I дебиторлық борыштардың есебі




НазваниеI дебиторлық борыштардың есебі
страница4/5
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://temakosan.net/_ld/42/4209___.doc
1   2   3   4   5

2.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті

Сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын кеңейте түсу үшін мынадай мәселелерді анықтап алу қажет:

  • өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын;

  • түгендеу(салыстыру) актілермен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығы;

  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштарын;

  • бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық есептің дұрыстығын.

Бұндай жағдайда аналитикалық есеп мынадай мәселелерді қамтамасыз етуге міндетті:

  • вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылар мен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарының мерзімінде түспегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді;

  • 30 «сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімшенің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп корреспенденцияларының дұрыс берілгендігін;

  • 30 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімнің шоттары бойынша аналитикалық есеп жазуларының №11 журнал –ордердегі Бас кітаптағы және баланстағы жазулар мен сәйкестігін;

  • талап ету мерзімі өткен сайын дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын.


Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шыгарылып, күдікті қарыздар резервінің шотгарына жатқызу арқылы жабылады.

Аудитор 301 «алынуға тиісті борыштар» шотының дебетінде көрсетілген артылып жөнелтілген өнім (тауарлар), орындал-ған жүмыстар жоне көрсетілген қызметтердің құнын талап ету құжаттарының уақтылы банк мекемелерінде қабылданғандығын және оларды төлеу мерзімінің сақталғандығын банк көшірмелеріндегі жазуларымен салыстырып тексереді. Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің алдын ала сатушының есеп айырысу шотына аударған аванстарының жабылып, айдың аяғында 301 шоттың дебетіндегі құны өтелген өнімдердің құнының дұрыс анықталғаңдығына көз жеткізуі тиіс.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың жедел дамып келе жатқан түрі - алынған вексельдер бойынша есеп айырысу Вексельмен төленген операциялардың дұрыс көрсетілгендігіне көз жеткізу үшін аудитордан бұндай операцияларға баса назар аудару талап етіледі.

Сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден есеп айырысу үшін алынған вексельдермен қамтамасыз етілген борыштарын 302 «Алынған вексельдер» шотында жүргізеді. Вексель бойынша өтелген қарыздарын шоттың кредитінен Ақша қаражаттар бөлімінің сәйкес шоттарының дебетінде көрсетеді. Вексельмен есеп айырысқан кезде қарапайым және аудармалы вексельдер қолданылуы мүмкін. Қарапайым вексель бұл жасалған сауда-саттықтар немесе орындалған жұмыстарды (қызметтер) төлеу үшін бір жағының (вексель берушінің), екінші бір жағына (вексельді ұстаушыға) төлеу мерзіміне қарай белгілі бір соманы төлеуге жазбаша берген ақшалай қарызының міндеттемесі.

Аудармалы вексель (тратта) немесе беруші (трассант) жазады да, онда дебиторға (трассат) вексельде көрсетілген соманы, үшінші тұлғаға (ремитентке) немесе талап етушіге төлеу туралы бұйрығын көрсетеді.

Бұл құжат борыштық міндеттемеге айналып, төлеуші (трассант) төлеуге келісім бергеннен кейін ғана заңды күшке ие болады. Өтпелі белгінің (индассамент) көмегімен әмбебап несие есеп айырысу құжатының қызметін орындап, вексель бірнеше рет қолданылуы мүмкін.

Вексельдерді дисконттау олардың банкідегі есебін және қаржының айналымын елеулі жылдамдатады. Бұндай жағдайда вексельді ұстаушының (индассамент) қатысуымен төлеу мерзіміне дейін банкке өткізіліп, банктің тәуелсіз дисконтының пайдасына есептелген пайыздың шығынын шегеріп тастап, вексельдік сомасын алады.

(Аудит кезінде вексельдердің есебінің түрлері төлеуші субъектінің төлеу мерзімінің жетуі бойынша борыштарды (аударады) вексельдер арқылы толтырудың негізділігін; алудан үмітін үзген немесе талап ету мерзімін өткізіп алған борыштарды, вексельдерді сатудан тыс зияндарына шығысқа шығарудың заңдылығын тексеру қажет.

Күдікті борыштар резервтерінің есебінің аудиті. Шаруашылықтың басшысының шешімімен талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарындағы жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Демек күдікті қарыздар бойынша резервтер талап ету мерзімі біткен, қайтарылуы сенімсіз субъектінің алшақ дебиторлық борыштарын есептен шығарып жабу үшін жасалады.

Күшіндегі салық жөніндегі заң актілерінде күдікті қарыздар - бұл өнім (жұмыс, қызмет) сатудың нәтижесінде пайда болған және табыс есептелген күннен бастап екі жылдың ішінде сөңдірілмеген қарыздар деп көрсетілген.

Аудитор есепті жылдың аяғында тіркеліп, тізімделген дебиторлық борыштардың мәліметтерінің негізінде жасалған күдікті борыштар резервтерінің заңдылығын және қандай борыштарды жабу үшін жасалғандығын және талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың баланстан шығарылуын тексереді.

3-Энергоорталық мекемесінде сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен тапсырыс берушілердің аудитін жүргізгенде мынадай шоттары қарастырылады:

-30101-30108 шоттарында «Алынатын шоттар»-электро энергия және жылу үшін есептеледі

30301-30308 шоттарында «сатып алушылармен тапсырыс берушілердің басқада қарыздары»

« Алынуға тисті қарыздар» шотында тұтынушыларға жөнелтілген энергия мен жылу есепке алынып, мынандай шоттар корреспанденциясы жасалынады. 801 «сатылған дайын өнімнің өзіндік құны» кредиттеледі.

АҚ «3-электро орталықтағы» 2002-2003 жылдардағы салыстырмалық дебиторлық борыш өтелімін электро энергия және жылу үшін тұтынушы халықтың борышты өтеу қабілеттілігін төмендегі кестеден көруге болады.

8 - кесте



Тұтынушылар

Қалдық 01.01.2002

Қалдық 01.01.2003

Көрсеткіштер

сома

пайыз

1

Барлығы

106838,9

150589,1

+43750,2

140,9

2

РК-1

38109,6

50034,5

+11924,9

131,3

3

РК-2

28365

36976

8611

135,6

4

РК-3

36761

49862,3

13101,3

127,6

5

К-21

719,4

1489,2

769,8

341,5

6

К-24

2145,5

9472,0

+7326,5

-

7

К-9

-

631,2

+631,2

-

8

К-54

-

953,1

953,1

130,4

9

Кара-төбе

738,7

1171,1

432,4

158,5

Кесте көрсеткіші 2003 жылы тұтынушы халықтың 2002 жылдың борышты өтеу мәліметтеріне қарағанда 140,9 пайыз өсу сомасын көрсеткен.

3-энерго орталық мекемесінде талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарында жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Мекемеде күдікті қарыздар ретінде төмендегі мекемелер танылған.


9 - кесте



Тұтынушылардың атауы

Уақыты

Сомасы

01.01.2003есебінде

Өтегені

1

ЖШС «БТ и К»




6181

6181

-

2

ЖШС «Энергия-плюс»




252

252

-

3

АҚ «ИНТЕРПРОМ»




2165

2165

-

4

Отырар РЭС




249

249

-

5

ЖШС «қазығұрт»




314

314

-

6

ЖШС «Фарратекс»




125

125

-

7

ЖШС «РАЙ»




539

539

-

8

ЖШС «Акерек-2030»




34

34

-




ҚОРТЫНДЫ




9610

9640

-






2.2 Басқадай дебиторлық борыштар мен берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебінің аудиті.

Дебиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізген кезде аудитордан баланстың «Басқа да дебиторлық борыштар» бабына ерекше назар аударуды талап етеді.

Дебиторлық борыштарды аудитор жеке-жеке тексеруге тиісті. Орын толтыруға тиісті қосылған құн салығына тексеру жүргізгенде аудитр мына мәселелерді анықтап алуға тиісті:

  • баланста көрсетілген мәліметтері мен Бас кітаптағы және есеп регистрларындағы мәліметтерінің сәйкестігін;

  • жабдықтаушылар мен мердігерлерден сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметер үшін ақы төлеген шоттар бойынша қосылған құнға салынған салықтың көрсетілгендігін;

  • қоймаларға құндылықтардың нақты түсуіне қарай кіріске алынып, 331 шотының дебетінде шот-фактураның негізінде жазылғандығын;

  • қоймаға түспеген және кіріске алынбаған материалды құндылықтарды қабылдау актісі бойынша қабылданған, атқарылған жұмыстар және қызметтердің акцептелген шот-фактуралар бойынша 331 шоттың дебетіне жазуларының жазылғандығын.

Есептелген сыйақының есебінің аудиті. Аудитор 332 «Есептелген сыйақы» шотында жинақталған ақпараттармен танысып, олар қандай аралық шоттар арқылы жүзеге асырғандығын тексереді.

332 «Есептелген сыйақылар» шотының аналитикалық есебінің, займ алушылар, вексель ұстаушылар, жалға алушылар және т.б. шаруашылықтар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған пайыздық қарыздары айналым ведомостіне ұқсас тізімдемеде, машинажазбаларда жүргізілгендігін анықтау қажет.

Аудитор басқадай дебиторлық борыштардың елеулі үлесін құрайтын 333 «Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың борыштары» шотындағы шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілгендігін тексеруге баса назар аударуға тиіс. Бұл шотта жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары туралы ақпараттарының есебін, есеп беруге тиісті әкімшілік, шаруашылық және операциялық шығындарына, қызметтегі іссапарларға берілген сомалар бойынша жүргізеді.

1 Есеп беруге тиісті сома деп шаруашылықтың кассасынан ұсақ - шаруашылық шығындарына (қолма-қол есеп айырысусыз болмайтын өкімшілік шаруашылық және операциялық шығындарына) және іссапар шығындарына субъектінің жұмыскерлеріне берілген ақшалай авансын айтамыз, Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың аналитикалық есебін әрбір берілген аванс бойынша жүргізеді.

Кейбір шаруашылықтардың жұмыс тәжірибесінде бұндай аванстарды жоғары тұрған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына берген жағдайларда кездесіп қалады.

Кейбір шаруашылықтардың бухгалтерияларында жұмысшылар мен қызметкерлерді шаруашылық және іссапар шығындары деген сылтаумен, жеке басының қызметі үшін жалған аванс беруге жол берілгендігі орын алып жатады. Сондықтан жұмыскерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықты, іссапар куәлігін, оның мерзімін, барып-келу құнын, күшіндегі нормалар бойынша тәулігіне төленген сомасын, есеп беруге тиісті тұлғаларының аванс бойынша қорытынды есебінің уақтылы тапсырғандығын және пайдаланылмаған қалдық сомасын өткізгендігін анықтауы керек.

Аудитор аванстық есепке тіркелген құжаттарының дұрыстығын, оларға төленген төлемдердің заңдылығын тексеріп, қажет болған жағдайда қарама-қарсы тексеру жүргізуді ұсынады. Сонымен қатар, аудитор есеп беруге тиісті сомалар бойынша операцияларына тексеру жүргізгенде мыналарды анықтауға тиісті:
1   2   3   4   5

Похожие:

I дебиторлық борыштардың есебі iconДебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
«шымкент қҰС» жшс дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері
I дебиторлық борыштардың есебі icon«Басқару есебі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2- басылым «басқару есебі»
Калькуляция өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен шығындардың ақшалай бейнедегі көрінісі
I дебиторлық борыштардың есебі iconНарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы
Кіріспе
I дебиторлық борыштардың есебі icon3 І. Дебиторлық Қарыздар жөніндегі түсінік және олардың жіктелуі
Кіріспе 3
I дебиторлық борыштардың есебі iconҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе
Оның мазмұнын төмендегідей маңызды терминдер сипаттайды: салық міндеттемесінің есебі, міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі,...
I дебиторлық борыштардың есебі iconКiрiспе i-бөлiм. Дебиторлық борыштар есебi
Дебиторлармен және кредиторлармен көмекшi есеп операцияларын жүргiзудегi франт-офистiң функциялары
I дебиторлық борыштардың есебі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1210)
I дебиторлық борыштардың есебі iconЛекция: 45 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 а б 30 а б -30 е б- 40 ∑ 100 Лектор: Дүйсебеков Ш. Жетісай 2008 «Шетел бухгалтерлік есебі»
Есеп және Аудит” 3--курс студенттеріне 6 семестрде “Шетел бухгалтерлік есебі” пәнінен оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес 3-кредит...
I дебиторлық борыштардың есебі iconДиплом ж±мысы Таќырыбы: “Мырзакент” мақта корпорациясында салық міндеттемелерінің есебі және аудиті
Таќырыбы: “Мырзакент” мақта корпорациясында салық міндеттемелерінің есебі және аудиті
I дебиторлық борыштардың есебі iconІІ. Негізгі қҰралдардың амортизациясы және тозуының есебі
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница