Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады




Скачать 196.25 Kb.
НазваниеАтқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады
Дата конвертации08.02.2016
Размер196.25 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://boroduliha.vko.gov.kz/kz/files/report_06.doc
Бородулиха ауданының әкімі Г.И. Акуловтың халық алдындағы есептік баяндамасы

(Бородулиха ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер)


Құрметті бородулихалықтар!

Бүгін біз Елбасының тапсырмасы бойынша 2005 жылдан бастап барлық деңгейде өткізілетін жыл сайынғы есептік кездесуге жиналдық.

Кеше ғана біз Президент Жолдауын тыңдадық, онда 10 басымдықтың басым бөлігі әлеуметтік акцентке ие. Ел дамуының басты үрдістері аталды.

2011 жылы атқарылған жұмыс және 2012 жылға арналған міндеттер туралы өз баяндамамды бастай отырып, аудандық әкімдіктің барлық жұмысы ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында қойылған тапсырмаларды орындауға бағытталғандығын атап айтқым келеді.

Өздеріңіз білетіндей, Елбасының Жарлығымен 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы болып жарияланды және «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтті. Ел тарихында бірінші рет «Астана-Алматы 2011» қысқы Азиаданы өткіздік, «Ислам конференциясының ұйымында» төрағалық еттік. Жылдың маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды, халық тағы бір мәрте Қазақстан Республикасының бірінші басшысына деген шексіз сенімін білдірді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміз халық әл-ауқатының жаһандық рейтингісіндегі басты 50 елдің қатарына кірді. Халықаралық сарапшылар Қазақстанды әлемнің экономикалары қарқынды дамып келе жатқан үштігіне енгізді.

Жаңа 2012 жыл да маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен басталды. 15 қаңтарда барлығымыз ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатыстық. Бородулихалықтардың Президенттің және ҚР Үкіметінің бағытын ұстанып, белсенді азаматтық ұстаным көрсеткені қуантады, соның нәтижесінде ауылдастарымыздың 97 пайызы сайлауға бір кісідей атсалысты.

Біздің негізгі мақсатымыз – бұл экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау. Аудан қызметтерінің барлық салаларында көрсеткіштердің, әсіресе экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалуда.

Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады.

2011 жылы аудан бюджетіне 1 млрд. 66 млн. теңге меншіктік кіріс түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 14 пайызды құрады немесе түсім 130 млн. теңге сомасына артты. Аудандық бюджеттің меншіктік кіріс бойынша жоспары 104,6 пайызға орындалды. Жоспардан артық 46,7 млн. теңге түсті.

2011 жылы шығындар бойынша аудан бюджетті 99,8 % орындалды. Жоспар бойынша 2 млрд. 596 млн. теңге, орындалуы 2 млрд. 591 млн. теңгені құрады. Барлық әлеуметтік –маңызы бар бағдарламалар толық көлемде орындалды.

Экономика және өнеркәсіп

2011 жылы ақша көлеміндегі азық-түлік өндірісінің көлемі 20 млрд. 153 млн. теңгені құрады. Табиғи индекс көлемі 104,1 пайызды құрайды.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 5 млрд. 20 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдан 17,8 пайызға артық.

Ауданда орташа айлық еңбекақы 66 мың 711 теңге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 119,8 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы ауданда негізгі сала болып табылады.

Бородулиха ауданы - облыстың ірі агроөнеркәсіптік аудандарының бірі болып табылады. Ауданның жалпы аумағы 698,9 мың га құрайды, оның 412,3 мың га ауыл шаруашылығына бағытталған, оның ішінде 337,5 мың га егістік, 61 мың га жайылым, 3,5 мың га тың жерлер. Ауданның агроөнеркәсіп кешенін 496 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер біріктіреді, оның ішінде: 481 шаруа қожалығы, 11 ЖШС, 2 ӨК және 2 мемлекеттік кәсіпорын.

Ауданның егіс алқабы 2011 жылы 288,4 мың га немесе 2010 жылдың 105,7 пайызын құрады.

Ауыл шаруашылығы малдарының қыстық азығына 144,6 мың тонна шөп, 3,25 мың тонна пішендеме, 10 мың тонна сүрлем және 13 мың тонна сабан дайындалды.

Ылғал ресурс үнемдеуші технологиясын енгізу алқабы жылдан жылға кеңейіп келеді. Өткен жылы алқап 70 мың га құрады, бұл 2010 жылдың жоспарына 20 мың га артық.

Шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сұрыпты тұқымдарымен қамтамасыз ету үшін ауданда 3 тұқым шаруашылығы қызмет етеді: «Красный партизан К/Х» ЖШС, «Е.Зайтенов», «Труд» шаруа қожалықтары. 2010 жылы «Лазарев и К» ЖШС элитті-тұқым шаруашылығы мәртебесін алды. Элитті тұқымдарды 2011 жылы субсидиялау 11 млн 35 мың теңгені құрады. І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымдарды сатуға тұқым шаруашылықтары 20 млн. 390 мың теңге көлемінде субсидия алды.

Мемлекет 7 жыл бойы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия түрінде қомақты көмек көрсетуде. 2011 жылы 360 млн. 600 теңге бөлініп, игерілді.

2011 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары 762 млн 498 мың теңге немесе өткен жылдың кезеңіне 148 пайызға 192 бірлік техника сатып алды.

Біздің ауданмен «Продкорпорация» ҰҚ АҚ 21 мың 278 тонна астық өткізілді.

Бірігу-келісім шарты негізінде 153 ұсақ шаруа қожалықтары 34 жай серіктестікке бірікті. Аталған жұмыстарды шаруашылықтарды ЖШС біріктіру жолымен жалғастыру қажет.

2011 жылы өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7 млрд. 785 млн. теңгені құрады, табиғи индекс көлемі 112,2 пайыз.

Ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымының 40 пайызын иеленетін мал шаруашылығына көп көңіл бөлінуде.

Ауданның асыл тұқымдық базасын 8 шаруашылық біріктіреді, оның ішінде 2 асыл тұқымдық зауыт.

2011 жылы ауданның шаруашылықтарымен 673 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды: «Алмакос» Ш/Қ – 257 бас сүт бағытындағы дала қызыл; «Сахновское» ЖШС ет бағытындағы -201 бас және «Лазарев и К» ЖШС 215 бас қазақтың ақбас тұқымдар. Асыл тұқымды ірі қара малды сатумен «Сахновское» ЖШС айналысады және 664 бас сатты.

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша ауданда омарта шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінуде. «Лазарев и К» ЖШС және «Сахновское» ЖШС базасында омарта шаруашылығы ұйымдастырылған. Сонымен қатар бұл сала жеке секторларда да жақсы дамуда.

Тұрғындарды арзандатылған азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «Демалыс күндері» жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіліп тұрады, оған ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындары белсенді қатысады. 2011 жылы 59 жәрмеңке өткізіліп, 153 млн 896 мың теңге сомасына өнім сатылды.

2011 жылы мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 млрд. 611 млн. теңгені құрады, табиғи индекс көлемі 100,5 пайыз.

2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 млрд. 396 млн. теңгені құрады, табиғи индекс көлемі 105,7 пайыз.

Ауданда ветериналық-санитарлық талаптарға сай 23 сою алаңы, 21 мал қорымы қызмет етеді. Оның 3 типтік болып табылады. Новошульба және Бородулиха ауылдарында ветеринарлық дәріхана жұмыс істейді.

Аудан ауыл шаруашылығы малдарының аурулары бойынша сау болып табылады.

2011 жылы қайта өңдеу кәсіпорындарымен 931 млн. 382 мың теңге сомасына өнім өндірілді. «Алмакос» Ш/Қ тәулігіне қуаттылығы 5 тонна сүт салқындатқыштың құрылысы аяқталды.

Ауданның шағын бизнесін 291 дүкен, қолданыстағы дүкендердегі 88 «Ардагер» әлеуметтік бөлімдері және Жезкент кентіндегі «Ардагер» әлеуметтік дүкен, 12 дүңгіршек, 11 ЖҚС, 7 ТҚКС, 19 дәріхана және дәріханалық дүңгіршек, 15 шаштараз, 2 фотосалон, 3 компьютерлік клуб, 2 тұрмыстық техникаларды жөндеу цехы, 1 жиһазды жөндеу цехы, 2 аяқ киім жөндеу цехы, 2 қонақ үй, 2 стоматологиялық кабинет, 35 қоғамдық тамақтану пункттері (асхана, кафе), 2 бөлшектік базар, 7 тігін ательесі ұсынады.

2011 жылы шағын кәсіпкерліктің 32 нысаны іске қосылып, соның нәтижесінде 60 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ауданда ауылдық округтерінің әкімдіктері және сауда орындарының иелері арасында күнделікті сұраныстағы тауарларды бөлшектік сатуда баға белгілеу сұрақтары бойынша серіктестікті әрі-қарай дамыту туралы 202 меморандум жасалды.

2011 жылы бөлшектік сауда айналымының көлемі 4 млрд. 333 млн. теңге немесе 2010 жылға 111,3 пайызды құрады.

Құрылыс

2011-2015 жылдарға арналған ауданды дамыту бағдарламасына сәйкес елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жалғасуда. Бородулиха ауылының бас жоспары мен аудан орталығының қала құрылыс кадастры әзірленді. Бұл жұмыстарға 7 млн. 700 мың теңге бөлініп, игерілді.

Тұрғындарды қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ауданда 2011- 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Ивановка, Сосновка, Камышенка, Шелехово және Аул елді мекендерін сумен жабдықтау бойынша бес жоба әзірленді.

Зубаир, Зенковка, Сарноғай ауылдарын сумен жабдықтаудың жобалау құжаттамаларын әзірлеуге республикалық бюджеттен қаржылай қаражаттар бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Новошульба өңірінің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Жезкент кентін және 15 ауылдық елді мекендерді қосумен «Красный Яр – Жезкент» топтық су құбыры құрылысы инвестициясының технико-экономикалық негіздемесі (ТЭН) дайындалуда.

2011 жылы Бородулиха ауылында стадион мен кәріз жүйелері пайдалануға берілді.

«Білім беру объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша Жерновка ауылында 328 млн. теңге сомасына 130 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.

2011 жылы жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша ауданда 2,5 мың шаршы метр жеке тұрғын үй енгізілді, жоспар бойынша 1,5 мың шаршы метр.

Буркотов, Дмитриевка, Красный Яр, Переменовка, Петропавловка ауылдарында мал қорымдарының құрылысына 5 жоба әзірленді.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту.

2011 жылы аудан аумағын абаттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 4956 тоғай көшеттері, 450 қума метр тал-шілік, 380 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды, 228 шақырым көше, 43,1 га саябақ, сквер, алаң аумақтары, 56 оқу орыны, балабақшалар, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтары тазартылды. 16 ауылдық округтерде 1850 мың теңге сомасына ҚТҚ полигондарын, қоқыстарын қайта қалпына келтіру аяқталды. Ауданның барлық кенттік және ауылдық округтерінде қаңғыбас иттерді аулау жүргізілді.

Бородулиха ауылының орталық алаңы абаттандырылды және жалпы сомасы 6814 мың теңгеге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған стела орнатылды.

«Жол картасы» аясында Песчанка ауылының 8 шақырым су құбыры желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Коростели, Орловка, Ивановка, Жерновка, Новошульба, Шелехово, Петропавловка, Бородулиха, Зенковка, Буркотов, Знаменка, Успенка ауылдарында 183 көше жарықтандыру шамдары орнатылды. 232 мың теңге сомасына Ивановка ауылының көше жарықтандыруына жөндеу жүргізілді. Бородулиха және Новошульба ауылдарында жалпы сомасы 4 млн теңгеге балалар алаңы салынды және пайдалануға берілді.

2-Пятилетка, Буркотов, Пролетарка, Сахновка, Уба-Форпост ауылдарының мектептері үшін 5 электрмен жабдықтаудың резервтік көздері сатып алынды. Жылу беру маусымы кедергісіз басталды және штаттық режімде өтуде.

118 млн. теңге сомасына ұзындығы 4 шақырым облыстық маңызы бар «Бородулиха-Жезкент» автожолының жол жабынына күрделі жөндеу жүргізді.

2011 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шаршы метріне шұңқырлы жөндеу жүргізілді.

Ауданда ұзындығы 273 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және аудан орталығы көшелерінің қызмет етуін қамтамасыз етуге 2011 жылы барлығы 102 миллион теңге бөлініп, игерілді.

2011 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 76 млн. 653 мың теңге бөлінді. Қосымша материалдар жеткізумен қиыршықтасты төсемді жолдарға кескіндеп жөндеу жұмысы жүргізілді. «Буркотов ауылына кіре беріс» жолдарының шұңқырлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы ауданы 813 шаршы метр «Бородулиха-Жерновка-Пол лог» жолдарында шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Су өткізу құбырларының жөндеу жұмыстары орындалды, құм қиыршықтасты қоспа әкелінді, жолдың жүру бөлігі кеңейтілді және «Девятка ауылына кіре беріс» автожолына кескінді жөндеу жүргізілді.

Аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеуге бөлінген барлық қаражат толықтай игерілді.

Президентіміз өзінің жыл сайынғы Жолдауларында білім беру саласының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ерекше назар аударады.

Бородулиха ауданының білім беру жүйесі 35 жалпы білім беру мекемелерінен тұрады, оның ішінде 5026 оқушы контингенті бар 25 - орта, 5-негізгі, 5-бастауыш білім беру мектептері бар.

Ауданда 2 мектептен тыс мекеме: 130 баланы қамтыған балалар музыка мектебі, 295 баланы қамтыған «Шығармашылық үйі» КМҚК қызмет етеді. Бородулиха ауылының балабақшасында қосымша 2 топ ашылды.

Ауданда мектепке дейінгі білім берумен 1559 бала қамтылған. Ағымдағы жылы Зенковка ауылының Краснополь орта мектебінде толық күнгі болуымен 25 орынға арналған қосымша шағын орталық ашылды. Ауданда жалпы қамтуы 250 баланы құраған толық күнгі болумен 8 шағын орталық жұмыс істейді. 3 балабақшада 637 бала тәрбиеленуде.

2011 жылы 11 сынып түлектерінің саны 358 құрады. Олардың ішінде 182 түлек ҰБТ қатысты.

Аудан бойынша орташа балл 76,0 балды құраған, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 8 балға жоғары болып, 84,0 балды құрады. Сонымен қатар аталған көрсеткішті 100 балға көтеру үшін жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет.

Ауданда көптеген салаларда білікті кадрлар жетіспейді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарын қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

2011 жылы:

-30 млн теңге сомасында 17 маманға тұрғын үй алуға бюджеттік несие төлеу түрінде;

-3,5 млн теңге сомасында 34 маманға көтерме жәрдемақы төлеу түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Көзделгендердің жүзеге асырылуы туралы айтқанда, бұлар денсаулық болған жағдайда ғана мүмкін екендігін атап өткен орынды.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын дамытудың бірден-бір бағыты болып медициналық көмек көрсету сапасының тиімділігін, қол жетімділігін арттыру мен алдын алу іс-шараларын күшейту жолымен бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) дамыту мен жетілдіру табылады.

Аудандағы демографиялық ахуалдың даму үрдісі байқалуда. 2011 жылы туу 13,7 промиллді құрады (1000 тұрғынға шаққанда туғандар саны), табиғи өсім оң нәтиже көрсетті. Нәрестелер өлімі 17,5 промиллге төмендеді.

Бірнеше жылдар бойы ауданда ана өліміне жол берілмеуде. Әлеуметтік-маңызды аурулардың төмендеу үрдісі байқалуда.

Сапалы медициналық көмек көрсету үшін 16 млн. 284 мың теңге сомасына заманауи жабдықтар сатып алынды.

«20 жарқын іс» акциясы аясында ауылдың медициналық мекемелеріне демеушілер Жұмақан Қабдешұлы Аубакировтан, Сергей Николаевич Быковтан, Александр Александрович Подкорытовтан 4,6 млн. теңге сомасында 2 санитарлық автомобиль және «Жигули» автомобилі өтеусіз берілді.

Өткен жылы ауданның әлеуметтік бағдарламаларының орындалуына ерекше көңіл бөлінді.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ауданда тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша белсенді шаралар қолданылуда.

2011 жылы 415 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 12 адам және жастар іс-тәжірибесіне 30 адам.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 350 адам қатысты, 35 жұмыссыз кәсіби даярлық, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру жалғастырылды, оның аясында 13 жоба жүзеге асырылып, 78 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту бөлімі арқылы 39 адам жұмысқа орналастырылды. Оған қатысушылардың орташа айлық жалақысы 40 мың теңгені құрады.

Қанатқақты режімде «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. «Бородулиха ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ құрылды.

Кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына 112 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша кәсіпорындар және ұйымдармен 53 ниет білдіру хаттамаларына қол қойылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 56 адам жұмысқа орналастырылды, жұмыс берушілерге жалпы сомасы 5 млн. 75 мың теңге көлемінде шығындарының орыны толтырылды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 22 өтініш берушіге 44 млн.765 мың теңге көлеміндегі шағын несие берілді.

Тұрғындарды белсенді әлеуметтік қорғау жолындағы қабылданған іс-шаралардың арқасында тіркелген жұмыссыздардың саны 2012 жылдың 1 қаңтарына 108 адамды құрап, жұмыссыздық былтырғыға қарағанда 16 пайызға азайды. Статистика басқармасының деректері бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға төмендеді.

2011 жылы табысы аз азаматтардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға төмендеді.

2011 жылы әлеуметтік төлемемдерге 90 млн. теңгеден астам бөлінді және игерілді.

Тұрғындардың табысы мен жұмыспен қамтылуына байланысты өткен жылмен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны орта есеппен 7,5 пайызға азайғаны байқалуда.

Қазіргі уақытта еңбекке жарамды тұрғындар арасында жәрдемақы алушылардың санын азайту мақсатында, оларды жұмыстың белсенді түрлеріне тарту бойынша шаралар қабылдануда.

770 жанұяға 10 млн. 300 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі берілді;

Үйден тәрбиеленіп, білім алатын 35 мүгедек балаларға жалпы сомасы 4 млн. 628 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Облыс әкімінің гранты бойынша 29 студент облыстық бюджет есебінен білім алуда.

Жеңілдетілген санаттың 261 адамы коммуналдық қызметтер бойынша жұмсалған шығындарының өтеміне 7 млн. 265 мың теңге сомасында материалдық көмек алды.

Бір жолғы әлеуметтік төлем 11 млн. теңге сомасында жүзеге асырылды.

Бөлім жанында үйден әлеуметтік қызмет көрсетудің екі бөлімшесі жұмыс істейді. 2011 жыл халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа стандартының жүзеге асырылу жылы болып, қызмет көрсетудің түрі 6-дан 8-ге дейін артып, қызмет алушылардың санатына 18 жастан асқан психико-жүйке ауруына шалдыққан мүгедектер енгізілді. 20 елді мекендердегі 301 қызмет алушыға 56 әлеуметтік қызметкер арнайы әлеуметтік көмек көрсетуде.

Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін Жаңа жыл, Балаларды қорғау күні, Мүгедектер күніне арналған мерекелік іс-шаралар мен тынығу сабақтары өткізіліп тұрады.

Ішкі саясат мәселелері

Ұлттың тұрақты дамуына, қоғамды нығайтуға бағытталған ішкі саяси үдерістерді іске асырудың тиімді жұмыстары үшін идеологиялық жұмыстардың алуан түрлі нысандары қолданылады. Бірінші кезекте бұл жұмыс «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен ұсынылған азаматтық қоғам институттарымен, 23 діни ұйыммен, 7 этномәдени орталықпен, 3 ҮЕҰ, жастар және кәсіподақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасқа бағытталған.

Ең белсенді қоғам қайраткерлерінің бірі боп табылатын және рухани құндылықтарды дамыту мен тәрбиелеуде баға жетпес үлес қосатын, дана ақылдарымен көмектесетін аға буын - ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар кеңестерінің жұмыстарын атап айту керек. Олар жастарды патриоттық тәрбиелеуде, зейнеткерлердің мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады.

2011 жыл мерейтой жылы болды. Негізгі тақырыптары мемлекетіміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуы, ішкі саясат мәселелері, тілдерді дамыту, конфессия аралық және ұлт аралық қатынастарды жетілдіру, әлемдік қоғамдастық деңгейіндегі мәселелерді шешудегі Қазақстанның рөлі болып табылған барлық іс-шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтті.

«20 жарқын іс» бағдарламасы шеңберінде: Достық үйі, дәріхана, аудан орталығындағы стадион, Новопокровка ауылындағы жол бойындағы кафе, Новошульба ауылында асыл тұқымды шаруашылық, Красный Яр ауылында клуб сияқты бір қатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 282 млн 515 мың теңгеге барлығы 383 «жарқын іс» орындалды.

Ауданда 2009 жылдан бастап «Туған жерге тағзым!» акциясы жалғасуда, оның шеңберінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығының құрметіне меценаттармен 228 млн 200 мың теңге сомаға демеушілік көмек көрсетілді.

Мәдениет

Мәдениет мекемелерінің желісі 33 мәдениет нысанымен ұсынылған. Олар: 8 клуб, 1 Достық үйі және 22 кітапхана.

2011 жылы Зубаир және Буркотов ауылдарында ауылдық кітапхана, Красный Яр ауылында клуб, Бородулиха ауылында Достық үйі ашылды. Ауданның кітапхана қоры 9111 данамен толықтырылды, оның ішінде мемлекеттік тілде 5771 дана. Әдебиеттер сатып алуға жергілікті бюджет қаражатынан 1 млн. 222 мың теңге бөлініп, жаңа әдебиеттердің түсімі 3,6 пайызға өсті.

Әрбір ауылдық клубтарға музыкалық аппаратуралар, кеңсе жиһаздары, компьютерлік техника сатылып алынды.

2011 жылы Красный Яр ауылының клубына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, клубтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,5 млн. теңге бөлінді. Аудандық кітапхананы жөндеу жұмысы аяқталды. Новопокровка ауылында клубқа ғимарат сатып алынды.

Ауданның этно-мәдени бірлестіктері Достық үйінің шаңырағының астында ұйысып, ауданда өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. «Гакку», «Русские узоры» ансамблдері «Халық» атағын алды.

Тілдерді дамыту

Ауданда 3 филиалы бар мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді, онда 282 тыңдаушы оқытылады, оның 132 - мемлекеттік қызметшілер.

2011 жылдың маусым айында ауданның 42 басшысы ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша емтихан тапсырды.

Оқушылар контингенті 2900 адамды құрайтын 48 үйірме жұмыс істейді.

Халық үшін қысқа мерзімді «Тілашар» курсы ашылды. Аудан тұрғындарына 7000 дана «Тілашар» таратылды.

Мемлекеттік тілді оқыту орталығының базасында мемлекеттік қызметшілер үшін ағылшын тілін оқыту курсы ашылды. Ұлт өкілдерін ана тілдеріне оқыту үшін жағдай жасалған, 12 тыңдаушы татар тілін оқыту курстарына қатысады.

Келешектегі жұмыстардың барлығы бағдарламаның басты мақсатына қол жеткізуге - барлық этностардың тілін сақтай отырып ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Дене шынықтыру және спорт

Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың қызметіне 132 спорттық ғимарат ұсынылды. Оның ішінде: 32 спорттық зал (30-жалпы білім беретін мектептердің жанында, Новошульба ауылындағы 1 меншік ауыр атлетиканың мамандандырылған залы, Жезкент кентінің ӘТҚБ 1 ведомстволық залы), Бородулиха ауылының БЖСМ 1 спорт кешені, Бородулиха ауылындағы 1 шаңғы базасы, жалпы білім беретін мектептерінің жанындағы 5 ату тиры, 92 спорт алаңдары.

Спорттың материалдық базасын дамытуға спорт бөліміне 4 млн. 593 мың теңге және аудан мектептері үшін спорттық құралдар сатып алу үшін 8 млн 129 мың теңге бөлінді. БЖСМ дамыту үшін облыстық бюджеттен 22 млн. 774 мың теңге бөлінді.

Бұқаралық дене шынықтыру және спортты дамыту, сондай-ақ балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Жезкент, Бородулиха, Белағаш, Новошульба, Андреевка, Новопокровка ауылдық округтерінде 2011 жылдың қаңтарынан бастап спорт бойынша нұсқаушылардың 6 ставкасы енгізілді, ол спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың санын 4,1 пайызға көтерілуіне септігін тигізді.

2011 жылдың басынан бастап ауданда спорттың 33 түрі бойынша 412 спорттық секция ашылып, онда 8256 адам шұғылданады, ол тұрғындар санының 19,9 пайызын құрайды.

Спорт қызметкерлерімен СШК - 1, 1 санатты -11, бұқаралық санатты – 202 спортшы дайындалды.

2011 жылы «Салауатты өмір салты үшін» деген ұранмен 116 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, оған 25000 адам қатысты, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер – 12 мың 480 адам.

Қылмыстылық

Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімімен есептік кезеңде жедел жағдайды сауықтандыру, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауыпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар қатары қолданылды. Осы мақсатта аудан ауқымында «Құқықтық тәртіп», «Мал ұрлығы», «Допинг», «Қару», «Қауіпсіз жол» және т.б. жедел-алдын алу шаралары өткізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде аудандағы жедел жағдайды бақылауға және оған оң ықпал тигізуге қол жеткізілді.

Нәтижесінде қылмыстардың мына түрлері азайды: тонау-11,1%, автомобильдерді айдап әкету-28,6%, мас күйде жасалған қылмыстардың саны - 20,0%.

Азаматтарды құқықтық тәрбиелеу және оқыту, тұрғындар арасында құқықтық насихат бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілуде.

Құрметті бородулихалықтар!

2012 жылдың 27 қаңтарында Елбасымыз «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жыл сайынғы Жолдауын ұсынды.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері деп баса айтты.

Осыған орай біздің алдымызда келесі міндеттер реті тұр:

Халықты жұмыспен қамту саласында:

- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша басталған жұмыстарды жалғастыру, аталған бағдарламаның екінші және үшінші бағыттарын іске асыруға кірісу;

- кадрларды қайта даярлау және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында жастар арасындағы «жасырын» жұмыссыздық жағдайын сараптап және бағалау жүргізу.

Кәсіпкерлік саласында: шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстарын күшейту қажет, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу керек.

- еңбек нарығындағы ахуалды сараптау;

- шағын несиелер беру және кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқыту арқылы ауылдық жерлерде бизнестің дамуына жәрдемдесу;

- сауда орындарында тұрақты түрде баға мониторингін өткізіп, нарық субъектілерінің жұмысына бақылау жүргізу;

- үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасына, «Бизнестің жол картасы-2020» және басқа да шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларына жобалар енгізу бойынша жұмысты жалғастыру;

- аудан кәсіпорындарымен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру керек.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында отандық өндірушіні және жалпы облыстың экономикасын дамыту үшін конкурстарды өткізу кезінде жергілікті жағдайларға байланыстылығымен жергілікті құрылыс материалдарын қолдануды ескеру;

- «Березовка шипажайының су құбыры желілерін реконструкциялау» жобасын жүзеге асыру

- Жерновка ауылындағы мектеп құрылысын және Новопокровка ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептегі спорт залының қосалқы құрылысын аяқтау;

- 2,5 мың шаршы метр жеке тұрғын үйді пайдалануға беру;

- Новошульба ауылының бас жоспарын әзірлеу керек;

Білім беру саласында:

- білім сапасын жақсарту бойынша бір қатар шаралар қабылдау қажет;

- тәрбиелік үдеріс барысында ауданның жас азаматтарының мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуына басымдық беру қажет.

Денсаулық сақтау саласында бізге:

- ауылға жас мамандарды тарту, оларды қажетті әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- аудан тұрғындарын сауықтыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.

Денсаулық сақтау тақырыбын жалғастыра отырып, Президент спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы тапсырманы алға қойды.

Дене шынықтыру және спорт саласында:

- аудан тұрғындарының денсаулығы бойынша қойылған көрсеткіштерге жеткізу арқылы жұмыс тиімділігіне сараптама жүргізу;

- тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін ынталандырудың тиімді шараларын қарастыру. Бұл ортақ міндет және ешкім тыс қалмауы керек.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды бағыттардың бірі ауыл шаруашылығын дамыту болып табылады.

Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге ие екенін ескере отырып, Елбасымыз азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады деп баса айтты.

- Өсімдік шаруашылығында: егіс көлемін 2 % арттырып, яғни 294,1 мың гектарға жеткізу. Ылғал сақтау технологиясы бойынша егілетін егіс көлемін (былтырғы жылғы 1,1 мың га) 71,1 мың га дейін арттыру. Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін минералдық тыңайтқыштардың себілу көлемін 30 мың га 800 тоннаға жеткізу және гербицидтерді қолдануды 25 мың га жеткізу қажет.

- мал шаруашылығында: ет өндіруді - 7352 тоннаға, сүтті - 45 мың 871 тоннаға, жұмыртқа өнімін – 9 млн. 693 мың данаға арттыру. Мал мен құс басын барлық шаруашылық санаты бойынша 2%; ІҚМ санын 34720 басқа дейін, ҰҚМ - 30990 басқа дейін, шошқаны-12400 басқа дейін, жылқыны – 3890 басқа дейін, құстарды – 75550 басқа дейін жеткізу қажет.

2012 жылға келесідей шаралар жоспарлануда:

1. Қуаттылығы тәулігіне 10 тонна үн өндіретін диірмен мен қуаттылығы тәулігіне 4 тонна өнім өндіретін макарон цехын ашу - («Жерновское» ЖШС Ж.К. Аубакиров);

2. «Бородулихинский» сервистік дайындау орталығы» ЖШС жұмысын жандандыру – («Агрофирма «Девятка» ЖШС, Уба-Форпост а/о);

3. Новопокровка ауылында 150 бастық ІҚМ мал шаруашылық фермасын ашу («Лада» ш/қ А.М. Романов);

4. Новопокровка ауылында қуаттылығы тәулігіне 200 бөлке нан пысыратын шағын наубайхана ашу (Ибатуллин ЖК);

5. 1590 бас асыл тұқымды мал, соның ішінде 1540 бас қазақтың ақбас тұқымды, 50 симментал тұқымды малын сатып алу;

6. 10 га алаңға тамшылата суғару әдісін қолдану-(«Лада» ШҚ А.М.Романов);

7. 200 га жерге суғарылмалы жүгері егу – («Е.Зайтенов» ШҚ, Е.Ә.Зайтенов);


Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары!

Көріп тұрғандарыңыздай, біздің алдымызда әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша зор және жауапкершілікті міндеттер тұр. Ауданымыздың алдағы жылдардағы жағдайы олардың нәтижелеріне тікелей байланысты.

Біз тұрғындардың күнделікті мәселелерін, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша ауданның бизнес өкілдерімен, депутаттық корпусымен, «Нұр Отан» ХДП филиалымен, қоғамдық құрылымдарымен бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыруымыз керек.

Мен, Бородулиха ауданының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аталып көрсетілген мәселелерін шешуге интеллектуалдық және экономикалық әлеуетімен үлкен үлес қосатынына сенімдімін.

Назарларыңызға рахмет!

Похожие:

Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconҚазіргі заманда басқару қызметі қоғам дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, және ол өндіріс, қоғамдық процесстер, экономика, территорияның әлеуметтік
Осы негізде ҚР экономикасын көтеру бағыттарының бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану болып есептеледі
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconАлматы қаласын көркейту шаралары
Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен...
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconАлматы қаласын көркейту шаралары
Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен...
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconАќпараттыќ білім беру орталыєы
Рк барлыќ заѕ салаларыныѕ негiзi болып табылады, ал оныѕ нормалары басќа заѕдар їшiн басты ќаєида болып есептеледi
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconMемлекеттiк мекемесiнiң ережесi
Бөлім Шиелі ауданы әкімі мен Қызылорда облыстық білім басқармасымен бірлесіп білім саласындағы басшылықты, арнайы атқарушылық қызметтерді...
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconМемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік...
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconБастауыш мектепте қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту
Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам...
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді

Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconКредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Атқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады iconАуылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница