Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар




НазваниеБұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар
страница1/4
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kaznpu.kz/docs/autorefer/garif1.doc
  1   2   3   4

Куәландырушы орталықтың

қызметтерін ұсыну туралы

ШАРТ


Алматы қ.


Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Куәландырушы орталығы Клиенттерге қызметтерді ұсыну түрлері мен тәртібін осы Шарт анықтайды. Клиенттің осы Шарт (бұдан әрі - Шарт) бойынша қызметтерді қабылдау келісімі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа №1 Қосымшасының (заңды тұлғалар үшін) немесе №3 Қосымшасының (жеке тұлғалар үшін) нысаны бойынша, кілттерді және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәліктерін тіркеу және қосылу үшін өтінішіне Клиент қолының қоюымен және куәландырушы орталыққа ұсынуымен анықталады.


МӘЛІМДЕМЕ ЖӘНЕ КЕПІЛДЕМЕ:


Куәландырушы орталық мәлімдейді және кепілдік береді:

1) ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға бола отырып, Шартты өз атынан жасауға құқылы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қажет рұқсаттарға ие және куәланырушы орталықтардың іс-әрекетіне қойылатын біліктілік талаптарына сай;

3) Шарттың аясында пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуге мүліктік құқыққа тиісті құқық иегері болып табылады және Клиентке Шарттың аясында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану үшін мүліктік құқықты беру құқығына ие.

4) Шартта баяндалған талапға сәйкес орындалуы қажет Куәландырушы орталықтың қолданыстағы және заңды күші бар міндеттемелерін білдіреді;

5) Шарттың мазмұны және оның талаптарының тиісті түрде орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасының және Куәландырушы орталықтың Жарғысының талаптарының бұзылуына себеп болмайды;

6) Шарттың талаптарына сәйкес Куәландырушы орталықтың Клиентке берген электронды сандық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сертификатталған;

7) Шартта қолданылатын түсініктер Қазақстан Республикасының «Электронды құжат және электронды сандық қолтаңба туралы» заңына сәйкес келеді.

1.ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1.Куәландырушы орталық Клиентке мынадай қызметтер көрсетеді:

1.1.1.Клиенттің өтініші бойынша жабық кілтіне заңсыз кіруден қорғау үшін шараларды қабылдай отырып электронды сандық қолға, шифрлеуге, бастапқы инициализацияға немесе басқаларына криптографиялық кілтін (бұдан әрі - кілт) құрады немесе Клиенттің ПИН-коды бар ПИН-конверт және Клиентке автоматтандырылған жұмыс орнында пайдалану және қондыру мақсатында кілттерді дербес қалыптастырады;

1.1.2. тіркеу куәлігін береді, тіркейді, қайтарып алады, сақтайды, сонымен қатар тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді, олардың әрекет ету мерзімінің ішінде тіркеу куәліктеріне қызмет көрсетеді;

1.1.3. Клиентке тіркеу куәлігінің иесі ретінде жабық криптографиялық кілтті игеру, пайдалану және басқару құқығын береді;

1.1.4. қолданыстағы және қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің есебін жүзеге асырады;

1.1.5. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпте Куәландырушы орталықта тіркелген Клиенттің ашық кілтінің тіркеу куәлігінің тиесілі және күші бар екенін растайды;

1.2. Клиентке жоғарыда аталған қызметтерді көрсету мақсатында Куәландырушы орталық Клиентке Интернет желісіндегі https://ca.kisc.kz/webra/res-open/devinfo.htm мекен-жайы бойынша Куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурсында жарияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің Куәландырушы орталықтың өзара әрекеттесуі үшін қажетті пайдалану құқығын береді;

1.3.Куәландырушы орталық Клиентке Астана қаласының уақыт белдеуін ескере отырып, Шарт бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

2.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

2.1. Куәландырушы орталық құқылы:

2.1.1. қажетті тіркеу құжаттарын тиіссіз ресімдеген жағдайда Клиенттен тіркеуді қабылдамауға;

2.1.2.Клиентке берген тіркеу куәлігін мынадай жағдайларда қайтарып алуға:

2.2.2.1. Клиенттің немесе оның уәкілетті өкілінің талабы бойынша;

2.1.2.2. тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болғанда;

2.1.2.3.Клиенттің іс-әрекет жасауы тоқтаған жағдайда;

2.1.2.4. Шарт әрекеті тоқтаған жағдайда;

2.1.2.5. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша;

2.1.3. тіркеу куәлігінің белгіленген әрекет мерзімі біткен жағдайда Клиенттің тіркеу куәлігінің әрекетін қайтарып алуын қабылдамауға;

2.1.4. тоқтатылған немесе қайтарып алынған тіркеу куәлігінің иесіне дәлелді себептері көрсетілген хабарлама жібере отырып Куәландырушы орталығының Клиентінің тіркеу куәлігінің әрекетін біржақты тәртіпте тоқтата тұруға немесе тіркеу куәлігін қайтарып алуға.

2.1.5. сервистік қосылумен рұқсат етілген, оларды құру жиілік көлемнен асыпкеткен жағдайда, сондай-ақ желілік шабуылдар анықталған жағдайда, Куәландырушы орталықтың желілік сервистарына Клиенттің белгілі ІР мекен жайы үшін қатынауға шектеу немесе уақытша оқшаулауға.

2.2. Клиент құқылы:

2.2.1. кілттердің ашылуы мен жабылуын дербес қалыптастыруға;

2.2.2. Клиенттің кілттерді және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәліктерін тіркеу және қосылу үшін өтініштерінде көрсетілген пайдалану саласына сәйкес тіркеу куәлігіндегі ашық кілтке сәйкес өзінің жабық кілттерін қолдануға;

2.2.3. Куәландырушы орталықпен жасалған ашық кілтінің тіркеу куәліктерінің электронды сандық қолтаңбасын тексеру үшін Куәландырушы оталықтың электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтін тіркеу куәліктерін алуға және қолдануға

2.2.4. электронды құжат айналым жүйесінің Қатысушыларының тіркеу куәліктерінің мәртебесін тексеру үшін Куәландырушы орталықпен жасалған, қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімін алуға және қолдануға;

2.2.5. егер Клиент, Куәландырушы орталықтың Клиентке берген тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтіне кіру режимі бұзылған деп саналған жағдайда Куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін қайтарып алуды талап етуге;

2.2.6. Куәландырушы орталықтың қосымша сервистерін пайдалануға: сертификат мәртебесін жедел тексеру қызметі (OCSP), уақытты белгілеу қызметі (TSP);

2.2.7.Куәландырушы орталықтың қызметкерлерінен Астана қ. уақытымен 08 сағат 40 минуттан 17 сағат 40 минутқа дейін Куәландырушы орталықтың жұмыс мәселесі бойынша жұмыс күндері кеңес алуға;

2.2.8. Куәландырушы орталыққа олармен тіркеу куәліктері жасалған электронды сандық қолтаңбаның түпнұсқасын растау үшін жүгінуге;

2.2.9. Шарт бойынша Куәландырушы орталықтан міндеттемелерін тиісті және толық орындауын талап етуге;

2.3. Куәландырушы орталық міндетті:

2.3.1. Клиентке Шарттың 3.1. тармағына сәйкес құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төменде көрсетілген мәліметтері бар тіркеу куәлігін беруге:

2.3.1.1. тіркеу куәлігінің нөмірі және оның әрекет ету мерзімі;

2.3.1.2. Клиентті тіркеу куәлігінің иесі ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер;

2.3.1.3. ашық кілті;

2.3.1.4. тиісті жабық кілтін жасауға пайдаланылған ақпаратты криптографиялық қорғауына құралдары туралы мәліметтер;

2.3.1.5.тіркеу куәліктерін қолдану және қолдануды шектеу аялары туралы ақпараттар;

2.3.1.6.Куәландырушы орталықтың деректемелері;

немесе Клиенттің ПИН-коды мазмұндалған ПИН-конвертті клиентке беруге;

2.3.2.тіркеу куәліктерінде жасалған ашық кілттер мәнінің бірегейлігін және олармен жасалатын тіркеу куәліктерінің сериялық нөмірлерінің бірегейлігін қамтамасыз етуге;

2.3.3.Клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін тіркеу куәліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге, соның ішінде оларда міндетті мәліметтердің болуы;

2.3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу кәліктерінің тіркелімін жүргізуге және оған барлық берілген тіркеу куәліктерінің көшірмесін сақтауға;

2.3.5. Куәландырушы орталықтың қоймасында жарияланатын тіркеу куәліктерінің тіркеліміне барлық жасалатын тіркеу куәліктерінің мәліметтерін дер кезінде енгізуге;

2.3.6. Клиенттің мәліметтерін оқу үшін Интернет желісінде Куәландырушы орталықтың қоймасына қол жетімділікті қамтамасыз етуге;

2.3.7. сақтауда жатқан тіркеу куәліктің жоғалуын, модификациялауды және қолдан жасауды болдырмау үшін санкцияланбай қатынау, резервілік сақтау және электронды сандық қолтаңба болдырмайтын техникалық құралдарды пайдаланып, барлық қажетті шараларды қолдануға;

2.3.8. егер тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке тиісті жабық кілтке қатынау тәртібінің бұзылуы немесе оған мүмкіндік беретін әрекеті (жоғалту, ұрлау, санкцияланбай қатынау және т.б.) жобаланған жағдайда Клиент қағаз тасымалында (Шарттың № 2 қосымшасы немесе Шарттың № 4 қосымшасы) немесе электронды тәсілмен оны қайтарып алу туралы Клиенттен өтініш түскен кезде жедел түрде Клиенттің тіркеу куәлігін қайтарып алуға;

2.3.9.тіркеу куәліктерін қайтарып алғанда (жоғалтқан) кезде Клиентке Куәландырушы орталықта тіркелген электронды пошта мекен-жайына нақты уақыт тәртібінде хабарлауға және http://ca.kisc.kz/cgi/RevListGOST.crl және http://ca.kisc.kz/cgi/RevList.crl мекен-жайы бойынша интернет ресурсында орналасқан қайтарып алынған тіркеу куәліктерінінің тізіміне тіркеу куәліктерін қайтарып алған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей өзгерістер енгізуге;

2.3.10.электрондық құжат айналым жүйесінің кез келген қатысушысы жүгінген кезде Куәландырушы орталықпен тіркелген тіркеу куәліктерін дұрыс, тиесілі болуы мен ақиқаттығын растауға;

2.3.11.Клиенттерге Куәландырушы орталықтың жұмыс мәселесі бойынша жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 08 сағат 40 минуттан 17 сағат 40 минутқа дейін кеңес беруге.

2.3.12.Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Шарт бойынша, профилактикалық жұмыстар уақытын санамағанда, тәулік бойы қызмет көрсетуге;

2.3.13.жалпы ұзақтығы жылына 7 (жеті) тәуліктен аспайтын профилактикалық жұмыстарды тек демалыс күндері (демалыс күндері) немесе түнгі уақытта істеуге;

2.3.14.https://ca.kisc.kz/webra/res-open/devinfo.htm мекен-жайы бойынша Интернет желісіндегі Куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурсында жабық және ашық кілттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуге қатынауды қамтамасыз етуге және Куәландырушы орталыққа тіркеу куәліктерін шығару/қайтарып алуға, электронды сандық қолтаңбаны сондай-ақ, оның құжаттамасын (орнату, қондыру және пайдалану) қоса алғанда электронды сұратуды берудің қолжетімділіг қамтамасыздандру;

2.4.Клиент міндетті:

2.4.1. http://www.kisc.kz/ca/doc/PolicyKISC.pdf және http://www.kisc.kz/ca/doc/StatementKISC.pdf мекен-жайлары бойынша интернет желісінде Куәландырушы орталықтың ресми ақпараттық ресурсында орналасқан Шарт талаптарын, Тіркеу куәліктерін қолдану саясатын және Тіркеу куәліктерін қолдану бойынша ережелерді орындауға;

2.4.2.Куәландырушы орталыққа Шарттың 3.1.1. тармағына немесе 3.1.2. тармағына сәйкес құжаттар өткізуге;

2.4.3. өзінің жабық кілтін құпия сақатуға, ол туралы ақпаратты заңсыз жариялануына жол бермеуге, оның жоғалуының, белгілі болуының, өзгеруінің және заңсыз пайдалануының алдын алу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға;

2.4.4. Клиенттің кілттерді және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәліктерін тіркеу және қосылу үшін өтінішінде белгіленген қолдану аясында Клиенттің тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтіне сәйкес келетін тек әрекет ететін жабық кілттерді қолдануға;

2.4.5.жабық кілт жоғалған, белгілі болған, өзінің жабық кілтінің өзгеруіне немесе оны басқа тұлғалар пайдаланған жағдайда, жедел түрде Куәландырушы орталыққа қағаз түрінде (Шарттың №2 Қосымшасы немесе Шарттың №4 қосымшасы) немесе электронды құжат нысынында тіркеу куәлігін қайтарып алу туралы өтінішін жазып жүгінуге

2.4.6. мерзімі аяқталатын тіркеу куәліктерін ауыстыру үшін жаңа тіркеу куәліктерін шығарған жағдайда тіркеу куәлігінің күші бітуіне 7 (жеті) жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімінен кешіктірмей тиісті электронды құжаттар түрде тапсырыс жіберуге;

2.4.7. Шарттың талаптарына сәйкес Куәландырушы орталықтың Қызметтеріне дер кезінде және толық көлемде ақы төлеуге;

2.4.8.Куәландырушы орталыққа берілген құжаттарға жасалған өзгертулер туралы, өзгерту болған сәттен 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Куәландырушы орталыққа хабарлауға.

2.4.9.Куәландырушы орталықта алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғыртпауға және көшірмеуге (соның ішінде жеке мақсатта пайдалануға), резервтік сақтау мақсатындағы көшірмеден басқа, ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етуді Шартта қарастырылған құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында ғана сақтауға және пайдалануға;

2.4.10.Куәландырушы орталықпен ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қайтадан жобалауды, декомпиляциялауды, дизассемблирлеуді жүзеге асырмауға;

2.4.11.Куәландырушы орталықпен ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етуге және оған пайдаланушы құжаттамасына өзгерістер енгізбеуге, және үйлеспейтін аппараттық құралдар мен платформалар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді модифицирлеуге;

2.4.12.Куәландырушы орталықта алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді (рұқсатты беру арқылы сату, жалға беру, өтемсіз пайдалану және т.б.) таратпауға және оны үшінші тұлғаға бермеуге.

3.ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

3.1.Тіркеу үшін қажет құжаттар тізімі:

3.1.1. заңды тұлға:

1) кілттерді және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәлігін тіркеу және қосылу үшін жазылған өтініштің түпнұсқасы (Шарттың № 1 Қосымшасы);

3.1.2. жеке тұлға:

1) кілттер және тіркеу куәліктерін дайындау және/немесе тіркеу куәлігін тіркеу және қосылу үшін жазылған Өтініштің түпнұсқасы (Шарттың № 3 Қосымшасы).

3.2.Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құжаттар жинағын қабылдау Куәландырушы орталықта немесе Куәландырушы орталықпен сәйкесінше шарты бар ұйымда (бұдан әрі-Уәкілетті ұйым) жүзеге асырылуы мүмкін. Қағаз тасымалдағыштарында рәсімделген кілттерді және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәліктерінің тіркеу және қосылу үшін өтінішіндегі және тіркеу куәліктерін қайтарып алу (жою) өтінішіндегі мәліметтер құжаттармен расталады (жеке бас куәлігі/төлқұжат, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік (жеке кәсіпкерлер үшін), ҚҚС төлеушісі (резидент емес үшін) және т.б.)).

3.3.Клиентті тіркеу Куәландырушы орталықта Алматы қ., Көктем-3 ы/а, 21 үй мекен жайы бойынша жүзеге асырылады.

3.4.Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құжаттарды өткізгеннен кейін Клиент Куәландырушы орталықтан немесе Уәкілетті ұйымнан электронды құжат түрінде куәландырушы орталықтың электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтінің тіркеу куәлігін және келесі құжаттардың жиынын алады:

1) электрондық құжат нысанында тіркеу куәлігін;

2) қағаз тасымалдағышында тіркеу куәлігін;

3) электронды құжат нысанында куәландырушы орталықтың электронды сандық қолтаңбасының ашық кілтінің тіркеу куәлігі

4) кілттер (егер кілттерді және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәліктерін тіркеуге және қосылу үшін өтініште қарастырылса);

немесе Клиенттің идентификаторы (ID) және Пин-коды мазмұндалған ПИН-конверт.

3.5. Клиент ПИН-конвертті алғаннан кейін ары қарай жұмыс істеу үшін кілттерді таратады және Куәландырушы орталыққа электронды тәсілмен, кілттерді және тіркеу куәлігін жасау және/немесе тіркеу куәлігін тіркеу және қосылу өтінішінде белгіленген қолдану аясына сәйкес тіркеу куәлігін шығаруға сұратуды жолдайды.

3.6. Клиент криптографиялық кілті және бастапқы инициализацияның тіркеу куәліктерін алғаннан кейін Клиент ары қарай жұмыс жасау үшін жаңа криптографиялық кілттердің таралуын жүргізеді және кілттерді және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәліктерін тіркеу және қосылу үшін өтінішінде көрсетілген қодану аясына сәйкес тіркеу куәліктерін шығаруға сұранысты электронды құжат түрінде Куәландырушы орталыққа жолдайды.

3.7. 3.2. тармақшасында көрсетілген растау құжаттарындағы Куәландырушы орталыққа берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтердің өзгерген жағдайда, бастапқы құжаттар жинағы қабылданғанына байланысты Уәкілетті ұйымға немесе Куәландырушы орталыққа Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынылады.

4. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

4.1. Куәландырушы орталықтың http://www.kisc.kz/ca/tariff.html. мекен-жайы бойынша Интернет желісіндегі ресми ақпараттық ресурсында жарияланған қолданыстағы қызмет тарифтеріне сәйкес мөлшерде Куәландырушы орталықтың шотына ақша қаражаттарын аудару арқылы Шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін төлейді.

4.2. Шарттың 4.1. тармағында көрсетілген төлем Куәландырушы орталықтың төлем шотын ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Уәкілетті ұйыммен егер бұл Уәкілетті ұйым және Куәландырушы орталық арасында жекелеген шартпен қарастырылса, немесес Клиентпен жүзеге асырылады.

4.3. Шарттың 4.1. тармағында көзделген Куәландырушы орталықтың банкілік шотына ақша түскен мезгілден бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Куәландырушы орталық Клиентке тиісті Уәкілетті ұйымның Куәландырушы орталықпен көрсетілген қызметтері үшін шот фактура мен көрсетілген жұмыстар актісін жасайды.

5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Тіркеу куәліктерін қолдану саясатына (http://www.kisc.kz/ca/doc/PolicyKISC.pdf сәйкес жауапкершілікті көтереді.

    2. Куәландырушы орталық Клиенттің жұмыс орнындағы шалыстарға жауапкершілікті көтермейді, сондай-ақ, Клиенттің жұмыс орнын қалпына келтірмейді.

    3. Куәландырушы орталық телекоммуникациялық провайдерлердің кінәсі бойынша байланыстың болмауына жауапты емес.

6. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

6.1. Клиенттің ашық кілтінің тіркеу куәліктеріне сәйкес келетін жабық кілттері, сонадай-ақ, ПИН-код Клиенттің құпия ақпараты болып саналады.

6.2. Осы Шартқа қосымшаның нысаны бойынша Клиенттің өтініші қамтылатын ақпарат Куәландырушы орталықта шығарылатын тіркеу куәліктері және қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі, құпия болып табылмайды. Шартқа қосыла отырып, Клиент Куәландырушы орталықпен өз дербес мағлұматтары көрсетілген ақпаратта мазмұндалған сақтауды жариялауға және жинауға, өңдеуге өз келісімін білдіреді және өз жауапкершілігіне өзінің сенім білдірілген тұлғаның келісімін алады. Куәландырушы орталық тіркеу кезінде сұрайтын дербес деректердің толық тізімі Куәландырушы орталықтың http://www.kisc.kz/ca/doc/StatementKISC.pdf мекен-жайы бойынша Интернет желісіндегі ресми ақпараттық ресурсында орналасқан тіркеу куәліктерін қолдану ережесінде келтірілген.

6.3. Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысы әр Тараптың құпия ақпаратқа тиісті режимін сақтайды және аталған ақпаратты жариялануынан қорғауға барлық қажет шараларды жасайды.

6.4. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді және оларды тек Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген жағдайда ғана хабарлайды.

7. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

7.1. Өкілетті органдар растаған, Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шарттың орындалуына әсер еткен еңсерілмейтін күштердің салдарынан: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, қоршауда қалу, ереуіл, әскери қимылдар, террористік актілер және тағы басқа жағдайларда, Шартты орындамағаны немесе лайықты орындамағаны үшін Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күштер жағдайына ұшыраған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі, сондай жағдай болған мерзім көлеміне ұзартылады.

7.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмайтын жағдайға дұшар болған Тарап, Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген жағдайдың басталғаны және біткені туралы 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей, қарсы Тарапқа хабарлауы тиіс.

7.3. Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген жағдайлар 1 (бір) айдан астам уақыт жалғасса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқылы және Тараптардың ешбірі қарсы Тараптан қандайда-бір шығынын өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

8.1. Даулар туындаған жағдайда, Куәландырушы орталық пен Шартқа қосылған Тарап даудағы Тараптар болып саналады.

8.2. Шарттың талаптарын орындау кезінде қайшылықтар туған жағдайда, оларды Тараптар өзара мүдделерін ескере отырып, келіссөздер жүргізу жолымен шешуге тырысады. Тараптар ол қайшылықтарды соттан тыс тәртіпте шешуге барлық қажетті шараларды қолданады.

8.3. Тараптар ортақ келісімге келмеген жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қ, мамандандырылған аудан аралық экономикалық сот арқылы шешіледі.

9.БАСҚА ТАЛАПТАР

9.1. Шарт Куәландырушы орталық Клиенттен қол қойылған кілттерді және тіркеу куәлігін жасау және/немесе тіркеу куәліктерін тіркеу және қосылу үшін өтінішін алған күннен бастап өз күшіне енеді және тіркеу куәлігінің әрекет етуі мерзімі ағымында қолданыста болады. Клиенттің жаңа тіркеу куәлігі шығарылған жағдайда Шарт автоматты түрде жаңа тіркеу куәлігінің әрекет ету мезіміне ұзартылады. Ұзарту бірнеше рет қайталануы мүмкін. Клиентте әрекет ететін тіркеу куәлігі болмағанда, яғни пайдаланушының соңғы әрекет ететін тіркеу куәлігін қайтарып алғанда немесе әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, егер тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі аяқталған күннен бастап немесе қайтарып алған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күннің ішінде клиет ұсынбаған болса, Шарт автоматты түрде күшін жояды.

9.2. Әрбір Тарап, Шартты белгіленген бұзу мезгілінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын бұл туралы қарсы Тарапты жазбаша ескерте отырып Шартты бұзуға құқылы.

9.3. Шарттың барлық Қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып саналады.

9.4. Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда, Шарт бойынша оның құқықтары мен міндеттері тоқтатылмайды және олардың мирасқорларына көшеді.

9.5. Іс-әрекеті тоқтаған жағдайда, Куәландырушы орталық өзінің іс-әрекетінің тоқтауынан 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Клиентке жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

9.6. Куәландырушы орталықтың іс-әрекеті тоқтаған жағдайда, ол берген тіркеу куәліктер, тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер, Клиентпен жасалған қосымша, жазбаша келісім бойынша басқа куәландырушы орталықтарға беріледі. Басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері өз күштерін жояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталады.

9.7. Шартқа, оның қосымшаларын қоса алғанда өзгерістер мен толықтыруларды енгізу Куәландырушы орталықпен бір жақты тәртіпте жүргізіледі.

9.8. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама Куәландырушы http://www.kisc.kz/ca/doc/dogovorca.rtf мекен-жайы бойынша Интернет желісіндегі ресми ақпараттық ресурсына Шарттың жаңа редакциясын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

9.9. Шарттағы кез-келген өзгерістер мен толықтырулар Шартқа қосылған барлық тұлғаларға, оның ішінде өзгерістер мен толықтырулар мерзімінен бұрын Шартқа қосылған тұлғаларға да таралады.

9.10. Клиенттің тіркеу куәлігі Қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің тізіміне енгізілгеннен кейін ғана қайтарып алынған болып саналады.

9.11. Шартта ескертілмеген және қарастырылмаған барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.

  1   2   3   4

Похожие:

Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconҚазақстан республикасы ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шарт
Орталық деп аталушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconҚазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы
Куәландырушы орталықтың бұдан әрі – «Куәландырушы орталық» деп аталушы, Клиентке қызметтерді ұсынады және түрлерін анықтайды. Клиенттің...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар icon1. 4Электрондық хат – электрондық тәсілмен құрылған және Жүйеге жіберілетін хат
Бұдан әрі «Оператор» деп аталушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы
Мәлiметтер "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconОсы Шарт «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың №1 Қосымшасының нысаны бойынша Пайдаланушымен қол қоюы және Куәландырушы орталыққа...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп
Анда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына (бұдан әрі аф) жеке және заңды тұлғалардың...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconКассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы
Орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған. Оның құрамына...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру...
Бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталатын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар iconОсы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ
Бірінші тараптан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница