2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ




Название2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ
страница6/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/SP_2020_kaz.doc
1   2   3   4   5   6

ІV. 2020 - стратегиялық жоспарын іске асыру негізі: нәтижелі мемлекеттік сектор



Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының бес шешуші бағытын іске асыру үшін тиімділігі жоғары мемлекеттік аппарат негіз болып табылады.

2010 – Стратегиялық жоспарды іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектор реформаларына негізделе отырып мемлекет корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық пен қоғам алдындағы есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік басқарудың сапалы да жаңа үлгісін құрады. Аталған үлгі 2015 жылға қарай толыққанды іске асырылатын болады, ал оның негізгі элементтері 2020 – Стратегиялық жоспарын іске асырудың алғашқы жылдарында енгізілетін болады.

Мемлекеттік секторды реформалау негізі бес бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік органдардың, оның ішінде мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлерінде, өкілеттік пен жауапкершіліктің нақты шеңберін айқындау;

2) мемлекеттік қызметті тиімді көрсетуге жәрдемдесетін стандарттарды әзірлеу және үдерістерді жетілдіру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту;

3) мемлекеттік қызмет реформасын жеделдету, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді оқытуды жетілдіру;

4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті элементтерді енгізу;

5) әкімшілік реформаларды басқаруды жақсарту және мемлекеттік секторды реформалау үдерісі үшін жауапкершілікті күшейту.

Нақты өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау


Мемлекеттік сектордың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін есептілік пен ынталадыруды белгілеу мақсатында мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктері (рөлдері) мен жауапкершілігі нақты айқындалады.

2011 жылдан бастап жүйелі негізде мемлекеттік органдар қызметінің функционалдық шолулары жүргізіледі, оның мақсаты – мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) саясаттың тиімділігіне бағалау жүргізу болып табылады. Әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктердің оңтайлы көлемін айқындау тұтастай алғанда мемлекеттің жеке секторларда да, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінде де артық функцияларды жою, қайталайтын өкілеттіктерді алып тастау, жеткіліксіз функцияларды бекіту және нарықтық тетіктерді пайдалануды кеңейту арқылы тұтастай мемлекеттің баламалы рөлін белгілеуге мүмкіндік береді.

Осындай шолулар мемлекеттік аппараттың тұтастығын және іске асырылып жатқан саясаттың дәйектілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру


Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жолымен арттырылатын болады.

2011 жылға қарай:

«бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының желісі дамытылатын болады. Осы орталықтардың жұмысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатында халықпен кері байланыс тетігін көздейтін болады;

мемлекеттік қызметтердің тізілімі кеңейтіледі және тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің әрбір түрі бойынша стандарттар әзірленетін болады,

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау (бекітілген стандарттарды сақтау) тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру


Мемлекеттік қызметті реформалау мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқаруды жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге шоғырландырылатын болады.

Мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметке алудың тиімді рәсімдері және мемлекеттік басқарудың халықаралық іс-тәжірибесіне негізделген мемлекеттік қызметшілерді оқытудың сапалы бағдарламасы кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру үшін негіз болады.

2012 жылға қарай:

үш корпусқа: саяси мемлекеттік қызметшілер корпусы, әкімшілік мемлекеттік қызметтің А (басқару) және Б (атқарушы) корпустарына негізделген мемлекеттік қызмет лауазымдарының тізілімі енгізіледі;

мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдері және мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін қалыптастыру жақсарады;

нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаттары мен құндылықтарына негізделген мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жаңартылған бағдарламасы енгізіледі;

нәтижелерге бағдарланған біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді дайындау бойынша базалық оқыту орталығы қалыптастырылады;

жауапты хатшы лауазымына тағайындалған жауапты адамның рөлі мен дәрежесі нақты айқындалды, оны тағайындаудың ашық, айқын, оның сіңірген еңбегіне негізделген тағайындау тетіктері әзірленді.

2020 – стратегиялық жоспарын іске асыру мемлекеттік қызметшілерді сапалы дайындауды ғана емес, кәсіби даярлығы бар мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік секторда ұстап қалуға ықпалын тигізетін, сондай-ақ Қазақстанның прогрессивті жастарын мемлекеттік қызметке тартатын ортаны қалыптастыруды да талап етеді. 2012 жылға қарай мемлекеттік аппараттың сапасын арттыру үшін мынаны қамтамасыз ету қажет:

адами ресурстарды басқарудың таңдаулы қағидаттары мен әдістерінің негізінде мемлекеттік органдардың кадрлар қызметінің тиімді жұмысын;

жауапкершілік, нәтижелілік және біліктілік қағидаттарына негізделген өнімі (өнімділігі) жоғары ықшам және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға жәрдемдесетін жеке сектордағы төлем деңгейімен бәсекеге қабілетті мемлекеттік секторда еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

2012 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесін енгізуді қолдау үшін мемлекеттік қызметшілердің жұмысының көлемі мен сапасын, жауапкершілік деңгейін, кәсібилігін арттыруды, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауды есепке алатын мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі енгізілетін болады.

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару


Мемлекеттік жоспарлауды сапалы өзгерту, мемлекеттік басқарудың нәтижелілігі мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға қарай:

барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік саясатты әзірлеуге кешенді стратегиялық тәсілді қамтамасыз ету үшін 2020 – стратегиялық жоспарға негізделген бес жылдық стратегиялық жоспарларды қабылдайды;

барлық мемлекеттік органдар әзірленген бес жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген жыл сайынғы операциялық жоспарлар дайындайтын болады;

барлық мемлекеттік органдарда белгіленген стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға бейілділігін сақтай отырып операциялық жоспарларды іске асыруда белгілі бір дербестік болады;

барлық мемлекеттік органдарда ішкі мониторинг, бақылау және бағалау жүйесін кезең-кезеңмен енгізу басталатын болады.

2012 жылға қарай тиімділік және нәтижелілік (нәтижеге бағдарланған бюджеттеу) индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі енгізілетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың мониторингі мен олардың қызметін бағалайтын кешенді жүйе енгізілетін болады, ол стратегиялық мақсатқа қол жеткізу деңгейін, бизнес пен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сектор реформаларын басқару


2011 жылға қарай әкімшілік реформалар жүйесі мемлекеттік секторда жүргізілетін реформалардың іске асырылуына, мониторингі мен бағалауға жауапты жеке уәкілетті орган құру мүмкіндігі қаралатын болады. Осындай өкілеттіктер жұмыс істеп тұрған мемлекеттік органдардың біріне нақты бекітілуі де мүмкін.

2012 жылға қарай мемлекеттік басқару саласында реформаларды іске асыру мониторингінің тиімді жүйесі жұмыс істейтін болады, оның шеңберінде тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік секторды реформалаудың ағымдағы жағдайы және нәтижелері туралы есептер ел басшылығына ұсынылып отырады.

V. 2020 – стратегиялық жоспарының іске асырылу мониторингі және бағалау


2020 – стратегиялық жоспардың стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізудің мониторингі мен бағалау оның табысты іске асырылуының қажетті шарттары болып табылады.

2020 – стратегиялық жоспарын іске асыру жалпы ұлттық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруді, сондай-ақ аралық нысаналы индикаторлардың орындалуын талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің тетіктері мен құралдарын түзетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2020 – стратегиялық жоспарын іске асыру мониторингі шеңберінде елдің азаматтарын оның нәтижелеріне қол жеткізу үдерісіне тартуды қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін ел азаматтарына мемлекет өзіне қандай міндеттемелер алатынын, олардың бюджеттік құны қандай екенін, қашан және қалайша олар іске асырылатынын, оларды іске асыруға жауапты кім болып табылатыны туралы ақпарат берілетін болады. Осылайша, ел азаматтары мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын бағалау үшін негізге ие болады.

Статистикалық деректердің сенімді базасына негізделген мониторинг және бағалау нәтижелері 2020 – стратегиялық жоспардың іске асырылуының барысы мен нәтижелері туралы толық көріністі мемлекетке және азаматтарға ұсынады.


Мониторинг және бағалау жүйесі

2020 – стратегиялық жоспары төменгі деңгейдегі бағдарламалық құжаттар арқылы жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтардың егжей-тегжейлі іске асырылуын көздейді.

2020 – стратегиялық жоспарының стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторлары мемлекеттік органдардың бес жылдық стратегиялық жоспарларын қалыптастыру үшін негіз болады, онда жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтарды іске асыру тетіктері мен құралдары айқындалатын болады. Бұл ретте, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында олардың қызметінің тікелей және өлшенетін нәтижелері де айқындалатын болады.

Елдің даму мақсаттарының осындай декомпозициясы мемлекеттік жоспарлаудың нақты сызбасын, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың нәтижелілігінің мониторингі мен бағалаудың бірыңғай жүйесін түзуге мүмкіндік береді.

Төменгі деңгейдегі мақсатқа қол жеткізудің тұрақты мониторингі жалпы ұлттық деңгейдегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу деңгейін талдауға мүмкіндік беретінін ескере отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде 2020 – стратегиялық жоспарды іске асырудың мониторингі мен бағалаудың бірыңғай кешенді жүйесін түзу қажет. Бұл үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесін құратын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау тәртібі айқындалады.

Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тұрақты негізде және төменгі деңгейдегі бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалауды ескере отырып, 2020 – стратегиялық жоспардың іске асырылуына кешенді мониторинг және бағалау жүргізетін болады.

Азаматтарды тарту


2020 – стратегиялық жоспардың мониторингі мен бағалау үдерісінің маңызды құрауышысы азаматтардың қатысуы болып табылады.

Мемлекеттік сектор қандай функция атқаратыны туралы қоғамның ақпараттануы азаматтар мен мемлекеттің сындарлы қатынастары үшін шешуші негіз болып табылады.

2020 – стратегиялық жоспардың орындалу мониторингі мен бағалау жүргізу шеңберінде азаматтарға 2020 – стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы және көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері туралы жыл сайын есептер берілетін болады. Бұл азаматтардың мемлекеттік сектордың жұмыс нәтижелілігіне қатысты пайымдауын бағалауға мүмкіндік береді.

Азаматтарды тұтастай алғанда мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік органдардың қызметін бағалау үдерісіне тарту мақсатында азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс тетігі енгізілетін болады.

Мониторинг үшін статистикалық деректер базасын құру


2020 – стратегиялық жоспардың іске асырылуының кешенді мониторингі мен бағалау шеңберінде 2020 – стратегиялық жоспардың көзделген стратегиялық мақсаттар мен мақсатты индикаторларға қол жеткізудің деңгейін тікелей көрсететін статистикалық деректерді тұрақты түрде жинау жүйесі құрылатын болады.

2020 – стратегиялық жоспардың мониторингін жүргізу және көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау үшін статистикалық деректер қорын қалыптастыру жөніндегі жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады:

2011 жылға қарай – статистикалық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауға қажетті статистикалық деректердің тізбесін анықтау;

2012 жылға қарай – 2020 – стратегиялық жоспардың статистикалық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу мониторингі үшін бірінші жыл сайынғы деректерді жинау;

2015 жылы – 2020 – стратегиялық жоспардың бес жылдық іске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргізу;

2020 жылы – 2020 – стратегиялық жоспарын толық іске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргізу;

Қорытынды



XXI ғасырдың екінші он жылдығының басы күрделі болады. Қазақстан әртүрлі үлгілерге дайын болуға тиіс.

Ағымдағы жаһандық дағдарысты еңсеру барысында ауқымды өзгерістер орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құру басталады. Осындай жағдайларда қажетті әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін дағдарыс берген мүмкіндіктерді пайдалана білген елдер барынша табысты болады.

2020 – стратегиялық жоспары уақыттың қыр көрсетулеріне Қазақстанның жауабы болып табылады. Оны іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің бірінші қатарында болып қалады.

2020 – стратегиялық жоспары мемлекеттің жарқын болашаққа қол жеткізу бойынша Қазақстан азаматтарының алдындағы міндеттемесі болып табылады. Оны орындау үшін мемлекеттің барлық деңгейлері мен құрылымдарының белсенді қатысуы, сондай-ақ азаматтардың қолдауы талап етіледі.

2020 – стратегиялық жоспарының табысты іске асырылуы Қазақстанды «Қазақстан - 2030» стратегиясында айқындалған елдің жарқын болашағына қол жеткізудің жолын бекем қамтамасыз етеді.

________________________________________

1 Осы жерде және одан әрі Стратегиялық жоспар – 2020 мәтіні бойынша, егер өзгеше көрсетілмесе, нысаналы индикаторлар (көрсеткіштер) мәндерінің өзгеруі 2009 жылдың деңгейіне қарап көрсетіледі.

1   2   3   4   5   6

Похожие:

2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница