2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ




Название2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ
страница2/6
Дата конвертации08.02.2016
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/SP_2020_kaz.doc
1   2   3   4   5   6

Стратегиялық жоспар – 2020: жаһандық үрдістер



Әлемдік экономикадағы үрдістер


Стратегиялық жоспар – 2010 әзірленіп жатқан кезеңде әлемнің көптеген елдері өздерінің экономикалық даму шыңында еді. Стратегиялық жоспар – 2020-ға дайындық түбегейлі басқа – жаһандық экономикалық құлдырау – жағдайларда жүзеге асырылды.

2007 жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар нарығының құлдырауынан басталған қаржы-экономикалық дағдарыс бүгінде барлық мемлекеттерді қамтыды. 2009 жылдың басында әлемдік сауда көлемінің өсу қарқыны 50 пайыздық тармаққа азайды: жылына 20%-дық жылдық өсімнен 30%-дық төмендеуге дейін.

Жаһандық экономиканың дамуын бағалау, оны қалпына келтіру баяу жүреді дегенге саяды. Әлемдік сұраныстың азаюына орай экспорттық нарықтағы бәсекелестік күшейе түседі, ал тауарлардың бағасы тұралайтын болады немесе өткен онжылдыққа қарағанда ақырын өсетін болады.

Жаһандық экономиканың болжанып отырған шамалы өсімі мен экологиялық таза энергетикалық технологиялар рөлінің өсуі дәстүрлі энергия тасығыштардың әлемдік бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Таяу онжылдықта азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік қоғамдастықтың үнемі назар аударатын саласы болады. Жаһандық рецессия азық-түлік бағасының 2007 – 2008 жылдардағы жоғары деңгейімен салыстырғанда төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар көптеген елдерде адам саны өсуінің жалғасуы және әлемдік экономиканың қалпына келуі азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне алып келеді деп болжанып отыр. Жер ресурстарына бай, халқы көп елдердің ортасына тұрған Қазақстан азық-түлікке өсіп отырған әлемдік сұраныстың қанағаттандыруға ықпал ету үшін отандық ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыруы тиіс.

Жақын болашақта денсаулық сақтаудағы жаһандық проблемалар күшейе түспек, өйткені түрлі елдердің адамдары арасындағы байланыс барынша қарқындап барады. Осының нәтижесінде түрлі аурулардың Қазақстанның аумағына тарап кету қатерлері арта түседі. Барлық елдер үшін АҚТҚ/ЖҚТБ әлі де айтарлықтай қатер төндіріп отыр. Адамдардың денсаулығы үшін жаңа А/H1N1 вирусы қауіпті болып тұр.

Ағымдағы жаһандық дағдарыс әлемдік экономикада өзара байланыстың жоғары дәрежеде болуының да өз кемшілігі бар екенін көрсетті. Дамыған елдердегі қаржы және экономикалық проблемалардың әлемдегі ахуалға әсер етуінің нәтижелері еркін нарықтың артықшылықтары мен ашықтығының кемшіліктері және құндылықтары туралы кезекті дау туғызып отыр. Жеке елдердің әлемдік сауданың дамуын шектейтін және өңірлендіру процестеріне ықпал ететін протекционистік экономикалық саясаттың түрлі үлгілеріне ұмтылыстарын күшейіп отрығандығымен есептеспеуге болмайды.

Күтіліп отырған жаһандық жылыну нәтижесінде климаттың өзгеру проблемаларымен және атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын бақылау қажеттілігімен қатар, Қазақстанның өңірлік проблемаларды шешуге қатысуына тура келеді. Мәселен, Орталық Азия және Батыс Қытайдың ірі өзендер ресурстарын пайдаланатын елдерде экономикалық белсенділік пен халық санының өсуі жалғасатындықтан, ал климаттың өзгеруі судың қол жетімділігі мен сапасына қосымша келеңсіз ықпал ететіндіктен суды пайдалану мәселелері өткірлене түседі. Көші-қон, халықтың жұмыспен қамтылуы, сауда және қаржы қатынастары сияқты басқа өңірлік мәселелердің де өзектілігі күшейетін болады.


Қыр көрсетулер мен мүмкіндіктер


Өткен онжылдық ішінде Қазақстан экономикасы әртараптандырылған, қауіпсіздік пен демократия жағдайында өмір сүретін, өзінің табиғи ресурстарын барлық азаматтарының игілігі үшін пайдаланатын, халқы білімді әрі денсаулығы мықты елдің болашақта дамуы үшін негіз жасауды бастады. Бұған мұнай және басқа да минералдық ресурстарға баға қарқынды өсіп отырған жағдайда экспорттың ұлғаюынан түскен едәуір табыс ықпал етті. Мұндай жағдай таяудағы онжылдықта елдің одан әрі дамуына кепілдік бола алмайды.

Ағымдағы әлемдік дағдарыс жағдайында жаһандық экономиканың болашақтағы дамуы айқын емес әрі оны болжау мүмкін емес деген қорытынды барлық елдер үшін маңызды болып табылады. Бұл фактіні одан әрі экономикалық дамуды жоспарлау кезінде ескеру қажет.

Әлемнің жетекші экономикалары аса күрделі бәсекелес жағдайларда жұмыс істеп, жұмыс күшінің өнімділігін өсіруді арттыру, инфрақұрылымға және телекоммуникацияларға инвестиция салу, қаржы жүйелерін нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы келесі экономикалық айналымға дайындалу жөніндегі алдын-алу шараларын қабылдайтын болады. Дәл осындай міндеттер Қазақстан үшін «Қазақстан-2030» стратегиясында берілген стратегиялық тұрақтылар болып табылады. Келесі онжылдық бойы Қазақстанда осы міндеттерге қол жеткізу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазақстан ірі көмірсутек шикізатын өндірушілердің бірі болып қала береді. Сонымен бірге республика энергетиканы технологиялық жаңғыртуды және энергия үнемдеуді дамытуды жеделдетіп жаһандық жылыну проблемаларын шешуге қатысады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елдің ауыл шаруашылығы, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу одан әрі дамитын болады. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі аурулардың жаңа түрлеріне қарсы тұруға қабілетті болады. Инфрақұрылымды жаңғырту және қоршаған ортаны қорғау міндеттері ескеріле отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын қалыптастыру есебінен елдің табиғи ресурстарын, әсіресе су ресурстарын пайдалану тиімділігі өседі.

Қазақстан тұрақты саяси ортаға, айтарлықтай экономикалық және адами капиталға, бай табиғи ресурстарға, негізгі өндірістік инфрақұрылымға, тұрақты қаржы жүйесіне ие бола отырып ағымдағы әлемдік экономикалық дағдарыстан туындаған қыр көрсетулерді теңгерімді әрі орнықты дамуға қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктерге айналдыра алады.

Ауқымды жоспарларды іске асыру бюджеттік шектеулердің күшейтілуімен соқтығысатындығын ескере отырып мемлекет инвестициялар кірістілігінің жоғары деңгейі мен қабылданып отырған бағдарламалар тиімділігінің артуы қамтамасыз етілетін болады.

1   2   3   4   5   6

Похожие:

2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мазмұНЫ iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница