Скачать 226.84 Kb.
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 279/10 қаулысымен бекітілді «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметі көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға қағаз тасымалдағышта жүгінген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау 4. Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға негіздеме болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні; құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдайды – 2 (екі) сағат; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекіткен астық қабылдау кәсіпорындарының жаңа түсім астығын қабылдауға дайындығын тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарауына жолдайды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 2 (екі) жұмыс күні; 4) комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі деңгейін жергілікті жерге барып тексереді, көрсетілетін қызметті берушіге астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетуді жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) береді – 7 (жеті) жұмыс күні; 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тексеру актісін қарайды, лицензияны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді, қол қою үшін басшылыққа жолдайды – 2 (екі) сағат; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы лицензияға қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 3 (үш) сағат; 7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынады – 30 (отыз) минут; лицензияны қайта ресімдеу үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдайды – 2 (екі) сағат; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және лицензияны қайта ресімдеу жобасын дайындайды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 2 (екі) жұмыс күні; 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына қол қояды немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 4 (төрт) сағат; 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынады – 30 (отыз) минут; лицензияның телнұсқасын беру үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдайды – 2 (екі) сағат; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензия телнұсқасының жобасын дайындайды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күні; 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына қол қояды немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 4 (төрт) сағат; 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсынады – 30 (отыз) минут. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау 8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы; 4) комиссия. 9. Әрбір әкімшілік рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу мерзімін көрсетумен рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, әрбір бірліктің әкімшілік рәсімдерінің (іс-қимылдарының) өзара әрекетесуін толық сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді. 11. Порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: лицензия және лицензияға қосымша беру үшін – 10 (он) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін – 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні. 12. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін сипаттау: 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады; 2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау процесі); 3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру; 4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және оның талаптары мен құрылымын ескере отырып, стандартта көрсетілген құжаттардың электрондық түрдегі қажетті көшірмелерін сұраныс нысанына бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы; 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру; 7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ- ның расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу; 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берген стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі; 10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау 1) лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін:
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін:
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Сауал Көрсетілетін қызметті алушы Шартты белгілер
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы 1) лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін: Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Комиссия Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Көрсетілетін қызметті алушы Портал Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі деңгейін тексереді, астық қабылдау кәсіпорнынынң біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы тексеру актісін көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады – 7 (жеті) жұмыс күні Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау – 2 (екі) сағат Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды, жауапты орындаушыға жолдайды – 3 (үш) сағат Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен порталда тіркелуді (авторизациялауды) жүзеге асырады Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензия жобасын дайындайды немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 2 (екі) жұмыс күні Өтініш Лицензиардың қорытындысын қарайды, лицензия ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 2 (екі) сағат Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Дайындығы туралы хабарлама алу Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 30 (отыз) минут 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Портал Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды, жауапты орындаушыға жолдайды – 30 (отыз) минут Өтініш Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 2 (екі) сағат Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияны қайта ресімдеу жобасын дайындайды немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 2 (екі) жұмыс күні Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен порталда тіркелуді (авторизациялауды) жүзеге асырады Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Нәтиженің дайындығы туралы хабарлама алу Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 4 (төрт) сағат 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін: Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Портал Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Көрсетілетін қызметті алушы Өтініш Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің тиісті жобасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды, жауапты орындаушыға жолдайды – 30 (отыз) минут Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 2 (екі) сағат Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен порталда тіркелуді (авторизациялауды) жүзеге асырады Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, лицензияның телнұсқасының жобасын дайындайды немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күні Нәтиженің дайындығы туралы хабарлама алу Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауап – 4 (төрт) сағат Шартты белгілер
|
![]() | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі... | ![]() | «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) |
![]() | «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін... | ![]() | «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»... |
![]() | Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге... | ![]() | «Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке... |
![]() | Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама Лот №1 – Интернет желісі арқылы geant еуропалық ғылыми-білім беру желісіне ашық қосылу қызметін | ![]() | Білім беру қызметі жөніндегі Жұмыс бағдарламасы 5В130200 «Стоматология» мамандығының Қазақстан Республикасының 2006 ж мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру... |
![]() | Банкті ашуға рұқсат беру және оны лицензиялау Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктік және өзге операцияларды, бағалы қағаздар рыногында банктер жүзеге асыратын қызметі лицензиялауға... | ![]() | Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің... |