«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі




Скачать 234.71 Kb.
Название«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Дата конвертации06.02.2016
Размер234.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kazak-tili.ucoz.ru/_..doc


Жоба



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ




РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ



Алматы қаласы






город Алматы




«Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 тамыздағы

270 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Бухгалтерлік

есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы






«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру мен автоматтандыруды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 818-823 (27894) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:

1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер

1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйымдар) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру тәртібі бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыруды, бухгалтерлік құжаттама жүргізуді, бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ активтер мен міндеттемелерді түгендеуді қамтиды.

2. Қағидалардың 4-тарауының 2 және 3-параграфтары екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.

4-тараудың 8-тармағының екінші бөлігі, 24-тармағының 1) тармақшасы, 5 және 6-параграфтары қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кассалық операцияларды жүзеге асыру кезінде «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) басшылыққа алады.

3. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) актив шоттар – активтер мен шығыстарды есепке алуға арналған бухгалтерлік есеп шоттары;

2) ақша құжаты – ақша қозғалысын көрсететін құжат, оның негізінде кассалық операциялар есептелінеді;

3) бас кітап – талдамалық есептің деректерін жинақтау, жекелеген шоттар бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеру үшін және қаржылық есептілікті жасау үшін пайдаланылатын кітап;

4) белгіленген активтер – ұйымның қызметі барысында бір жылдан астам пайдалану болжанатын материалдық емес активтер, сондай-ақ ұзақмерзімді активтер;

5) бэк-офис – ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы фронт-офистен алынған және (немесе) автоматты режимде ақпараттық жүйеге енгізілген бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есептегі жасалған операцияларды тіркеу және (немесе) тексеру болып табылады;

6) кассалық кітап – банкноттармен, монеталармен және құндылықтармен операциялар көрсетілетін есепке алу ведомостары;

7) материалдық жауапты адам – атқарып отырған қызметіне, толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына толық материалдық жауапкершілік атқаратын және ұйымның оған бекітілген мүлкі мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу кезінде комиссиялардың және жұмыс топтарының құрамына енгізуге жатпайтын тұлға;

8) мидл-офис – операцияларды жүзеге асыруға, тәуекелдерді бағалауға, лимиттер мен нормативтердің сақталуын бақылауға, жасалынған мәмілелердің ақпараттық жүйеде толтырылған ақпаратты толық сақтау мәніне басқаруға қажетті ақпаратты жинау мен бағалауды қамтамасыз ететін ұйымның бөлімшесі;

9) операциялық күн – кезең, оның ішінде операциялар, ұйым жасаған операциялар туралы ақпаратты тіркеу, жинау және қорытындылау, бастапқы құжаттарды өңдеу және бухгалтерлік есептің тізілімдерінде көрсетілетін қорытындыларды жинақтау жүзеге асырылады;

10) пассив шоттар – міндеттемелерді, капиталды және кірістерді есепке алуға арналған бухгалтерлік есеп шоттары;

11) синтетикалық есеп – үлгі шот жоспарларына сәйкес келетін баланстық шоттар бойынша талдамалық есеп деректерін топтастыру;

12) талдамалық есеп – ұйымның толық бухгалтерлік есебі, ол синтетикалық есептің шоттарындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты топтастыратын бухгалтерлік есептің жеке немесе өзге де талдамалық шоттарындағы бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі не ұйымның ақпараттық жүйенің тиісті модулінде жасаған мәмілесі негізінде жүргізіледі;

13) түгендеу – активтердің, міндеттемелердің нақты болуын және жай-күйін бухгалтерлік және баланстан тыс есептің деректеріне сәйкестігін тексеру;

14) үлгі шот жоспары – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларымен бекітілген Бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарлары:

«Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген);

«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген);

15) фронт-офис ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы ұйымның клиенттерімен мәмілелер жасау болып табылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Ұйымның (филиалдың, өкілдіктің) бухгалтерлік қызметі қызметкерінің, ұйымның бас бухгалтерін қоспағанда (бұдан әрі бухгалтер) функциялары ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес мыналар болып табылады:

1) ұйымның бас бухгалтерінің не ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес өзге лауазымды тұлғаның нұсқаулары мен өкімдерін орындау;

2) қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде қалыптастырылған бастапқы құжаттар тізбесін жасау, оларды бас бухгалтерге және қажет болған жағдайда ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес өзге лауазымды тұлғаға келісуге ұсыну;

3) бастапқы құжаттарды ойдағыдай ресімдеуді және сақталуын қамтамасыз ету;

4) қол қою үлгілерінің, электрондық цифрлық қолдардың болуын қамтамасыз ету;

5) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.

Ұйымның бас бухгалтері уақытша болмаған жағдайда оның функциялары ұйымдағы міндеттердің бөлінуіне сәйкес кәсіби бухгалтердің сертификаты бар және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын өзге лауазымды тұлғаға уақытша беріледі.»;

19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Ұйым бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттары мен тіркелімдерінің бекітілген тізбесінің, нысандарының, ресімдеу тәртібі мен мерзімдерінің болуын, сондай-ақ сақталуын, сондай-ақ ұйым жүзеге асыратын операциялардың бекітілген бизнес-процестерін және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру деңгейін ескере отырып, ұйымның құжат айналымының негізгі қағидаларын қамтамасыз етеді.

20. Ұйымның барлық операциялары бойынша бухгалтерлік жазбалар хронологиялық реттілікті сақтай отырып, бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бастапқы құжаттар қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық түрде жасалады. Бухгалтерлік жазбалар операция немесе оқиға жасалған күні не олар аяқталған күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Бухгалтерлік жазбаларды өткен не болашақ күнмен жүргізуге жол берілмейді. Ақпараттық жүйеде жасалған мәмілелер негізінде автоматтандырылған бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыруға жол беріледі.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Ұйымның ішкі құжаттарымен:

1) бас бухгалтер болмаған кезде оның міндеттерін кәсіби бухгалтердің сертификаты бар және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын өзге лауазымды тұлғаға жүктеу тәртібі;

2) ұйымның орталық аппараты, филиалдары және өзге бөлімшелері жүргізетін операциялар мен оқиғаларды құжатпен ресімдеу жөніндегі талаптар;

3) ұйымның қолданыстағы ұйымдық құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып істерді қабылдау және өткізу қағидаларын;

4) бастапқы құжаттардың (қағаз тасымалдағыштағы көшірмелерін сақтамай) электрондық түрде сақтау кезінде, фронт-офисте пайдаланатын жүйелерден электрондық түрде түскен мәмілелер және бухгалтерлік есепте көрсетілген мәмілелер туралы ақпараттың ұқсастығы қамтамасыз етіле отырып, электрондық құжаттардың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тәртібі;

5) бастапқы құжаттардағы қателерді түзету тәртібі;

6) фронт-офис, мидл-офис және бэк-офис жұмысының және функцияларын бөлу тәртібі;

7) бастапқы құжаттарды, қаржылық есептілікті, есеп саясатын және бухгалтерлік есептің өзге құжаттарын сақтау тәртібі мен кезеңі;

8) кассирдің кіріс (шығыс) ордер бойынша қолма-қол ақшаны қабылдау (беру) тәртібі;

9) бастапқы касса құжаттарының нысандары және толтыруға қойылатын талаптар, касса кітаптарын толтыру, түзетулер енгізу және сақтау тәртібі;

10) кассадағы артық шығулар мен кем шығуларды реттеу тәртібі;

11) қолма-қол ақшаны, чектер мен қатаң есептегі бланкілерді және өзге құндылықтарды сақтау тәртібі;

12) кассирдің міндеттерін орындау тәртібі, кассир болмаған кезеңде кассирдің істерін өзге тұлғаға беру тәртібі;

13) жоспарлы және жоспардан тыс түгендеуді жүзеге асыру тәртібі;

14) мыналарды:

ревизияны жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құру;

функционалдық міндеттерін ашып көрсете отырып ревизияны жүзеге асыру жөніндегі комиссияның басшысын айқындау;

ревизия жүргізетін ұйымда жұмыс істемейтін тұлғаларды ревизия жүргізуге тарту;

артық шығулар мен кем шығуларды және басқа құндылықтарды реттеу;

ревизия материалдарын сақтау тәртібін міндетті түрде көрсете отырып кассаға ревизиялар (міндетті және кенеттен) жүргізу тәртібі;

15) бағамдық айырманы тану бойынша есептеу әдісімен жүзеге асырылатын операцияларды жүргізу кезеңділігі. Мұндай операцияларды жүргізу кезеңділігі айына кемінде бір рет болады;

16) бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың өзге де мәселелері реттеледі.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Әрбір операциялық күннің аяғында бэк-офис пен фронт-офис және мидл-офис (мидл-офис болған жағдайда) жүргізілген және бухгалтерлік есепте көрсетілген операциялардың саны және сомалары бойынша ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен міндетті салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Жүйенің құрамдас бөліктерінің операция (төлемдер, қайта бағалау, бағалы қағаздарды сатып алу (сату) және тағы сондай) жүргізу үшін пайдаланылатын сыртқы ақпарат көздерімен өзара іс-әрекеті болған кезде берілетін (қабылданған) ақпараттың тең болуын ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен салыстырып тексеру жүзеге асырылады.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Ұйым құжаттарды жедел (қандай да болмасын материалдарды пайдалану қажет болған жағдайларда), уақытша (ұзақ мерзімді) және тұрақты сақтауды қамтамасыз етеді.

Қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар кассада күн ішінде жүзеге асырылған операциялар бойынша операциялық күннің соңына дейін бастапқы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Ұйымның басшысы не оның орнындағы адам және ұйымның бас бухгалтері ұйымның құжаттарын жүргізуді және сақтауды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Құжаттар электрондық тасымалдағыштарда жүргізілген және сақталған жағдайда ұйымның басшысы не оның орнындағы адам және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы олардың сақталуын қамтамасыз етеді.»;

мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

«39-1. Үлгі шот жоспарын қолдану шоттардың мақсатына қатаң сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте пассив шоттар бойынша дебеттік қалдықтарды және актив шоттар бойынша кредиттік қалдықтарды қалыптастыруға жол берілмейді.

Клиенттермен шарттық қарым-қатынастарда көзделген жағдайларда, актив шоты бойынша туындайтын кредиттік қалдық ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен бухгалтерлік баланстың міндеттемелері бөлімінде көрсетілуге тиіс.

Пассив шоттар бойынша туындайтын дебеттік қалдықтар ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен бухгалтерлік баланстың активтері бөлімінде көрсетілуге тиіс.»;

69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«69. Бухгалтерлік есепте қарыздарды беру (алу) және депозиттерді тарту (орналастыру) бойынша операцияларды көрсету және (немесе) тексеру фронт-офистің ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен уақтылы беретін бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

70. Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес тоқсанына кемінде бір рет фронт-офис пен бэк-офис арасында берілген (алынған) қарыздар және тартылған (орналастырылған) депозиттер және олар бойынша шығыстар (кірістер) бойынша шоттардың қалдықтары бойынша ақпаратты салыстырып тексеру жүзеге асырылады.»;

72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72. Кепіл мүлкінің құны өзгерген жағдайда фронт-офис бэк-офиске бухгалтерлік есепте тиісінше көрсету үшін ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген растау құжатын жібереді.»;

76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«76. Инвестициялық қызмет бойынша жасалған операцияның өлшемдері өзгерген жағдайда, фронт-офис операциялық күннің аяқталуынан кешіктірмей барлық растайтын бастапқы құжаттарды бухгалтерлік есепте тиісінше көрсету үшін бэк-офиске береді.»;

79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«79. Ұйымдық құрылымға байланысты жауапты бөлімше талдамалық және синтетикалық есепке алу деректерін салыстырып тексеруді ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен және тәртіппен жүзеге асырады.»;

110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«110. Жүйеден тыс есепке алынған, материалдық жауапты адамның есебінде тұрған мүлікті есепке алу үшін ол ұйымның ішкі құжаттарында бекітілген нысан бойынша, оның бизнес-процестерін және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру деңгейін ескере отырып мүлікті есепке алу журналын жүргізеді. Материалдық жауапты адам мүлікті есепке алу журналын ұйымның ішкі құжаттарында бекітілген нысан бойынша жүргізеді.»;

118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«118. Түгендеу:

1) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда, материалдық жауапты адамдар, лауазымды тұлғалар ауысқан кезде;

2) мүлікті талан-таражға салу немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүліну фактілері анықталған кезде;

3) табиғат апаттары, өрт, авария жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайларда;

4) бөлу балансын жасау алдында ұйымды қайта ұйымдастыру кезінде және басқа да жағдайларда;

5) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі.»;

130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«130. Есептеу және өзге өлшеулердің нәтижелері түгендеу тізімдемелеріне енгізіледі. Түгендеу жүргізу сәтінде кем дегенде екі данада мүліктің және міндеттемелердің белгілі бір күнге іс жүзінде болуын растайтын құжаттар жасалады. Көрсетілген құжаттарға комиссияның барлық мүшелері және материалдық жауапты адам қол қояды. Түгендеу тізімдемесінің соңында материалдық жауапты адам комиссияның оның қатысуымен мүлікті тексергенін растайтын, комиссия мүшелеріне қандай да бір талап-арыздарының жоқ екендігі туралы қолхат береді.

Материалдық жауапты адам ауысқан жағдайда мүліктің нақты болуын тексеру кезінде түгендеу тізімдемелерінде осы мүлікті қабылдаған адам ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда қол қояды.»;

146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«146. Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес негізгі құрал-жабдықтарды түгендеу басталғанға дейін не басталған сәтінде:

түгендеу карточкалары, түгендеу тізімдемелерінің және негізгі құрал-жабдықтарды есепке алу жөніндегі тізімдердің болуы және жай-күйі;

техникалық паспорттардың немесе басқа техникалық құжаттаманың болуы және жай-күйі;

аталған объектілердің ұйымның меншігінде жауапты сақтауда болуын растайтын құжаттардың, сондай-ақ жалдау шарттарының болуы тексеріледі. Құжаттар болмаған кезде олардың алынуы және ресімделуі қамтамасыз етіледі.»;

148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«148. Негізгі құрал-жабдықтардың тізбесі тізімдемеге объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша кіргізіледі. Егер объект қайта қалпына келтірілсе, қайта жаңартылса, кеңейтілсе немесе қайта жабдықталса және осылардың салдарынан оның негізгі мақсаты өзгерсе, онда ол жаңа мақсатқа сәйкес келетін атауымен түгендеу тізімдемесіне кіргізіледі және қажет болған жағдайда, бухгалтерлік есепте тиісті бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады.

Бір мезгілде бір бөлімшеге келіп түскен, бір типтес түгендеу карточкасында есепке алынатын шаруашылық керек-жарақтың типтес заттары, құралдар және бір құнды оларға ұқсас заттар түгендеу тізімдемелерінде осы заттардың санын көрсетіп, атаулары бойынша келтіріледі.»;

150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«150. Түгендеу сәтінде ұйымның орналасқан жерінен тыс жерде болатын негізгі құрал-жабдықтардың объектілері (автомашиналар, күрделі жөндеуге жіберілген машиналар, жабдық және соларға ұқсастар) ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес олардың уақытша шығу сәтінде не оған дейін түгенделеді, бұл түгендеу жүргізу туралы өкімде көзделеді.»;

156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«156. Салыстыру ведомостарында не түгендеу тізімдемелерінде түгендеудің нәтижелері - бухгалтерлік есептің деректері мен түгендеу тізімдемелерінің деректері бойынша көрсеткіштер арасындағы айырмашылық көрсетіледі. Салыстыру ведомостары түгендеу кезінде есептік деректерден ауытқуы анықталған активтер бойынша жасалады.».

2. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары бекітілсін.

3. Мына:

1) «Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 818-823 (27894) жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8350 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (28080) жарияланған) қоса берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі
және қаржылық есептілігі мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

_________________ қаулысымен

бекітілген


Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру

қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.

2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандырудың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) қолдану арқылы ұйымдар жасайтын операциялар мен оқиғалар туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау жүйесін автоматтандыру және мүдделі тұлғаларды ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есептілік жасауды қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын ұйымдарға бухгалтерлік есепті осы тарауда көзделген нормаларды сақтай отыра, кеңсе пакеттерінің қосымшаларын пайдалана отырып жүргізуге жол беріледі.

3. Қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандырылған жұмыс орны – автоматтандырылған бизнес-процестерді іске асыруға кәсіби қызметкердің қатысуын қамтамасыз ететін техникалық, ақпараттық және бағдарламалық ресурстардың жиынтығы;

2) аудиторлық із – мәмілелерді (операцияларды) немесе жүйелік функцияларды жасаған кезде пайдаланушының іс-әрекетін тексеру және белгілеу процесі;

3) деректер базасы – осы деректердің сипаттамасын, сондай-ақ олардың объектілері арасындағы өзара байланысты сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректердің жиынтығы;

4) орталықтандырылған қолжетімділік – қашықтағы автоматтандырылған жұмыс орны пайдаланушыларының нақты уақыт режимінде байланыс арналары бойынша ақпараттық жүйенің бірыңғай деректер базасына қолжетімділігі;

5) орталықтандырылмаған қолжетімділік – қашықтағы автоматтандырылған жұмыс орны пайдаланушыларының жергілікті базаларды деректерді реттеп беру арқылы үйлестіре отырып, байланыс арналары бойынша ақпараттық жүйенің бірыңғай деректер базасына қолжетімділігі;

6) сторно операциялар – түзету бухгалтерлік жазбасын жүзеге асыру жолымен қатені түзету әдісі.

4. Бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жүргізу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылады.

5. Ақпараттық жүйеде мыналардың:

1) синтетикалық (жиынтық) есептің және талдамалық (нақты) есептің;

2) қағаз тасымалдағыштағы басып шығарылған және бекітілген есептердің не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілетін деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып ұсынылған есептердің және ақпараттық жүйеде қалыптастырылған электрондық есептердің бірдейлігі қамтамасыз етіледі.

6. Қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін ұйым мыналарды:

1) ықтимал апаттық жағдайлардың тізбесін, техникалық құралдардың тоқтап қалуын (қоректенудің жоғалғаны, жүйе (модульдер, шағын жүйелер) құрамдас бөліктерінің істен шығуы) көрсетіп, олар басталғанда ақпараттық жүйенің ішінара немесе толық бүлінуі жағдайында, оны не оған қол жетімділікті қалпына келтірудің (сақталуының) қадамдық рәсімдерінен;

2) ақпараттық жүйедегі қауіпсіздік, оның ішінде рұқсатсыз кіруден ақпаратты қорғау рәсімдерінен (шараларынан) тұратын ішкі құжатты әзірлеуді және ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге басқару органының бекітуін қамтамасыз етеді.

7. Қағидаларды қолдану мақсатында ұйымның бөлімшелері фронт-офиске және бэк-офиске бөлінеді. Қажеттілігіне қарай ұйым мидл-офисті құрады.

 

 

2. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру тәртібі

 

8. Ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:

1) ұйым жасайтын барлық операциялардың нақтыланған бухгалтерлік есебі жүйе (модульдер, шағын жүйелер) құрамдас бөліктерінің талдамалық бухгалтерлік есебінің бастапқы құжаттары негізінде ғана көрсетіледі;

2) бастапқы құжаттардағы ақпарат бухгалтерлік есептің тіркелімінде жинақталады және жүйеленеді;

3) талдамалық есептің деректері синтетикалық есептің шоттары бойынша топтастырылады;

4) синтетикалық есептің деректері бас кітапта және (немесе) деректер базасында көрсетіледі;

5) бас кітаптың және (немесе) деректер базасының ақпараты бойынша қаржылық есептілік қалыптастырылады.

Қаржылық есептілікті қалыптастыруды ақпараттық жүйені қолдана отырып автоматтандырған кезде ұйым бухгалтерлік баланстың, пайда мен зиян туралы есептің, капиталдағы өзгерістер туралы есептің қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті кеңсе пакеттерінің қосымшаларын пайдалана отырып қалыптастыруға жол беріледі.

9. Ақпараттық жүйені қолдана отырып бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру үшін ұйым ішкі құжаттарды әзірлеуді және ұйым басшысының (не оның орнындағы адамның) немесе өзге басқару органының бекітуін қамтамасыз етеді, ол төмендегілерден тұрады:

1) мыналарды қамтитын ақпараттық жүйені сипаттау:

жүйе (модульдер, шағын жүйелер) құрамдас бөліктерінің тізбесі;

жүйенің (модульдердің, шағын жүйелердің) әрбір құрамдас бөліктерінің мақсатын сипаттау;

бизнес-процестерді автоматтандыруды сипаттауды қоса алғанда, жүйе (модульдер, шағын жүйелер) құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланыс және (немесе) өзара іс-қимыл;

жүйе құрамдас бөліктері арасында ақпаратпен алмасу және (немесе) беру әдістері мен (немесе) тәсілдері;

жүйе (модульдер, шағын жүйелер) құрамдас бөліктерінің бизнес-процестерді автоматтандыруды сипаттау операцияларын (төлемдер, қайта бағалау, бағалы қағаздарды сатып алу (сату) және басқа операциялар) жүргізу үшін пайдаланылатын ақпараттың сыртқы көздерімен өзара іс-қимылы болған кезде;

2) әр бап (жол) бойынша көрсете отырып ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының (жолдарының) тізбесі:

нәтижесі бухгалтерлік баланстың осы бабының (жолының) сомасының құрамына кіретін жасалатын операцияның мазмұны;

негізінде бухгалтерлік баланстың осы бабы (жолы) қалыптастырылатын бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жүйенің (модульдердің, шағын жүйелердің) құрамдас бөліктері.

10. Бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру кезінде төмендегілер қамтамасыз етіледі:

1) деректер базасының және (немесе) бас кітаптың болуы;

2) автоматтандырылған жұмыс орнын пайдаланушының бір типті бухгалтерлік жазбаларды пайдалана отырып операцияларды көрсету үшін тұрақты негізде қолданылатын үлгі операцияларды таңдау мүмкіндігі;

3) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен ақпараттық жүйеде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген үлгі операцияларды таңдау нәтижесінде бухгалтерлік жазбалардың дұрыс көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі;

4) жалпыға танымал тиісті анықтамалықтарға (жіктеуіштерге) қолжетімділіктің болуы және оларды ақпаратты бірегейлендіру мақсатында қолдану;

5) клиенттердің деректемелерін және олармен байланысты және олармен жасалынған шарттар негізінде жүргізілетін операцияларды көрсете отырып, клиенттердің (олар болған жағдайда) есебін жүргізу;

6) ұйымның ішкі құжаттарында сипатталған қауіпсіздіктің барабар деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұйымның ішкі құжаттарында көзделген операцияның сипатына (мазмұнына) және ұйым қызметкерінің функционалдық міндеттеріне байланысты ұйымның қызметкерлері арасында қолжетімділік құқығын шектеу, оның ішінде ақпараттық жүйеде бухгалтерлік жазбаларды санкциялау (бекіту) жүйесін (иерархиясын) құру арқылы (қажет болған кезде);

7) валютаның әртүрлі түрлерін қолдау (ұйым шетел валютасымен операцияларды жасаған жағдайда);

8) міндетті жолдарды толтыра отырып, кіріс деректердің сапасын тексеруді қоса алғанда, нысандары мен тізбесі ұйымның ішкі құжаттарында бекітілген бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жүргізу;

9) ақпараттық жүйеде көрсетілген барлық операциялардағы аудиторлық іздің мазмұны;

10) автоматтандырылған жұмыс орнының деректер базасына және (немесе) бас кітапқа орталықтандырылған және (немесе) орталықтандырылмаған қолжетімділігі;

11) барлық жүргізілген сторно операциялар туралы есепті қалыптастыру.

11. Нақты бизнес-процестер мен ақпараттық жүйеде жасалатын процестері бар Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарындағы ақпараттың өзектілігін тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі, оның нәтижесі ұйымның тиісті органы шешімінің хаттамасымен тіркеледі.

12. Ұйымның бас кітап деңгейінде жасайтын операциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының:

«Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген);

«Екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамында Бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) қаулыларымен бекітілген бухгалтерлік есептің үлгі шоттар жоспарына сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі.

 


Похожие:

«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының Заңына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница