарды, металлқұрастырғышын өндіруші мекемелер, сонымен қатар қозғалмалы теміржол құрамасын жөндеуге арналған қосалқы заттарын өңдеу және шығарумен айналысатын мекемелер; автотракторлық карданды валдардарды, экскаваторларды, электротехникалық жабдықты шығарып орнатумен айналысатын орта мекемелер («Карданвал» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «ОҚМЗ» АҚ, «ЭЛМО» АҚ филиалының ЭМИ Шымкент зауыты, «Электроаппарат зауыты» ЖШС, «Югсантехмонтаж» АҚ ШФ, «Автоматика» АҚ ШФ, «Мұнайреммаш» ЖШС, «Электржөндеу басқармасы» ЖШС), және металды өңдеу, ауылшаруашылығы өндірушілеріне арналған қосалқы бөлшектерді шығарумен айналысатын бірқатар ұсақ сериялы мекемелер («Перфожүйе» ЖШС, «Шымкент механикалық зауыты» АҚ, «Эталон» ЖШС ШЗ, «Түркістан насос» ЖШС, «Леңгір машина жасау зауыты» ЖШС) және басқалар құрайды.

Технологиялық саябақтың бірыңғай мүмкіндіктері облыс және Республика экономикасының көптеген өнімдерге және қосалқы бөлшектрге сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар.

Облыстың машина құрылысы мекемелері Республика бойынша құрылыс-жол техникасы мен трансформаторларының бірден-бір өндірушілері болып табылады. Бірақ айналымға арналған жеке қаржысының тапшылығы және тапсырыстардың азаюы, атап айтқанда, экскаваторлардың өндірісінің төмендеуіне соқтырды. Машина құрылысы өндірісінің старттық мүмкіндіктері қазіргі кезеңде қарама-қайшы келеді. Қуаттар 25-40% жүктелген. Негізгі қор физикалық тозығына жеткен, моральды түрде ескірген (50-60%), өнім құрастырушы, техникалық және бағалық параметрлер бойынша бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Мекемелерде жаңа машиналар үлгілерін және жабдықтарды әзірлеу үшін қажетті сынақ-эксперименттік базасы бар құрастырушы бюроларды қаржыландыруға шамасыз.

Машиналар мен жабдықтардың өндірісі. 2009 жылы 94,5 млн. теңгеге машиналар мен жабдықтар шығарылды, 2008 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші 171,7% құрады, 2010 жылы – 359,9 млн. теңге (НКИ-330,0%), 2011 жылы – 478,5 млн. теңге (НКИ-230,0%), 2012 жылы – 1922,6 млн. теңге (НКИ-68,8%), 2013 жылы – 2271,0 млн. теңге (НКИ-184,6%), 2014 жылы 1753,6 млн. теңге (НКИ-90,1%) құрады.

«ОҚМЗ» АҚ ауылшаруашылығы үшін сукөтергіш жабдықты жеткізу ісін жалғастыруда, мұнай және «Қазақстан Темір жолы»АҚ компанияларының тапсырыстарын игеруде. 2009 жылы 108,9 млн. теңгеге өнім шығарылды, көрсеткіштің төмендеуі сырттан түсетін тапсырыстардың азаюынан орын алды. 2010 жылы өндірістің көлемі – 150,0 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 157,4 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 105,1 %. 2014 жылы өндіріс көлемі 1753,6 млн. теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 157,4% құрады.

«Қоңырат» ЖШС электровоз жөндеуге мамандандырылған, өндірістік қуаты жылына 1000 электротасымалдағыш. 2009 жылы 531,4 млн.теңге сомасында өнім шығарылды. 2010 жылы өндірістің көлемі - 569,7 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 891,3 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 124,5 % құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 541,9 млн.теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 60,8% құрады.

«Қазтеміртранс» АҚ филиалы «Арыс вагонжөндеу депосы-4» вагондарды жөндеуге мамандандырылған, 2008 жылы «ВЧД-Арыс» ЖШС сегментациясы нәтижесінде құрылған. 2009 жылы 532,3 млн.теңгеге өнім шығарған, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 3,7 есе. 2010 жылы өндірістің көлемі – 570,6 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 1666,9 млн.теңге, 2014 жылы өндіріс көлемі 1788,9 млн.теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 107,3% құрады.

«Ақ Берен» ЖШС тепловоздарды жөндеуге және оның қосалқы бөлшектерін шығаруға мамандандырылған, 2009 жылы 366,0 млн.теңге сомасында өнім шығарылған, өсу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда 111,8 %. 2010 жылы өндірістің көлемі – 394,3 млн.теңге, немесе өсу қарқыны 2009 жылмен салыстырғанда 120,4 %. 2013 жылы өндіріс көлемі 495,4 млн теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 107,7 % құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 361,2 млн.теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 72,9% құрады.

Көлік құралдарының және жабдықтарының өндірісі. 2009 жылы нақты салада 3438,3 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 66,0 %. 2013 жылы өндіріс көлемі 39,7 млн. теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 172,6 %, 2014 жылы өндіріс көлемі 51,6 млн. теңге немесе 2013 жылдың деңгейінде 44,7% құрады.

Көлемнің төмендеуі 2009 жылмен салыстырғанда «Экскаватор» АҚ тоқтап тұруымен және «Карданвал» АҚ тапсырыстардың жоқ болуымен түсіндіріледі.

«Экскаватор» АҚ 2009 жылы 135,6 млн.теңгеге өнім шығарылды, үлестірілгені – 217,7 млн.теңгенің өнімі шығарылған, экскаваторлар саны – 8 дана. 2009 жылдың 13 ақпанында зауытты Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрі көргенінде, зауыт әкімшілігіне потенциалды сатып алушыларды және тапсырыс берушілерді белсенді іздестіруге, өндірістің маркетингті зерттеуін жүргізуге ұсыныс жасалған. 2009 жылы жол картасына сәйкес, мекеме Оңтүстік Қазақстан облысының ирригациялық жүйесін тазарту үшін қажетті көлемінде экскаваторлардың 15 данасына 140 млн.теңгелік тапсырысын алған болатын. 2010 жылы «Экскаватор» АҚ облыс әкімімен әрекетін бірлестіріп жүргізу нәтижесінде облыстық табиғи ресурстар және супайдалануды реттеу басқармасының өткізген тендері бойынша 16 бірлік техниканы 194,7 млн.теңге сомасында жеткізу тапсырысына ие болды (олардың ішінен 7 Драглайн экскаваторын МТЗ-82 базасында 1 экскаваторды өндіру). Жылдың басынан (қаңтар-қыркүйек) шығарылған өнімнің жалпы сомасы – 130,6 млн.теңге (10 дана экскаватор – 115,5 млн.теңге, 55,7 тонна металлопрокат – 14,0 млн.теңге, 77,3 куб.метр оттегі– 1,1 млн.теңге). 2013 жылы өндіріс көлемі 24,6 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 145 % құраған. Қазіргі күнге тапсырыс толығымен орындалды.

«Карданвал» АҚ 2009 жылы 44,4 млн.теңгеге өнім шығарған, төмендеу көрсектіші – 81,8 %. Өндірістің төмендеуі ішкі нарықтың Ресей және Беларусь елдерімен қорғалғанында (дағдарысқа қарсы бағдарламалар). Зауыт Кама автокөлік зауытымен КамАЗ автокөліктері үшін карданды валдарды игеру бағытында жұмыс жүргізуде. Мекемеде 158 адам қызмет етеді. Негізгі қордың тозуы - 55% құрайды.

Электр жабдықтар өндірісі. 2009 жылы 6690,4 млн. теңгеге өнім шығарылды, 2008 жылмен салыстырғанда НКИ 72,3% құрады. 2010 жылы – 10095,9 млн. теңгеге (НКИ- 141,4%), 2011 жылы – 14274,2 млн. теңгеге (НКИ- 132,7%), 2012 жылы – 15969,5 млн. теңгеге (НКИ- 114,8%), 2013 жылы - 19806,4 млн. теңгеге (НКИ- 140,2%), 2014 жылы - 23454,1 млн. теңгеге (НКИ-104,5%) өнім шығарылды.

«Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ трансформаторлық жабдықтардың кең гаммасын шығарады. 2009 жылы мекеме 5 406,1 млн.теңге сомасында өнім шығарған, немесе транформаторлардың табиғи мәнінде 1 463,7 мың кВа болды, өткен жылдың сәйкес мерзіміне шаққанда өсу қарқыны қаржылай мәнінде – 78,4 %, табиғи мәнінде – 71,2 %. Көрсеткіштің төмендеуі Ресейдегі және ел ішіндегі үлестіру нарығының шектелуі себебінен орын алды. 2009 жылы облыстың машинақұрылысы саласындағы көлеміндегі үлесі 46,0 % құрады, 2008 жылы – 59,0 %. 2000 жылдан бері «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ трансформаторлық өндірісті озық технологияларды ендірумен және импорттыалмастырғыш өнімнің жаңа түрлерін игерумен техникалық қайта қаруландыру жобасын іске асыруда, егер мекеме 2006 жылы 243,3 млн.теңгені инвестицияландырған болса, онда 2007 жылы – 210,0 млн.теңгені, 2008 жылы – 918 млн.теңгені, ал 2009 жылы – 516 млн.теңгені инвестицияландырған. Құрылыс саласындағы дағдарыс, жаңа өнеркәсіп нысаналарын ендіру және көршілес елдердің ішкі нарықтарының қорғанысы себебінен (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) зауыт өнімін үлестіру ісі тоқтап қалды. 2009 жылы 35-110 кВ класты кернеулі, қуаттылығы 63000 кВа трансформаторлар жаңа өндірістің ашылуы болды, сонымен қатар бірінші рет отандық қазақ тарихында қуаттылығы 25000 кВа, кернеуі 35 кв.трансформаторлы электр машина жасау бойынша презентация болды. Бірінші бұл трансформаторды Атырау мұнай өңдеу зауыты сатып алды.

Кәсіпорын ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен өнімді үлестіру және тапсырыстар бойынша өнімнің жаңа түрлерін игеру үшін байланыстарды нығайтуда. 2009 жылы ұлттық копманиялармен және жүйетүзегіш мекемелерімен келісілген меморандумдар негізінде «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ 577,6 млн.теңгеге өнім жеткізді. 2009 жылдың 29 қазанында зауыттың 50-жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К.Мәсімовтың қатысуымен кернеу санаты 35-110 кВ, қуаты 63000 кВа санатты трансформаторларды шығаруымен айналысатын жаңа өндірісі ашылды, сонымен қатар қазақстаннның отандық машинақұрылысы тарихында қуаты 25000 кВа, кернеуі 35 кв Республикадағы алғашқы күшті трансформатордың тұсаукесері өтті. Осы трансформатордың алғашқы сатып алушысы - Атырау мұнайайдау зауыты болды.

2010 жылы зауыт 7000,0 млн.теңге сомасында 2000 кВа трансформаторлар шығарды.

2013 жылы өндіріс көлемі 14586 млн.теңге, 3 478 мың.кВа трансформатор өндірілді немесе 2012 жылмен салыстырғанда 132,6%. 2014 жылы өндіріс көлемі 15827,4 млн.теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 108,5% құрады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыстық машина жасау саласының өнім көлеміндегі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өнімінің үлесі 43,7%-ды құрады.

2012 жылы Индустрияландыру картасында «трансформаторды жинақтау өндіріс цехы» инвестиция құны 750,0 млн.тг, 100 жұмыс орны құрылып іске қосылды. Кәсіпорын бұл жоба бойынша трансформатор өндірісінде қолданылатын Ресейден мыс және алюминий шаршы қимасының тартылымдарын импорт алмастыру сұрақтары шешілді. Сонымен қатар 2013 жылы «электротехникалық өнімдер мен трансформатор құралдарын өндіретін зауыттардың өндіріс қуаттылығын жаңғырту және кеңейту» жобасы іске қосылды, жоба құны 1200 млн.теңге, 100 жұмыс орны құрылған.

2013 жылы құны 14586 млн.теңге, 3 478 мың.кВа трансформатор немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінде 132,6 % өндірілді. 2012 жылдың қорытыныдысы бойынша «Кентау трансформатор зауыты» АҚ облыстық машина жасау сала көлеміндегі өнім үлесі 45,1 % құраған.

2013 жылы құны 31,7 млн.теңге өнім өндірілді немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінде 67 % құрады. ҮИИДМБ аясында 2010-2014 ж.ж Оңтүстік Қазақстан облысында машина жасау саласына қатысты 3 инветициялық жоба іске қосылды: 2011 жылы «MaxLight Group» ЖШС (энергия үнемдеуші шамдар өндірісі) мен «Zero Max KZ» ЖШС (мырышпен қапталған құбырлар өндіретін зауыт) және 2012 жылы «КТЗ» АҚ жобасы (трансформатор жинақтаушы өндіріс цехы).

«Электроаппарат зауыты» ЖШС көшпелі жертүзегіштерінің өндірісін жүйеге салды. Мекемеде 2009 жылы 26,2 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 76,6%. Кернеуі 100В астам жоғары вольттық қондырғылар – 89 дана өндірілді, бұл 2008 жылмен салыстығанда 2,8 есе артық.

«Электроаппарат зауыты» ЖШС көшпелі жерге тұйықтау өндірісін жолға қойды. Кәсіпорын 2009 жылы 26,2 млн. теңге сомасында өнім шығарды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 76,6%. Кернеуі 100В астам жоғары вольттық қондырғылар – 89 дана өндірілді. 2013 жылы өндіріс көлемі 31,7 млн. теңге өнім өндірілсе, 2014 жылы өндіріс көлемі 23,2 млн. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейінде 73,2% құрады.

ҮИИДМБ индустияландыру картасы аясында машина жасау саласында жалпы сомасы 18,1 млрд. теңге және 1687 жұмыс орынның ашылуымен 11 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жалпы сомасы 4,3 млрд. теңге және 370 жұмыс орны ашылуымен 5 жоба іске қосылды.


Жеңіл өнеркәсіп

Облыстағы жеңіл өнеркәсіп тоқыма және тігін өнеркәсібін, былғары және оған қатысты өнімдерді құрайды. Облыстың өңдеу өндірісі көлемі 2009 жылы 4,3 %-дан 2013 жылы 6,7 % өсті. Облыстың жеңіл өнеркәсібі келесі мекемелерінен құрылған: «Меланж» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ», «Ютекс» АҚ, «Восход фирмасы» ЖШС, «Эластик LTD», «Арайлы» ЖШС, «Гауһар»тігін фабрикасы»ЖШС, «Сәуле» тігін фабрикасы» ЖШС, «Turan-Skin» ЖШС және басқалар.

2009 жылы сала кәсіпорындарымен 7270,7 млн.теңге сомасында өнім шығарған. 2010 жылы өндіріс көлемі 8964,3 млн.теңге, 2009 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші – 123,0 %-ға өсті. 2013 жылы 23643,4 млн.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 103,0 % құрайды. 2014 жылы өнім көлемі 21779,5 млн. теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,8% құрады.

Жеңіл өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 110%, 2014 жылдың орындалуы 87,8%.Ауытқуы(-22,2)п.п. құрады.

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 21779,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (23643,4млн.тг.) қарағанда 1863,9 млн. теңгеге өнім аз өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 3,4%-ды құрайды.

Сала өнімінің төмендеуіне нарықтағы сұраныстың азаюы салдарынан «South Textiline KZ» ЖШС өндіріс көлемі төмендеуі және «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ кәсіпорындарының қаржылық тапшылығына байланысты тоқтап қалуы әсерін тигізді.

Дағдарысқа байланысты ресей рублінің арзандауы салдарынан«South Textiline KZ» ЖШС өндіріс көлемі төмендеді, өйткені фабрика өнімдерінің (мақтамата кездемелер және мақтамата иірімжіптері) басым бөлігі Ресейге экспортталады.

«Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ кәсіпорындары 2014 жылдың 19-қарашасында іске қосылды. Сондай-ақ, «Oxy-Textilе» ЖШС да іске қосылып, жұмыс істеуде. Бүгінде тоқтап тұрған тоқыма кәсіпорындарын іске қосу және шикізатпен қамтамасыз етуді қаржыландыру «Байтерек» ҰБХ» АҚ жүзеге асыруда. Сондықтан а.ж. тоқыма кәсіпорындары тоқтаусыз жұмыс істеп, межелеген көрсеткіш орындалатын болады.

2015 жылдың 4 айы қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімінің НКИ – 114,9%-ды құрап, кәсіпорындар бойынша жағдай келесідей: - «South Textiline KZ» ЖШС–1097,6 мың теңге; «Меланж» АҚ– 214,6 млн. теңге;«Ютекс» АҚ– 430,0 млн. теңге; «Oxy-Textilе»– 18,1 млн. теңге.

Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылдың жоспары 102%, 2014 жылдың орындалуы 96,3%. Ауытқуы(-5,7) п.п. құрады.

Еңбек өнімділігі өндіріс көлемінің орындалуымен тікелей байланыста болғандықтан, 2014 жылы сала көлемінің орындалмауы, еңбек өнімділігі бойынша көрсеткіштің орындалмауына алып келді. Сондай-ақ, 2014 жылы салада жаңадан іске қосылған 7 кәсіпорында 1000-нан астам жұмыс орындары ашылғанымен, аталған кәсіпорындар жаңадан ашылғанына байланысты тиісті деңгейде жүктелмеген. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігі көрсеткішінің орындалуына кері әсерін тигізуде.

2015 жылға саланың өндіріс көлемін 18036,5 млн.теңгеге асыру жоспарланып отыр немесе 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,5 есеге өседі. Сала кәсіпорындарымен 2012 жылы 12350,7 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 7380,7 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 1,7 есеге өсті.

Осы салаға заманауи технологиялар тартылып жаңа өндірістер құрылуда.

Тоқыма өнеркәсібі

Тоқыма өнеркәсібі мекемелері 2009 жылы 5187,7 млн.теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның физикалық индексі 2008 жылмен салыстырғанда 77,3% құрады. Өндірістің төмендеуі жіп иіру, тоқыма және әрлендіру өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен (2009 жылы – 3164,5 млн.теңге) 27,7 % болды, тоқыма бұйымдарының өндірісі (2009 жылы – 1766,8 млн.теңге) – 15,1 %, ал басқа да тоқыма бұйымдарының өндірісі 2009 жылы өсіп, 256,4 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 117,6 % құрады. 2010 жылы 9312,7 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 99,7 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарымен 2012 жылы 8951,8 млн. теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның нақты көлем индексі 2011 жылға қарағанда 121,7 % құрады. 2008 жылмен (7380,7 млн.тг.) салыстырғанда өндіріс көлемі 21,3 %-ға артты.

2012 жылы облыста 105,8 мың тонна мақта талшығы өндірілді, бұл 2011 жылға қарағанда 40,1 %-ға немесе 30269 тоннаға артық өндірілген. Алайда 2008 жылдың (133,3 мың тонна) көрсеткішінен төмен. Басым бөлігінде шитті мақта өңдеумен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар айналысады. 2012 жылы аудан өнеркәсібіндегі кәсіпорындарымен 70107 тонна мақта талшығы өндіріліп, 2011 жылға қарағанда мақта талшығын өндіру 26,1 мың тоннаға немесе 59,4 %-ға өсті (2008ж.-78661т).

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдың) жүзеге асырылуы бойынша сала өнеркәсіптері: 2011 жылы - 6748,6 млн.теңге (НКИ - 70,1 %), 2012 жылы 8951,8 млн.теңге (НКИ-121,7 %), 2013 жылы - 19439,7 млн.теңге (НКИ - 103,2 %) құрады, өнімнің нақты көлем индексі 2010 жылы 88,0 % (2008 жылы - 67,9%). 2014 жылы өндіріс көлемі 9951,3 млн.теңге немесе 2013 жылға қатысты 117,4 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібінде «South Textiline Kz » ( 2009 жылы құрылған 100 % м/м иірімі және 100 % м/м кендір мата), өндіріс көлемі 2000 тонна мақта-мата, 35 млн.м2 мата жылына. Жұмысшылар саны 410 құрайды. 2013 жылы 4701 тонна мақта-мата, жалпы сомасы 4008,8 млн.теңге құрайтын 24286,6 мың.м2 мата немесе 2012 жылға қатысты 138,8 % өнім өндірген. 2014 жылы өндіріс көлемі 3864,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2013 жылмен салыстырғанда 96,4% құрады.

«Меланж» АҚ өндірістік қуаты – 4800 тонна мақта-мата жібі, жылына 6 млн.метр мата. Неміс фирмасы «RIETER», «Dornie» құралдарымен жабдықталған мекеме еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жіп иіруде.

«Меланж» АҚ-да 2009 жылы шыққан өнім көлемі 754,8 млн. теңгені құрады, 2,7 мың тонна жіп, 4,9 млн.шаршы метр мата өндірілді. 2010 жылы – 3095,0 млн.теңге сомасында 2,5 тонна жіп және 10,9 млн. шаршы метр мата. 2014 жылы 18,4 млн. теңгенің өнімін шығарды (2013 жылы тоқтап тұрған). Даму перспективалары:жоғары сапалы мақта-мата жібі мен матасының өндірісін өсіру.

Өндіріске озық технологияларды енгізу есебінен компания сапасы жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес мақта-матаның элиталық түрлерін шығарады, осы себептен өнім әлемдік нарықтың мықты бәселестігіне төзімді келеді. «Меланж» АҚ және «Ютекс КZ» айналым қаражаты және жиналған қарыздарына байланысты қызметін тоқтатты.

«Ютекс» АҚ – мекеме жоғары сапалы трикотаж мақта-мата жіптерін тұрақты түрде шығаруға мамандандырылған. Бұл 6 жыл бойында әлемдік нарықта қазақстандың иірілген жіптерді көрсетіп жүрген және сапалық көрсеткіштері жағынан болымды сынсөзге ие болып келген мекеме. Бәсекеге қабілетті өнімді үлестіру нарыққа шығуға, әлемдік брендті өндірушілермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.

2009 жылы шығарылған өнім көлемі 647,7 млн.теңгені құрады, 1407 мың тонна иірілген жіп шығарылды. 2010 жылы – 12,6 мың тонна иірілген жіп. 2013 жылы жалпы сомасы 221,4 млн. теңгеге өнім шығарды, 2014 жылы жалпы сомасы 318,0 млн. теңгеге өнім шығарды немесе 2013 жылға қарағанда 143,6%-ды құрады.

2009 жылы облыста мақта талшығы 97,2 мың тонна көлемінде өндірілді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 29,3 % төмен немесе 40372 тоннаны құрады. Негізінде шикі мақтаның өңдеуімен Мақтаарал ауданының мекемелері айналысады. 2009 жылы ауданның өндірістік кәсіпорындары 62108 тонна мақта талшығын өндірді, 2008 жылмен салыстырғанда мақта талшығы 8,1 мың тоннаға немесе 11,6 % азайды.

«Ютекс» АҚ Казақстандағы мақта талшығынан киім өндірісіне дейінгі өндіріс айналымы толық ең ірі тоқыма кешені болып табылады.Өндірген өнімін Канадаға, Италияға, Украинаға, Белоруссияға, Чехияға, Туркияға, Австралияға, Германияға және әлемнің басқа да елдеріне экспорттаған, бірақ дағдарыс кезінде шығындарына байланысты 2011-2012 жылдары қызметін тоқтатқан.

«Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ өндірістерінің қалпына келтірілуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 4 наурызындағы №225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы аясында басталды.

Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасында мемлекеттік қолдаудың бірқатар құралдары бар. Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» басқару жиналысында 2013 жылдың 16 қыркүйегіндегі №02/28 қаулысымен «Магистралды желісінің дирекциясы» «Ютекс» АҚ бір көзден сатып алу жүргізеді. 2013-2017 жылдарға арналған жеңіл қнеркәсіп өнімін сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісім шарт жасалды. 2014 жылдың соңында «Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ өндірістері қайта іске қосылды.

Келісім шарт негізінде 2013 «Ютекс» АҚ 700 млн.теңге сомасында дайын өнімге тапсырыс қабылданған, оның ішінде 221,4 млн.теңге өнімі жүзеге асырылған.

2010 жылы «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС жалпы құны 3 850,0 млн.теңге және 224 жұмыс орны бар «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасының және техникалық карбоксометилцеллюлозаның мақта шикізатынан алу өндірісін ұйымдастыру» жобасы енгізілді.

Қазіргі таңда, мақта целлюлозасының өндірісі қолға алынды. Химиялық мақта шикізатын сатып алу мен жеткізу іске асырылуда. Кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс істеуде. Экспортталатын өнімдер түрлерінің Стандарты алынды. Мақта целлюлозасын экспорты іске асырылуда. Әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде. Шығаратын өнімдерге келісім шарттар түзілуде.

2012 жылы кәсіпорынмен жалпы құны 426,2 млн.теңгеге 1929,9 тонна өнім шығарды, ал 2013 жылы - 2211,6 тонна өнім жалпы 538,6 млн.теңге. 2014 жылы жалпы сомасы 719,6 млн. теңгеге өнім шығарды немесе 2013 жылға қарағанда 133,6% құрады.

2009 жылы облыста 97,2 мың.тонна мақта талшығы шығарылды, бұл 2008 жылға қарағанда 29,3% төмен немесе 40372 тонна. 2013 жылы облыста 105,8 мың.тонна мақта талшығы өндірілді немесе 2012 жылға 100%. Негізінен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар мақтаны қайта өңдеумен айналысады. 2013 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен ауданда 75739 тнна мақта талшығын, 2012 жылмен салыстырғанда мақта талшығының өндірісі 5632 тоннаға немесе 108,04 % өсті.

2014 жылы – 52950 тонна өндірілген немесе 2013 жылмен салыстырғанда мақта талшығының өндірісі 23347 тоннаға азайған.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Похожие:

4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Ойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconКіріспе
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 71
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconЖеке меншік мекеме
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, НӘтиже көрсеткіштері және бағдарламада қойылған мақсаттарға жету...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 74
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚазалы аудандық Мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда қалалық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда облыстық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница