Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты




Скачать 62.43 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты
Дата конвертации08.02.2016
Размер62.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nvp-kz.narod.ru/11.doc
«Бекітемін»

_____________ ______________

Мектеп директоры


1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

5. Өтілетін күні:

6. Көрнекі құралдар: Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Гимні. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары, АӘД оқулығы.

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Армия дегеніміз не?

  • Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Гимні - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНДАРЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ НЫШАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ТУЫ.

ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміздер – Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. ҚР Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков. Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болған. Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны. Ұлы даланың билейушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында «Аспан Ұлы» деген дәреже болған. Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге – Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.

Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

Өрнек – көркем бейнеленген әшекейлі кесте. Ерте кезде халық ою - өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп – жебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою - өрнекке деген көзқарас ерекше болған.

Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың декоративті өнерінің нақыштарымен үйлесім тапқан.

Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.

Сары түс – қымбат металдың, алтынның түсі.

Жер шарының барлық халқы Күнге табынған.

Күн – мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың нышаны.

Күн – уақыт өлшемі.

Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт денесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, тәкаппарлық, биік ой – мақсат, маңғаздық, қырағылық тән.

Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халқының барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.

Елтаңба «таңба» деген сөзден шыққан. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негіз болып тұрған – шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ: «Отан - от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Шаңырақ – кйіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.

Елтаңбаның композициялық құрылымының негізгі бөлігі жарты ай бітімдес мүйіздірі бар, қиял – ғажайып тұлпарлар. Олардың қанаттары бидай масақтары түрінде. Ат –елін қорғаған ердің қанаты. Әсем де айшықты мүйіздер жеті буыннан не бөліктен құрылған. Ол қазақ жеті атасын білу керек дегенді меңзейді.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз қажет.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.

Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

ҚР ҚК-нің әскери нышандары ҚР Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі №3068 Жарлығымен бекітілген.

ҚР ҚК-нің әскери нышандары мыналар: ҚР ҚК түрлерінің жалаулары, ҚР ҚК-нің әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары

ҚР-ның азаматтары, сондай – ақ ҚР аумағында тұрып жатқан адамдар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге міндетті.

ҚР-ның жауынгерлері, сондай – ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге, ұрыста жауынгерлік туларды жанқиярлықпен және ерлікпен қорғауға, қарсыластың оларды тартып алуына жол бермеуге міндетті.

ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары мен ҚР ҚК-нің нышанын қорлаған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жазаланады.

ҚР ҚК нышанының ортасында күн және бес жұлдыз астында шарықтаған бүркіт бейнесі салынған.

ҚР ҚК-нің нышаны екі түсті: қызыл қоңыр және алтын түсті, ол ҚР қорғаныс министрлігінің ғимаратында сақталады.

ҚР ҚК нышанының бейнесі: ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында, ҚР ҚК түрлерінің штабтарында, ҚР ҚК –нің құрамалары, бөлімдері, бірлестіктері, әскери оқу орындары мен мекемелерінде; ҚР Қорғаныс министрі кабинетінде; ҚР Қорғаныс министрлігі алқасының мәжіліс залдарында және ҚР ҚК түрлерінің әскери кеңестерінде, офицерлер үйлері мен жауынгерлер клубтарының мәжіліс залдарында орнатылады.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы – оның ҚР ҚК –не жататындығын көрсететін ерекше құрметті белгі.

Жауынгерлік тудың өлшемі: ұзындығы 145 см, ені 115 см.

Матаның жоғарғы шетінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі шетінде «ОТАН ҮШІН» деген жазу тігілген. Матаның сыртқы жағында жоғарғы шетінде «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» орталығында күн мен сәулелері және қалықтаған бүркіт бейнеленген қызыл-күрең түсті жібектен бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың астында әскер бөлімінің нөмірі мен аталымы тігілген.

Жауынгерлік ту әрқашан өз бөлімімен бірге жүреді. Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік туын жан аямай қорғауға міндетті, оны қарсыластың тартып алуына жол бермеу керек.Жауынгерлік туды жоғалтқан жағдайда – мұндай абыройсыздыққа тікелей жауапты әскери бөлім командирі мен әскери қызметшілер сотқа тартылып, әскери бөлім таратылады.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қандай?

  • Мемлекеттік Ту дегеніміз не? Ондағы бейнелер мен өрнектер нені білдіреді?

  • Елтаңба туралы түсінігіңді айтып бер.

  • Мемлекеттік Гимнің мәтінін жатқа айт.

  • ҚР ҚК-нің әскери нышандары туралы айт. Олар неге арналған?

  • Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не? Әскери ұжым үшін оның маңызы қандай? Ол туралы түсінігіңді айтып бер.

ҚР ҚК туларының түстерін суреттей отырып айтып бер.


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ______________

Похожие:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты icon«Қазақстан республикасы қарулы күштерінің Әскери жалпы әскерлік жарғылары»
Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери Жарғылары оқу курсы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынастарын...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconЖоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconМетодикалық кітаптар коорекция Кіріспе сабақ 1 1 Алғашқы әскери дайындаудың мақсат-міндеттері және мазмұны, «Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»
«Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі туралы»,...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Республикасының Қорғаныс әскери доктринасын, елді қорғаушы лауазымды қызмет иелерінің және әрбір азаматтың міндетін, жастардың бастапқы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconҚазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-iv заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconІстің (томның, бөлімнің) сақталу мерзімі
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
Және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты iconАзаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты icon1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын және Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница