4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер




Название4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
страница2/33
Дата конвертации06.02.2016
Размер4.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://art-oner.kz/storage/avtoreferaty/Kurmangolieva.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

2009 жылдағы Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы


2012-2014 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы





Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы

пайызбен

Көрсеткіш атауы

2008 ж.

2009 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж.

ӨНЕРКӘСІП – барлығы,

оның ішінде:

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

кен өндіру және карьерлерді қазу

13,5

23,4

28,2

26,5

26,7

өңдеу өнеркәсібі

75,1

65,9

63,0

64,6

63,8

электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу

11,4

10,7

8,8

8,9

9,5


Өңірдің өндірістік өнеркәсібі құрылымында электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлудің үлесі – 2008 жылы - 11,4 %, 2009 жылы - 10,6 %, 2010 жылы - 10,0 %, 2011 жылы - 10,2 %, 2012 жылы - 8,8 %, 2013 жылы - 9,3 %, 2014 жылы - 9,5%. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында сала үлесінің төмендеуі кен өндіру өнеркәсібінің үлесінің артуына байланысты.

Тау-кен өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 3,5 %-дан (2003 жылы) 2009 жылы 23,4 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2012 жылы 28,2 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2013 жылы 26,4 %-ға дейін, 13,5 %-дан (2008 жылы) 2014 жылы 26,7%-ға дейін өсті. Тау-кен өнеркәсібінің жылдам дамуы экспортқа бағдарланған пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты, оның ішінде бастысы – уран. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз құрылысының қарқынды жүргізілу де септігін тигізді.

Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 88,7% (2003 жылы) 2009 жылы 66 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы), 2012 жылы 63 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы) 2013 жылы 64,3 %-ға дейін, 2014 жылы 63,8%-ға дейін төмендеді.Өңдеу өнеркәсібі үлесінің төмендеуі кен өнеркәсібінің өндіріс көлемімен салыстырмалы түрде төмендеуімен, инвестициялардың тапшылығына байланысты негізгі құралдардың жоғары дәрежеде тозуымен (71%-ға дейін), сонымен қатар өндірістік өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейіне байланысты.

Машина жасау кәсіпорындарының жұмысына Ресейдегі, Украинадағы және Беларуссиядағы тарихи тұтынушылармен, сонымен қатар жинақтаушы детальдар мен тораптардың, дайын агрегаттар мен өнімдердің жеткізушілерімен вертикаль-горизонталь байланыстардың жоғалуына байланысты.

Машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігінің және өнім шығарудың қысқаруының сипатты себептері: сериялық тапсырмалардың болмауы, негізгі қорлардың тозуы, саланың инвестициялау үшін тартымды болмауы, тәжірибелік-эксперименттік базасы бар кұрастырушы бюролардың жұмысына қаржы бөлудің тоқтатылуы және т.б.

Облыстың өнеркәсіп өндірісі өсуінің оң динамикасына қарамастан, салалар бойынша өндірістік потенциалды пайдалану біркелкі емес. Осының басты себептерінің бірі – осындай жағдайда саналы протекционизмнің болмауынан ұқсас өнімнің шетелдік өндірушілерімен бәсекелестікті көтермеуі (алдымен, Қытаймен).

Облыстың тамақ өнеркәсібінің дамуы азық-түлік өнімдері бағасының қолайлы динамикасымен, жергілікті экологиялық таза шикізаттың пайдалануға қолжетімді болуымен, түпкілікті өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне байланысты, салаға инвестициялар көлемін ұлғайту және жаңа кәсіпорындарды құру мүмкіндіктің болуымен түсіндіріледі.

Экономикалық және адами капиталы мол, бай табиғи ресурстары бар, негізгі өндірістік инфрақұрылымы, кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасқан облысымыздың теңгерімді және тұрақты дамуға мүмкіндіктері жеткілікті. Облыс өнеркәсібінің 2009-2013 жылдарға даму нәтижелері осыған дәлел.

Дағдарысқа қарамастан, Оңтүстік Қазақстан облысының Республика бойынша жалпы өнеркәсіп өндірісінің үлес салмағы 2,1%-дан (2008 жылы) 2009 жылы 2,8 %-ға, 2012 жылы 2,9 %-ға, 2013 жылы 3,1%-ға, 2014 жылы 3,5%-ға өскен, ал республика өнеркәсіп өндірісінің көлемінде нақты көлем индексі бойынша 2008 жылы екінші орынға ие болып (Атырау облысынан кейін 120,5 %), 106,6 % құраған, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (республика бойынша 101,7 %). 2009 жылы үшінші орынға ие болып (Шығыс Қазақстан (118,4 %) және Ақтөбе (107,0 %) облыстарынан кейін), 106,5 % құраған, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (республика бойынша 100,7 %). (2010 жылғы 11 каңтардағы №07-01/25 жедел-ақпарат. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері). Республика өнеркәсіп өндірісінің көлемінде нақты көлем индексі бойынша облыс 2008 жылы сегізінші орынға ие болып 103,4%-ды құраған, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР - 102,6%). 2009 жылы 102,7%-бен төртінші орынды иеленіп, республикалық көрсеткіштен тең болды. 2014 жылы 104,5%-бен үшінші орынды иеленіп, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР – 100,2%) болды (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері).

Өңірдің стратегиялық бәсекелес жетістіктері қатарына келесілерді енгізуге болады:

  • сауда және транспорттық тораптардың дамуы үшін ыңғайлы географиялық мекен-жай (ОҚО арқылы ҚР оңтүстік көлік көші өтеді, Өзбекстанмен көршілестік);

  • климат жағдайы;

  • шағын бизнестің жоғары меншікті салмағы,

  • пайдалы қазбаларға бай кен орындарының болуы (уран қоры жағынан облыс бірінші орында тұр, фосфориттер мен темір кендері жағынан – Қазақстан бойынша үшінші орында).

Жалпы облыс өнеркәсібі әлеуетінде тиімді дамушы тау-кен өндіру және тамақ өнеркәсібіне басымдық беріледі. Сонымен қатар, облыста құрылыс индустриясын дамытуға, тоқыма және тігін өнеркәсібінде жаңа кәсіпорындар құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестициялар белсенді тартылуда. 2003-2009 жылдардағы агроөнеркәсіп кешенінің дамуы егіс көлемінің 13,4 %, астық дақылдардың жиналуы 2,5 есеге, мақта өндірісінің 21 % төмендеуімен сипатталады.

Ауыл шаруашылығының құлдырауы келесі себептерден болған:

- суармалы сулардың жеткіліксіздігі және тиімсіз қолданылуы, шаруа қожалықтарының территорияларында суғару инфрақұрылымдарының істен шығуы;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар мен көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігі;

- шаруа қожалықтарының ыдырап орналасунан, жер бөліктері көлемінің жеткіліксіздігінен, жаңа технологияларды қолдану, егін тәртібін сақтау, жаңа сорттарды қолдану мүмкіндігін бермейді;

- АӨК қолдау және дамытуға бюджет қаржылары шығыстарының төменгі тиімділігі көрінісінде АӨК қолдау мен дамытуға бюджет қаражыларының жеткіліксіз болуы;

- трактор парктері машиналарының 80 % жоғары тозуы;

- бос қалған жерлердің тіркелуі мен мониторингінің жеткіліксіздігі және оларды екінші ретті шаруашылық айналымына қайтару дәрежесінің төмен болуы;

- мақта шаруашылығындағы сатып алу бағасының төменгі, бұл шаруашылық түрінің рентабельділігін төмендетіп, мақта егушілердің қалаларға кетуін тудырып отыр.

Бұл себептер жекелей және бірлесе келе, тұрғындардың ауылдық жерлерден қаларалға кетуіне әкеліп отыр, олар қалалардағы бұрынғы ауыл тұрғындарының ең төменгі білімді, өнімділігі аз және кедей тұрғындардың қатарын түзіп, жалпы алғанда облыстың экономикалық кеңістігінің сапасының төмендеуіне әкеліп отыр.

ОҚО Қазақстанның алты экологиялық қолайсыз аймақтарының бірі болып табылады, ал Шымкент қаласы автомобиль көліктерінің газдарымен ластанған, үш қаланың бірі. Ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.

Мұнай - химия өнеркәсібі кәсіпорындарының атмосфераға ластаушы заттарды шығару көлемінің артуы 6,8 % (2006 жылмен салыстырмалы) мұнайды өңдеу көлемінің өсуінен экологиялық іс-шаралардың шешілмеуімен негізделеді; жылу энергетика кәсіпорындарында – жылу және электроэнергияларының өндірісінің артуымен; құрылыс индустриясы кәсіпорындарында (40,2 %) – асбесттен тұратын материалдарды және цемент өндірісінде газ, шаң сорушы қазіргі заманғы құралдар мен әдістердің қолданылмауымен негізделеді. Қазіргі тазартқыш құралдарының қайта жөнделуі мен құрылысына қаражаттардың жеткіліксіз болуынан, бұл аталған жағдайлар өндірісітің өзге де салаларына тән. Облыста ауыр металл және оның қосындылары түріндегі, тарихи қоқыстардың үлкен көлемі жинақталған. Сонымен қатар, Сырдарияның шекаралас суларының ластану проблемасы бар. Сондай-ақ, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер көлемінен табиғатты қорғау шараларына бөлінетін бюджет қаражыларының жеткіліксіздігі және тиімсіздігі мәселесі, бірқатар жылдар ішінде өзекті болып қалмақ, сонымен қатар төлем алу әрқашан ынталандырушы шара бола бермейді.

Облыстың әлеуметтік саласының жағдайы тұрғындардың табиғи өсімінің жоғарғы қарқынындағы, ауылдық тұрғындардың басым келуімен, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады. Өз кезегінде, соңғы жағдай облыс тұрғындарының өмірінің салыстырмалы жоғары емес дәрежесін анықтайды, өйткені ауылдық жерлердегі табыс (мақта шаруашылығынан басқа) дәстүрлі түрде, қала тұрғындардың өмір деңгейінен төмен. Облыста ауылдық тұрғындардың қалаға ауысуы жалғасуы, бірақ қалада ауылдық жерлерден келгендердің табысы төменгі деңгейде қалып, осы себептен орташа өмір деңгейі өзгеріссіз қалуда. Облыстың өзге де әлеуметтік мәселелер: кәсіби білім беру мекемелерінде оқытушылардың жеткіліксіз болуы; медициналық персоналдың біліктілік деңгейлерінің жеткіліксіздігі және медициналық мекемелердің құралдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі; сәбилер өлімі көрсеткішінің өсуі; әсіресе Шымкент қаласында әлеуметтік салада бюджет қаражыларын қолданудың тиімділігінің төмендігі.

Облыс инфрақұрылымы көрсетілетін қызмет түрлері бойынша және аумақтық бөліністе шекте бірқалыпсыз және жеткіліксіз дамыған.

Көлік инфрақұрылымы (көліктер мен жолдардың барлық түрлері) саласы, тұрғындарды газбен, ауыз сумен, жылу және электроэнергиясымен қамтамасыз ету салалары қарқынды дамуды қажет етеді.

Облыстың тарихы қалыптасып орналасуы, аймақтық диспропорциялармен, бір аудандарда еңбектің басым келуі мен басқаларының депрессиялы болуымен көрінетін бірқатар мәселерді туындатады.


2.2.Аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Экономикалық даму

Жалпы аймақтық өнім






млрд. теңге



2362,4



2142,4



1870,6



1507,2



1205,3



925,5


731,3






2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Жалпы аймақтық өнімнің көлемі 2009 жылы ағымдағы бағамен 925,2 млрд. теңгені, құрады, адам басына шаққанда ЖАӨ мөлшері 366,7 мың теңгені құрады. ЖАӨ құрылымында өндірістің үлесі – 39,4 %, қызмет – 57,4 %, 2012 жылы 1870,6 млрд. теңгені, республикадағы үлесі 6,2% құрады. Адам басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 705,8 мың теңгені құрады. 2013 жылы ЖӨӨ-гі өндірістің үлесі – 39,6 %, қызметтің – 53,7 %, 2014 жылы - 37,9 % және – 54,7 % құрады.

2009 жылы ЖАӨ бойынша Республика аймақтарының орналасуында облыс 7 орынға ие болып, оның үлесінің өсімі байқалды. 2012 жылы жалпы өңірлік өніміндегі өңірлердің үлес салмағы 6,2%, 2013 жылы 6,1 %, 2014 жылы 6,1% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінде облыстың ЖАӨ үлесі 8,8 % құрап, бұл көрсеткіштің төмендегені байқалды, мәселен 2007 жылы бұл көрсеткіш 11,2 % құраса, 2009 жылы – 9,55 %. Бұл мақта өндірісінің төмендеуіне байланысты болды, ол өз кезегінде мақтаға әлемдіқ нарықта бағаның төмендегеніне байланысты болды. Ал, 2013 жылы жалпы өңірлік өніміндегі өңірлердің үлес салмағы 12,4%, 2014 жылы - 12,5% құрады.

Өнеркәсіптің жалпы көлемінде облыстың ЖАӨ үлесі 2007 жылы – 2,57 %; 2008 жылы – 2,18 %, 2009 жылы – 3,77 %, 2013 жылы 5,5 % , 2014 жылы 5,6 % құрады.

ҚР құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде облыстың үлесі 2009 жылы 6,9% құрап, өсімі байқалады (2007 жылы – 3,58 %, 2008 жылы – 4,57 %). Ал, 2013 жылы жалпы өңірлік өніміндегі өңірлердің үлес салмағы бойынша 6,9 % құрайды, 2014 жылы 6,6% құрады.

Көлік және байланыс бойынша жалпы республикалық көлемдегі ЖАӨ облыстың үлесі 3,96 %, саудада – 3,42 %, басқа қызметтерде – 7,37 % құрады. Ал, 2013 жылы көлік үлесі 6,2 %, ақпарат және байланыста - 1,5 % , 2014 жылы - 6,5 % және - 1,6 % құрайды.

2014 жылы ЖӨӨ НКИ 102,6%, жоспары - 106,5%. Аталған көрсеткіштің орындалмауы жалпы үлесі 40% асатын ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, және жылжымайтын мүлікпен операциялардың төмен қарқынынан және инфляция деңгейі әсер етті. Сонымен қатар, 2014 жылдың қорытындысымен инфляция деңгейі 107,6% құрады, жоспары - 107%, бұған 2014 жылғы ақпандағы девальвация әсерін тигізді.

Өнеркәсіптің дамуы

Облыстың даму Бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013жж.) жүзеге асырылуы экономика қызметінің қорытындысы бойынша өнеркәсіп дамуының болымды динамикасының сақталғанын көрсетеді.

Өңірдің индустриялды-инновациялық даму стратегиясын іске асыруы өнеркәсіптің жекелеген салаларының дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, аудандар мен қалалардың өндірістік әлеуеті артты.

Нақты сектордың тұрақты экономикалық дамуы инфляция деңгейін тежеумен; кәсіпкерлікті дамытумен; қолайлы инвестициялық климатпен; тұрғындардың өмір деңгейін көтеру нәтижесінде ішкі сұраныстың өсуімен; сонымен қатар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің қарқынының өсуімен қамтамасыз етілді, бұл ішкі және сыртқы сауда көрсеткіштеріне болымды әсерін тигізеді.

Нақты сектордың инновациялық құрамдасын дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі күні облыс ЖООмен, «Риц «Максимум» ЖШС жобалар, бағдарламалар мен ғылыми-техникалық идеялардан мәліметтер қоры жинақталды. 2012 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде ОҚО үлесіне мақта-талшығы өндірісінің 100,0 %, трансформаторлар өндірісінің 99,2 %, фармацевтикалық препарттар өндірісінің 48,0 %, бензин өндірісінің 46,1 %, жанар мазуты өндірісінің 22,9 %, цемент өндірісінің 16,8 %, сыра өндірісінің 16,7 %, шарап өндірісінің 24,9 %, ұн өндірісінің 15,0 % түседі.

2014 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде (табиғи түрде) ОҚО үлесіне мақта талшығы өндірісінің 100,0%, мақта-мата және трансформаторлар 98,3%, минералды сулар – 50,0%, дәрі-дәрмек препараттар – 21,7%, бензин – 37,3%, дизельді отын – 26,9%, отындық мазут – 30,1%, цемент – 24,5%, сыра – 8,5%, ұн – 21,8% тиесілі.

ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2010 жылы белсенді өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістер саны 722, 2011 жылы – 760, 2012 жылы – 724, 2013 жылы – 811, 2014 жылы – 751 құрады.

ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2013, 2014 және 2015 жылдардың 1 қаңтарына жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістердің саны тиісінше 2013 жылы - 949, 2014 жылы - 1094 және 2015 – 1291 бірлікті құрады. 2014 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындар саны 197 өскен.

ОҚО ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт цемент» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкент-құс» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «Састөбе Технолоджис» ЖШС, «Феррум-Втор» ЖШС, «Құрылыс металлоконструкциялар зауыты» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «3-Энергоорталық» АҚ, «Шымкент Ремсервис» ЖШС, «Ақ Жол» ЖШС, «Ақ-Берен» ЖШС, «Қоңыр-Ат» ЖШС, «Мырзакент» МӨЗ» ЖШС, «Контал» ЖШС, «Корпорация «Ақ Алтын» ЖШС және т.б.

Тау-кен өнеркәсібінде тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2003 жылмен салыстырғанда 12,2 есе өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 1,5 есе өскен, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу 2,6 есе өскен.

2012 жылы кен өндіру өнеркәсібінде тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2008 жылмен салыстырғанда 4,9 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 2,0 есе, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу - 1,8 есе өскен.

2013 жылы өнеркәсіпте тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2008 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен, соның ішінде: тау-кен өнеркәсібінде - 5,1 есе өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 2,2 есе өскен, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу 2,4 есе өскен.

2008-2013 жылдар аралығында құрылыс материалдар, уран, отындық-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру, трансформаторлар, технологиялық және электротехникалық жабдықтарды өндірістері қайта қалыптасты, бу және ыстық сумен жабдықтау, газ тәрізді отынды өндіру және бөлу, суды тазалау және бөлу көлемдері өсті.

2003-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі құндық мәнінде 2 есе өскен, әкімшілік-аумақтық бірліктер кескінінде жағдай келесідей: Бәйдібек ауданында өнеркәсіп өндірсі өнім 3,1 есе, Кентау қаласында – 3,7 есе, Түлкібас ауданында – 6,1 есе, Қазығұрт ауданында – 6,3 есе, Созақ ауданында – 14,0 есе дерлік өскен. Шардара және Мақтаарал аудандарында өндірістік өнім өндірісі сәйкесінше 34,4% және 66,9% төмендеген. Аталған аудандарда өнеркәсіптің осылайша күрт құлауын өнеркәсіптің басым үлесін мақта өндірісі алып отырғанымен түсіндіруге болады. «Мақта туралы» Заңның қабылдануымен қайта өңдеу кәсіпорны өндірісінің өндіріс көлеміндегі статистикалық есебінде қайта өңдеуге арналған қызметтер ғана есепке алынып, ертеде орын алған жағдай секілді, қайта өңдеуден өткен мақтаның толық көлемі көрсетілмейді.

2008-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі құндық мәнінде 2,6 есе өскен, әкімшілік-аумақтық бірліктер кескінінде жағдай келесідей: Төлеби ауданында өнеркәсіп өндірісі 3,6 есеге өссе, Сайрам, Созақ аудандарында – 2,7 есеге, Ордабасы ауданында – 2,4 есеге, Мақтарал, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында – 2,3 есе, Кентау, Түркістан қалаларында – 2,1 есе, Қазығұрт, Отырар аудандарында – 1,2 есе, қалған аудан, қалаларда 1,5 есеге өскен.

2009 жылы 255827,4 млн.теңгеге өнім өндірілген, 2008 жылы нақты көлем индексі 102,7 % құрады, сәйкесінше 2010 жылы – 316357,7 млн. теңге (НКИ – 113,5 %), 2011ж. 377179,5 млн. теңге (НКИ – 101,9 %), 2012ж. 496767,9млн. теңге (НКИ – 106,7 %), 2013ж. 552 557,8 млн. теңге (НКИ – 102,3 %).

Облыстың Даму бағдарламасының 1-ші кезеңін (2011-2013 жж.) жүзеге асыруда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен: 2011 жылы – 377179,5 млн. теңге, 2012 жылы – 496768,0 млн. теңге, 2013 жылы – 552557,9 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 111,2 % (2008 жылға қарағанда – 129,7 %) құрады. 2014 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 649174,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2013 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,5% құрады. 2013 жылға қарағанда 96616,4 млн. теңгеге өнім артық өндірілді.

Осы кезеңде өнеркәсіптің негізін қалаушы салаларының басым санында өндіріс өсуі ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, қызмет етіп отырған өндірістердің модернизациясы және қайта жабдықталуы, сонымен қатар өнімнің жаңа түрлерін шығаруды ұйымдастыруы есебінен қамтамасыз етілді.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 146,7 млрд. теңгелік 103 жоба іске қосылып, 8873 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде: 2010 жылы – 7 жоба (33,7 млрд. тг., 1775 ж.о.); 2011 жылы – 22 жоба (57,3 млрд. тг., 1235 ж.о.); 2012 жылы – 29 жоба (14,7 млрд. тг., 2226 ж.о.); 2013 жылы – 46 жоба (41,0 млрд. тг., 3637 ж.о.); 2014 жылы – 43 жоба (43,3 млрд. тг., 3289 ж.о.) .

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсіп дамуының негізгі көрсеткіші ретінде өнеркәсіп өнімінің және өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) белгіленген. Осы орайда, 2014 жылы қорытындысына сәйкес, республика бойынша облысымыз алдыңғы қатарда, яғни,өнеркәсіп өнімінің НКИ бойынша 104,5%-бен үшінші орынды (ҚР-100,2%), өңдеу өнеркәсібі өнімінің НКИ бойынша 103,5%-бен алтыншы орында (ҚР-101,0%) иеленді. Алайда, өнеркәсіптің кейбір салаларында межеленген көрсеткішке белгілі объективті себептерге байланысты қол жеткізілмеді.

Өзге металл емес минералдық өнімдерді шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 107%, 2014 жылдың орындалуы 103,4%. Ауытқуы(-3,6)п.п.құрады

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 43796,1 млн.теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (39729,9млн.тг.) қарағанда 4066,2 млн.теңгеге өнім артық өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 6,7%-ды құрайды.

Саладағы бірқатар кәсіпорындардың өнім көлемінің төмендеуі көрсеткіштің орындалмауына әсерін тигізді. Атап айтқанда, «Шымкентцемент» АҚ («сулы» әдісімен шығарылатын цементтің құны жоғары болуынан, өнім көлемі 644,8 мың тоннадан (2013 ж) 609,2 мың тоннаға дейін азайған, «Құрылыс материалдары» ЖШС, «Батсу-Водоканал» ЖШС-ның модернизацияға тоқтатылуына байланысты толық жүктелуіне шыға алмау есебінен (кірпіш өнімнің төмендеуі), «Ныш Ер» ЖШС (темір бетон өнімнің төмендеуі), «Түлкібас әк зауыты» ЖШС(әк өнімнің төмендеуі, Қарағанды металлургия зауытының өніміне сұраныс азаюына байланысты, тапсырысы азайған) және т.б. 2015 жылдың 4 айында сала өнімінің НКИ 140,1%-ды құрауда.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Похожие:

4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіші
Ойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconКіріспе
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 71
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconЖеке меншік мекеме
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, НӘтиже көрсеткіштері және бағдарламада қойылған мақсаттарға жету...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 74
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштер және оларғА Қол жеткізу жолдары 73
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚазалы аудандық Мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда қалалық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда облыстық мәслихатының
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница