Скачать 40.36 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007–2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қантардағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ–ы, 2006 ж., № 42, 471–құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007–2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде: «Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері» деген 1–бөлім алынып тасталсын; «Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын объектілер» деген 2–бөлiмде: тақырыптағы «2» саны алынып тасталсын; реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 14, 15–жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 9–жолдың 2–бағанындағы «Қорғас – Сарыөзек» деген сөздер «Қорғас – Жетіген» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 18–жолдың 3–бағанындағы «Алматы қаласының әкімдігі» деген сөздер «ККМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19, 20–жолдармен толықтырылсын:
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі В. Супрун |