«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің




Скачать 292.96 Kb.
Название«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
страница1/2
Дата конвертации08.02.2016
Размер292.96 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zaysan.vko.gov.kz/kz/files/strategy_12.doc
  1   2


Зайсан аудан әкімдігінің

2010 жылғы «17» ақпан

№ 1086 қаулысымен бекітілді


«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Зайсан қаласы

2010 жыл

Мазмұны

1. Миссиясы мен пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды талду

3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер

5. Нормативтік құқықтық актілер

6. Бюджеттік бағдарламалар


1. Миссиясы мен пайымдауы


Миссиясы: Зайсан ауданының тұрақты дамуына отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, отандық тұтынушыны сапасыз өнімнен қорғау, кәсіпкерлік саласының басым бағыттарының дамуына ықпал жасау арқылы қол жеткізу.

Пайымдауы: аудан экономикасының өндіру потенциалын арттыру, әлемдік сапа стандартына көшіру және жоғары технологиялық өндірістерді енгізу, жергілікті өндірушілердің өнімдері мен қызметтерінің қол жетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қазіргі заманға сай инфрақұрылымды дамыту .


2. Ағымдағы жағдайды талдау


2.1. Индустриялық-инновациялық даму.


2008 жылы «Бекзат» ЖШС лимонад және газдалған сусындар шығаратын зауыт құрылысына 42,0 млн. тенгенің инвестициясын салып, іске қосып, 15 адам жаңадан жұмыс орнымен қамтылып, айына 1500,0 мың тенгенің өнімін шығарып, 750,0 мың тенгенің салығын төледі. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер М.Ахметжанов жылына 20,8 мың кг. өнім шығаратын «Рахат» кондитерлік цехын іске қосып, 6 жаңадан жұмыс орнын ашты, салынған инвестиция көлемі 7,0 млн. тенге.

2008 жылы ауданның өнеркәсіп орындары 952,1 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2007 жылмен салыстырғанда 62,6 пайызға артты.

Тау-кен өндірісінде «Сайқан» ЖШС-гі 124,6 млн. теңгенің көмірін өндіріп, 110 адам жұмыс атқаруда.

Индустриалық- инновациялық даму бағдарламасының негізінде Қарабұлақ ауылындағы ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты 2008 жылы өз қаражаты есебінен 8,9 млн. тенгенің инвестициясына жатахана салып, өндіріске зәру мамандарды тарту мақсатында қосымша жаңадан 5 жұмыс орнын ашты. 2009 жылдың 1 қаңтарына 643,6 млн.теңгенің балық өнімдерін шығарды.

«Зайсан» құрылыс компаниясы» 88,675 млн.теңгенің асфальт- бетон өнімдерін шығарып, 531,492 млн. тенгенің құрылысын салды. «СМУ- Шығыс» ЖШС 498,0 млн.теңгенің құрылысын жүргізді.

2008 жылы «Зайсан- Сулары» ЖШС-гі 64,1 млн. тенгенің минералды суын өндіріп, Шығыс Қазақстан облыстық «Алтын сапа» көрмесіне қатысып, жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, 2008 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында өткен 17-ші халықаралық Қытайдың ғылыми және техникалық жетістіктерінің сауда-экономикалық жәрмеңкесіне қатысып, «Зайсан-Сулары» ЖШС-гі Қытай фирмасымен минералды суға келісімшарт жасасты. Қытай Халық Республикасының тұтынушыларының сұранысы бойынша 0,5 л. және 0,33л. ПЭТ құмырасына өнім шығаруға жаңадан цехты іске қосуда. Бұл цех іске қосылса жылына 60,0 млн. тенгенің өнімі шығарылып, аудан бюджетіне 12,0 млн. тенге салық төленіп, 18 адамның жаңадан жұмыс орнымен қамтылуы жоспарлануда.

2008 жылғы 25 қыркүйекте Өскемен қаласында өткен «Инвестициялар- табысты дамудың негізі» атты ІV Өңірлік Инвестициялық Форумға «Зайсан-Сулары» ЖШС-нің жоғарыда аталған цех бойынша стенді көрмеге қойылды. Ауданнан 10 кәсіпкер қатысып, аудандық кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі, «Зайсан-Сулары» ЖШС-гі сертификатқа ие болды.

2008 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы және екінші деңгейдегі банктер арқылы облыс бойынша 654,7 млн. тенгенің бизнес-жобалары қаржыландырылса, оның 166,9 млн. тенгенің несиесін ауданымыздың үш кәсіпкері алды. Бұл қордан бөлінген қаржыны игерудегі облыста Өскемен қаласынан кейінгі 2-ші көрсеткіш.

Ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арқылы екі кәсіпкер 12,9 млн. теңгенің несиесін алды.

2009 жылы Зайсан қаласы мен Айнабұлақ, Дайыр, Қаратал, Сартерек ауылдық округтерінен 61 млн. тенгенің 6 бизнес-жобалары ұсынылып, қаңтар-ақпанына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «БТА Банк» АҚ Зайсан аудандық бөлімі арқылы үш кәсіпкердің 29,4 млн. тенгенің несиесін алуға шағын сүт цехын және жанар- жағар май станциясын ашу үшін бизнес-жобалары облыстық комиссияның оң шешімін алып, қаржыландырылды. Осы іс- шаралар жоспарына сәйкес несие қаражаты есебінен жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша кәсіпкерлердің несие алуларына байланысты жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жеке кәсіпкер Р.Қадырханов Зайсан қаласынан қуаттылығы жылына 5 мың м.куб. құрайтын ағаш өңдеу шеберханасына 8,0 млн. тенгенің инвестициясын салып, іске қосып, 5 адамды жаңадан жұмыс орнымен қамтыды.

Ашылуы 2009 жылға жоспарланып, индустриалдық-инновациялық даму аясында іске қосылған инвестициялық жобалар:

1. «СМУ Шығыс» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 60,0 мың м.куб темір-бетон өнімін шығаратын зауыты;

2. Қытай фирмасымен минералды суға жасасқан келісімшарт негізінде «Зайсан-Сулары» ЖШС-нің жаңа цехы;

3. Жеке кәсіпкер Б.Абылғожинның ауыз су шығару цехы;

4. Жеке кәсіпкер М.Ахметжановтың «Рахат» кондитерлік цехын ұлғайтуы;

Ашылуы 2010 жылға жоспарланған индустриалдық-инновациялық даму аясындағы инвестициялық жобалар:

1. «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің базасында құрылған «Зайсан Астық» ауылдық тұтыну кооперативінің қуаттылығы күніне 120 тонна ұн шығаратын зауыты;

2. «Бекзат» ЖШС-нің макарон өнімдерін шығаратын цехы;

3. «СМУ Шығыс» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 5,0 млн. дана кірпіш шығаратын зауыты;

4. «Нұртай» шаруа қожалығының сүт өнімдерін өндіретін цехы.

Индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы проблемалар:

  1. айналым қаражатының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзақ мерзімді кредитке қол жеткізе алмау;

  2. отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі деңгейінің төмен болуы.



2.2. Сауданы дамыту


Зайсан ауданында ішікі бөлшек сауда айнылымының өсу қарқыны байқалуда, бұған дәлелдеме бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2008 жылы 1062339,0 мың теңгені құрап, бұл 2009 жылмен (1088897,4 мың. теңге) салыстырғанда 2,5%-ға артты.

Зайсан ауданы сауда орындарына зәру емес. Сауда орындары жылдан жылға көбейіп, 2006-2007 жылдармен салыстырғанда 5%-дан 6%-ға дейін өсіп отыр.

2009 жылдың 1 қаңтарына Зайсан ауданында 165 сауда мекемелері жұмыс жасауда, атап айтқанда, 7 сауда базары, 11 ірі сауда үйлері, 20 азық- түлік дүкендері, 127 әмбебап сауда дүкендері. 2008 жылдың қараша айында аудандық муниципалдық базар құрылып, аудан әкімі мен Майқапшағай кедені бекетінің бастығы және аудандық муниципалдық базар иесі арасындағы Әлемдік экономикалық дағдарыстың кері әсерінің алдын алу және құнсыздану үдерістерін шешу, бағаны тұрақтандыру туралы меморандум жасалды. Аудандық муниципалдық базарда әр сенбі сайын ауылшаруашылық жәрмеңкесі тұрақты өткізілуде. Осы муниципалдық базарда барлық қала, ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалықтарына өз өнімдерін делдалсыз сатуға мүмкіндік жасалып, арендалық төлемақысы ең төменгі бағамен (1 орынға- 150 тенге) арнайы орын бөлінді.


Сауда саласындағы проблемалар:

  1. сауда қызметін реттеу саласының нашар заңдылық қамтамасыз етілуі

(тауардың заңмен белгіленген сауда үстемесінің болмауы);

  1. сауда базарларында көлеңкелі айналым деңгейінің жоғары болуы.



2.3. Кәсіпкерлікті дамыту


2008 жылы аудан бойынша 1957 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Кәсіпкерліктің жеке түрлеріне тоқталатын болсақ, ауданда 27 шағын кәсіпорындар жұмыс істеп, бюджетке 95,2 мың тенге салық түсті.

Патенттік жүйемен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 2007 жылы 362 болса, 2008 жылы 410-ға өсіп, немесе 13 пайызға көбейіп, бюджетке 11511,0 мың. тенге салық төлеп, 2007 жылмен салыстырғанда 76 пайызға артты.

2008 жылы ықшамдалған декларациямен жұмыс атқаратын 253 кәсіпкер тіркеліп, оның 200–і тұрақты жұмыс атқарып, осы саладан түскен салық 19456,0 мың теңге болып, 2007 жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсті.

Жалпы түрде жұмыс атқаратын жеке тұлғалар саны 2008 жылы 46 болып, 6843,0 мың тенге салық төлеп, 2007 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артты. Аудан базарларында 44451 талон беріліп, 6890,4 мың тенгенің салығы түсті. Зайсан қаласында орналасқан 7 базардың 3-і өндірістік, 4-і аралас тауарларды саудалайды.

Шаруа қожалықтарының саны 2009 жылдың 1 қаңтарына 1186-ға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға көбейді. Бюджетке түскен салық түсімдерінің сомасы 41122,0 мың теңгені құрап, өткен жылдан 2 есеге артты.

2007 жылы барлық шағын кәсіпкерлік субьектілерінен түскен салық- 62159,0 мың тенгеге орындалса, 2008 жылы 95211,0 мың тенге салық төленіп, былтырғы жылдан 53 пайызға артты.

2009 жылдың 1 қаңтарына аудан халқына шағын бизнес саласынан 7 базар, 11 сауда үйі, 147 сауда дүкені, 4 тойхана, 22 кафе, 8 асхана, 12 шаштараз, 5 тігін шеберханасы, 6 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 7 қонақ үй, 3 көпшілік монша, 4 фото салон, 1 косметикалық қызмет көрсету салоны, 1 аудио- видео жөндеу шеберханасы, 2 ұялы телефон жөндеу шеберханасы, 4 компьютерлік қызмет көрсету орны, 3 тіс емдеу кабинеті, 8 жанар-жағар май құю станциялары, 1 пима басу шағын цехы, 22 наубайхана, 2 халыққа қызмет көрсету орталығы, 8 автокөлік жөндеу шеберханасы, 17 дәріхана, 2 ветеринарлық дәріхана қызмет көрсетеді.

2008 жылы ауданымызда 8 сауда дүкені (Зайсан қаласында- 4, Көкжыра ауылында-1, Сартеректе-1, Қараталда-1, Қуаныш ауылында-1); Зайсан қаласында «Азия» сауда үйі, «Мирас» кафесі, «Жалынбек» (техникалық қызмет көрсету, автожуу, автодүкен) және «Дана» (техникалық қызмет көрсету, автожуу, сауна, кафе ) халыққа техникалық қызмет көрсету орталықтары, «Нұр» аяқ- киім жөндеу шеберханасы; Айнабұлақ ауылында «Ағайын» және Дайыр ауылында «Байтерек» тойханалары, аудандық муниципалдық базар іске қосылды.


Кәсіпкерлік саласындағы негізгі проблемалар:

1) кредиттік ресурстарға қол жетімділік шектелген.


2.4. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту


Зайсан ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салған инвестиция көлемі 2008 жылы 299,9 млн. теңгені құраса, 2009 жылға 723,7 млн. тенгенің инвестициялық жобалардың іс-шаралары жоспарланып, аудан әкімімен бекітілді. Оның 491,6 млн. теңгесі өз қаражаты, 232,1 млн. теңгесі несие қаражаты есебінен.

«Бекзат» ЖШС-і 2009 жылға 30,0 млн.теңгенің инвестициясын салып макарон өнімдерін шығаратын цех ашуды, жеке кәсіпкер М.Ахметжанов «Рахат» кондитерлік цехын 2009 жылы ұлғайтуды, «Зайсан- Сулары» ЖШС-гі 2009 жылы өнім шығаруға жаңадан цехты іске қосуға 120,0 млн. теңгенің инвестициясын салуы жоспарлануда.

2009 жылы Зайсан қаласында - жеке кәсіпкер Р.Қадырхановтың ағаш өңдеу цехы, «Зайсан Сулары» ЖШС-ң минералды су шығаратын жаңа цехы, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылыс комбинаты –темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыты, Дайыр ауылында - «Құлынды су» асханалық су шығаратын цехы іске қосылды және «Рахат» кондитерлік цехы ұлғайды. Сонымен қатар 1 кафе, 1 жанар-жағар май станциясы, 1 сауда үйі, 3 сауда дүкені, 1 дәріхана, 2 шаштараз, 1 тойхана ашылды.

2009 жылы ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-жобалары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсынылып «БТА Банк» АҚ Зайсан аудандық бөлімінен 12 кәсіпкер барлығы 64,0 млн. теңгенің несиесін алып, қаржыландырылды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2008 жылға 559,3 млн. теңгені құрап, оның ішінде 167,6 млн. теңгесі - республикалық бюджеттен, 194,7 млн. теңгесі - жергілікті бюджеттен, 197,0 млн. теңгесі - жеке және несие қаражаты көзінен. Бұл көрсеткішті 2007 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға артты. Оның ішінде: құрылысқа - 66,4 млн. теңге, көлік және байланысқа - 140,7 млн. теңге, ауыл шаруашылығына - 115,4 млн. теңге, басқа салаларға – 182,1 млн. теңге; өнеркәсіпке - 54,7 млн. теңге, оның: таукен өндірісіне – 37,9 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібіне – 16,7 млн. теңге, электрэнергиясы, газ және су өндіру мен бөлуге – 63,0 мың теңге.


Инвестициялар саласындағы проблемалар:

  1. қаржылық даму институттары мен екінші деңгейдегі банктердің қатаң кепілдік саясаты, бұл өз кезегінде несие қаражатын тартуға кедергі келтіреді.



3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары,

мақсаттары мен міндеттері


Атауы

өлшем бірлігі



Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл


2009 жыл


2010

жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1-Стратегиялық бағыт


Индустриялық – инновациялық дамуы


1.1-мақсат. Индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету


Нысаналы индикатор. 2014 жылы инновациялық технологияларды енгізетін кәсіпорындар саны – 13 бірлік. 2008 жылы – 6 кәсіпорын.

2013 жылға қарағанда 2014 жылы инновациялық өнім көлемі - 75,0 % құрауы тиіс. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы инновациялық өнім көлемі бағалау мәліметтері бойынша – 67,5 % құрады.

1.1.1 – міндет. Индустриялық – инновациялық дамыту.


Ауданның индустриялық-инновациялық даму бағытындағы іске қосылатын жобалар

бірлік

2

3

3

3

2

2

2

2-Стратегиялық бағыт


Сауданы дамыту


2.1-мақсат. Ішкі сауданы дамыту


Нысаналы индикатор. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы бөлшек тауар айналымының қарқыны 103,2% құрауы қажет. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы – 101,1% құрады.

Нысаналы индикатор. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы көтерме тауар айналымының қарқыны 104,2% құрауы қажет. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы – 102,0% құрады.

2.1.1 – міндет. Ішкі сауданы дамыту.


Халықтың сауда алаңдары мен қамтамасыз етілуін жақсарту

1000 адамға м2

430,0

440,0

450,0

455,0

460,0

465,0

470,0

Атауы

өлшем бірлігі



Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл


2009 жыл

2010

жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл


3-Стратегиялық бағыт


Кәсіпкерліктің дамуы


3.1-мақсат. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау


Нысаналы индикатор. 2014 жылы белсенді шағын бизнес субъектілерінің саны - 40 бірлікті құрауы тиіс. 2008 жылы – 23 бірлікті құрады.

2014 жылы шағын бизнес субъектілерінің өнім (тауарлар, қызметтер) шығаруы – 450,0 мың теңгені құрауы тиіс. 2008 жылы – 305,5 мың теңгені құрады.

3.1.1-міндет. Бизнес ахуалды жетілдіру және жақсарту


Әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселесі жөнінде өткізілген кеңестер, отырыстар саны

Бірлік

-

-

1

1

2

2

2

3.1.2-міндет. Кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету


Өткізілген семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер, форумдар, конкурстар, көрмелер, жәрмеңкелер саны

Бірлік

3

3

4

4

5

5

6

4-Стратегиялық бағыт

Инвестициялық ынтымақтастықтың дамуы

4.1-мақсат. Ауданның экономикасына инвестициялар көлемін арттыру

Нысаналы индикатор. 2013 жылға қарағанда 2014 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 105,5% құрауы тиіс. 2007 жылға қарағанда 2008 жылы – 118,2% құрады.

4.1.1-міндет. Инвестициялар тартудың түрлері мен әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Инвестициялар тартудың түрлері мен әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі семинарлар мен іс-шаралар саны

Бірлік

1

5

5

7

7

8

8
  1   2

Похожие:

«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconЗайсан аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің
Зайсан аудандық мәслихатының, оның органдарын ұйымдастырушылық,құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге...
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) аудан аумағында ауылшаруашылығы саласында...
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шалқар аудандық құрылыс бөлімі»
«Шалқар аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Шакшабасов Сабит Енсепулы
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconКатон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары Мазмұны
Катон-Қарағай аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жаспары
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы
Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы...
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconБесінші шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011...
«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Экономиканың басым бағыттары, ауданның халқы мен ұйымдарының және басқа өңірлердің артып отырған қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница