Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы




Скачать 331.54 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
страница1/2
Дата конвертации08.02.2016
Размер331.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://nis-army.org/sites/default/files/ Республикасының Заңы.doc
  1   2
Қазақстан Республикасының Заңы 

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы

(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)

2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, (5 - 7 баптар)

            Парламентінің және Үкіметінің қорғаныс

            саласындағы өкілеттіктері

3-тарау. Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті (8 - 11 баптар)

           атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың 

           және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

4-тарау. Қорғанысты экономикалық (12 - 17 баптар)

           жағынан қамтамасыз ету

5-тарау. Қарулы күштер, басқа да әскерлер (18 - 27 баптар)

           мен әскери құралымдар

6-тарау. Соғыс кезі. Соғыс жағдайы. Жұмылдыру. (28 - 31 баптар)

           Азаматтық қорғаныс. Аумақтық қорғаныс

7-тарау. Қорытынды ережелер (32 - 34 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау үшін құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;

3) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңіз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желілерін, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік пен байланыстың кідіріссіз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету, өртті оқшаулау және жою үшін құрылатын құралымдар;

4) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;

5) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және коммуникацияларын қарсы жақтың іс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;

6) әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;

7) әскери бөлім - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;

8) әскери мүлік - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрі, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;

9) әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;

10) әскер түрі - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсілдері бар, Қарулы Күштердің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;

11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлімдері, әскери прокуратура органдары;

12) жабдықтау нормалары - бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;

13) жауынгерлік әзірлік - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгіленген мерзімдерде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығының дәрежесін айқындайтын жағдай;

14) жауынгерлік міндет - ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;

15) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;

16) кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа тән қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;

17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;

18) қару-жарақ - әртүрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешені, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;

19) Қарулы Күштердің түрі - мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;

20) қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;

21) қорғаныс объектілері - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

22) материалдық запастар - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілі бір саны;

23) мемлекеттің әскери ұйымы - негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге тікелей бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;

24) пайдаланылмайтын әскери мүлік - қару-жарақтан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;

25) соғыс жағдайы - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары іс жүзінде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (іс жүзінде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;

26) соғыс қатері - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалын (соғысты) тұтандыруға нақты қалыптасқан ниет;

27) соғыс қаупі - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздеген тұрақсыздық факторы;

28) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрін қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;

29) соғыс уақыты - соғыс кезі жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;

30) техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;

31) тыл - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери бөлімдер;

32) тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында олардың материалдық, көлік, тұрмыстық және өзге де қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені;

33) ұрыс қимылдары - әскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі ұйымдасқан іс-қимылдары.

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және

Қарулы Күштер туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері

Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерi:

1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттiк шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі iстерiне араласпау;

2) әскери саладағы сенiмділік және ашықтық шараларын нығайту;

3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу;

4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу;

5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;

6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады.

4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу

1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) соғыс қаупі мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды;

2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасы ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi;

3) құқықтық реттеуді;

4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды;

5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды;

6) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрыңғай әскери-техникалық саясатын, қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту бағдарламасын әзiрлеуді және iске асыруды;

7) елдiң мемлекеттік органдарының, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникацияларының және халқының күнi бұрын жұмылдыру даярлығын, сондай-ақ аумақты қорғаныс мақсатында жедел жабдықтауды қамтитын бейбiт кезде жүргізiлетін жалпы мемлекеттiк iс-шаралар кешенін;

8) мемлекеттік материалдық резерв запастарын құруды;

9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды;

10) азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды;

11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етуді;

12) қорғаныс мүддесіне орай ғылымды дамытуды;

13) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді;

14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін бақылауды;

15) ұжымдық қауіпсiздік және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;

16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.

2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.

3. Қорғаныс саласындағы мiндеттерін орындау үшін Қарулы Күштер құрылады және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ соғыс уақытында құрылатын арнаулы құралымдар тартылады.

4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы мiндеттердi орындайды.

5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.

6. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.

 

 

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ,

ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС

САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі

1. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Президентi:

1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, қорғаныс мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік бағдарламаларды бекiтеді;

3) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;

4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) Қарулы Күштердiң құрылымын, штат санының лимитiн, сондай-ақ әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтедi;

6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi тарту туралы шешімдер қабылдайды;

7) жоғары офицерлiк құрамның адамдары атқаруға тиiсті лауазымдар тiзбесiн бекітедi, жоғары әскери атақтар береді;

8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесiн, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi;

10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;

11) Республиканың азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы шешiм қабылдайды;

12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;

13) Қазақстан Pecпубликасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;

14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.

  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconМетодикалық кітаптар коорекция Кіріспе сабақ 1 1 Алғашқы әскери дайындаудың мақсат-міндеттері және мазмұны, «Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»
«Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі туралы»,...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Республикасының Қорғаныс әскери доктринасын, елді қорғаушы лауазымды қызмет иелерінің және әрбір азаматтың міндетін, жастардың бастапқы...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconЖоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconҚазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны
...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы icon1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын және Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Заңына”Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Секьюритилендіру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconҚазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы iconҚазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница