Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері




Скачать 399.97 Kb.
НазваниеНегізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
страница3/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер399.97 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://bastaush.ucoz.ru/_ld/0/3___.doc
1   2   3   4

Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.


Бизнестің дамуындағы болашағы анағұрлым зор тенденцияның бірі бір компаниялардың акциялық пакетін екіншілердің сатып алуы, еншілес қоғамдар құру, бірлесе қызмет жасау туралы келісім-шарттар жасау, компаниялардың басқаша жолдармен қосылуы мен бірігуі болып табылады. Компаниялар басшылары, иелері, инвесторлар және басқа да тұтынушылар шаруашылық субъектісі қалай жұмыс істеп жатқаннын бағалап, талдау үшін ерекше, дәлдеп айтқанда нығайтылған есеп жасау қажеттілігі туындайды.

Нығайтылған есеп дегеніміз – бір-бірімен өзара байланысты, бірыңғай шаруашылық бірлестігі ретінде қарастырылған ұйымдар тобының қаржылық есебі. Ол осы топтың есеп беріліп отырған уақыт ішіндегі мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның есепті кезең ішіндегі қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттайды. Мұндай есепті жасау тәртібін ҚР-ның бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық коиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен бекітілген №13 «Нығайтылған есе және еншілес серіктестіктерге берілетін инвестиция есебі» СБУ ретке келтіреді.


3.2 Қаржылық салымдарының есебі.


Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың құнда қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа ) сатып алуға жұмсаған қаржылар жатқызылады.

Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол – құнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, иевестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сонымен қатар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығы да еіміздегі құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау) қайта құру (реконструкциялау) әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал бұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

Іс жүзінде акция, облигация және басқа да құнды (бағалы) қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар құнды (бағалы) қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитент кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

  • мемлекеттік

  • муниципалдық

  • корпоративтік

Мемлекеттік құнды қағаздар- құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылады. Сонымен қатар құнды (бағалы) қағаздың бұл түрі ҚР Ұлттық банк мекемесімен эмитенттелінетін құнды (бағалы) қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығара отырып, республикалық бюджеттің тапшылығын қысқарту және инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Соған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік құнды (бағалы) қағаздардың мынадай түрлері бар:

  • Ұлттық жинақ облигациялары

  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)

  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

Муниципалдық құнды қағаздар – құнды (бағалы) қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, балабақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы да басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

Корпоративтік құнды қағаздар- кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйіене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын құнды (бағалы) қағаздарын корпоративтік құнды (бағалы) қағаздар деп атайды. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі құнды (бағалы) қағаздарды жалпы мынадай екі топқп бөлуге болады:

  • Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар

  • Капиталды құнды (бағалы) қағаздар

Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттардыңн жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды құнды қағаздар- кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған құнды қағаз түріне жатқызылады.

Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар мынадый екі топқа бөлінеді:

  • Қарыздық құнды (бағалы) қағаздар;

  • Инвестициялық құнды (бағалы) қағаздар.

Қарыздық құнды қағаздар- құнды қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтеуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық құнды (бағалы) қарыздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

Инвестициялық құнды қағаздар- құнды қағаздың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадыай екі түрге бөлінеді:

  • Қорлы құнды (бағалы) қағаздар

  • Саудалық құнды (бағалы) қағаздар

Қорлы құнды қағаздар- бұндай құнды қағаздар қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

Саудалық құнды қағаздар- құнды қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар мынадый болып екіге бөлінеді:

  1. нарықтық құнды (бағалы) қағаздар;

  2. нарықтық емес құнды (бағалы) қағаздар

Нарықтық құнды қағаздар- бұндай құнды қағаздар айналысқа еркін сатылып немесе сатып отырылады.

Нарықтық емес құнды қағаздар- бұл аталған құнды қағаздар қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

  • негізгі (акция, облигация)

  • көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар)

  • туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар, тағы да басқалары)

Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір АҚ-ды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне АҚ-ның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жай акциялар

  • артықшылығы бар акциялар

Жай акциялар АҚ-ды басқаруға құқық береді. Бір жай акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәліметтерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивидент төлеу АҚ-ның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.

Артықшылығы бар акция – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтседе олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акция мен салыстырылғанда артықшылыққа ие болып табылады.

Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Атаулы акциялар деп – иелері міндетті түрде кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімінде тіркелуге тиісті акцияларды айтады. Бұл ереже бойынша акционерлер кітабында акционерлердің сатып алнған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп және басқа да тиісті жазулар мен мәліметер жазылады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдардан барлық сатып алған акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың бұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісім-шарт жазылуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін кәсіпорынға беріледі. Осыданкейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған құнды қағазына жаңа сертификат алады.

Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдарда тіркелмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдар әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана кәсіпорындар мен ұйымдардың акционерлері бар деп атауға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.

Облигация дегеніміз – оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы құнына белгіленген пайызды төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигациялар да акциялар сияқты кәсіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Яғни, облигациялар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздық міндеттемелерін растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерінің орындамаған жағдайда облигация ұстаушының сол кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни облигацияның шығарған ұйымның мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді. Алайда бұл жоғарыда аталып өткен акциялар мен облигациялар деп аталатын құнды қағаздардың бір-біріне едәуір айырмашылықтары бар және ондай артықшылықтары мыналар:

  • облигациялардың иесі кәсіпорындар мен ұйымдардың кредиторы болып табылады. Бұл облигация ұстаушының кәсіпорын немесе ұйымды қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса, кәсіпорындар мен ұйымдар иелерінің бірі болып табылады.

  • Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгіленген уақыттан кейін міндетті түрде пайыз түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздың мөлшері алдын ала белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса, есепті жылдың соңында ғана, яғни ұйымның кірісініңкөлеміне байланысты дивидент алып отырады.

  • Кез келген несие берушілер сияқты облигация иесінің де кәсіпорындар мен ұйымдарда ешқандай дауыстық құқығы жоқ болып табылады. Ал акционерлер болса бұл кәсіпорындағы немесе ұйымдағя өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие бола алады.

Депозиттік сертификаттар дегеніміз – ірі атаулы құнға (номиналға) ие болатын мерзімдік сертификаттар. Депозиттік сертификаттар (жалпылай алғанда) құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке банк мекемесінің берген борыштық сенімхатының рөлін атқарады. Бұл сертификатта банкке белгілі бір мерзімге салынған салымдарының түрі көрсетіледі. Сертификаттың өзі атаулы және ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.

Сонымен депозиттік сертификат дегеніміз – салымшының немесе оның мұрагарінің белгіленген мерзімінің соңында депозит сомасы бойынша пайыз түрінде табыс алу құқыған куәландыратын ақшалай салым туралы эмитент банкінің берген жазбаша куәлігі болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қай саладағы болмасын өз қызметінің соңғы нәтижесінде негізгі мақсаты пайда табу екендігі кімге болса да белгілі. Ал экономикалық теориямен микроэкономика курсын оқығанда, кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша арқылы ақша жасағанда, яғни ақшаны айналымға салғанда, пайда табатындығын оқып білген болатынбыз. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінің бос тұрған, яғни уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бірақ та бұл үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір тәуекелге баруына тура келеді. Бұндай тәуекелге бел байлау кей уақыттарда кәсіпорындар менұйымдарға табыс әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін бухгалтерлік есеп жұмысын дұрыс жүргізіп, оның мәліметтерін уақытылы пайдалану керек. Нарықтық экономика жолымен жүретін әрбір кәсіпорындар мен ұйымдар үшін бұндай тәуекелге бару міндетті болып табылады. Міне, осы айтылғандарға сәйкескәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы салымына табыс табу мақсатында басқа заңды тұлғаның шығарған құнды қағаздарын сатып алуға жұмсалған ақшалары жатқызылады. Құнды қағаздар сатылып алынған құны бойынша кіріске алынады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың байланысын құру барысында құнды қағаздардың сатылып алынған құны мен ағымдағы құны салыстырылып, екеуінің ең төменгісі алынады. Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қаржы салымы қатарына жатқызылатын активтері арқылы мынадай табыстар таба алады:

  1. Пайыз, дивидент және роялти түріндегі табыстар;

  2. Қаржы салымына жұмсалған қаржы көлемінде капиталдың артуы;

  3. Инвестордың басқа да табыстар

Қаржы салымдары кіріске алу кезінде оларды сатып алу барысында жұмсалған шығындарды қоса алғандағы сатып алу құнымен бағаланады. Ал оларды сатып алу барысындағы жұмсалатын шығындарға: қор биржасының комиссиялық қызметі үшін төленген төлемдер мен банк мекемксінің, брокердің немесе дилердің көрсеткен қызметтері үшін төленген төлемдер жатады.

Жоғырыда ағымдағы активтерге анықтама берген кезімізде оның құрамына қысқа мерзімге салынған қаржы салымдары (қысқа мерзімді қаржылық инвестиция) жататындығын салымына бір жыл мерзім аралығында пайдаланатын қаржы салымдары жатады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында ағымдағы құны бойынща бағалаған жағдайда күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы салымдары құнының өзгерісін бақылап жән оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс. Егер қаржы салымының, яғни инвестицияның қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны өссе оны кәсіпорындар мен ұйымдар есепті кезеңнің табысына жатқызылады, ал керісінше қаржы салымының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны жағдайда есепті кезеңнің шығынына жатқызылады.

Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгісі бойынша бағаланған жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдар мынадай үш тұжырымды басшылыққа алады:

  1. Баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;

  2. Баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең аз құнынын анықтау;

  3. Баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау;

1   2   3   4

Похожие:

Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconIi бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
Кіріспе
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconБухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер:«Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп», Аралық қаржылық есеп», «Тереңдетілген қаржылық есеп», «Бухгалтерлік...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconI бөлім. Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы
Есеп комитетінің қызметі республикалық бюджеттің атқарылуына, соның ішінде мемлекет активтерін басқарудың тиімділігіне, мемлекеттік...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері icon«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы»
Ал ұзақ мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар,...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconБухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері icon«Бағалау және бизнес» кафедрасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша «Экономика»
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы
Республикасы Заңының 74-бабына, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, «Бухгалтерлік есепке алу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница