Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
2007 – 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығын іске асыру мақсатындаҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 – 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Жоспарда белгіленген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына бір рет 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.