Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы




НазваниеСпорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы
страница1/68
Дата конвертации08.02.2016
Размер9.32 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2012/08/приложение-каз..doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68





№ исх: 981 от: 27.07.2012

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « » № қаулысымен  
бекітілген


«Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 19) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат уәкілетті органның www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға қағаз жеткізгіште рұқсат беру, не болмаса мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы уәкілетті органға жүгінген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша көрсетіледі. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн алушы уәкілетті органға мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1) еркін нысандағы өтiнiш:

2) жеке кәсіпкер үшін – алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды түрде куәландырған көшірмесі;

3) заңды тұлға үшін – жарғының және алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды түрде куәландырған көшірмелері.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға өтініштің көшірмесі тіркеле отырып (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні) беріледі.

13. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін алушы уәкілетті органның қызметкерінен күн сайын қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде алады.

14. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;

2) ұсынылған құжаттарда жалғандық анықталса.

Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.


3. Жұмыс қағидаттары


15. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;

3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;

5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңбе-тең болуы;

9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;

12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

13) тиімділік;

14) сыпайылық.


4. Жұмыс нәтижелері


16. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

17. «Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі


18. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу және шағым дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Шағым уәкілетті орган төрағасының атына беріледі.

19. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса жұмыс кестесі мен мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

20. Уәкілетті органның кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.

21. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы
Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


____________________

«Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республиккасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


Нысан


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мәнi


Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100%







1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен алушылардың %-ы (үлесі)

100%







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған алушылардың %- ы (үлесi)

100%







2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу оқиғаларының (есептеулерді, есеп айырысуларды жүргізу және т.с.с.) %-ы (үлесі)

100%







3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)

100%







1

2

3

4

3.2. Алушылардың құжаттарын бірден дұрыс толтыру және тапсыру оқиғаларының %-ы (үлесі)

90%







3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесі)

100%







4. Шағымдану процесi

4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген алушылардың жалпы санына қарағанда негізделген шағымдардың % -ы (үлесі)

0,1%







4.2. Негізделген, қарастырылған және қанағаттандырылған шағымдардың %-ы (үлесі)

100%







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың

%-ы (үлесі)

100%







4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған алушылардың

%-ы (үлесі)

100%







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесi)











_____________________


«Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» атауын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша


Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері

агенттігінің мекенжайы мен жұмыс кестесі


Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кеңсесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1304- кабинет

8 (7172)
753427


Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

2.

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері басқармасы

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1406- кабинет

8(7172)

753582

753371


Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда

3.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының қабылдау бөлмесі

Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй, 1001- кабинет

8(7172)

753010,

факс 753480

Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда


_____________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы « » 1
№ қаулысымен  
бекітілген


«Спорт құрылыстарын салуға арналған жобалау құжаттаманы келiсу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының
9) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат уәкілетті органның www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі спорт ғимараттарын салуға арналған жобалау құжаттамасын қағаз жеткізгіште келісу, не болмаса мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы уәкілетті органға жүгінген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушының жүгінген күнінде сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең шекті уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша көрсетіледі. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стендтер) көзделген.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

Похожие:

Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы icon«Анатомия спорттық морфология негіздерімен» пәні бойынша
Студенттерге арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Анатомия спорттық морфология негіздерімен»
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы icon«Ауыр атлетикадан одо» рмқК арналған спорттық тағамды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық...
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы iconБалалар мен жасөспірімдердің организмдерінің анатомо – физиологиялық ерекшеліктері
Оқытушыларға арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Анатомия спорттық морфология негіздерімен»
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы icon«Болашақ» балалар демалыс орталығының жұмыс жоспары
Елордамыз Астананың туған күніне арналған спорттық шаралардың басталуын ашу салтанаты
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы icon«Қызықты физика» атты ойын-сауық кеші
Біз бүгінгі кешімізді 9-шы сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып...
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы iconӨзгерістер мен толықтыруларымен
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде шешімдер...
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы icon2-тарау. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде шешімдер қабылдау тәртібі және оларды ресімдеу
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде шешімдер...
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы icon1 автомобильдердің жалпы қҰрылысы
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау,...
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы icon2 Наурыз 17-18 Тараз қаласы Спорттық шыңға өрмелеуден қиындық пен жылдамдыққа Жамбыл облысының біріншілігі Облыстық 3
Бокстан 1996-97 ж т жасөспірімдер арасында Е. Гавриленконы еске алуға арналған дәстүрлі Жамбыл облыстық ІІ турнир
Спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының құрама командасы iconҚазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница