2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ




Название2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ
страница5/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/SP_2020_kaz.doc
1   2   3   4   5   6

Түйінді бағыт: болашаққа салынған инвестициялар



Адам ресурстарының дамуы елдің ұзақ мерзімді стратегияларының жоғарғы басымдығы ретінде айқындалады. Экономикалық пайдалар болашақта жұмыс күшінің сапасы мен өнімділігін елеулі түрде арттыратын білім беру мен денсаулық сақтауға инвестициялар салумен тығыз байланысты.

Сондықтан келесі он жылдықта білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға ерекше маңыз берілетін болады. Адам санының, бірінші кезекте, оның табиғи өсімі мен оңтайлы көші-қон саясатын жүргізу есебінен ұлғаюына зор көңіл бөлінеді.

Отбасылық қолайсыздық пен әлеуметтік жетімдіктің, қараусыз және қадағалаусыз қалушылықтың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мен сақтандыру мәселелерін шешетін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігі арттырылады.

Мемлекеттік жастар саясаты бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталады, ол әлеуметтік-саяси және экономикалық жаңаруларға қатысатын әлеуметтік белсенді топ болады. Отансүйгіштік сана сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық көзқарас пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамытуға, жас таланттарды табуға және қолдауға бағытталған жас ұрпақпен белсенді жұмыс жасаудың тиімді үлгісі әзірленетін болады.

Білім



2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері – мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады. Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Мемлекет барлық балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.

Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12-жылдық білім беруге көшу іске асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға міндетті білім беруді және екі жыл ішіндегі профильді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оқу бағдарламаларының мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталатын болады.

Орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түпкілікті жобалардың бірі «Назарбаев. Зияткерлік мектептер» жобасы болады. Бұл мектептер балалар бақшасы мен мектеп алдындағы, сондай-ақ 12 жылдық білім беру бағдарламасы үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және сынау жөніндегі бастапқы алаңдар болып табылады. Осы бағдарламалар қазақстандық білім берудің озық үлгілерінің әлемдік педагогтық тәжірибенің озық үлгісімен үндесетін, физика-математикалық, химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша бағдарлануды қарастыратын, көп тілде білім беру ортасын жасауға ықпал ететін болады.

Білікті кадрларды даярлау елдің индустрияландыру жөніндегі жоспарлармен байланыстырылатын болады. Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде мемлекет негізгі жұмыс беруші ретінде білім беру стандарттарын белгілеген кеңестік жүйеден мазмұны Ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіби стандарттармен қалыптасатын нарық жүйесіне көшу жоспарлануда.

Орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде электронды оқыту жүйесі (e-learning) енгізіледі.

Жоғары оқу орындарына корпоративтік менеджмент принциптерін енгізе отырып, академиялық еркіндік берілетін болады.

Білім беруде маңызды жобалардың бірі Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны – Назарбаев Университетін құру жобасын іске асыру болып табылады. Бұл Университет Қазақстанның ұлттық бренді болады, отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауда және қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу инфрақұрылымды қалыптастыруда сапалы серпінді қамтамасыз етеді.

Университеттің құрамына кіретін әрбір мектептің (институттың) жетекші жоғары оқу орындары арасынан шетелдік академиялық әріптесі және мықты ғылыми және өндірістік базасы болады. Бұл елдің индустриалдық-инновациялық даму міндеттерін шешу үшін білімді, ғылым мен өндірісті біріктіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Университет бағдарламасының «Назарбаев Зияткерлік мектептер» жобасының мектепке дейінгі және орта білім беру оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етіледі.

Білім беру қызметтерінің сапасы білім беруді қаржыландыру жүйесін жақсартумен, үкіметтік емес, коммерциялық емес агенттіктерді енгізу есебінен білім беру жүйесінің инфрақұрылымын кеңейтумен, халықаралық стандарттар бойынша оқу орындарын аккредиттеудің ұлттық жүйесін және тәуелсіз рейтингтерді құрумен, оқу орындарына бірлесіп басқару элементтерін ендіру, оның ішінде осы үрдіске азаматтарды қатыстырумен, білім беру сапасын бақылау тетіктерін жетілдірумен сүйемелденетін болады. Қомақты мемлекеттік қолдаудың арқасында ұстаз мамандығының беделі айтарлықтай артады.

Мемлекет денсаулығы бұзылған, аз қамтамасыз етілген отбасындағы және тәуекел топтарға жататын балалар үшін білім берудің қол жетімдігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.


Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

мемлекет қалаларда да ауылдық жерлерде де балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен толықтай қамту үшін мүмкіндіктерді ұсынады

2015 жылға

қарай

әр елді мекенде кем дегенде бір мектепке дейінгі ұйым бар немесе мектепке дейін тәрбиелеудің басқа нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар бар болады


мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің жеке жабдықтаушыларын дамытуды ынталандыратын жағдайлар бар болады


мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен 70-проценттік қамтуды қамтамасыз ететін мемлекеттік және жеке бала-бақшалар жүйесі дамиды


аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты мектепке дейін тәрбиелеу мен оқытудың алуан түрлі үлгілері әрекет етіп, дамиды



Орта білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыншыл ойлайтын, денесі де, рухани жағынан да дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа қабілетті азаматты қалыптастыру үшін академиялық білім беріп, дағдыларды дамытады


қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты, халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге жетеді

2015 жылға

қарай

жалпы білім беретін мектептер 12-жылдық үлгі бойынша, орта білім берудің жаңартылған ұлттық стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жұмыс істейді


орта мектептерді жан басына қаржыландыру тетігі енгізілген, мектептердің қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді


Қазақстанның барлық өңірлерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептер» жобасы шеңберінде 20 мектеп жұмыс істейді


Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

әлемдік білім беру кеңістігіне біріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудіңтиімді жүйесі жұмыс істейді


ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілген


жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды

2015 жылға

қарай

еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім берудің стандарттары оқу жоспарлары/бағдарламалары жаңартылды


жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің жұмысына қатысады


жасына, білім беру деңгейіне және кәсіптік біліктілігіне қарамастан, бүкіл өмір бойы оқыту үшін жағдайлар жасалған


Жоғары, жоғары оқу орнынан кейін білім беру

және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді

кемінде, Қазақстанның екі ЖОО үздік әлемдік университеттер рейтингіне енгізілді

жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие

2015 жылға

қарай

Қазақстанның жоғары мектебі Болон процесінің негізгі параметрлеріне сәйкес тиімді әрі сәтті жұмыс істейді


жоғары білім беру жүйесі барлық деңгейде транспарентті, басқару мен қаржыландырудың қазіргі заманғы тетігі енгізілген, сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай азайтылған


қазақстандық ЖОО 50 %-ті халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді


университеттер жанындағы зерттеу орталықтары технологиялардың сәтті трансферті үшін тетіктер әзірлеген


Назарбаев Университет біліктілігі жоғары мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады.

Денсаулық сақтау



Адами капиталдың сапасын арттыру мақсатында медициналық көмек көрсетуді жақсарту және салауатты өмір салтын ұстануды уәждеме қалыптастыруға бағытталған азаматтардың денсаулығын нығайтудың саясаты жүргізіледі.


Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

халық өмірінің күтілетін ұзақтығы 72 жылға дейін өседі


аналар өлімі 2 есе азаяды


сәбилер өлімі 2 есе азаяды


жалпы өлім 30 %-ке азаяды


туберкулезбен ауыру 20 %-ке азаяды

2015 жылға

қарай

халықтың өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы 69 жылға дейін өседі


аналар өлімі 1,5 есе азаяды


сәбилер өлімі 1,5 есе азаяды


жалпы өлім 15 %-ке азаяды


туберкулезбен ауыру 10%-ке азаяды


Медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасы денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезектегі міндеті болады. Бұл үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарды басқару және денсаулық сақтау жүйесіндегі инвестициялық саясатты жүргізу тәсілдері қайта қаралады, нәтижелерге бағдарланған медициналық қызметтерге ақы төлеу және қаржыландыру жүйесі енгізіледі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің сапалы жүйесі құрылады.

Салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат сияқты, халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болуы керек. Бұл темекі тарту, алкогольді теріс пайдалану, стресс, дене қимылы белсенділігінің төмен болуы, дұрыс тамақтанбау нәтижесінде туындайтын аурулармен сырқаттану деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді. Адамның зиянды дағдыларына қарсы күрестің тиімді тәсілдерінің бірі елдегі бұқаралық дене тәрбиесі-спорт қозғалысын дамыту болады.


Денсаулық сақтауда қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

денсаулық сақтауды қаржыландыру және медициналық қызметтерге ақы төлеудің тиімді жүйесі құрылды


денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, қазіргі заманғы және тиімді жүйесі құрылды


азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті арттырудың жаңа тетіктері енгізілді

2015 жылға

қарай

дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізілді


республика азаматтары үшін тұратын мекенжайынан тәуелсіз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтерді алуда тең жағдайлар жасалды


халықтың жеке бейресми төлемдерінің деңгейі төмендеді және қолданыстағы ТМККК жүйесімен қатар тең төлеу тетігі енгізілді


денсаулыққа салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау жүйесі әзірленді


тиімді тарифтік саясат енгізілді

2013 жылға

қарай

Қазақстан Республикасында денсаулықты сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі қалыптастырылды


Медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру

жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

бастапқы медициналық-санитарлық көмекке (БМСК) жұмсалатын шығыстар деңгейі ТМККК-ге бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 40 %-ке дейін жеткізіледі


стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының негізгі көрсеткіштері (төсек айналымы, болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді

2015 жылға

қарай

БМСК шеңберінде медициналық қызметтердің 30 %-ін жалпы практикасы бар дәрігерлер көрсетеді


стационарлық көмек негізінен көп бейінді ауруханаларда көрсетіледі



Дәрілік заттардың қол жетімділігі мен сапасын арттыру

жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі құрылады

2015 жылға қарай

ТМККК шеңберінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қол жетімділік, әсіресе ауылдық жерлерде, арттырылады


денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттардың бағаларына мемлекеттік реттеу енгізіледі


Салауатты өмір салты

саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру идеологиясы қалыптасады


дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30%-ке дейін ұлғаяды


дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 15%-ке дейін ұлғайды

2015 жылға қарай

дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 25%-ке дейін ұлғаяды


дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12%-ке дейін ұлғаяды


халық арасында темекі тарту, нашақорлық және алкоголь ішімдіктерін ішу 15%-ке азаяды



Еңбек ресурстары



Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыру қажетті дағдысы бар еңбек ресурстарын арттыруды талап етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсуі халық санының өсуімен қамтамасыз етілетін болады. Халықтың табиғи өсімі мен көші-қонның жағымды сальдосы демографиялық көрсеткіштерді жақсартады.

Білім беру мен денсаулық сақтаудағы қайта құрулардан басқа, мемлекеттің ерекше назары, еңбек қызметін қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз етуге, елге білікті мамандардың, оның ішінде тарихи отанына қайтып келгісі келетін отандастардың келуіне жағдай жасайтын көші-қон саясатын жүзеге асыру арқылы көші-қон үдерістерін ұтымды басқаруға және экономиканың дамуына өзінің үлесін қосуына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Мемлекет еңбек ресурстарының экономиканың заңды секторына өтуі үшін қосымша ынталандыруларды қалыптастырады.


Еңбек ресурстарының санын ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

Қазақстан халқының санының өсуі 10 %-тен кем емес құрайтын болады


шетел жұмыс күшін қатыстырудың мемлекеттік квотасы шеңберінде иммигранттар арасында білікті мамандардың өсуі – 50 %-ке дейін қамтамасыз етіледі

еңбекке қабілетті жастағы этникалық репатрианттардың 80 %-ін жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалады

2015 жылға қарай

шетел жұмыс күшін қатыстыруға мемлекеттік рұқсаттарды, оның ішінде маусымдық рұқсаттарды берудің икемді жүйесі енгізіледі

еңбекке қабілетті жастағы этникалық репатрианттардың 40 %-ін жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалады

Түйінді бағыт : азаматтарға қызмет көрсету



Мемлекет азаматтардың мұқтаж санаттары үшін тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құруды жалғастырады, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің – электр энергиясы, жылыту, сумен қамтамасыз ету, су бөлу (канализация), газбен қамтамасыз етудің қол жетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді көрсету мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлерінде мемлекеттік органдардың қызметін айтарлықтай үйлестіруді және қызметтердің бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетілуі үшін жауаптылықты жоғарылатуды қажет етеді.

Халықты әлеуметтік қорғау


Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мақсатында атаулылық пен тиімділікке негізделген масылдықты ынталандырмайтын әлеуметтік қорғау жүйесін құру жалғастырылады.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп сатылы жүйесі барынша жетілдіріледі және осы заманғы стандарттарға және Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес болады. Базалық төлемдерді көтеру, ортақ зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақы төлемдерінің деңгейін сатылы түрде көтеру, халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету егде жастағы азаматтар, мүгедектер, асыраушысынан айрылған адамдар, және өзге де әлеуметтік қатерлерге ұшыраған азаматтар үшін лайықты тұрмыс жағдайын қамтамасыз етеді.

Атаулы әлеуметтік көмек және халықтың әлжуаз санаттарын қолдау жүйесінің одан әрі дамуы қоғамдық тәуекелді төмендетуге және кедейлікті белсенді еңсеру мүмкіндігін кеңейтуге бағытталатын болады. Осыған байланысты өнімді жұмыспен қамтылуды ынталандыруға, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуының жалпы деңгейін арттыруға және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар кешені іске асырылатын болады.

Қоғамдық қызмет көрсету саласының кеңеюіне елеулі мән берілетін болады. Мемлекеттік стандарттарды енгізу мен арнайы қоғамдық қызмет көрсету саласының сапасын арттыру, бәсекелес ортаны дамыту және азаматтық қоғамның мүмкіндігін кеңінен пайдалану мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.


Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

жұмыссыздық 5% -тен төмен деңгейде болады


халық арасындағы жұмыспен қамтамасыз етілген жоғары санаты бар жұмыс күшінің үлес салмағы 50 % -ке дейін өседі


ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық-еңбек қатынастары жүйесімен 90-95 процентке қамтамасыз ету


2015 жылға

қарай

жұмыссыздық 5,5 % деңгейіне дейін қысқарады


еңбек ресурстарын кәсіби дайындаудың үш сатылы жүйесі енгізіледі

жұмыспен қамту органдарына көмек сұрап келген адамдардың кем дегенде 70 %-ті жұмысқа орналастырылады



Әлеуметтік қамтамасыздандыру саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде зейнетақының барабар және әлеуметтік әділ деңгейі қамтамасыз етіледі


жинақтаушы зейнетақы жүйесімен жалдамалы қызметкерлерді 100 процент және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды 40 процент қамтуға қол жеткізілді

2015 жылға

қарай

базалық зейнетақы төлемінің мөлшері өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне қарағанда 60 % деңгейіне дейін жеткізіледі


мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылға қарағанда 1,2 есе ұлғаяды


жинақтаушы зейнетақы қорларының оң нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі



Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ке дейін төмендейді


әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі өмір сүрудің ең төменгі шамасына қарағанда 100 %-ке дейін ұлғаяды


арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары енгізіледі

2015 жылға

қарай

әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі өмір сүрудің ең төменгі шамасына қарағанда 60 %-ке дейін ұлғаяды


атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 30 %-ке дейін төмендейді


мемлекет кепілдік берген арнайы әлеуметтік қызметтер заңда белгіленген көлемде ұсынылады



Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық



Коммуналдық қызметті сапалы қамтамасыз ету және тұрғын-үй қатынастарын тиімді реттеу тұрғын-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында ынталандыратын оңтайлы нарықтық жағдайлар жасау және азаматтардың, тұрғын-коммуналдық қызметтерді көрсетушілердің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтары мен жауапкершілігін айқын бөле отырып тиімді үйлестірілуі мен ынтымақтастығы жолымен қамтамасыз етіледі.

ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту пайдалану шығындарын азайту, ресурстар үнемдейтін технологияларды енгізу, табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен жоғары ысыраптарын жоюға және нормативтік шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділігін арттырумен қатар жүреді.

ТКШ саласындағы мемлекеттік ивестициялар экономикалық негіздеу, осы заманғы ресурс үнемдеу технологияларын енгізу, корпоративтік басқару стандарттары және жобаны іске асыру бойынша талаптарды қамтитын инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен бірлесе қаржыландыру инвестициялық жобаларды іске асырудың міндетті талабы болып табылады.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік ысырап деңгейі жылу энергиясына – 17 %, суға – 15 % және электр энергиясына – 12 % құрайды


орталықтан сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 50 %-ін, шағын қалаларда – 100 %-ін құрайды


елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70 %-ті коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанған

2015 жылға

қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік ысырап деңгейі жылу энергиясына – 20%, суға – 19% және электр энергиясына – 15% құрайды


орталықтан сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 35%-ын, шағын қалаларда – 70%-ын құрайды


елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 50%-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанған


кондоминимум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз етеді

2011жылға

қарай

жүргізілген түгендеу негізінде тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымның жай-күйінің жаңартылатын тұрақты деректер базасы жасалды

мемлекет ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобаларға нысаналы қарыздар береді


коммуналдық сектор кәсіпорындарында менеджменттің осы заманғы әдістерін енгізу қамтамасыз етілген



Түйінді бағыт: ұлттық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың орнықтылығын қамтамасыз ету


Ішкі саяси орнықтылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретіндегі дамуының аса маңызды шарты болып табылады. 2020 жылға дейінгі кезеңде негізгі күш-жігер мемлекеттің одан әрі нығаюы мен дамуына, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен қолайсыздықтарды бейтараптандыруға, қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.

Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді. Мемлекеттің сыртқы саясаты әлемдік аренада ұлттық мүддені белсенді ілгерілетуге, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қолдауға және елдің халықаралық беделін нығайтуға бағытталатын болады.


Ішкі тұрақтылықты қолдау

2020 жылға дейін «Қазақстан – 2030» Стратегиясының ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның біріктірілуін қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді басымдықтарын іске асыру шеңберінде саяси жүйені одан әрі жаңғырту, этникалық және діни дүрдараздықтың алдын алу, Қазақстанның барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктерге негізделген республика халқының бірлігін нығайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасатын болады.

Белгіленген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізу Қазақстан қоғамының бірлігі мен топтасуын талап етеді. Қазақстанның ел бірлігі доктринасы Қазақстандық қоғамның ұйымдасу үдерісінің басты құралы болып табылады.

Қоғамның ұйымдасуына, отансүйгіштік сезімнің нығаюына және жалпыұлттық идеялар мен бірыңғай құндылықтар негізінде қазақстандықтардың бірыңғай ерекшелігін қалыптастыруға ықпалын тигізетін теңдестірілген ұлттық саясатты іске асыру бойынша бірегей және тиімділігі жоғары институт ретінде Қазақстан халқының Ассамблеясы одан әрі дамитын болады.


Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

діни сенім бостандығына құқықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің еркін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады


тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама табысты іске асырылды

этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесі құралды


Саяси жүйені жаңғырту үдерістері жалғасатын болады. 2020 жылға қарай Қазақстанда өкілдік биліктің мәні арта түседі, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі артады, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның құрылымдары егемен Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің үйлесімді бөлшектеріне аналады.

Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты сапалы қамтамасыз етудің нысандары мен әдістері жетілдірілетін болады.

Саяси жүйені одан әрі жаңғырту саласындағы

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

елдің саяси жүйесін жаңғырту аяқталады, оның табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады


таңдаулы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару және азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылған


заманауи, тиімді әрі ашық сайлау және партия жүйелері қалыптастырылады, өкілетті биліктің рөлі күшейеді


мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің, билік пен оппозицияның сындарлы диалогының тетігі жолға қойылады


Қазақстан Республикасы саяси элитасын қалыптастыру мен молықтырудың тиімді жүйесі құрылады, мемлекеттік қызмет өз қатарында Қазақстан халқының таңдаулы өкілдерін шоғырландырады


гендерлік теңдік нығайтылды


Ұлттық қауіпсіздік

Ұлттық қауіпсіздік жүйесі сындарлы және қауіпсіз сыртқы және ішкі ортаны қалыптастыру бойынша белсенді іс-қимылдарға, елдің орнықты дамуы мен Қазақстанның мүдделерін өңірде және әлемде кешенді ілгерілету үшін қолда бар және әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалануға бағдарланатын болады. Ұлттық қауіпсіздік жүйесі туындайтын қауіптер мен проблемаларды алдын ала айқындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Орта мерзімге арналған перспективада, есірткі трафигінің алдын алу мен заңсыз көші-қонды қосқанда, Ауғанстанмен байланысты проблемалар кешенін шешу қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды басымдығы болып қала береді.

Жаңа қатерлер мен қолайсыздықтарды уақтылы айқындауға, сондай-ақ ден қоюдың барабар шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің өзгеруінің басты бағыттарының біріне айналады.


Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

мемлекеттің әлеуетті қатерлерге барабар қарсы тұруға қабілетті сенімді қорғаныс қабілет қамтамасыз етіледі


Қазақстан шекарасының бойында сыртқы қатерлер мен тәуекелдер барынша азайтылады, өңірде аумақтық және шаруашылық даулардың негізінде қақтығыстардың туындау себептері жойылады


адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етіледі


әлемдегі сапалық жаңа сауда-қаржылық жағдайларда елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі


Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылады

экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан дүлей зіл-залалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасалады


ұлттық қауіпсіздіктің демократиялық және ашық доктринасы негізінде халықаралық қауіпсіздік жүйесімен біріктірілген (ұлттық мүддені ескере отырып) ұлттық қауіпсіздіктің тұтас және тиімді жүйесі қалыптастырылады


Халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасының қағидатты ережелеріне негізделетін болады. Қазақстан ұлттық мүдделерді, елдің халықаралық беделін арттыруды және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсенді, екшенді және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізуге ниеттеніп отыр.

Қазақстанның ұзақмерзімді басымдықтары болып табылатындар: елдің дамуы мен оның осы заманғы әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыру және қолдау; Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; Қазақстанның шетелдердегі азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін және әлемде осы заманғы нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі, ашық және төзімді қоғамы бар демократиялық құқықтық мемлекет ретінде қабылдауын қалыптастыру; халықаралық аренада елдің экономикалық мүддесін қорғау; бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдар мен форумдарға белсенді қатысу.

Халықаралық қатынастардың жаңа сәулетін және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің негіздерін қалыптастыру кезінде Қазақстанның жаһандық шешімдерді қабылдау үдерістеріне қатысу үшін жағдайлар жасаудың ерекше мәні бар. Қазақстан Республикасы ұлттық резервтік валютаны қалыптастыру туралы мәселеде өз мүддесін тиянақты ілгерілететін және белсенді қорғайтын болады. Осы күш-жігердің нәтижелілігі көп жағдайларда Қазақстанның дағдарысқа қарсы шараларды табысты іске асыруына, ел экономикасының дағдарыстан кейінгі және орнықты даму бағытына шығу қарқынына, инновациялық және әртараптандырылған экономиканы құру саласындағы нақты жетістіктерге байланысты болады.

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының ықпалды мүшесі және Азияда өзара қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестіктің бастамашысы Қазақстан ұжымдық қауіпсіздіктің қазіргі жүйелері арасында стратегиялық диалогты құруға белсенді қатысатын болады. Қазақстан жанталаса қарулануды болдырмау, халықаралық қауымдастықтың ядролық қарусыздану және Ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт режимін нығайту саласындағы күш-жігерін қолдауға арналған өзін ақтаған бағытты жалғастырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының беделді халықаралық ұйымдардағы (Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы және басқалары) төрағалығы шеңберіндегі мүмкіндіктері барынша іске қосылатын болады.

Қазақстанның саясаты Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің, ислам және христиан әлемдерімен көпір ретіндегі өз рөлін нығайтуға бағытталған және өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту бойынша күш-жігерін жалғастыратын болады. Төзімділіктің қазақстандық үлгісі халықаралық кеңінен танылатын болады және басқа да елдердің практикасында қолданылатын болады.

Қазақстан өзінің бірегей географиялық орналасуын және әлемдік және өңіраралық көлік коммуникациясы жүйесіндегі қайталанбайтын рөлін барынша тиімді пайдаланатын болады. Қазақстанның әлемдік энергетикалық, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі елеулі арта түседі. Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісінде лайықты орнын алады және Дүниежүзілік сауда ұйымының қатысушысы болады.

Қазақстан Орталық Азияда, Еуразия кеңістігінде әр жылдамдықтағы және көпдеңгейлі интеграциялауды күшейтуге арналған бағытын жалғастырады. Қазақстан Ресеймен қатар Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және Кеден одағының орнықты өзегін құрайтын болады.


Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы

стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай

қолайлы халықаралық орта қалыптастырылады, барлық мемлекеттермен тең құқықты достық қатынастарға қолдау көрсетіледі


ұлттық экономиканы әртараптандыру негізінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейіне қол жеткізіледі


өңір мемлекеттерінің саяси және экономикалық интеграциясы үшін жағдайлар мен алғышарттар қамтамасыз етіледі


Қазақстан өңірлік қауіпсіздіктің және саяси-экономикалық ынтымақтастықтың тиімді жүйесінің шешуші қатысушысы болып табылады


Қазақстан жетекші халықаралық және өңірлік қаржылық және саяси құрылымдардың басшы органдарында өкілдік етеді


Қазақстан халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы болып табылады және әлемдік саясат үшін маңызды мәні бар шешімдерді қабылдауға қатысады
1   2   3   4   5   6

Похожие:

2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница